Pisa 2012 Ұлттық есеп Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет8/25
Дата13.02.2017
өлшемі11,57 Mb.
#4042
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25

 
2.3.4 кестелері). 
Қазақстандық  PISA-2009  және  PISA-2012  қатысушыларының  нәтижелерін 
салыстыру  оқу  сауаттылығының  4-5-ші  деңгейлеріндегі  білімгерлер  саны  үш 
жылдың  ішінде  2,9%  айтарлықтай  төмендегенін  көрсетеді.  Ал  2-3  деңгей  тест 
сұрақтарын  орындай  алған  Қазақтандық  білім  алушылар  көрсеткіштері  артқан 
(4,5%). 
Оқу  құзыреттілігінің  1-ші  деңгейдегі  тест  сұрақтарын  орындаудың 
пайыздық қатынасын 35,6% қазақстандық 15-жастағы білім алушылар  көрсетті. 
Осы  деңгей  білімгерлердің  оқу  сауаттылығының  ең  қарапайым  білімі  мен 

 
106 
PISA 2012  
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
 
PISA - 2012 
дағдыларын  көрсетеді.  Осы  орайда,  1-ші  деңгейден  төмен  сұрақтарға  жауап 
берген  білімгерлер  санының  көрсеткіштері  төмендеген  (Қосымша  2.3.3,
 
2.3.4 
кестелері).
 
 
2.3.4 Сурет. Қазақстан / деңгей / оқу сауаттылығы 

төмен

2
3
4
5
6
0
5
10
15
20
25
30
35
40
2009
2012
Дереккөз:ЭЫДҰ халықаралық есебі «PISA-2012 нәтижелері» 
 
Осылайша,  PISA-2012  тестінің  оқу  сауаттылығы  деңгейлері  бойынша 
халықаралық  емтиханға  қатысушы  Қазақстандық  білім  алушылардың  үлесін 
салыстырмалы  талдау,  осы  көрсеткіштердегі  жағымды  үрдістің  жоқтығын 
көрсетеді. Осы дерек 15-жастағы білімгерлердің функционалдық сауаттылығын 
қалыптастыру  негізі  ретінде  «Филология»  бағытындағы  пәндік  сабақтардың  
әлеуетін  арттыру  бойынша  мақсатты,  жүйелі  жұмыс  жүргізу  қажеттігін 
растайды.  
Айта кетерлік жәйт, тек 32 ел ғана зерттеудің осы бағытында компьютерлік 
тестілеуге  қатысты.  Осы  орайда,  Қазақстандық  білімгерлер  оқу  сауаттылығын 
тест буклеттерінің қағаз жүзіндегі форматында көрсетті.  

 
107
 
PISA 2012  
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
 
PISA - 2012 
Тест 
тапсырмаларын 
орындау 
нәтижелері. 
PISA-2012 
тест 
тапсырмаларының  жалпы  санынан  17%  15-жастағы  білімгерлердің  оқу 
сауаттылығын  айқындауға  бағытталған.  PISA-2012  тест  буклетінде  зерттеуге 
қатысушыларға  оқу  сауаттылығын  бағалауға  бағытталған  барлығы  3-тен  5-ке 
дейінгі  тест  тапсырмалары  ұсынылды.  Әрбір  тапсырма,  күрделілік  деңгейлері 
әртүрлі 3-тен   5-ке дейінгі сұрақтардан тұрады. 
 
Оқу сауаттылығының даму үрдісін бақылау үшін PISA тестінде жыл артқан 
сайын  ашық  және  жабық  сұрақтардың  үйлесімі  сақталады.  Ашық  сұрақтар 
сарапшылық  бағаны  талап  ететін  анағұрлым  толық  жауапты  бағамдайды. 
Зерттеуге қатысушылардың жабық сұрақтарға берген жауаптары сарапшылық 
бағалауды қажет етпейді, оларды автоматты режимде бағалауға болады.  
Анағұрлым  классикалық  жабық  сұрақтар  дайын  күйінде  берілген  төрт- 
бес  нұсқадан  бір  дұрыс  жауапты  таңдауды  пайымдайды.  Жабық  сұрақтардың 
күрделірек  түрлері,  мысалы  баяндалған  оқиғаны  уақыт  бірізділігімен 
орналастыру секілді тапсырмаларды қамтиды (қажетті сандарды оқиғалардың 
берілген  тізімімен  қою).  Сұрақтардың  сарапшылық  бағалауды  қажет  етпейтін 
осы санатына оқырманның өзі бір-екі сөз жазуына тура келетін, сөзді мәтіннен 
көшіріп жазу секілді тапсырмалар да кіреді (бұл орайда мәтіннің ішінде сұраққа 
дұрыс жауап беретін бір ғана сөз бар). 
Халықаралық  базаның  мәліметтері  бойынша    зерттеуге  қатысушы                            
15-жастағы  Қазақстандық  білім  алушылардың  оқу  сауаттылығын  анықтауға 
бағытталған  тапсырмаларды  орындау  табыстылығының  көрсеткіші  PISA-2012 
тестінің басқа бағыттарымен салыстырғанда 38 % құрады. 
Қазақстандық  зерттеуге  қатысушылардың  оқу  құзыреттілігі  келесі  тест 
тапсырмаларын өңдеу нәтижесінде берілген - 
«Тоқаш», «Мінсіз кеңсе», «Кітап 
туралы ».  
 

 
108 
PISA 2012  
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
 
PISA - 2012 
1 мысал.  
ТОҚАШ 
Бойжеткен  орталық  бекетте  поезд  күтіп  отырды.  Ол  уақытты  өткізу  үшін 
кітап сатып алмақ болды. Кітаппен бірге ол бір қорап тоқаш сатып алды. Содан 
соң ол күту залынан тыныш отырып, кітап оқуға болатын бос орын тауып алды.  
Тоқаш қорабы бойжеткен мен газет оқып отырған ер адамның арасындағы 
орындықта болатын. Ол бір тоқашты алған кезде, ер адам да біреуін алды. Ол 
таңқалғанымен,  ешнәрсе  айтпады  және  одан  әрі  оқи  берді.  Ол  ішінен  «Сене 
алар  емеспін!  Егер  мен  батылдау  болғанда,  міндетті  түрде  бірдеңе  дер  едім» 
деп ойлады. 
Ол  әрбір  тоқашты  алған  сайын,  ер  адам  да  тура  солай  істеді.  Қорапта  бір 
тоқаш  қалғанға  дейін  солай  бола  берді.  Бойжеткен  ер  адамның  не  істейтінін 
көру  үшін  күте  тұрмақ  болып  шешті.  Ал,  ол  соңғы  тоқашты  алып,  оны  екіге 
бөліп, оған жартысын берді.  
Таңқалған ол кітапты сөмкесіне лақтырып салып, орнынан тұра жүгірді. Ол 
сабырға келу үшін залдың екінші шетіне барып отырды. Ашуы тарқаған соң, ол 
кітабын  алуға  сөмкесін  ашты.  Тек  сонда  ғана,  ол  өзінің  қорабы  ашылмаған 
тоқашы сөмкесінде жатқанын көрді.  
 
Келесі сұрақтарға жауап беру үшін  жоғарыда берілген «Тоқаш» әңгімесін 
қолданыңдар: 
 
1сұрақ.  
Әңгіменің басында бойжеткен не істеді? 
A. Ол бекетте поезд күтіп отырды.  
B. Ол бекеттен кетейін деп жатты. 
C. Ол бекетте ер адаммен сөйлесіп жатты.  
D. Ол бекетте газет сатып алып жатты. 
2 сұрақ.  
Әңгіменің ортасында бойжеткен «Сене алар емеспін!» деді. 
Бойжеткен не нәрсеге сене алар емес? 
_____________________________________________________________________ 
_____________________________________________________________________ 
3 сұрақ.  
Әңгімеде сөз болып отырған бойжеткен мен ер адам әңгіме аяқталған соң 
бірнеше минуттан кейін қайтадан кездесіп қалды делік. Бойжеткен ер адамға 
не айтқан болар еді? 
_____________________________________________________________________ 

 
109
 
PISA 2012  
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
 
PISA - 2012 
 
Тұтас  мәтін  форматында  берілген  «Тоқаш»  тапсырмасы  тестілеуге 
қатысушылар  үшін  күрделі  болған  жоқ.  Ең  алдымен,  мәтінді    сыни  талдау  және 
өмірлік  жағдаймен  ұштастыра  түсіндірудегі  оқу  біліктілігін  көрсету  қажет  болды. 
Бірінші жабық сұраққа PISA-2012 тестіне қатысушылардың 90% дұрыс жауап берді. 
«Мәтіндегі  ақпаратты  табу  және  алу»  екінші  сұрағына  54%  адам  жауап  берді. 
«Жағдайды  бағалап,  берілген жағдайдан  шығудың  өз  жеке жорамалын  ұсынуға» 
зерттеуге қатысушы 15-жастағы білімгерлердің 70% жауап бере алды (2.3.6 сурет).  
2.3.6  сурет.  Казақстан/тапсырмаларды  орындау  табыстылығы/  PISA-2012                         
%  қатысушылары
 

сұрақ

сұрақ

сұрақ
Тапсырмаларды орындау пайызы

адам
90
54
70
 
2 мысал. 
МІНСІЗ КЕҢСЕ 
МІНСІЗ КЕҢСЕ өзінің 10-жылдығын атағалы отыр және кеңсе тауарын сатып алу 
барысында Сізге  5000 теңгеге дейін қайтарып береді !  
 
 
 
 
 
 
 

 
110 
PISA 2012  
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
 
PISA - 2012 
 
ОСЫ ҰСЫНЫСТЫ ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАДЫ? 
1)  «Мінсіз  кеңсе»  өнімін  (бір  немесе  одан  көп  атауды)  15  желтоқсаннан                        
31  қаңтарға  дейінгі  аралықта  кез-келген  күні  өзіңізге  жақын  орналасқан 
дүкеннен сатып алыңыз: 
-  5000  тг.  бастап  15000  тг.  дейінгі      сатып  алған  затқа  «Мінсіз  кеңсе»  Сізге                            
1000 тг. қайтарады. 
-  17500  тг.  бастап  32500  тг.  сатып  алған  затқа  «Мінсіз  кеңсе»  Сізге                               
2500 тг. қайтарады. 
-  35000  тг.  бастап  және  одан  жоғары  сатып  алған  затқа  «Мінсіз  кеңсе»  Сізге  
5000 тг. қайтарады. 
2) Төменде келтірілген баспабетті толтырыңыз. 
3) Өз чегіңіздің  көшірмесі мен сондай ақ алған тауарыңыздың сызбаша- кодын 
немесе баға көрсеткішін бірге салыңыз.  
4) Алынған күннен бастап, 15 күн ішінде келесі мекенжайға жіберіңіз: 
050000, Алматы қ-сы ,. Мақатаев к-сі, 40 үй 
«Мінсіз кеңсе» 10 жылт – 5000 теңге  
САТЫП АЛҒАН ЗАТ ҚҰНЫНЫНҢ БІР БӨЛІГІН ҚАЙТАРУ БАСПАБЕТІ  
Электрондық поштадан (еркіне қарай толтырылады) басқа барлық жол 
толтырылуы тиіс.  
Кімге:______________________________________________________________ 
Қайда:______________________________________________________________ 
Индекс:_________________________ 
Электрондық пошта:____________________@____________________________ 
Сіз «Мінсіз кеңседен» сатып алған тауардың жалпы бағасы қандай?  
 5000 тг. бастап 15000 тг.   дейін                Маңызды! Салуды ұмытпаңыз: 
17500 тг. бастап 32500 тг   дейін         - Сіздің сатып алған затыңызды 
растайтын чегіңіз. 
35000 тг. бастап және жоғары                    - Сіздің сатып алған затыңыздың  
сызбаша-код(тары) немесе баға көрсеткіш(тері). 

 
111
 
PISA 2012  
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
 
PISA - 2012 
 
КҮШІНДЕГІ ҰСЫНЫСТЫҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ 
1.
 
Акция  тура  осындай  тауар  түрін  сататын  көтермелі  және  бөлшек    бағамен 
сатушыларға жарамайды.  
2.
 
Ұсыныс  «Мінсіз  кеңсе»  ұсынатын  келесі  тауар  түрлеріне  ғана  жарамды: 
кеңсе  тауарлары,  картридждер,  толымдаушылар,  кеңсе  техникасы.  Ұсыныс 
жиһазды қоса алғанда «Мінсіз кеңседе» сатылатын басқа кез-келген тауарға 
жарамсыз. 
Келесі сұрақтарға жауап беру үшін алдыңғы бетте келтірілген «Мінсіз кеңсе» 
мәтінін қолданыңдар. 
1  сұрақ.
  Сатып  алушы  «Мінсіз  кеңседен»  тауар  сатып  алды.  Ұсынысты 
пайдалану үшін сатып алушы жіберуі тиіс құжаттардың барлығын атаңдар.  
2сұрақ.
  Төмендегі  келтірілген  сатып  алушылар  «Мінсіз  кеңседен»  сатып 
алған затқа жұмсалған шығынның бір бөлігін қайтарып ала алады ма? 
Әрбір сатып алушы үшін  «Иә» немесе  «Жоқ» қоршаңдар. 
Сатып алушы 
Сатып  алушы  «Мінсіз  кеңседен» 
сатып  алған  затқа  жұмсалған 
шығынның  бір  бөлігін  қайтарып 
ала алады ма? 
Жандос 14 қаңтар күні  6000 теңгеге  
принтер сатып алды. 
Иә/Жоқ 
Вася 12 желтоқсанда 7500 теңгеге  
калькулятор сатып алды. 
Иә/Жоқ 
Алия 3 қаңтарда  5500 теңгеге кеңсе 
креслосын сатып алды. 
Иә/Жоқ 
3 сұрақ.
      Алма кейбір кеңсе тауарларын сатып алды  және содан соң 
төменде келтірілген, сатып алған заттарына жұмсалған ақшаның бір бөлігін 
қайтарып алу үшін баспабетті толтырды.  Алмаға қанша ақша 
қайтарылады?__________________________________ 
 

 
112 
PISA 2012  
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
 
PISA - 2012 
 
САТЫП АЛҒАН ЗАТ ҚҰНЫНЫҢ БІР БӨЛІГІН ҚАЙТАРУҒА АРНАЛҒАН БАСПА БЕТ 
Электрондық поштадан (еркіне қарай толтырылады) басқа барлық жол 
толтырылуы тиіс.  
кімге: ___Адильбекова  Алма  Марат қызына___________________________ 
Қайда: Казақстан Республикасы, Астана қ-сы, Абай к-сі, 3 үй ,  
12_пәтер_____________ 
Индекс:   010000____   
Электрондық пошта: ________________@____________________________ 
Сіз «Мінсіз кеңседен» сатып алған тауардың жалпы бағасы қандай?  
 5000 тг. бастап 15000 тг.   дейін                Маңызды! Салуды ұмытпаңыз: 
17500 тг. бастап 32500 тг   дейін                - Сіздің сатып алған затыңызды 
растайтын чегіңіз. 
35000 тг. бастап және жоғары                    - Сіздің сатып алған затыңыздың                
сызбаша-код(тары) немесе баға  
көрсеткіш(тері). 
        
 «Мінсіз  кеңсе»  тапсырмасы  тұтас  емес  мәтін  форматына  жатады.  Тек                           
7%  Қазақстандық  15-жастағы  білімгерлер  ғана  осы  мәтіннің  екінщі  сұрағын 
орындай  алған  («мәтіндегі  ақпаратты  тауып,  алу»).  Төмен  нәтижелер 
білімгерлердің  ашық  мәтіндегі  тұжырымдалған  ақпарат  арқылы  дұрыс  жауап 
есептеуін орындай алмағанын көрсетеді. Осы орайда, жеңілдеу үшінші сұраққа 
15-жастағы білімгерлердің 55% жауап берген (2.3.7 сурет). 
 
 
 

 
113
 
PISA 2012  
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
 
PISA - 2012 
2.3.7 сурет. Казақстан/ тапсырманы орындау табыстылығы/ PISA-2012 %  
қатысушылары
 
Тапсырмаларды орындау пайызы

адам

сұрақ

сұрақ

сұрақ
44
7
55
 
3 мысал.
 
 
КІТАП ТУРАЛЫ
 
Жарқын және тапқыр осы кітап кез-келген  
кітапқұмарға қуаныш сыйлайды 
       
12  жасар  Моска  барлық  кітаптар  мен  әңгімелер  қатал  цензурадатн  өтетін 
әлемде  өсіп  жатыр.  Оның  әкесі,  қуғында  жүрген  зиялы  жан,  оның  көкірегінде 
сөздердің  сиқырлы  әлеміне  деген  жалынды  оятады.  Бірақ  Моска  осы 
жалынның  қаншалықты  қауіпті  және  алысқа  апаратын  салдары  бар  болуы 
мүмкін екенін әлі білмейді… 
Бірде Моска туған ауылын тастап кететін уақыт болды деп шешеді. Басында 
онымен бірге жалғыз сенімді досы –үлкен, төбелесқой үйрек жүреді, бірақ олар 
жақын  арада  кәрі  айлакер  ақын  және  бос  сөзі  көп  Клентпен  танысады.  Оның 
тамаша  әңгімелер  айту  қабілеті  Москаны  баурап  алады,  сонымен  олар 
шытырманға  толы  саяхатқа  бірге  аттанады,  сөйтіп  қауіпті  әзәзілдікке 
ұшырайды. Тірі қалу үшін Моска өзінің алғыр ақылы мен оқу қабілетіне сүйенуі 
тиіс! 

 
114 
PISA 2012  
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
 
PISA - 2012 
 
1 сұрақ.
 «Түнгі ұшу» романын кім жазды? 
2 сұрақ.
 Екі пікірсараптың қайсысының  осы кітаптың келесі басылымында 
соңғы беттен орын алуға мүмкіндігі көбірек? 
 «1пікірсарап» немесе «2 пікірсарап»  қоршаңдар және өз жауаптарыңды 
түсіндіріңдер. 
             1  пікірсарап                                                                          2 пікірсарап 
 
 
3 сұрақ.
 «Кітап туралы» материал үш мәтіннен тұрады: аңдатпа,  1   пікірсарап  
және    2  пікірсарап.  «Түнгі  ұшу»  кітабы  туралы  кейбір  идеяларды  үш  мәтіннің 
біреуінен  ғана  табу  мүмкін,  ал  кейбіреуі  үш  мәтіннің  біреуінен  көбінде 
кездеседі.  Кестенің сол жақ бағанында берілген әрбір идея үшін «Аңдатпада» , 
«1  пікірсарапта»,  «2  пікірсарапта»  атауларымен  берілген  бағандағыға  
«Кездеседі» немесе  «Жоқ» сөздерін қоршаңдар.  
 
 1 пікірсарап 
«Түнгі  ұшу»  керемет  кітап.      Франсес 
Гардиндждың  сөзге  ғашық  екені 
бірден көрініп тұр. Оның кітабы кейбір 
елдерде  «Сөз  қожайыны»  атауымен 
танымал  екендігі  кездейсоқтық  емес.  
Гардиндж    оқырманды  тілге  деген 
өзінің  құмарлығымен  тәнті  етеді. 
Соның  нәтижесінде  мен  кітаптың 
соңында 
кейіпкерлерде 
барлығы 
жақсы  болғанын  тілегеннен  гөрі, 
қызықты  оқудың  одан  әрі  жалғаса 
бергенін 
қаладым. 
Осы 
кітапты 
барлығы оқып шығуы тиіс– ол басынан 
аяғына  дейін  ҮЛКЕН  идеяларға  толы. 
Гардиндж  айтқан  хикая-  кітаптардың 
өмірді өзгертетініне сендіреді. 
   Сәкен 
            2  пікірсарап 
Аңдатпаны  ғана  оқып,  мен  «Түнгі  ұшу» 
баурап  алатын  кітап  болады  деп 
күткенмін. Қандай көңіл қалды десеңші! 
Бәрі  жаман  басталмаған  еді,  бірақ 
шамамен  60  бет  өткен  соң,  мен  осы 
кітаптың  не  үшін  жазылғанын  түсінуден 
қалдым.    Моска  саяхатта  жүргенінде 
оқиға күрт дамиды, бірақ өкінішке орай, 
әңгіме  аяқталғанда,  басы  аяғымен 
тоғысқанда,  оқырман  түкке  түсінбей 
қалады.  Жасөспірімге  арналған  кітап 
баурап  алуы  тиіс,  бірақ  ұғымға  да 
қонымды  болуы  тиіс.  Өкінішке  орай, 
осы  кітап  ешқайсысында  да  табысқа 
жетпеді!  
Сабина 
 

 
115
 
PISA 2012  
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
 
PISA - 2012 
Идея 
Аңдатпада  
1 пікірсарапта 
2 пікірсарапта 
Сөздер үлкен 
күшке ие болуы 
мүмкін 
Кездеседі /Жоқ 
Кездеседі /Жоқ 
Кездеседі /Жоқ 
Саяхат 
барысында 
Моска түрлі 
жағдайларға 
ұшырайды  
Кездеседі /Жоқ 
Кездеседі /Жоқ 
Кездеседі /Жоқ 
Кітаптың бірінші 
бөлігі – ең 
жақсысы 
Кездеседі /Жоқ 
Кездеседі /Жоқ 
Кездеседі /Жоқ 
 
Осы  тапсырма  құрамдас  мәтін  форматына  жатады.  Үш  сұрақтың 
біріншісіне  халықаралық  емтиханға  қатысушы  76%  Қазақстандық  15-жастағы 
білімгерлер жақсы жауап берді. Екінші және үшінші сұрақтар өз болжамдарын 
ұсыну  үшін  мәтінде  берілген  арнайы  білімді  қолдану  біліктілігін  талап  етті. 
Осындай  тапсырмалар  Қазақстандық  білімгерлер  үшін  қиындықтар  туғызды. 
Осылайша,  дұрыс  жауап  берген  білімгерлердің  көрсеткіштері  сәйкесінше  22% 
және  2%  құрады.  Төмендегі  нәтижелердің  себебі  берілген  форматтағы 
тапсырмаларды 
орындау 
 
тәжірибесінің 
болмауы 
мүмкін. 
Мектеп 
оқулықтарындағы  көркем  мәтін  тапсырмаларын  орындау,  әдетте  оқығанды 
түрлі қырынан талқылап, өз болжамдарын ұсынуды талап  етпейді (2.3.8 сурет).    
2.3.8  сурет.  Казақстан/  тапсырмаларды  орындау  табыстылығы/  PISA-2012 
қатысушылардың % 
Тапсырмаларды орындау пайызы

адам
76
22
2

сұрақ

сұрақ

сұрақ
 

 
116 
PISA 2012  
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
 
PISA - 2012 
              Осылайша,  PISA  -2012  жылғы  зерттеуіне  қатысушы  Қазақстандық                    
15-жастағы  білімгерлердің  жағымсыз  нәтижелері,  ең  алдымен,  біздің 
білімгерлеріміздің  бойында  ақыл  мен  өзіндік  өмірлік  ұстанымды  таңдау 
дербестігі  секілді  қасиеттердің  жеткіліксіз  қалыптастатынымен  байланысты 
болуы  ықтимал.  Оқыту  үдерісінде  олар  қоғамдық  және  жеке  міндеттерді 
шешуге  қажетті    өмірлік  ситуациялармен  кездеспейді  деуге  болады.  Қазақ 
және  орыс  әдебиетінің  қазақстандық  оқулықтарында  мазмұнның  көп  бөлігі 
көркем  әдебиет  мәтіндерінен  (үзінділер)  тұрады.  Мысалы,  «Мектеп» 
баспаханасында  шығарылған  орыс  тілі          оқулығы  (авторлары  Сабитова  З.К., 
Жубуева  С.Х.  )  тілдің  іскери  стилі  туралы  ақпаратты  бере  отырып,  осындай 
сипаттағы мәтіндермен практикалық көп тапсырмалар бермейді.  
Қазақстандық 
білімгерлер 
PISA-2012 
халықаралық 
емтиханының 
жауаптары  «сұрақтарда  берілген  негізгі  сөздер  қолданылған  жерлердегі 
мәтіндегі  орынды  табу»  секілді  оқырман  біліктілігін  ғана  тұспалдайтын 
сұрақтары  бар  тапсырмаларын  дұрыс  орындайды.  Мәтіннің  бір  азатжолында 
жинақы  орналасқан  сұрақтары  бар  мәтіндік  тапсырмалар  да  қиындықтар 
туғызбайды.  
Мәтін  сұрағы  мен  жауабының  арасында  өзара-біртекті  лексикалық 
сәйкестік  жоқ,  ой  салатын  сөздері  жоқ  сұрақтарды  білімгерлер  нашар 
орындаған.  Қазақстандық  білімгерлерге  бірнеше  дұрыс  жауаптары  бар  және 
қарама-  қайшы  пікірден  ұқсастық  табуды  талап  ететін    сұрақтар  үлкен 
қиындықтар туғызады.  
Осылайша,  Қазақстандық  15-жастағы  білімгерлердің  зерттеудің  оқу 
сауаттылығы  бойынша  бағытына  қатысу  қорытындыларынан  алынған 
мәліметтерді  талдау,  Қазақстан  мектебіне  білімгерлердің  өз  білімі  мен 

 
117
 
PISA 2012  
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
 
PISA - 2012 
мүмкіндіктерін  кеңейту  құралы  ретінде  оқуды  меңгерту  жұмысын  күшейту 
маңызды екендігін көрсетеді.  
Оқу  бойынша  жетістіктердегі  гендерлік  айырмашылықтар
Халықаралық 
мәнмәтінде  сапалы  білім  алу,  ұлдар  мен  қыздардың  арасындағы  теңдікті 
қамтамасыз етудің өзекті мәселесі болып табылады.  
Көрсеткіштердің  гендерлік  аражігі  зерттеуге  қатысушы  15-жастағы 
қыздардың көбірек оқу құзыреттілігін көрсетеді.Осы  25 ұпайлық және азырақ 
нәтиже  жоғары  да,  төмен  де  нәтижелер  берген  11  елде  орнатылған.  Әдетте, 
ұлдар  физика,  математика,  химия,  география  секілді  пәндерге  танымдық 
қызығушылықты көбірек білдіреді.  
 PISA-2012 зерттеуіне қатысушы ең жоғары өнімділігі бар бес елдің ішінде 
оқу сауаттылығы үлгерімінің гендерлік аражігі 23-тен 32 ұпайға дейін өзгереді-
ЭЫДҰ  орташасынан  төмен  (38  ұпай)  (Шанхай-Қытай,  Гонконг-Қытай,  Сингапур, 
Жапония, Корея). 
PISA  –  2012    зерттеуіне  2931  15-жастағы  Қазақстандық  қыздар  қатысты 
(2877  ұлдар).  PISA-2012  зерттеуінен  алынған  мәліметтерді  талдау  15-жастағы 
ұлдар 
мен 
қыздардың 
оқу 
құзыреттілігі 
деңгейіндегі 
бірқатар 
айырмашылықтардың барын көрсетеді. Осылайша, егер 5-ші және 6-шы деңгей  
тапсырмаларын    15-жастағы  қазақстандық  ұлдар  да,  қыздар  да    орындай 
алмаса,    4-ші    деңгей  тапсырмаларын  орындау  пайызы    қыздардың  арасында 
(1,9%),  ұлдарға  (0,5%)  қарағанда  жоғары.  Қазақстандық  қыздар  үшінші  және 
екінші  деңгей  тапсырмаларын  да  табысты  орындаған.  Көп  төмен                                       
1а  деңгейіндегі  тапсырмаларды  ұлдар  жақсы  орындаған  (Қосымша,                             
2.3.5 кестесі, 2.3.9 суреті). 
                           

 
118 
PISA 2012  
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
 
PISA - 2012 
 2.3.9 сурет. Казақстан/ гендерлік  айырмашылықтар/оқу сауаттылығының 
деңгейлері  
Ұлдар
Қыздар
 
 
Осылайша, Қазақстандық ұлдар мен қыздардың арасындағы орташа ұпай 
айырмашылығы  37  ұпайды  құрайды.  Зерттеуге  қатысушылардың  оқу 
құзыреттілігінің  жеті  деңгейі  бойынша  тест  тапсырмаларын  орындау 
нәтижелілігінің    ұсынылған  ақпараты,  Қазақстанда  өз  дүниетанымын  кеңейту 
үшін қыздар ұлдарға қарағанда көбірек оқитынын, және сәйкесінше PISA-2012   
тест тапсырмаларында ұлдарға қарағанда көбірек ұпай жинайтынын көрсетеді.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет