Пму хабаршысы


ISSN 1811-1831. Вестник ПГУ



Pdf көрінісі
бет3/21
Дата11.01.2017
өлшемі1,78 Mb.
#1617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

24
ISSN 1811-1831. Вестник ПГУ
25
серия
 ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ. 2015. №3
Сыдықов, А. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен 
ағартушылық қызметі. – Алма-Аты, 1969. – 156 б.
9 Алтынсарин, Ы. Мәктубат. (хрестоматия). – Қазан : М. А. Чиркова 
балаларының баспаханасы, 1899. – 35 б.
10 Абай. Книга слов. – А., 1993. – 125 с.
11 Абай. Слова назидания. Тридцать седьмое слово. – А., 1993. – 265б.
12 Өмірәлиев, Қ. Абай афоризмі. – Алматы : Қазақстан, 1993. – 128 б. 
Материал 07.09.15 баспаға түсті.
С. К. Абильдина
Труды великих казахских просветителей как основа этнокультурного 
образования в Казахстане
Карагандинский государственный 
университет имени Е. А. Букетова, г. Караганда.
Материал поступил в редакцию 07.09.15.
S. K. Abildina
Works of great Kazakh educators as a basis of ethnocultural education 
in Kazakhstan
E. A. Buketov Karaganda State University, Karaganda.
Material received on 07.09.15.
В  статье  раскрыты  идеи  казахских  просветителей, 
основоположников  этнокультурного  образования  в  Казахстане. 
Дан анализ трудам педагогов-просветителей, раскрывающих основы 
этнокультурного образования. 
In the article the ideas of the Kazakh educators, founders of ethnocultural 
education in Kazakhstan are discussed. There was given an analysis of works 
of the teachers, revealing the bases of ethnocultural education. 
ӘОЖ 372.87
Г. Т. Альпеисова
өнертану кандидаты, профессор, «Музыкатану» кафедрасы, 
Қазақ ұлттық өнер университеті, Астана қ. 
ЭТНОСОЛЬФЕДЖИО – МУЗЫКАЛЫҚ-ТЕОРИЯЛЫҚ 
ЦИКЛДІҢ ПӘНІ РЕТІНДЕ
Берілген мақала «этносольфеджио» – музыкалық-теориялық 
пәнінің мазмұнын ашады. «Сольфеджио» мақсатын салыстырғанда, 
автор этносольфеджио пәнінің еркшелігін аща тұра, музыкант-
домбырашыны қазіргі уақытта дайындаудағы пәні ретінде бола 
алатынын көрсетеді. Педагогикалық және теориялық тәжірибе 
жиынтығын  ала  тұра,  автор  «Этносольфеджио»  пәніне  өз 
көзғарасын ұсынады және оқырмандарды қазақ дәстүрлі музыкасына 
құндылық мағыналы  бағыт көрсетуді қадағалайды. Бүгінгі мақаланың 
материалдары оқытушы-теоретик, басқадай ізденушілерге және 
қазіргі музыкалық білім бері бағытындағы дамуына қызығушылығын 
білдірушілерге пайдалы болады деген ойдамыз.
Кілтті сөздер: музыкалық білім, қазақ музыка, сольфеджио, 
этносольфеджио. 
XX-XXI  ғасырлардың  тоғысында  Қазақстан  мәдениетінің  алдында 
мемлекеттік деңгейде шешілуін талап ететін қазақтың музыка тілін сақтап 
қалу және әрі қарай жалғастыру мәселесі мейлінше өткір қойылып отыр. 
Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңінде өзіне тән музыкалық 
дәстүрі  дүниеге  келді.  Ғасырлар  бойы  қалыптасқан  өзіндік  төл  музыка 
мәдениетінің  идеялық-тақырыптық  мазмұны,  музыка  тілінің  мәнерлеу 
құралдары мен дәстүрлі жанрлары бар. Ұрпақтан-ұрпаққа ауызекі түрде 
жеткен халық музыкасы оның рухани өмірінен, қоғамдық қатынастарынан, 
күнделікті тұрмысынан ерекше орын алды.
Үшінші мыңжылдықта – Тәуелсіздікке ие болған кезеңде ұлтымыздың 
материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін іздестіру, анықтау, табу 
және зерттеудің жаңа бағыттары белгіленді. Бірнеше ғасырлық көркемдік 
сипаттарымен, тарихи маңызымен сақталған және ауызекі түрде қалыптасқан 
қазақ мәдениеті жалпы түркі руханиятының бір бөлігі бола тұра, Еуразия 
аумағында, сонымен қатар, дүниежүзілік адамзат прогресіне өзіндік үлесін қосуда.
Кәсіби музыка оқу орындарында есту-сезінуді қазақ музыка материалының 
негізінде діттеп қалыптастыру және дамыту жүйелерін құру қажет, мұның өзі, 
әр елдердің педагогика тәжірибесінде этносольфеджио айдары тағылған, айқын 

26
ISSN 1811-1831. Вестник ПГУ
27
серия
 ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ. 2015. №3
ұлттық сипаттағы сольфеджио курсын жасауды аса маңызды мәселелердің 
деңгейіне көтереді. Европалық музыка білімінің классикалық пәні ретіндегі 
сольфеджионың басты мақсаты – европа музыка тілін, оның қисындық-
құрылымдық заңдылықтар жүйесін негізге ала отырып, іс жүзінде меңгеру. 
Қазақстандағы этносольфеджионың басты мақсаты – қазақтың музыка тілін, 
оның қисындық-құрылымдық заңдылықтарын негізге ала отырып, іс жүзінде 
меңгеру. Этносольфеджио – музыкалық білімдер мен машықтар жиынтығын 
қалыптастыратын пән, осылар арқылы ғана қазақтың музыка тілі фольклорда, 
көркемөнерпаздар мен кәсіпқой өнер қайраткерлерінің шығармашылығында 
паш  етіледі.  Болашақ  музыканттардың  оқу-есту  қабілеттерін  қазақтың 
музыка тілінің негізінде ұйымдастыру қазақ музыка шығармаларын ұғынып 
тыңдауға баулуға, бойына сіңірген есту сезімдерін нақты орындаушылық және 
композиторлық қызметінде қолдануға үйретуге мүмкіндік береді.
Сольфеджио  –  музыкалық  естуді  қалыптастыруға  бағытталған 
музыкалық-теориялық циклдың аса маңызды пәні болып табылады. Бұл 
оқу курсының мақсаты:
• Оқушының мамандығымен басқа пәндерге тығыз байланысты, қажет 
музыкалық естумен, музыкалық жады, дағдыларды қалыптастырып дамыту;
•  Эстетикалық  талғамының,  музыкалық  көркем-эстетикалық 
шығармашылығының негізгі дағдыларын дамытып, эмоционалды аумақты 
қалыптастыру;
• Оқушының рухани мәдениетінің айнымас бөлігі – музыкалық мәдениетін, 
өмір сүрудің эмоционалды-құндылықты стимулдарын қалыптастыру;
• Таза әндетуді үйрету;
Сольфеджио классикалық пән ретінде еуропалы-орыс көркем стилідегі 
теориялық материалды меңгереді (саздар, аралықтар, үшдыбыстылықтар, 
бөлек аккордтар). Бастапқы кезеңде сольфеджио пәні балаларды ноталық 
сауатпен таныстырады. 
Әрбір тілдің өзіндік ерекшелігі бар, сол сияқты қандай да халықтың 
музыкалық тілінде және мәдениетіде өзіне тән ерекшелігі болады. Қазақ 
халқының музыкалық мәдениеті еуропа мәдениеті ұқсамайтын өте ерекше 
құбылыс:
1. Концерттік музыканың арнайы түрлері қалыптаспаған;
2.  Жанрлар  жүйесінің  ерекшелігі.  Мұнда  театр,  театралды  музыка 
(опералар,  балеттер),  хор  музыкасы  болмаған.  Күрделігі  бойынша  ең 
жоғарғы жанр симфония емес, ал әлем суреттемесін беретін мақам. Қазақ 
музыкасының өзінің жоғары тұжырымдамалы жанрлары бар – күй, жыр, 
айтыс, лирикалық әндер;
3. Музыкалық тілінің ерекшелігі – оның негізі бірдауыстылық (монодия);
4. Шығыс және Еуропа музыканы әр түрлі әдістермен сезініп түсінеді: 
Еуропада  –  әлемді  адамның  рационалдық  үшімен,  интеллектуалды 
ұйымдасқан  композициялар  арқылы  зерттейді,  ал  Шығыста  –  әлем 
объектілеріне эмоционалды, яғни әсерлі, медитативті жақындау.
5.  Әрине,  әр  түрлі  тыңдау  мәдениеті:  Еуропада  –  композицияның 
логикасын  рационалды  түрде  бақылап  қабылдау;  ал  Шығыста  –  әсерлі, 
трансқа дейін жететін, терең медитативті жағдайға үңіліп тыңдау.
«Этносольфеджионің мақсаты – қазақ музыкалық тілін практикалық 
меңгерумен, оның логикалық-құрылымдық заңдылық жүйесін түсінудің 
тірегі болады. Қазақ халқының ұлттық шығармашылығының және кәсіби 
өнерінің керемет үлгілерін түсіне қабылдауды тәрбиелеу» [1, 3б.].
Қазіргі заманда этносольфеджио тәжірибелері жаңа белестерге көтерілді: 
ұлттық музыкалық стильдерін естіп меңгеру мәселелерін зерттеу. Бұл бағыт 
музыкалық шығармашылықтың стильдерін алдағы уақытта этносольфеджио 
курсында тәжірибелік меңгеру мақсатын көздеп ғылыми-тереңдетіп оқу 
қажеттілігін туғызды. 2009 жылы А. Байбектің диссертациялық жұмысы 
қорғалды [2]. Онда Арқа әншілік мәдениетінің мысалында оны тәжірибелік 
меңгерудің  біртұтас  суреті  қалыптасты.  А.  Байбектің  диссертациясы 
этносольфеджио курсының арықарай дамуын ғылыми-әдістемелік негіздемесі 
бар күрделі музыкалық материалды қатыстыру және оны естіп игеру арқылы 
жүзеге асыруды көздейді. Автор Арқа әнінің күрделі жаратылысын қызметті-
жанрлық, бейнелі-поэтикалық, түрқалыптастырушы және музыкалық-мәнерлі 
сипаттырының көркем бірлігінде бүкіл музыкалық ойлау және өнер жүйесінің 
құрылымын да айқындады. Арқа ән мәдениетінің теориялық негіздерін әшкерлеу 
дәстүрлі халық музыканттарын оқыту жүйесінде этносольфеджионың мазмұнын 
жаңартудың бір амалына айналды. Алайда бұл жұмыс жоғарғы оқу орындарына, 
яғни жоғарғы буынға арналған және тек қана Арқа әндерімен шектеледі.
Сонымен қатар пән мазмұны 1983 жылдан бастап А. И. Мухамбетова, 
С. Ш. Райымбергенова, Г. Б. Омарова, С. И. Өтеғалиева курстың материалын 
кеңейтіп,  бағдарламаның  жаңа  жұмыс  түрлерімен  әдістерін  қолданып  
жүргізген [3]. Этносольфеджио курсының тұжырымдамасы, оның теориялық 
және тәжірибелік аспектілері Г. Т. Әлпейісованың диссертациялық зерттеуіне 
негіз болатын. 2007 жылы Г. Т. Әлпейісованың «Этносольфеджио» пәні 
бойынша оқу бағдарламасы жарық көрген болатын. Қазіргі уақытта музыкалық 
колледждің екі мамандығы бойынша МЖБС (мемлекеттік жалпыға білім беру 
стандартына) «Халық аспаптары» және «Музыка теориясы» (2011 ж.) енгізілген.
Кәсибі  музыкалық  білім  беретін  оқу  орындарында  қазіргі  қазақ 
этносольфеджиосының – музыкалық білім, біліктілік, дағдыны бүтіндей 
қалыптастырып,  осының  негізінде  қазақ  музыкалық  тілі  фольклорде, 
көркем өнерде және кәсіби шығармада қызмет атқаруы керек. Қазақ музыкалық 
тілінің негізінде оқушылардың оқу-тыңдау жұмыстарын реттеу – қазақ музыка 
шығармаларын мақсатты бағытта тыңдау қабілетін қалыптастыруға қызмет етеді.
Этносольфеджио курсы қазақтың дәстүрлі музыкасын сақтап қалу және 
ары қарай дамыту мәселелерін іс жүзінде шешеді. Студенттерде әртүрлі 

28
ISSN 1811-1831. Вестник ПГУ
29
серия
 ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ. 2015. №3
стильдерге жататын музыка тілдің барлық элеметтерін тыңдап отырып таба 
білу қабілетін қалыптастыру, музыкалық саздарын, аналитикалық ойлау 
жүйесін дамыту, музыканы жанынан шығару әдістемелері мен техникасын 
тереңдете оқыту, стильдік бағдарларды тәрбиелеу. 
Әртүрлі орындау дәстүріне, мектебіне және стиліне жататын әндерін 
меңгерудің, сурып салуға топтастырып баулудың, әндерді нотаға түсірудің 
әдістемелерін үйретеді.
Бағдарламаның құрылымы, оның кешенділігі мен ерекшелігін, автордың 
«Этносольфеджио»  оқу  пәнінің  кең  оқыту  материалдарын  жүйелестіру 
талпынысын ескере отырып жасалған.
Музыка  туралы  жалпы  мағлұматтар.  Бұл  тараудың  мақсаты  – 
оқушыларды қазақ музыкалық өнер әлеміне кірістіру, музыкалық туынды 
мазмұны  мен  құралдар  жүйесінің  өзара  байланысын  зерттеу  болып 
табылады. Алынған білімдері музыкалық туындыларды кешенді талдауында 
қолданылады, «Этносольфеджио» пәнін оқу барысында негізін құрады және 
оқушылардың жалпы музыкалық көзқарасының кеңеюіне мүмкіндік береді.
Қазақ музыкасының саздық ерекшеліктері. Бұл тарау ең маңыздылардың 
бірі, себебі музыкадағы дыбыс биіктігінің құрылуы туралы ұғымдар қалыптасуы 
тікелей музыкалық есту қабілеттерінің барлық түрлерінің дамуына бағытталған. 
Материал екі бөлікке бөлінген: қазақ музыкасының саздық ерекшеліктері 
туралы теориялық мағлұматтар және жұмыстың тәжірибелік түрлері.
Өлең мен әннің ырғағы. Бұл тараудың құрылымы алдыңғы тараумен 
ұқсас.  Мұнда,  сонымен  қатар,  қазақ  өлең  жолдары  туралы  маңызды 
теориялық түсініктемелер беріледі және дәл осы қабілеттерді қалыптастыру 
үшін маңызды жұмыс түрлері ұсынылған.
Қазақ күйлерінің құрылымдары. Оқушылар қазақ аспаптық музыкасын 
сауатты да, саналы қабылдау үшін керекті мағлұматтарды алуы тиіс. Осының 
алдыңғы екі тарауда айтылғандай, мұнда қазақ күйлерінің құрылымы, ырғағы 
мен саздық өзара байланысын зерттеуге арналған теориялық мағлұматтар 
мен оларды игеру үшін тәжірибелік тәсілдер көрсетілген.
Жұмыстың кешенді түрлері. Музыкалық шығарманың барлық бөліктері 
үйлесімді орналасқан, яғни оқушыларға олардың бастысын және жанамасын 
ажырату өте қиын екені айдан анық. Диктант, нотамен әндету, кешенді 
тындау және өзіндік шығармашылық сияқты жұмыс түрлері оқушыларға 
музыкалық шығарманың әртүрлі жақтарының ұштасқанын естіп, сезінуге 
көмектеседі. Міне, осы себепті бұл тарау ерекше болып табылады. Айтылған 
жұмыс түрлерінің әрқайсысы бойынша, күрделілік деңгейлері көрсетілген, 
үлгілік тапсырмалар ұсынылған. 
«Этносольфеджио»  арнаулы  оқу  пәнінің  әдістемесі  көпнұсқалы. 
Бұл  оқытушыға  бағдарламада  берілген  жұмыстың  негізгі  түрлерін 
шығармашылықпен түсіндіре сабақты құрастыруға мүмкіндік береді.
Этносольфеджиода музыкалық-дыбыстық жүйесін меңгертуде қазақтың 
музыкалық тілі жанрлық ерекшелігіне тікелей қатысты. Тұрмыс-салттық 
жанрдағы қазақ өлең фольклорынан: өлең және ойын, қара өлең, хат-өлең, 
шығарма-өлең, өсиеттік өлеңдер: «Бесік жыры», «Әлди-әлди», «Әлди бөпем», 
«Бала уату», «Тусау кесу», «Сыңсу», «Көрісу», «Қоштасу», «Аужар», «Арыз 
өлең», «Танысу», «Үкілім-ай»; «Жоқтау», «Жылау», «Жар-жар», «Беташар» 
т.б. Сонымен қатар, қазақ өлең мәдениетінің лирикалық және қара өлең 
жанры. Қара өлең – дауыс ырғағының айтылуына қарай жанрлық тұрғыдан-
жыр. Ерте замандағы фольклорлық дәстүрдің бір түрі жоқтау мен жылау. 
(қалыңдықты ұзатқан кездегі жылау, қаралы болғанда жыр айтып жылау, 
еркектердің жастық шағымен қоштасу жыры. Мысалы, «Жиырма бес»).
Ән сазын игеру жүйесі қазақтың ән мәдениетінің іреңдік материалын 
оның  ерекшеліктеріне  сүйене  отырып  тыңдап  меңгеруге  бағытталған. 
Қазақтың  дәстүрлі  әнінің  сазын  меңгеру  әдістемесі  жалпыәлемдік 
сольфеджио мектебінің озық үлгілеріне негізделген. 
Қазақтың дәстүрлі ән материалдарының негізінде саз меңгеру сазды 
оның  басты  құраушыларының:  дыбыс  қатарының  көлемі  (амбитус), 
басты тұрақтар, әуен тартылыстары – жиынтығы ретінде кешенді түрде 
қарастыруға негізделген. Негізгі жұмыс әдісі осы сазды тұтас әрлік кешен 
ретінде қабылдап тануға мүмкіндік беретін тұрақты әуен үзіктерін жаттату 
болып табылады. Осы бағдарламада ладтық әдісі, қазақ үн ырғағының ұсақ 
тұжырым  (мелоформул)  үлгі  негізінде  қазақтың  өлеңдік  құрылымының 
ерекшелігіне байланысты әдістер; қазақ тілінде түсінушілік әдістері; қазақ 
күйлерін тыңдап меңгеру әдістемелері ұсынылып отыр. Әдіснамалық негізі 
қазақ музыка тілін меңгеру, дәстүрлік музыканың тұтастығын, көркем өнер 
мен композиторлардың кәсіби шығармашылығын меңгерту болып табылады.
Заңдылығын,  ұлттық  музыкалық  тілдің  әрбір  элементінде  ұлттық 
сипатта қалыптастырып басқару, музыкалық ойлаудың ұлттық ерекшелігін 
көрсету көзделген.
Грамматикалық  деңгейде  қазақ  музыкасы  тілінің  европалықтан 
айырмашылығына көңіл аударсақ:
1.  Европа  музыкасы  көп  дауысты  құрылымнан  (көпдауыстылық, 
көпдауыстылық  музыка  үндестігі  немесе  аралас  дауыс),  ал  қазақ 
музыкасында  бірдауыстылық  немесе  көпдауыстылық  монодикалық  түр 
құрылымында болып келеді.
2.  Европаның  классикалық  Ладтық  жүйесі  –  орталықтандырылған 
мажор (қатаң) немесе минор (ұяң) бірекпінділік құрылым негізінде; қазақ 
музыкасында  –  табиғи  саздық  октавалық  емес,  табиғи  нақты  дауыстық 
негізіндегі жеке құрылымы.
3.  Қазақ  мәдениетінің  ырғағы  ырғақ  өлшемі  (метроритм)  жағынан 
Европадан бай, сонымен қатар құрылысы күрделі және сан жағынан жоғары.

30
ISSN 1811-1831. Вестник ПГУ
31
серия
 ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ. 2015. №3
Қазақтың  ауызша  тараған  кәсіби  әндерінің  музыкалық  тілінің 
анық,  айқын  міндетін  шешуде  С.  Елеманова  білімдік  қажеттілігіне 
«фундаментальных для данной музыкальной культуры закономерностей 
творчества  и  восприятия,  тех  конкретных  культурных  реалий  и  знаков 
исторической и генетической памяти...» деп тоқталған [4, 58 б.]. Сөйтіп, 
белгілеріне – музыкалық жүйенің элементі, қазақтың дәстүрлік мәдениетіне 
пәндік жанрлық нышаны болып табылады. Мысалы, жанрлық белгілерінің 
сапасына зерттеушілер музыкалық дыбыстардың өзара дауыс ырғағының 
байланысу даму категориясын: қыздардың қоштасу «тұрмыстық өлең айту» 
өлеңдері, «дыбыстық қатар сақтап «жылау», «жоқтау», «Жар-жарға» тиісті 
«субкварталы терциямен» және т.б. айту жатады.
Фольклорлық жанрдың бейнесі – стилдік жүйесі қалыптасуда, кәсіби 
өлең өнері бұл процесте үлкен рөл атқарады. Алғашқы өлең айтудың соңғы 
көрінісі – дауыстың ұзақ жоғары айтылуы. Бұл тәсіл Арқа халықтарында 
сипат алған дәстүрлерде кездеседі. Сөйтіп, «ақындық әуен түрі» деп аталған 
(АӘТ – С. Елеманованың термині). 
АӘТ немесе ақындық әуен түрі – кәсіби өлеңдерден лирикалық өлең 
айтудың  ұлттық  көріністерінің  бірі.  Әуенді-ырғақты  қазақ  дәстүріндегі 
жырларға – жеті жолдық жыр, он бір жолдық қара өлеңдерді жатқызуға 
болады. Бұл жырлар әсіресе эпикалық лирикаларда кездеседі.
Қара өлең – дауыс ырғағының айтылуына қарай жанрлық тұрғыдан-
жыр. Ерте замандағы фольклорлық дәстүрдің бір түрі жоқтау мен жылау. 
(қалыңдықты ұзатқан кездегі жылау, қаралы болғанда жыр айтып жылау, 
еркектердің жастық шағымен қоштасу жыры. Мысалы, «Жиырма бес»).
Музыка тілі қазақтың музыкалық аспаптық музыкасын жанрлық үлгіде 
аспапта  ойнағанда  шешуші  принципке  ие  болады.  Қазақ  музыка  тілінің 
бастапқы заңдылығы ретінде аспаптық музыка тілінің ең басты өзіне тән 
қасиеті – композициялық принциптері. 
Логикалық, құрылымдық жағынан батыс Қазақстанның «төкпе» күйінің 
композициялық жүйесінде айырмашылық бар. Әрбір белгі элементі нақ 
белгіленіп алынады. Мұндай жағдайлар «төкпе», «шертпе» күйлеріне де тән. 
Күйлерді орындау мен авторлық стиль ерекшеліктері болады. «Сүйретпе қағыс» 
күйінде Абылдың өзіндік стилі бар. Әртүрлі жанрдың өзіндік ерекшелігі болады. 
«Теріс қақпай» күйін төменнен бастап, жоғарыдан қатты шертіп ойнайды. «Ілме 
қағыс» сұқ саусақпен төмен қағып, бас бармақ, сұқ саусақпен жоғары шертіп 
ойнайды. Мұндай шерту, әсіресе Маңғыстау дәстүрінде кездеседі.
Күйлерді талдауға дағдыландыру, белгілі болатындай, негізгі аспап 
сыныбында және ішінара қазақ музыкасының тарихын өткенде басталады. 
Бірақ мұның бәрі күйлердің аналитикалық талдауын жүргізіп дағдылануға 
және үйренуге, сондай-ақ, жинақтаған теориялық білімдерін сол арқылы 
толық  көрсетуге  жеткіліксіз.  Қазіргі  кездегі  оқу  процесі  студенттердің 
назарларын күйдің барлық бөліктері мен компоненттеріне аударуға, оның 
музыкалық өрнегін тұтастай қабылдауға және оның бойындағы көркемдік, 
бейнелілік нақыштарын барынша сезінуге ұмтылдыруы қажет. 
Қазақ  күйлеріне  тән  ерекшелік  –  олардың  жалғыз  бейнеге  немесе 
адамның ішкі күйінің қас-қағым сәтіне құрылуы. Яғни қазақ музыкасына 
еуропа музыкасындағыдай қарама-қайшылықтың, шиеленістің дамуы өзек 
болмайды. Біздің пайымдауымызша, күйдің бастауларынан сусындап оның 
мифологиялық, эпикалық, тарихи құраушыларын саралау студенттердің ішкі 
әлемдерін байыта түседі.
Қобызда музыка ойнау ертеректе қазақтардың діни ұғымын көрсеткен. 
Қобызда ойналатын күйлерде бақсының сарыны кездескен. Қазіргі зерттеушілер 
қазақтардың ерте кездегі ойлау қабілетін зерттей келіп мынандай қорытындыға 
келді: Бұл қазақтың жазу, сызуды білмеген ерте кездегі мәдениетінің белгісімен 
байланысты. Ауызша кәсіби жырлардың музыкасы халықтық шығарма. Қазақ 
музыканттардың музыкалық-тыңдау қызметтері бірде орындаушы болса, кейде 
орындау авторы да болады. Бұл Европа мәдениетінен айырмашылығы болып 
саналады (композитор-орындаушы-тыңдаушы). 
Музыканы есту мен оқыту, оны тыңдау күнделікті ұйымдастырылатын 
жұмыстар. Музыкалық естуге тәрбиелеу күнделікті жаттығуды талап етеді.  
Б.  Тепловтың  (ЗО)  айтуынша  ішкі  тыңдауды  дамытуды  ән  айту 
моторикасымен байланыстыру қажет [5].
Қазақ  музыкасы  мәдениетінде  ауызша  айту  дәстүріне  үйрету  өте 
күрделі. Күйді үйрету, оны орындау техникасын меңгерту, оқыту, сонымен 
қатар шығармашылық тәжірибе осының барлығы «мәдениетті қабылдау» 
және  оны  дамыту  жұмыстары.  С.  Өтеғалиеваның  пайымдауында  халық 
музыканттары күйді тартып отырып, оны терең түсініп орындайтындығы 
айтылады  [6].  Қазақстандық  зерттеушілерінің  айтуынша  үлкен  рольді 
атқарады.  Әр  музыкалық  қызмет  тәжірибенің  жинақталған  өзіне  негізгі 
жүктеме мен қызмет ететін көрініс. Ішкі есту көрінісі – бұрын естігенін, 
қабылдағанын  нақты  еске  түсіру  болып  табылады.  Қазақ  музыкасын 
мақсатты бағытта оқыту – қазақ музыка тілін меңгертуде маңызды болумен 
қатар, жалпы қазақ музыкасы білімі үшін де қажет.
Этносольфеджио пәнін оқыту барысында қолдануға арналған әндерді 
топтастырып,  пәннің  бастапқы  буынында  қажет  интонациондық  және 
ырғақтық кеңістігін толықтыру, бастапқы кезеңге арналған материал шеңберін 
кеңейтіп, пән арнасын ұлғайту бүгінгі күннің аса маңызды мәселелерінің 
бірі. Қазіргі кезде жас ұрпаққа ұсынылып отырған бағдарламалар республика 
аумағында кеңінен қолданылып келеді және жетістіктері өлшеусіз. Қазіргі 
таңда Қазақстандағы этносольфеджио аумағында музыктанушылардың жасаған 
еңбектерін ары қарай дамытып, жетілдіруіміз қажеттігі аса байқалып отыр. 

32
ISSN 1811-1831. Вестник ПГУ
33
серия
 ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ. 2015. №3
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Альпеисова, Г. Теоретические и практические аспекты этносольфеджио 
в Казахстане. Автореф. дисс. на соискание ученой степени канд. искус. –
Алматы, 2003. – 28 б.
Байбек, А. К. Песенный стиль Арки в контексте этносольфеджио 
(вузовский курс). Дисс. на соискание ученой степени канд. искусствоведения. 
– Алматы, 2009 – 148 б.
Аманов, Б., Мухамбетова, А., Омарова, Г., Райымбергенова, С.,  
Өтеғалиева,  С.  Дәстүрлі  орындаушылар  факультетіне  арналған 
этносольфеджио бағдарламасы. // В кн.: Аманов Б. Ж., Мухамбетова А. И. 
Казахская традиционная музыка и XX век. – Алматы, 2002.
4  Елеманова,  С.  Казахское  традиционное  песенное  искусство.  
– А. : Алм. Гос. Конс., 2000. – 187 б.
Теплов, Б. Психология музыкальных способностей. – М.-Л., 1947. – 335 с.
Өтеғалиева, С. Особенности слуха исполнителей устной традиции // 
Инструментальная музыка казахского народа. – А., 1985. – 129-151 б.
Материал 07.09.15 баспаға түсті.
Г. Т. Альпеисова
Этносольфеджио как предмет музыкально-теоретического цикла
Казахский национальный университет искусств, г. Астана.
Материал поступил в редакцию 07.09.15.
G. T. Alpeissova
Ethnosolfeggio as a musical theoretical cycle subject
Kazakh National University of Arts, Astana.
Material received on 07.09.15.
Данная статья описывает  содержание предмета музыкально-
теоретического цикла – этносольфеджио. В сравнении с задачами 
сольфеджио, автор вскрывает особенности этносольфеджио, который 
стал  одним  из  предметов  современной  подготовки  музыкантов-
домбристов  и  теоретиков  в  музыкальных  колледжах.  Обобщая 
накопленный теоретический и педагогический опыт, автор предлагает 
свое видение предмета «Этносольфеджио», ориентируя читателей 
на  ценностно-смысловое  отношение  к  казахской  традиционной 
музыке. Материалы настоящей статьи могут быть полезны как  
преподавателям – теоретикам, так и всем, кто интересуется путями 
развития современного музыкального образования.
The given article provides a description of a musical-theoretical 
subject  –  ethonsolfeggio.  The  author  analyses  the  peculiarities  of 
ethnosolfeggio, comparing it with solfeggio, the former has become one 
of the subjects of modern musical training for dombra players and theory 
students in musical colleges. Generalizing the accumulated theoretical 
and pedagogical experience, the author is offering her own vision of the 
subject of Ethnosolfeggio, turning the readers' attention towards the values 
and meanings of Kazakh national music. The material of this article can 
be found useful by teachers of musical theory as well as by all interested 
in development of modern musical education.
УДК 378.147:004.78
А. Ж. Асаинова
1
, А. К. Мунсызбаева
2
1
к.п.н., доцент, 
2
магистрант, Павлодарский государственный 
университет имени С. Торайгырова, г. Павлодар
ВЕБ-ЮЗАБИЛИТИ ЦИФРОВЫХ 
ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ
В  статье  рассмотрены  проблемы  разработки  цифровых 
образовательных ресурсов с точки зрения веб-юзабилити, основные 
подходы к определению понятия «веб-юзабилити». Описаны критерии 
оценки цифровых образовательных ресурсов. 
Ключевые  слова:  веб-юзабилити,  веб-дизайн,  цифровой 
образовательный ресурс.
Развитие дистанционного обучения в мире и в Республике Казахстан 
определило  популярность  платформ  электронных  услуг,  в  частности 
систем электронного обучения (e-Learning), важной составляющей которой 
являются цифровые образовательные ресурсы. Использование цифрового 
образовательного  ресурса  осуществляется  пользователем,  поэтому 
удобство  для  пользователя  является  ключевым  моментом  в  разработке 
такого  программного  приложения.  Следует  отметить,  что  в  последние 
годы возрастает интерес к данной проблеме, однако вопросы разработки 
интерфейсов пользователей для цифровых образовательных ресурсов еще 
не достаточно изучены. 
Пользовательский интерфейс является одним из важнейших элементов 
любого программного приложения, поскольку именно он определяет, будет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет