Пму хабаршысы


ISSN 1811-1831. Вестник ПГУ



Pdf көрінісі
бет7/21
Дата11.01.2017
өлшемі1,78 Mb.
#1617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21

64
ISSN 1811-1831. Вестник ПГУ
65
серия
 ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ. 2015. №3
4.  Толеранттықтың  бұл  түрі  патриоттық,  ұйымшылдық  тәрбиеге 
бағытталған. «Іргесі берік елді жау ала алмас, Аузы бір елді дау ала алмас», 
«Бірлік бар жерде тірлік бар», «Ұлтарақтай болса да, ата қонысы жер қымбат, 
Ат төбеліндей болса да, туып өскен ел қымбат».
1. Brain is better than brawn. (English proverb). «Қара күшті ақыл женеді».
2. The stripes of a tiger are on the outside; the stripes of a person are on 
the inside. (Bhutanese proverb). «Жолбарыстың жолағы сыртта, ал адамдікі 
іште». Бұл ойдың түйіні адамды сыртына қарап бағаламай ішкі дүниесіне 
қарап бағалауды білдіреді. 
3. Morning is smarter than evening. 
4. Native land is paradise for everybody. Әркімнің туған жері жұмақпен тең.
5. A man is a guest in this life. Барлық адам бұл дүниеде қонақ. Яғни 
берілген мақал бір-бірімізге шыдамдықпен қарап, сыйласып өтуге шақырады. 
6. If the people are united, there is no place for hostility. Егер адамдар 
татулықта болса, ешқандай қауып төнбейді. 
«Өз елім – өлең төсегім» дегендей өз еліңді, тіліңді, дініңді қадір тұтып, 
бірақ өзге елмен сыйластықта, бірлікте өмір сүруге бағытталған.
5. Білім – толеранттықтың жоғарғы көрсеткіші. Мәселен, «Білекті бірді 
жығар, білімді мыңды жығар».
1. Beautiful girls are seldom happy, intelligent boys are seldom beautiful. 
(Chinese proverb). Қытай халқы әдәмі болғанша, ақылды болуға шақырады. 
2. An intelligent enemy is better than a stupid friend. (African proverb). 
«Ақмақ достан ақылды жау артық» деп араб халқы білімді, ақылды жоғары 
орынға қояды. 
3. Intelligence is the best capital. (German proverb). «Білім – байлық» деп 
неміс халқы білімді болуға тәрбиелейді. 
5. The best horse needs a whip, intelligent men need advice, and devout 
women need a man. (Yiddish proverb) [5, б. 225]. 
Қысқасы,  аталған  зерттемеде  қазақ  және  ағылшын  халықтарында 
толеранттық  қатынастардың  мағыналық  түрлері  мен  тәрбиелік  мәнін 
көрсететін  кейбір  мақал-мәтелдер  барынша  талдауға  түсті,  олардың 
әлеуметтік өмірмен байланысы зерделенді. Мақал-мәтелдер толеранттық 
тәрбиені қалыптастырушы басты негіз екені дәлелденді. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Мчедлов, М. П. Толерантность. – М. : Издательство «Республика», 
2004. – 408 с.
Тұрманжанов, Ө. Қазақтың мақалдары мен мәтелдері. – Алматы, 
2007. – 268 б.
Әлімбаев, М. Мақал-мәтелдер. Маржан сөз. – Алматы, 1971. – 160 б. 
Буковская, М. В. A Dictionary of English proverbs in modern use. – М., 
1988. – 386 с.
Shanon, J., Klementieva, T. – Happy English-2. – М., 2002. – 420 р.
Материал 07.09.15 баспаға түсті.
С. Ж. Ергалиева, Б. К. Жумабекова
Использование  пословиц  и  поговорок  на  уроках  иностранного 
языка для формирования толерантного отношения студентов
Павлодарский государственный
университет имени С. Торайгырова, г. Павлодар.
Материал поступил в редакцию 07.09.15.
S. Zh. Yergaliyeva, B. K. Zhumabekova
The use of proverbs and sayings for the formation of a tolerant attitude 
of students at foreign language lessons
S. Toraighyrov Pavlodar State University, Pavlodar.
Material received on 07.09.15.
В данной статье анализированы материалы для формирования 
толерантных отношений и мировоззрения студентов с помощью 
пословиц и поговорок на уроках иностранного языка.
In this article the materials for the formation of a tolerant attitude 
and worldviews of students using proverbs and sayings on the foreign 
language lessons were analyzed.

66
ISSN 1811-1831. Вестник ПГУ
67
серия
 ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ. 2015. №3
ӘОЖ 37.013.(043.3)
Г. Ш. Жұмагулова 
пс.ғ.к., М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты, 
Шымкент қ.
ҚИЫН ЖАСӨСПІРІМДІ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ 
МЕКТЕП ҰЖЫМЫ МЕН ОТБАСЫНЫҢ РӨЛІ: 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Мақала  мектеп  оқушылардың  тәрбиесіндегі  тақырыпты 
аспектілерін анықтап, қиын жасөсперімдерге әсер ететін негізгі 
бағыттарды зерттейді. 
Кілтті  сөздер:  Қиын  жасөспірім,  мектеп  ұжымы,  отбасы, 
психологиялық талдау, педагогикалық технологиялары.
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  девиантты 
мінезді  оқушыларға  мынадай  анықтама  берілген:  «балалар  мен  
жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын 
құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан үнемі жалтаруы,  
отбасынан  немесе  балалардың  оқыту-тәрбиелеу  ұйымдарынан  үнемі  кетіп 
қалуы, сондай-ақ қоғамға қауіпті әрекеттер  жасауы» [1].
Олардың  әр  кезеңде  әртүрлі  аталғаны  бізге  белгілі: «тәртібі  нашар», 
«қиын», «тәрбиесі қиын»  тағы басқа.
Ғылыми тұрғыдан зерттегенде, дәл осы балалардың оқуға  қызығуларының 
жоқ екені, олар мектепке де сыймай, үйге де сыйлы  болмай,  мұғалімдердің  
берекесін  кетіріп, түптің  түбінде  олардың  басым  көпшілігінен  дайын  заң  
бұзушылар  мен  қылмыскерлер  шығатыны  бұрын да дәлелденген.
Әрбір оқушының өзін қоршаған ортасымен тығыз қарым-қатынаста  
болатынын,  солардың  әсерімен  дамитынын  ескере  отырып  «қиын»  
балалардың  мінезіне  отбасы,  мектеп  және  көшенің  қалай  әсер  ететін  
жағдайларына  жеке-жеке  тоқталып көрелік.
Бала тәрбиесіне  отбасының  жағымсыз  әсер  ету  жақтарын  сөз  еткенде, 
оны үш топқа бөліп  қарастыруға болады.
1.  Бірінші  топ  –  баланы  қалай  тәрбиелеуді  біледі  және  дәл  солай 
тәрбиелейді. Олар көп емес, алайда,  өздерінің саналы  өмірімен  және  сапалы  
іс-әрекеттерімен  тек өз  балаларына  ғана  тәрбие  беріп қоймай,  мектептегі  
қоғамдық  жұмыстарға қолғабыс  етіп, басқа  ата-аналарға  үлгі  көрсетеді.
2.  Екінші  топ  –  өз  балаларына  өнегелі  тәрбие  бергісі  келеді,  бірақ,  
қалай  тәрбиелеу  керек  екенінін  білмейді. Мұндайлар  та-аналардың  басым  
көпшілігі. Олар білмегендіктен  балаларына  кері әсер етуі мүмкін. 
3. Үшінші топ – балаларды  тәрбиелеудің  жолдарын  білмейді, білгісі  
де келмейді,  педагогтерге  қарсы  тұратын  төмендегі  әлеуметтік топ. Бұлар  
соншалықты  көп  болмағанымен, «қиын»  балаларды  беретін  отбасылар.
Енді осы факторларды тарата айталық. Халық даналығы «Ұяда не көрсең, 
ұшқанда соны ілесің», «Әке  көрген оқ жонар, шеше көрген тон  пішер», «Не 
ексең соны орасың», десе ұлы Абай «тегінде адам баласы  адам баласынан 
ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерімен озады. Одан басқа  нәрсемен 
оздым  ғой  демектің  бәрі  –  ақымақшылық»  деп    түйіндейді.  Ал    атақты 
физиолог И. Павлов «әрбір баланың мінез-құлқы ата-анасының жағымды 
іс-әрекеттерінен үлгі алу барысында қалыптасады» деп  тұжырымдайды [2].
Бала  отбасы  жағдайында  өмірдегі  әртүрлі  жағдайларда  өзін  қалай  
ұстауды,  адамгершілік  әліппесі:  кішіпейіл  болу,  ізеттілік,  сыйластық,  
үлкендермен және кішілермен қандай қарым-қатынаста болу сияқты  тәжірибе  
жинақтайды  және  оны меңгереді. Отбасында  бірін-бірі сыйлау,  қамқоршы 
болу, бірлесіп еңбек ету секілді игі дәстүрлер қалыптасқан  болса,  ол ортадан 
қоғамға қарсы тұратын тәрбиесіз адам  шығуы теориялық  жағынан алғанда 
мүмкін емес. Бұл  әңгімеміз, әрине, бірінші топтағы ата-аналарға қатысты.
Моралдік  жағынан  азғындаған  отбасында,  әдетте,  балаға жеткілікті  
көңіл  бөлінбейді. Балалар  ата-анасының қамқорлығы  мен  сүйіспеншілігін  
сезінбегендіктен, оларды А. С. Макаренко «ертеңгі күннің қуанышын  жоғалта  
бастайды» (49), – деген. Сондықтан олар отбасында өздеріне  алмаған  жылылық  
пен  қайрымдылықты  сырттан, көшеден іздейді. Бірақ, көп  жағдайда оларды  
қоғамға  жат  элементтер  өз «қамқорлығына» алады. Олар  бұзақылар тобы, 
нашақорлар, жезөкшелер  және тағы басқа әлеуметтік  топтар болуы мүмкін [3].
Отбасы  тәрбиесінде  ең  маңызды  мәселенің  бірі  –  ата-аналардың  
педагогикалық көзқарасының  қалай қалыптасуында. Қазіргі  кездегі аса  
бай  отбасылардың пайда болуы,  оларда бала  тәрбиесінің  дұрыс тәжірибесі  
қалыптасты  деген  сөз емес. Міне, осындай отбасылардың кейбір ата-аналары 
балаларының кез-келген сұрансын мезетте  қанағаттандыру,  аламын  деген  
нәрсенің бәрін сөзге  келмей  сатып  әперу, үй  тірлігіне  қатыстырмауы  
баласының  өзімшіл, тек  қана  тұтынушы,  жалқау, басқаның  есебінен  жақсы 
өмір сүргісі келетін,  арамтамақ  болып  қалыптасуына  әкеліп  соқтыратынын  
ескере  де бермейді. 
Дәл осыған  қарама-қарсы әрекет істейтін  ата-аналардың да түсінгі  
балаларын тура жолдан шығаруға итермелейді. 
Мұндай  ата-аналар өз балаларын  аса қаталдықпен  тәрбиелеймін  деп  
әртүрлі қысым мен  тыйымдарды  қолдану, сәл  нәрсеге  бола  қатаң   жазалау,  
ар-намысын  қорлайтын  әрекеттер жасау арқылы балаларын  өздеріне  қарсы  
қояды. Мұндай  жағдай да  әрине, балалар  ата-анасын сыйламайды,  олардың 
баласына  айтқан  «ақылы»  кері әсер  етеді. Осындай  отбасында «тәрбие» 
алған  баланың  тәрбиелі болуы  да  екіталай [4].

68
ISSN 1811-1831. Вестник ПГУ
69
серия
 ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ. 2015. №3
Үшінші  топқа жататан  ата-аналар өз балаларының не істеп,  немен  
айналысып  жүргендерімен ісі  жоқ, оны  өзінің міндеті деп  санамайтындар. 
Олардың  балалары  қараусыз  қалғандай  әсер береді. Бұл – ең қауіпті әрі  сөз 
жоқ, девиантты мінезді балалардың  басым көпшілігін  беретін  отбасылар.
Мектептегі оқу-тәрбие жұмысындағы кемшіліктердің де бала  тәрбиесіне 
кері әсер  етері даусыз. Олардың  бірнеше түрін  атап өтсек мына  төмендегідей:
1. Тәртіп бұзуға бейім тұратын оқушылардың дер кезінде  анықтап,  
олармен алдын ала жұмыстар жүргізбеу.
2. Мектеп ұжымының осы мәселеде  алаусыз болуы немесе жүйелі  
жұмыстың  болмауы.  Мектептегі  өзін-өзі  басқару  жұмысының  дұрыс  
жүрмеуі.Сыныптан тыс, мектептен тыс өтілетін іс-шаралардың сапасының  
төмен  екендігі.  Тәрбиесі  қиын  балалардың  отбасыларымен  қарым-
қатынастың  нашар ұйымдастырылуы [5].
3. Девиантты мінезді  оқушылармен  дұрыс  қарым-қатынас  орната  білмеу 
немесе  мұғалімдер мен  тәрбиешілердің кәсіби деңгейінің  төмендігі [6].
4. Кейбір мұғалімдердің сабақ беру әдісінің төмен болуының  әсерінен 
оқушылардың  сабаққа  қызықпауы,  үлгерімнің  нашарлығы,  сөз  жоқ, 
оқышылардың тәртібін әлсіреді  және ол мұғалімдердің де беделін  төмендетеді.
5.  Кейбір  мұғалімдердің  педагогикалық  этиканы  білмеуі  немесе  
сақтамауы оқушыларды өзіне қарсы қоюға әкеліп соғады да, ұзаққа  созылған  
шиеленісті туғызады.
6.  Көшедегі  кездейсоқ  топтардың  оқушының  теріс  мінезін  
қалыптастырудағы  қосар  үлесі  де  аз  емес.  Өйткені,  қазір  көшелерді,  
аймақтарды  белгілі  бір  топтардың  бөліп  алып,  сол  жерлерде  билік  
жүргізілетіні ешкімге де құпия емес. Олар өз түсініктері бойынша өмір 
сүреді  және  өз  қатарын  өзі  сияқтылармен  толықтырып  отырады.  Ал 
олар  сол  ортада  өздерін  еркін  әрі  ыңғайлы  сезінеді.  Себебі  отбасында, 
мектептегі  қағидалары мен адами  құндылықтары  өздерінше  қалыптасқан.  
Сондықтан    қоғамдық  мораль  мен  нормалар  олардың  түсінігіне  сай  
келмейді. Олардың еліктейтіндері: түрмедегі беделділер, зоршылық пен 
тонаушылық  «ерлік»  істері.  Ендеше  қоғамға  жат  құмар  ойыны,  ішкілік 
ішу,  дөрекі  сөйлеу,  нашақорлықпен,  жезөкшелікпен  айналысу  олардың  
күнделікті қатардағы тірліктері іспетті. Нәтижеде отбасындағы тәрбиенің 
нашарлығы мен мектептегі тәрбие  беру  ісінің  дұрыс жолға  қойылмауының  
кесірінен девиантты мінезді балалар тәртіп бұзушылардан «көше» тәртібін  
қабылдайды. Сөйтіп,  ақырында  кәдімгі қылмыскерлерге айналады.
Енді  осы  девиантты  мінезді  оқушылардың  психологиялық  
ерекшеліктеріне тоқтала кетелік.
Бұл  қиын  балалар  өздерінің  интеллектуалдық  қабілеті  жағынан  
өз  қатарларынан  қалмайды.  Алайда,  олардың  жоғары  психологиялық  
қасиеттері:  зейін,  абстрактілі  ойлау,  есте  сақтау  тағы  басқа  әртүрлі  
жаттығулар  мен  дағыдыларды  дамытпағандықтан  артта  қалған.  Соның  
салдарынан олар қисынды ойлай білмейді, өз ісінің ақырын  болжай алмайды, 
сондай-ақ  танымдық  белсенділігі  төмен,  ғылым  және  саяси-қоғамдық 
мәселелер мүлдем қызықтырмайды, рухани мәдениеттің не екенінен  тіпті  
бейхабар. Негізінен, олар қарапайым күнделікті өмірдің күйбеңінен  аспайды,  
онда  да тек даярға тап  болып үйренген, салиқалы да пайдалы іс-әрекеттен 
гөрі уақытты босқа өткізгенді тәуір көреді.
Дегенмен,  олар  өздерінің  алдына  қойған  мақсатын  орындау  үшін  
(темекі, ішімдік, есірткі зат, ұрлық  жасау) әртүрлі тапқырлық көрсете алады. 
Сабақ оқу, уәдеде тұру, режимді сақтау, саналы тәртіпке бағыну сияқты 
оқушыға тән міндеттер  мен парызды орындауға келген  олардың ерік-жігері  
тым  төмен,  табандылығы жетіспейді [7].
Девиантты  мінезді  оқушыға ата-анасының  да, мектептің де  жағымды 
әсер етуі арқылы оны дұрыс жолға салуға  болмайтыны белгілі болса,  онда ол 
баланы кешіктермей дәл уақытысында жабық  түрдегі ерекше  педагогикалық 
режимдегі  арнайы  тәрбие  мекемесіне жіберу керек. Әрине,  бұл соңғы шара, 
себебі қиын  балалармен  жұмыс  жүйесін  қалыптастыру қаншалықты ауыр   
болса да,  мінез-құлқын  түзету  шараларын төмендегіше  ұйымдастыру  жөн 
деп санаймыз.
1.  Тәртіп  пен  заңды  бұзуға  бейім  тұратын,  сабақ  үлгерімі  нашар  
оқушыларды сынып және мектеп бойынша анықтау. Ол үшін біріншіден
әр тоқсан сайын бір немесе екі пәннен үлгермейтін оқушыларды анықтап 
отыру  қажет.  Үлгермейтін  оқушылардың  барлығының  тәртібі  нашар 
болмас, алайда, қиын оқушылардың  басым көпшілігі бірнеше  пәндерден  
үлгермейтіні    ақиқат.  Екіншіден,  сауалнама  жүргізу  арқылы  қиын  
оқушылар  мен  педагогтардың  қарым-қатынасын  анықтап,  оны    жолға 
қою мәселесін шешу қажет. Зерттеулер көрсеткендй, девиантты мінезді 
балалардың басым көпшілігі  бір немесе  бірнеше мұғалімдердің шиеленісті 
жағдайда  болады,ондай қарым-қатынас  олардың түзелуіне  кері әсер етеді. 
Үшіншіден, қиын оқушылардың өз сыныптастарымен  қандай жағдайда 
екенін анықтау және соған лайықты іс-шаралар жүргізу. Олардың  көпшілігі  
өз сыныбында – басбұзар, іріткі салушылар  және өзі сияқты бұзақылардың 
жетекшісі  болып  келеді. Төртіншіден,  ата-аналармен  және  достарымен 
әңгімелесу  арқылы тәрбиесі қиын оқушылардың бос кездерінде кімдермен 
жүріп-тұратынын, қандай топтарда, орталарда болатынын анықтау. Себебі 
дәл сол бейресми топтарда болу арқылы олар темекі шегу, арақ ішу, құмар  
ойындарын ойнауды әдетке  айналдырады.
Сонымен қатар, олар өзінен кішілерге әлімжеттік жасауын, жануарларды 
қаншалықты жәбірлейтінін анықтау да олардың мінез-құлқының  бұзылығын 
көрсетеді [8].

70
ISSN 1811-1831. Вестник ПГУ
71
серия
 ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ. 2015. №3
Жоғары да көрсетілген төрт көрсеткіштің  екеуінің  бар  болуының  өзі-
ақ  оқушыны тәрбиесі  қиын балалар қатарына қосуға жеткілікті.
2.  Аталған  тәрбиесі  қиын  балалардың  тәртібі  мен  адамгершілік  
қасиеттерін  дамытудағы  ауытқушылықтардың  себебін  зерттеу  және  жеке  
басының  психологиялық ерекшеліктерін  зерделеу.
Қиын балалардың «қиындығы» неде екенін білу үшін оның себебін  
табу керек. Біріншіден, оның жүйкесі мен  психикасында  ауытқушылық 
бар-жоғын    анықтап    білу  керек.  Мамандардың  пікірінше,  олндай 
ауытқушылығы  бар  оқушылардың 10-15 пайызы жүйке немесе психикалық 
ауру  жағдайына  байланысты  болады  екен.  Мұндай    оқушыларды 
тәрбиелеуден бұрын емдеу керек.
Екіншіден,  сау  балалардың  адамгершілік  қасиеттеріне  қандай  
факторлар  жағымды, ал қандай  факторлар  жағымсыз әсер  ететінін  анықтап 
алу  үшін ақпарат жинау. Ол үшін  әңгімелер,  бақылау сауалнама жүргізу,  
құжаттарды  зерттеу  әдістері қолданылады. Олардың  бәріне  дұрыс  талдау  
жасау  дегеніміз – қиын  балаларды анықтауда  қателікке  бой  ұрмау  жағын  
қарастыру болып табылады.
Девиантты  мінезді  оқушыны  қайта  тәрбиелеу  кезеңінде  төмендегі  
факторларды  есепке  алмайынша  істің  табысты  болмайтыны  белгілі: 
отбасындағы жағдайы, досы  кім, бос уақытында кіммен және қалай өткізеді, 
сабақ  оқуда  неден  қиналады,  сынып  ұжымымен  және  педагогтармен  
қарым-қатынасы  қалай,  оның  өзінің  тұлғалық  ерекшеліктері.  Осындый  
ерекшеліктерін есепке алу оған дұрыс диагноз қоюмен бірдей. Дұрыс қойылған  
диагноз  аурудың  дұрыс ем қабылдауына оң әсер  ететіні белігілі жайт [9].
Девиантты балаларған педагогикалық  әсер ету жолдары.
Ойланып  жоспарланған  түзету  жұмыстары  оқу-тәрбие  жұмысында  
қиын  балаларды  қайта тәрбиелеу  кезеңінде аса  маңызды  болып  табылады.
Біріншіден,  мектеп  жоспарында  қиын  балалардың  барлығы  үшін  
жүргізілетін іс-шаралар белгіленуі  тиіс. Екіншіден, әрбір  қиын оқушымен  
жүргізілетін  жеке жұмыс жоспарының  болуы ләзім.
Қиын балалардың сыныптастары және пән  
мұғалімдерімен қарым-қатынасын өзгерту жолдары
Қиын  балалардың  басым  көпшілігі  өздерін  өзі  оқитын  сыныптан  
оқшау  ұстайды,  оларды  сыныптың  тіршілігі  қызықтырмайды,  олардан  
қашқақтайды. Олар, әдетте, нашар оқығандықтан, сыныптастары оларды  
себепті  тәрбиеші  барлық  кезде  сабырлы  болуы  тиіс.  Өйткені,    түзету  
жұмыстары өз  жемісін тез арада  бере  қомайтыны  саналы  ұғынумыз  керек.
Девиантты  мінезді  оқушылар  өздеріне  ұрысқанды  ұната  бермейді. 
Сондықтан  мектеп  мұғалімдері  олармен  болған  қарым-қатынаста  
педагогикалық этиканы аса қатаң  асқақтауы қажет.
Қиын оқушыларды  әртүрлі  жағымды  істерге   
қатысуға тарту арқылы  оларды табысқа жетелеу
Қиын оқушыларды қайта тәрбиелеу дегеніміз: оның жағымсыз  әдеттерін 
жағымды  әдеттермен  шығарып  тастау. Оқу  жасындағы  балалардың  негізгі  
айналыстаын  істері – оқу,  еңбек ету мен  қызыққан  ісімен айналысу.
Оқу оқушылардың  негізігі  қызметі  болып  табылады,  сондықтан  қиын  
оқуышларды  мектепке қайтару,  оқуға  қызығуын  арттыру – аса күрделі  әрі  
әлеуметтік педагогтің беделін  артытыратын  іс. Себебі қиын  балалардың  
90 пайызының сабаққа ықыласы жоқ. Сондықтан оларды  сыныптан тыс  
іс-шараларға тарту арқылы, спортқа, техникаға, өнерге қызықтыру  арқылы  
оқуға  бірте-бірте  тарту  әлеуметтік  педагогтердің және пән мұғалімдердің  
қасиетті ісі  болып табылады. Себебі,  аталған  қызметтердің  бірінде  жеңіске  
жету оларды  басқа да істерге  табысты болуға жетелейді.
Ол  үшін әлеуметтік педагог  адамның өзін-өзі дамытушылық  қасиетімен 
өзін-өзі тәрбиелеу мүмкіндігін еспке алуы керек.
Әрбір баланың жақсы  болуға  тырысатын  кездері  болады: оның  сондай  
белсенділігі  мен талпынысына қолдау көрету, демеп жіберу, сеніммен қарау  
балаға қанат бітіріп, басқаларға деген сенімен ұлғайтады.
Қиын  оқушыларға  әртүрлі  жағдаяттар  туғызу  арқылы    сыныпта 
оның  беделін көтеруге мүмкіндік беру, ұжымдық шығармашылық істерге 
тарта  отырып оның қабілетін жақсы жағынан көрсете білуіне жәрдемдесу  
олардың мектеп ұжымына  қайта оралуына әсер ететін бақытты сәттер болып 
есептеледі.  Әлеуметтік  педагог  қиын  оқушылармен  жұмыс  жүргізгенде 
осыларды іске асыруға міндетті [10].
Қиын оқушылардың отбасылық  жағдайын өзгерту
Отбасының қиын  жағдайы  бала тәрбиесіне кері әсер ететіні бұрын  да 
бірнеше рет дәлелденгені ақиқат.
Біз  жоғарыда  айтқандай,  қалыптағы  отбасыдан  «қиын»  бала  шыға  
қоймайтыны  белгілі.  Алайда  Л.  Толстой  жазғандай:  «барлық  бақытты  
отбасылар  бір-біріне қандай  ұқсас  болса,  әрбір  бақытсыз отбасы бір-біріне  
ұқсамайтындай әрқилы бақытсыз» [11].
Баланың алғашқы  адами құныдлықтары, әрине, отбасында  қалыптасады. 
Алайда, ешбір ата-ана өз баласының жаман болғанын  қаламайтыны  даусыз. 
Егер әртүрлі себептермен баласы  тура  жолдан шығып кеткеннің өзінде  ол  
ата-аналарды  кіналай бермей, бірлесіп жұмыс істеу үшін олармен дұрыс  
қарым-қатынас  орнату  керек, ал екіншіден, ол отбасының барлық  жағдайын  
зерттеу керек. Бұл үшін «Менің отбасым», «Мен не үшін  ата-аналарымды жақсы 
көремін (сыйлаймын)», «мен бос уақытымды қалай өткіземін?»  тақырыптарында 
шығарма  жаздырған жөн. Үшінден, істелген  жұмыстың бәрі алдын ала терең 
жан-жақты ойластырған болуы керек. Ата-аналармен, олардың тәрбиесі  қиын  
балалармен жүргізілетін жұмыс сол отбасының жеке ерекшеліктерін ескере 

72
ISSN 1811-1831. Вестник ПГУ
73
серия
 ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ. 2015. №3
отырып жоспарланғаны дұрыс: Төртіншіден,  барлық жүргізілген  жұмыстар  
өзінің  оң  нәтижесін  бермесе, онда  атқарушы органдарға  немесе құқық қорғау 
орындарына, басқа да комиссия және сотқа  жүгінген жөн [12].
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ағыбаев, А. «Жасөспірімдер қылмысына не себеп?». – Заң. – № 5. – 2004.
2  Ақанов,  А.  А.,  Жылқыайдарова,  А.  Ж.  «Мектептердегі 
нашақорлықтың  алғашқы  профилактикасының  проблемалары».  –  
Валеология және дене тәрбиесі, спорт. – № 2. – 2004. 
Аманқұлова, Р. К. «Жасөспірімдердің темекі тартуының алдын алу», 
Валеология және дене тәрбиесі, спорт. – № 1-2. – 2005. 
Алпысбаева, Г. «Есіктен енді есірткі». – Оңтүстік Қазақстан газеті. 
– №74. – 26 маусым. – 2001.
5 Мектеп және мамандық таңдау. – Алматы: Мектеп баспасы, 1973. – 207 б.
Витиньш, В. Ф. Реформа школы и профессиональная ориентация 
7 школьников; – М. : Педагогика, 1988. – 120 с.
Захаров, Н. М. Профессиональная ориентация школыников. – М. : 
Просвещение, 1988. – 272 с.
Климов, Е. А. Как выбрать профессию. – М. : Просвещение, 1990. – 160 с.
10  Клосова,  Л.  А.  Профессиональная ориентация  учащихся и труд 
семейные династии. – Воронеж : Изд. Вор. универ, 1992. – 136 с.
11 Чистяков, С. Н., Захаров, Н. М. Профессиональная ориентация 
школьников. – М. : Педагогика, 1987. – 160 с.
12  Шадиев,  Н.  Ш.  Венкласная  и  внешкольная  профессиональная 
ориентация учащихся. – Ташкент : Фантазия, 1988. – 112 с.
Материал 07.09.15 баспаға түсті.
Г. Ш. Жумагулова 
Роль  школьного  коллектива  и  семьи  в  воспитании  трудных 
подростков: психологический анализ
Южно-Казахстанский гуманитарный 
институт имени М. Сапарбаева, г. Шымкент.
Материал поступил в редакцию 07.09.15.
G. Sh. Zhumagulova
The role of school community and family in the education of difficult 
adolescents: psychological analysis
M. Saparbaev South-Kazakhstan Humanitarian Institute, Shymkent.
Material received on 07.09.15.
Статья  раскрывает  актуальные  аспекты  воспитательных 
технологий, разработанных для школьного коллектива и семьи в 
контексте основных стратегий воздействия на трудных подростков.
The article reveals the topical aspects of educational technology 
designed for school community and family in influencing troubled teens.
UDC 159.91
A. V. Isaev
1
, I. A. Tukhlov
2
1
graduate student, 
2
senior teacher, M. V. Lomonosov Moscow State University, 
Moscow, Russia
ASSESSMENT OF THE FUNCTIONAL CONDITION 
OF STUDENTS WITH DIFFERENT MOTIVE LEVEL, 
STUDYING IN THE HIGHER SCHOOL SYSTEM
The research is devoted to studying the work of cardiovascular system 
at the qualified students athletes, engaged in wrestling during year training 
and students with usual physical activity in the course of academic year. 
The comparative analysis between the two groups of students showed 
that the cardiovascular and respiratory system parameters are influenced 
by  seasonal  rhythms  at  all  surveyed  persons  at  rest  while  breathing 
atmospheric air. It was revealed that cardiorespiratory systems at students 
athletes reached the maximum values at winter season and in spring period 
at not athletic students.
Keywords: cardiovascular system, respiratory system, adaptation, 
wrestling, biorhythms, students, seasons of year, sports loadings.
The educational environment of higher education institution can become the 
additional factor worsening a state of students’ health. We will consider factors 
of the educational environment in aspect of preservation of physical and mental 
health of student's youth.
The  physical  component  of  the  educational  environment  includes  first 
hygienic characteristics of educational buildings and audiences (the sufficient area, 
temperature condition, illumination, etc.), esthetic characteristics (architecture of 
educational buildings, design of audiences). Here it is possible to carry conditions 
for rest and sports activities, living conditions in the hostel, catering services. All 
this eventually influences adaptive mechanisms of students.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет