Тҥйін
Mақалада қазіргі қоғамдағы тәрбиешінің маңызы ашылған.
Summary
That article is considered educator’s role in a modern society.
ЖОО-НЫҢ СТУДЕНТТЕРІН ОҚЫТУ ҤРДІСІНДЕ
АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕСІ
Е.Б. Бекмухамбетов – аға оқытушы, «Сауықтандыру дене мәдениеті» кафедрасы, Абай ат. ҚазҰПУ
Қай заман болмасын жастардың адамгершілік тәрбиесі қоғам алдында әрқашан күн тәртібіндегі ӛзекті
мәселелердің бірі болғаны белгілі. Әсіресе, қазіргі ақпарат құралдарының жастардың дамуы мен психоло-
гиясына түрлі ықпалдар беріп жүргені анық. Осы тұрғыда студент жастардың қоғамдық қарым-қатынас
жүйесіне ену үдерісіне кӛмектесуі, оған бейімделуі ЖОО-ның педагогикасының тағы бір қызметінің
ерекшелігі болып табылады. Тәрбие мен әлеуметтену тұтастай алғанда, жас ұрпақты қоғамдық және
ӛндірістік ӛмірге дайындау қажеттілігінен туған. Ол арқылы ұрпақ жалғасын тауып, ілгері дамиды да
адамзат қоғамының ӛркениеттілігі қамтамасыздандырылады.
Бір жағынан, ЖОО-ы педагогикасы адамның табиғатына тән адамгершілікті мінез-құлықты басшы-
лыққа алады. Сонымен, адам қайырымдылық жасау арқылы ӛзінің адамдық қасиетін жоғарылатады.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1 (36), 2013 ж.
103
Жастардың адамгершілік тәрбиесі мәңгілік талқыланатын тақырыптардың бірі. Оған ертеден келе
жатқан аңыздарды, әдет-ғұрыптарды, кӛне ойшылдар мен бүгінгі күннің ғалымдарының қалам тебіренте
жазған еңбектерінен кӛре аламыз. Адамгершілік, оның ішінде рухани адамгершілікті студенттердің
бойына сіңіру қаншалықты маңызды екендігі жӛнінде ғалымдарымыз ӛз зерттеулерінде айтып, ол туралы
құнды-құнды ой-пікірлерін қалдырған. Мәселен, сонау ертедегі аңыз әңгімелерде адамдардың шынайы
сезімі жайында былай делінеді: «Адамдарға аяушылық сезімі тумысынан тән. Мұны келесідей мысалдар-
дан кӛруге болады. Құдыққа кенеттен құлап бара жатқан баланы кӛрген сәтте адамдарды қорқыныш пен
аяушылық сезімі билейді. Бұл олардың ата-аналарымен жанұясымен араласып достасқысы келгеннен
емес немесе оған кӛмектесіп достары не кӛршілерінен мақтау, мадақтау алу үшін де емес. Себебі, адам
жамандықтың салдарынан қорқады. Сондықтан да аяушылық сезімі жоқ адам – адам емес; ұят не зұлым-
дықтан жиіркену сезімі жоқ адам – адам емес; дүниенің қызығынан бас кешу және кӛнгіштік, қолдаушы-
лық пен ұялу қабілетінен айрылған адам – адам емес.
Аяушылық сезімі – адамшылықтың бастамасы. Ұят пен зұлымдықтан жиіркену сезімі – әділеттіліктің
бастамасы. Дүниенің қызығынан баз кешу және кӛнгіштік сезімі – ӛмірлік ережелердің бастамасы.
Қолдаушылық пен ұялу қабілеті даналықтың бастамасы» («Мэн-Цзы» IV ғ. б.з.д. кітабы) [1].
Ал, халқымыздың ұлы ойшылы – Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) «Ақылдың мәні туралы»,
«Қайырымды қала тұрғындарының кӛзқарасы», «Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сӛздері», «Бақытқа
жету жайында» т.б. тағылымы мол еңбектерінде әділдік, инабаттылық, мейірім, жомарттық, адамгершілік
кӛрсеткіші екенін баяндаған. Ол тәрбие мәселесінде адамгершілікті бірінші орынға қойды [2]. Ол адамды
бақытқа жеткізетін даналық жол – қайырымдылық, имандылық, адамгершілік екендігін әр жақты дәлел-
деді, ал оған жетудің кілті тәлім-тәрбие, адамның ӛзін-ӛзі тежей білуі екендігін айтып: «...адамгершілікке
негізделген татулық, жарасымдылық, келісе білушілік бақытқа жеткізеді. Бұл – қайырымдылық», – деп
кӛрсетті ұлы бабамыз. Болашаққа үміт сеніммен қарау мен соған ұмтылу ешкімді жәбірлемей, ар-
намысына тимей қарым-қатынас жасау – әділет жолы. Бұл қасиеттер тәрбие арқылы адам бойына сіңетін-
дігіне сеніп, оған машықтанып, жаттығуды қолдады.
Данышпан бабамыз адамда болуға тиісті ізгілік пен қайырымдылықтың ӛнегелі үлгісін былай тізді [2]:
Тәні таза, дене бітімі мінсіз, ӛмірге бейім, икемділік тиісті мәселенің жәй-жапсарын ақиқат
шындыққа сәйкес жете түсініп, ұғына білушілік;
Түсінгенін, кӛргенін, естігенін, аңғарғанын жадында сақтап ұмытпаушылық;
Байқағанын сол заматта ұғынатын алғырлық, ишаратта тез аңғаратын ақыл иесі болушылық;
Ой-түсінігін тапқырлықпен дәл де айқын жеткізе алатын тілмарлық;
Ӛнер-білімге құштарлық, оқудан және үйренуден жалықпайтын еңбекқорлық;
Ішіп-жеуге қанағатшыл, сауық құмарлық пен ләзатшылдыққа жирене қарайтын тазалық пен пәктік;
Шындықты сүйіп, ӛтірік пен суайттықты, жалғандықты жеккӛрушілік;
Жаны асқақ, ар-намысын ардақтап қорғай білушілік.
Бұл игі қасиеттерді бойға дарыту бала дүниеге келген кезден бастап жүйелі түрде жүргізілуін ұлы
ұстаз қайырымды қала басшысына тән мінез-құлықтар арқылы меңзей отырып, адамгершілік әдептің ізгі
сипаттарын белгілеп берген болатын. Тәрбие арқылы жүзеге асуға тиісті асқақ арманға толы бабамыздың
педагогикалық толғанысы осыдан он бір ғасыр бұрын айтылғанымен де, күні бүгінге дейін ӛзінің қадір-
қасиетін жоймаған, қайта уақыт озған сайын жаңарып жасара беретін пайымдаулар. Егеменді мемлекеті-
міздің болашақ иегерлерінің бойына ұлы ұстаз нұсқаған адамгершілік әдістерінің мейірім шапағаттарын
дарытуға ниеттенсек, яғни басшылыққа алсақ ісіміз табысты болары анық.
Кеңес одағында талай қиын баланың тәрбиесін түзету мақсатында тер тӛккен, әрбір жастың бойына
адамгершіліктің бастауын сіңіруге үлкен үлес қосқан ғалымдардың бірі А.С. Макаренко: «Адамның ең
асыл қасиеті – жақсылығы. Адамның адамшылығы – ақыл, ғалым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы,
жақсы ұстаздан болады». «Сүйе білуге үйрету, махаббатты тани білуге үйрету, бақытты бола білуге
үйрену, ӛзін-ӛзі сыйлай білуге үйрету – адамгершілік қасиеттерге үйрету деген сӛз» деген [3].
Мәселенің мән-жайын тағы да тереңірек ашу үшін бүгінгі күннің зерттелген еңбектерге және басқа да
педагогикалық әдебиеттердегі адамгершілік тәрбиесіне толығымен тоқталуды жӛн деп санаймыз. Адам-
гершілік тәрбиесі – бұл қоғамдық талаптар және әрекет – қылық нормаларын ескерумен іс жасауға мүм-
кіндік беруші ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған тәрбие процесінің мәнді бір бӛлігі.
Мәдениет тарихында адамгершілік тәрбиесі мәнін түсінудің тӛрт негізгі дәстүрі қалыптасқан:
- патерналистік (патер – лат. «әке», үлкендерге құрмет түріндегі адамгершілік тәрбиесі);
- діни-дәстүрлік (діни наным сенімдер мәртебесін қолдау түріндегі адамгершілік тәрбиесі);
- ағартушылық (ғылыми білімдер игерудің нәтижесі түріндегі адамгершілік тәрбиесі);
Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1 (36), 2013 г.
104
- коммунитаторлық (коммуна – лат. «қауым», «бірлестік»; ұжымшылдық сезімін қалыптастыру сезімі
түріндегі адамгершілік тәрбиесі).
Адамгершілік тәрбиесінің мақсаты – ӛз іс-әрекетіне жауапкершілікті, адал, намысты, жалғандық пен
кәззаптықтан жаны аулақ адамды тәрбиелеу.
Алайда адамгершілік тек сырттай форма ретінде игерілуі мүмкін емес, ол адамның тұлғалық дербесті-
гіне негізделіп, әр тұлғаның ӛзіндік заңы күйінде танылады. Адамгершілік қалаған уақытта, қалаған
нақты жолмен орындалатын жәй мақсат емес. Ол адами іс-әрекеттің ӛз негізінде жатқан мақсаттардың
мақсаты.
Адамгершілік тәрбиесі негізінде қалыптасушы сапа-қасиеттер түрі келесідей: шыдамдылық, жомарт-
тық, әдептілік, ізгіліктілік; адамдар арасындағы ӛзара сыйластық, ӛзара жәрдем және жолдастық, үлкенге
сый, кішіге қамқорлық, әйел және ер арасындағы құрметтеу қатынасы; ӛзіндік тәртіптілік, ӛзіндік қадаға-
лау, ӛзіндік басқарым, ӛзін ӛзі тану, ӛзін ӛзі реттеу қабілеттері. Әр адам ӛзі қалаған әдет-қылықтарды
ардақтау арқылы ӛз адамгершілігінің дамуына ықпал жасауы мүмкін.
Адамгершілік тәрбиесіне орай іс-әрекеттер мазмұны:
- ұжымдық оқу және қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы тәрбиеленушілерді
қамқорлыққа баулу;
- қайырымдылық пен жауыздық проблемаларын талдай білуге үйрету;
- шынайы және бейнақты гуманизмді айыра білуге жаттықтыру;
- әлеуметтік әділдік пен әділетсіздік мәнін түсінуге баулу;
- гуманизм идеялары мен олардың жалпы адамзаттық сипатын түсіне, бағалауға дағдыландыру.
Студент бойынан дамытам немесе сіңірем деп армандаған адамзаттық адал қасиеттердің жиынтығын
алдымен оқытушы ӛз бойынан тауып алмай оны жарыққа шығаруға әрекет етпей жүзеге асыру мүмкін
емес. Әсіресе, оларды студентпен қарым-қатынаста шынай түрде іске асырып, ата-ана, қоғам тіпті
болашақ алдындағы жауапты ісіне деген құштарлығын ояту керек. Cтуденттің сезімін оятып, шабытын
ұштайтын, оны шығармашылыққа жетелейтін жол білім алушының жүрек түпкірінде жатқан асыл қасиет-
терді жарыққа шығару. «Біреулердің қатесін байқау тіпті де қиын емес, ал оны түзетуге кӛмектесу – міне,
бұл нағыз адамгершілікке байланысты қасиет» дейді орыстың ұлы ғалымы М.В. Ломоносов [4]. Сондық-
тан оқытушы ата-ана мен мектеп қабырғасында ескерілмеген тәрбиенің тиімді сәттерін пайдалануға
тырысуы қажет. Оқытушы студентке материалдық жағдай жасамағанмен, оның ӛміріне азық болар ең
қымбат асыл қасиеттер – адамзаттық құндылықтармен, біліммен қамтамасыз етеді. Сонда ғана ол білімді
де білікті, салиқалы да парасатты, жан-жақты жетілген тәрбиелеу ісінде табыстарға қол жеткізе алады.
Оқу-тәрбие процесінде адамгершілік қасиеттер оның еңбек етуі барысында дамиды. Оның басты
мақсаты – тәрбие беру. Сонымен рухани адамгершілікке тәрбиелеу мен үйлесімді дамуды қамтамасыз ету
үшін оқытудың маңызы зор, мектеп, отбасы мен қоғам арасындағы адамгершілік тәрбие берудегі ӛзара
қарым-қатынасты қарастыруда отбасында баланың адамгершілік тәрбие алудағы бастамасы деп
есептейді. Студенттердің қазіргі қоғам ӛзгерісін дұрыс қабылдап, жаһандану үрдісінен жеке тұлға ретінде
ұлттық болмысын, ділін, дінін, тілін сақтап, ӛзіне болашаққа деген нық сенімде болуы үшін мектептегі
тәрбие жұмысының ӛзегі де рухани-адамгершілік беруге негізделуі тиіс. Адамгершілік білім нәрімен
сусындаған әр адам ӛзін-ӛзі тәрбиелеу арқылы ӛзгені тануда мейірімді, қайырымды, кешірімді, ақыл-ойы
толысқан, бойында «ұят», «ар», «намыс» секілді қасиетті ұғымдардың қалыптасуымен ізгі қоғам құруға
қатыса алады.
Сонымен бірге біз жастар бойында рухани-адамгершілік қасиеттер қалыптастыру үшін жүйелі де
кешенді жұмыстар жүргізуіміз керек дей отырып біз келесідей ұсыныстарды білдіргіміз келеді:
студенттер бойында адамгершілік қасиеттердің қалыптасуын ЖОО-ның оқу-тәрбие үрдісіне қамта-
масыз етуді І курстан бастап қолға алу керек;
білім беру ұйымдарында адамгершілік тәрбие беру жолдары бойынша ата-аналардың білімін
кӛтеретін ағартушылық жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру керек;
адамгершілік тәрбие беруде университет кітапханасының мүмкіндігін жиі пайдалану;
студенттер арасында «Адамгершілік әлемі», «Менің игі істерім», «Мен кімге қандай кӛмек
беремін?» және т.с.с. тақырыптағы жобалар жарысын, пікір-сайыстарын ӛткізу;
жатақханалардағы студенттерде адамгершілік тақырыбында кинолар, деректі фильмдер мен
ойындар кӛп болуына атсалысу, оның картотекасын жасау, ӛйткені қазіргі кезде студенттердің кітап
құмарлығынан гӛрі теледидар құмарлығын мақтан тұтатынымыз белгілі.
Ендеше егемендігіміз және оның болашағы жастардың тәрбиесі мәңгі болсын, ол мәдени рухта ӛрісте-
сін десек, адамгершілікке толы мұраларды насихаттауды батыл қолға алуымыз керек.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1 (36), 2013 ж.
105
Жалпы салауатты ӛмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттер, әдепсіз қылықтан арылу, ауырып ем
іздемей тұрып, салауатты ғұмыр кешуге жол табу туралы мәселе ерте кезден-ақ зерделенген. Адамның
рухани ішкі және сыртқы тазалығы адамгершілік, имандылық қасиеті, ақыл-ойының, дене бітімінің
саулығы, тәлім-тәрбиесі туралы мәселелерді адамзат тарихи тамырын тереңнен алады. Халқымыз жас
ұрпақты рухани-адамгершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеуге ерекше кӛңiл бӛлiп, кейiнгiге талай
ұлағатты сӛздерiн, iс-тәжiрибесiн қалдырған. Біз соларды оқу-тәрбие үрдісінде насихаттай отырып,
студенттердің бойында рухани-адамгершілік, салауаттылыққа тәрбиелеуде адамгершіліктің ақ жолынан
айнымаған бұрынғы ӛткен ақыл-ой алыптарының мұра етіп қалдырған ӛсиет сӛздері және ғұламалардың
ғибраттары арқылы қоғамымызда салауатты ӛмір салтын қалыптастыруымызға болады. Сонда ғана бүкіл
жер бетінде, әсіресе, жастар арасында бой кӛрсетіп жатқан маскүнемдік, нашақорлық, жезӛкшелік,
парақорлық, дүние-қоңыздық, кӛреалмаушылық сияқты кеселдерден мемлекетіміздің болашағы – жас
ұрпағымызды қорғап қаламыз.
1. Социально-философские проблемы образования. – М., 1992.
2. Әл-Фараби. «Философские трактаты». – Алматы, 1972.
3. Макаренко А.С. Человек должен быть счастливым. – М., 2003.
4. Педагогическое мастерство и педагогические технологии: Учеб. пособие / Под ред. Гребепкиной Л.К.,
Байковой Л.А. – М.: Педагогическое общество России, 2001 – 256 с.
Тҥйін
Бұл мақалада ЖОО-ның студенттерін оқыту үрдісінде адамгершілікке тәрбиелеу мәселесі қарастырылған.
Резюме
В статье рассматриваются проблема нравственного воспитание студентов ВУЗ-а в учебно-воспитательном
процессе. А так же предложение по организацию нравственного воспитание студентов.
Summary
In article the problem moral education of students of HIGHER EDUCATION INSTITUTION in teaching and educational
process is considered. And as the offer on the organization moral education of students.
МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛА ЗИЯТЫНЫҢ ДАМУЫН ЗЕРТТЕУДІҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
А.А. Махметова – аға оқытушы, Арнайы педагогика кафедрасы, Абай атындағы ҚазҰПУ,
С.К. Капалова – дефектология мамандығының сурдопедагогика бӛлімінің 4 курс студенті
Қазіргі таңда «зият» және «ойлау» түсініктерінің арақатынасы туралы сұрақ ӛзекті болып қала
береді. Психологияда олар екі соңғы бағытта, яғни мүлдем тәуелсіз ретінде ажырату, не болмаса,
толық сәйкестенуімен ерекшеленеді. Бірақ мұндай талдау олардың арасындағы ӛзара ӛтудің күрделі
жүйесін анықтайды. Психологиялық сӛздікте зият «түсіну, тану, кең мағынада сезіну мен түйсінуден
ойлау мен елестетуге дейінгі тұлғаның бүкіл танымдық қызметтердің жиынтығы, тар мағынада-
ойлау» деген ұғымда анықталады /1/.
Зият ӛзіне жалпы және арнайы шарттарды кіріктіретін анағұрлым қиын құрлымға ие. ХІХ-шы ғасыр-
дың 2-ші жартыжылынан бастап шетел психологтары зият құрылымына зерттеу жүргізе бастаған.
Олардың ұстанған бағыттарына байланысты 1-2-ден 120-ға дейінгі зияттың базалық факторының түрлі
саны кӛрсетілген.
Экспериментальды-психологиялық теория мен зиятты зерттеу жолында жинақталған ақпараттарды
реттеу мақсатында М.А. Холодная (1997) қарастырылып отырылған мәселе бойынша негізгі сегіз кӛзқа-
расты атап кӛрсеткен. Олар:
1.
Әлеуметтік-мәдени кӛзқарас. Зият әлеуметтену үрдісінің нәтижесі, сондай-ақ, мәдениеттің толық-
тай әсері ретінде қарастырылады (Брунер Дж., Коул М., Скрибнер С., Леви-Брюль Л., Леви-Стросс К.,
Лурия А.Р., Выготский Л.С және т.б.).
2.
Генетикалық кӛзқарас. Зият-адамдардың сыртқы ортамен қарым-қатынасының шынайы жағдай-
ларында қоршаған орта талаптарына күрделенген бейімделу үрдісінің ӛнімі ретінде (Чарсворлз У.Р.,
Пиаже Ж., және т.б.).
3.
Үрдістік-әрекеттік кӛзқарас. Зият адамдардың іс-әрекетінің ерекше формасы ретінде
(Рубинштейн С.Л., Гальперин П.Я., Запорожец А.В., Брушлинский А.В., Венгер Л.А., Тальзина Н.Ф.,
Тихомиров О.К. және т.б.).
4.
Білімдік кӛзқарас. Зият мақсатты бағытталған білім беру ӛнімі ретінде (Стаатс А., Фишер К.,
Фейерштейн Р., Менчинская Н.А., Калмыкова З.И., Берулава Г.А. және т.б.).
Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1 (36), 2013 г.
106
5.
Ақпараттық кӛзқарас. Зият ақпараттарды ӛңдеу үрдісінің қарапайым жиынтығы ретінде (Айзенк Х.,
Хант Э. және т.б. ).
6.
Феноменологиялық қӛзқарас. Зият сана мағынасының ерекше формасы ретінде (Келер В.,
Дункер К., Мейли Р., Вертгеймер М., Глезер Р., Чи М., Кэмпион Дж және т.б.).
7.
Қызметті-деңгейлік кӛзқарас. Зият әртүрлі деңгейлік таным үрдістерінің жүйесі ретінде
(Ананьев Б.Г., Дворяшина М.Д., Степанова Е.М., Величковский Б.М. және т.б.).
8.
Реттеушілік кӛзқарас. Зият психикалық белсенділікті ӛзіндік реттеуші фактор ретінде
(Терстоун Л.Л., Стернберг Р және т.б.) /2/.
Ерекше қызығушылық онтогенездегі зиятының даму мәселесіне түседі. Бұл кезеңде кіші мектеп
жасындағы бала үшін оқу іс-әрекеті алдыңғы орында болады да, ғылыми білімнің негізі тұжырымдалады.
Қазіргі таңда психологияда аталмыш мәселені зерттеуде, отандық және шетел авторлары сүйенетін, зият
туралы түрлі психологялық теориялармен сәйкестелген әр түрлі тұжырымдар бар.
Баланың психикасының дамуы мен оның оқуы арасындағы байланыс түрлі жолдарда қалай талқылан-
са соған байланысты, отандық психологияда зият дамуының теориясын екі топқа бӛлу шартты. Бірінші
топқа «психикалық дамудың адамды оқыту мен тәрбиелеуден тәуелсіздігі теориясы». Бұл топтағы теория
бехевиоральды, психоаналитикалық, когнитивті бағыттармен және Ж.Пиаженің тұжырымдамасында
кӛрсетілген. Ал, екінші топқа адамның психикалық дамуының оқыту мен тәрбиелеумен ӛзара байланыс
теориясы жатады. Бұл бағытқа Л.С. Выготскийдің жоғары психикалық қызметтердің мәдени-тарихи
теориясы, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, П.Я. Гальпериннің және т.б. авторлардың зерттеулерін жатқызу-
ға болады /3/.
Ж.Пиаженің зияттың сатылық теориясы – ең жақсы зерттелген теориялардың бірі. Ж.Пиаженің
пайымдауынша, зияттың даму үрдісі негізгі үш сатыны қамтиды. Алдымен, сенсомоторлы құрылымы
яғни, қайтымды практикалық іс-әрекеттер жүйесі қалыптасады. Одан кейін, нақты операциялар жүйесі
және соңында формальды-логикалық операциялардың құрылымы пайда болып дамиды. Даму ӛз кезегін-
де тӛменнен жоғарыға дейінгі сатыны қамтиды. Алдыңғы саты әрқашан келесі сатыны дайындайды.
Қарапайым сатылардың орын басуы емес, сондай-ақ, алғашында қалыптасқан құрылымдардың аса
жоғары деңгейдегі интеграциясы жүреді.
Ж.Пиаженің пікірінше, 7-10 жастағы балалардың ойлауына анағұрлым қарапайым нақты операциялар
(топтау, сериация) тән. Балалардың заттарды, ӛлшемдерді түсінуіне, күн түсінігінің қалыптасқандығына
бағытталған эксперименттерде 9 жаста операциялардың жүйесін меңгеретіндігі анықталған болатын.
Ж.Пиаже кіші мектеп жасындағы балалардың зияттың дамуында жаңа сатыға ӛту емес кезекті сатылар-
дың қадам басуы болады деп айтқан. Ғалымның пікірінше, балаларда тек 11 жастан бастап, 14-15 жаста
аяқталатын формальді-логикалық немесе рефлексивті зият қалыптаса бастайды /4/.
Л.С. Выготский ӛз зерттеулерінде Ж.Пиаженің дамыту мен оқытудың бір-біріне тәуелсіздігі туралы
кӛзқарасымен келіспейтіндігін айтып кетті. Л.С. Выготскийдің пікірінше, жалпы психикалық даму үрдісі,
сонымен қатар, оның ойлауы кезінде мектеп жасы үшін қажеті ӛзінің мазмұны және әдістерімен дамудың
жақын аймағына бағытталған оқыту болып табылады. Л.С. Выготский баланың зитының даму механиз-
мін санада сӛздік мәндер мен мағыналар жүйесінің қалыптасуымен байланыстырды. Л.С. Выготскийдің
айтуынша, балалардың түсініктерінің дамуының 3 негізгі сатысы бар. Олар: синкретикалық бейнедегі
ойлау, ұғымдағы ойлау және жасандыұғымдық кешендегі ойлау. Ол айтқан: сӛздік ұғымдағы ойлау
кезеңінде барлық танымдық қызметтердің қайта құрылуы жүреді, яғни есте сақтау мағыналы болады,
ерікті зейін, қабылдау кӛрнекі ойлаудың нақты бір бӛлігі болады. Зият қызметаралық байланыстардың
ӛзгеруінің нәтижесінде туындайды. Ал, оның дамуының ӛлшемі жалпыланған түсініктің шегі болып
табылады /5/.
Кӛптеген бақылаулар мен эксперементальды зерттеулердің нәтижесі негізінде П.П. Блонский баланың
психикалық дамуына, сонымен қатар, кіші мектеп жасындағы ойлаудың қалыптасуына жалпы мінездеме
берді. Ол 7-10 жастағы балалардағы талдау және жинақтау үрдістерінің кемеліне жетпегендігінің салда-
рынан абстрактілі ойлаудың нашар дамитынғын кӛрсетті. Абстрактілі ойлаудың кӛрсетілген сатысында
енді дами бастайтындығын, ал оның интенсивті жетілуі жасӛспірім шаққа тән деп есептеді. Абстрактілі
ойлаудың жетілуінің базасы деректі ойлаудың дамуының жоғарғы деңгейі болып табылады /6/.
Л.С. Выготкий мен П.П. Блонский тұжырымдаған баланың ойлауының даму теориясының іргелі
жағдайы мен оның зерттеу жолдары отандық психологтарға кіші мектеп жасында ақыл-ойының даму
мәселесін эксперименталды және теориялық зерттеулеріне негіз болды.
Кіші мектеп жасындағы баланың ойлауындағы негізгі ӛзгерістері кӛрсетілген жас үшін бастысы оқу
іс-әрекеті екендігімен анықталатындығын А.Н. Леонтьев атап ӛткен.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1 (36), 2013 ж.
107
Д.Б. Элькониннің пікірінше, ойлаудың мазмұнын ӛзгертпейінше теориялық ойлауға ӛту мүмкін емес.
«Бұл кезеңде балалардың ойлауының дамуы ақыл-ойының толықтай дамуына негіз болады» /7/.
П.Я. Гальпериннің ақыл-ой әрекетінің кезең бойынша қалыптасу теориясы отандық психология үшін
негіз болып табылады. П.Я. Гальперин түсініктің психологиялық табиғатын талдай келе, оларды ақыл-ой
әрекетінің сапасы мен динамикасы жағынан сипаттайды.
Ақыл-ой әрекетінің кезеңдік қалыптасу теориясында, П.Я. Гальперин қандай да болмасын психикалық
әрекет сыртқы материалды әрекеттің ішкі жоспарға ӛтуінің нәтижесі болып табылатындығынан бастау
алды. Ішкі жоспарға ӛту кезінде әрекеттің ӛзгеруінің тӛрт параметрі айқындалады. Олар: орындалу деңге-
йі, жалпылау шамасы, нақты орындалудағы операциялардың толықтығы, әрекетті меңгеру шамасы.
П.Я. Гальпериннің пікірінше, іс-әрекетті орындаудың негізгі үш деңгейі бар. Олар: материалды зат
ықпалымен, қатты сӛйлеу негізінде, ақылдың кӛмегімен. Үшінші, яғни жоғары деңгейдегі іс-әрекет
баланың ақыл-ойының дамуының негізін құрайды.
Ақыл-ой іс-әрекетінің кезеңдік қалыптасу үрдісін ұйымдастыру зияттың дамуының динамикасын
зерттеуге, оның механизмін ашуға жағдай жасайды.
Н.Ф. Талызинаның зерттеулерінде П.Я. Гальпериннің ақыл-ой іс-әрекетінің кезеңдік қалыптасу
теориясының негізінде ақыл-ой іс-әрекетінін негізгі сипаттамаларының бірі жалпылау шамасы болып
табылады. Н.Ф. Талызина «іс-әрекеттің жалпылануы басқа жоқ заттың құрамынан іс-әрекеттің орында-
луы үшін бар шаманың бӛлінуін сипаттайды» деген /8/. Кіші мектеп жасындағы балаларда ақыл-ой іс-
әрекетінің жалпыланған қалыптасуын басқару шамамен алынған іс-әрекеттің мазмұнын бақылау жолы-
мен жүзеге асады.
Ойлауды зерттеу барысында үлкен үлесті О.К. Тихомиров мектебі қосты. Ойлаудың құрылымында
мотив және мақсаттың ара қатынасын зерттеуге арналған Э.Д. Телегина мен Т.Г. Богданованың (1979)
жұмыстарында ойлау әс-әрекетіндегі мотивациялық-мақсатты компонентінің мәні және оның тапсырма-
ны орындау кезіндегі ӛнімділігі кӛрсетілген. Ойлау есептерін орындаудағы жетістік мақсатты құрудың
табыстылығы және мотивациясымен ұштасады. Мақсатты қалыптастыру үрдісі, ӛз кезегінде сӛйлеу
қызметін реттейтін даму деңгейімен байланысты.
Қазіргі таңда кіші мектеп жасынан жасӛспірімдік жасқа дейінгі балалардың ойлауында болып жатқан
сапалық және сандық ӛзгерістерін зерттеуге арналған жеткілікті зерттеулер бар. Интенсивті зият дамуы
адам ӛмірінің алғашқы 20 жылында, әр түрлі жаста әр түрлі жылдамдықпен жүреді. Адамның зиятының
дамуы 6 жасқа таман үштен бірі бӛлігі, 8 жаста жартылай, 12 жаста тӛрттің үш бӛлігі жүзеге асатындығы
дәлелденген болатын. Жасӛспірімдік шақта баланың тек жеке дамуы ғана емес, сонымен қатар барлық
танымдық қызметтердің интенсивті дамуы жүреді.
Таным процестерінің дамуы сӛйлеу тілініне байланысты болғандықтан, сӛйлеу тілінің нақты бір
қызметтерінің генезисінің ерекшеліктерін және олардың баланың ойлау қабілетінің қалыптасуына ықпал
етуін зерттеу зор мәнге ие /9/.
Сая келгенде, отандық және шетелдік психологияда зияттың даму механизмі мен табиғатына қатысты
теориялық кӛзқарастар мен эксперименталды ақпараттар қатары баршылық. Кіші мектеп оқушыларымен
жасӛспірімдердің ақыл-ойының даму мәселесі бойынша әдебиеттерге талдау жүргізу психикалық про-
цесстердің құрылымы ретінде толық және де оның жеке компоненттері дамуының біркелкі еместігі және
қиындығы туралы ақпарат берді. Баланың ақыл-ойының дамуын одан әрі зерттеу, жасерекшелік психоло-
гиясында бар тұлғаның зиятының дамуына қатысты кейбір қарама-қайшы фактілерді бірыңғай кӛзқараста
сипаттауға мүмкіндік беруі ықтимал.
1. Психологический словарь/Под ред. В.В.Давыдова. – М.: Педагогика, 1983. – 136 б.
2. Холодная М.А. Психология интеллекта: парадоксы исследования. – Томск: Изд-во Том. ун-та; М.: Изд-во
«Барс», 1997. – 392.б.
3. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. – М.: Интор, 1996. – 319 б.
4. Пиаже Ж. Психология интеллекта // Избранные психологические труды. – М.: Просвещение, 1969. – 659 б.
5. Выготский Л.С. Проблема обучения и умственного развития в школьном возрасте // Психологическая наука и
образование. – 1996. – № 4. – 5-17 б.
6. Блонский П.П. Избранные педагогические и психологические сочинения: в 2 т. – Т. 2. – М.: Педагогика, 1979.
7. Эльконин Д.Б. К проблеме периодизации психического развития в детском возрасте // Вопросы психологии. –
1971. – № 4. – 16 б.
8. Талызина Н.Ф. Пути и проблемы управления познавательной деятельностью человека//Теоретические
проблемы управления познавательной деятельностью человека. – М.: Изд-во МГУ, 1975. – 58 б.
9. Муссалитина Е.В. Развитие интеллеюуальных и творческих способностей младших школьников: Дисс. канд.
психол. наук. – М., 2001. – 44 б.
Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1 (36), 2013 г.
108
Достарыңызбен бөлісу: |