ПОӘК 042-18. 39 06/01-2013 10. 09. 2013 ж. №1 басылым


Модельдеудің негізгі кезеңдері



Pdf көрінісі
бет34/44
Дата06.02.2017
өлшемі5,95 Mb.
#3517
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44

Модельдеудің негізгі кезеңдері 

Модельдеудің  негізгі  кезеңдері  есептің  қойылу  шарты  мен  мақсатына 

қарай  анықталады.  Модельдеудің  жалпы  кезендерін  9.4-суретте  көрсетілген 

схемамен  көрсетуге  болады.  Бірақ  модельдеу  шығармашылық  процесс 

болғандықтан, бұл кезеңдердің кейбір блоктары болмауы немесе жақсартылуы, 

ал бірқатары толықтырылуы мүмкін. 



1-кезең. Есептің қойылымы. 

 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 296 

 

 

296 



Жалпы  алғанда  есеп  дегеніміз  —  шешілуге  тиісті  мәселе  болып 

табылады.  Есептің  койылымында  берілген  бастапқы  мәліметтерімен  қатар 

мақсатын  анықтау  және  объектіні  немесе  процесті  таңдау  анық  көрсетілуі 

кажет. 


 

 

4-сурет. Модельдеу кезеңдері 



Есептің  қойылуы.  Есеп  (мәселе)  табиғи  тілде  жазылады,  сондықтан  ол 

түсінікті  болуы  тиіс.  Ең  бастысы  модельдеу  объектісін  анықтап,  нәтижеде  не 

болу  керектігін  түсіну  кажет.  Модельдеудің  нәтижесі  мөселені  түсіну 

дәрежесіне байланысты. 



Модельдеу мақсаты. Модель құрудың мақсаты — қоршаған ортаны тану 

деп айтуға болады. 

Модельдеудің  тағы  бір  мақсаты  —  берілген  қасиеттеріне  қарай  объекті 

жасау болып табылады. 

Модельдеудің бұдан өзге тағы бір мақсаты  — объектіні немесе процесті 

басқару тиімділігі болып табылады.  



Объектіні  талдау.  Бұл  кезеңде  нақты  модельденетін  объекті  мен  оның 

қасиеттері  анықталады.  Осы  факторлардың  барлығын  модельдеудің  бастапқы 

параметрлері деп атауға болады. 

Бастапқы  объект  —  бір-бірімен  байланысқан  бірнеше  ұсақ  құрама 

бөліктердің жинағы болып табылады. Таңдау дегеніміз — элементар объектілер 

деп аталатын объектіні құрайтын бөліктерін анықтау мақсатында оны кішкене 

бөліктерге  бөлу.  Талдау  нәтижесінде  қарапайым  объектілердің  жиынтығы 

шығады.  Бұл  объектілер  бір-бірімен  тең  дәрежелі  немесе  өзара  бағынышты 

байланыста болуы мүмкін. 

2-кезең.  Модель  құру.  Ақпараттық  модель.  Бұл  кезеңде  элементар 

объектілердің қасиеттері, күйі және басқа да ерекшеліктері кез келген пішінде, 



1-кезең. 

Есептің қойылуы 

Есептің берілгені 

Модельдеу мақсаты 

Объектіні талдау 



3-кезең. 

Компьютерлік эксперимент 

Модельдеу жоспары 

Модельдеу технологиясы 

2-кезең.  

Модельді құру 

Ақпараттық модель 

Таңбалық модель Компьютерлік 

модель 


 

4-кезең. Модельдеу нәтижесін 

талдау 

 

Нәтиже 



мақсатқа 

сай келеді 

 

Нәтиже 


мақсатқа  

сай келемейді 

 


 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 297 

 

 

297 



яғни  ауызша  түрде,  схема  немесе  кесте  арқылы  да  анықталады.  Бастапқы 

объектіні  құрайтын  элементар  объектілер  жөнінде  толық  мағлұмат,  яғни 

ақпараттық модель жасалады. 

Модель  объектінің  қасиеттерін,  белгілерін,  күйін  толық  көрсететіндей 

болуы  қажет.  Объектіні  зерттеу  үшін  адам  сол  объект  жөнінде  ақпарат 

жинайды. Ақпараттың аса көп болуы міндетті емес, қолданылатын мақсатка сай 

болса, жеткілікті.  

Кейбір объектілерге белгілі бір қасиеттер тән болғандықтан ол көзге анық 

көрініп  тұрады.  Модель  кұру  кезінде  объектіні  зерттеу  мақсатына  зерттеу 

құралдары мен адамның білім дәрежесіне қарай әр түрлі ақпарат жинақталады. 

Объектінің  қасиеттерін  сипаттау  үшін  әр  түрлі  схемаларды,  таңбалық 

жүйелерді қолдануға болады. 



Ақпараттық  модельде  объектінің  параметрлері  мен  оның 

құраушылары  сандық.  мәтіндік  және  басқа  түрде  беріледі.  Ал  зерттеу 

барысындағы іс-әрекеттер ақпаратты өндеу процесі түрінде көрсетіледі. 

Ақпараттық  модель  адам  өмірінде  маңызды  орын  алады.  Мектепте 

окытылатын  пәндер  де  кұбылыстарды  танып-білу  мақсатында  ақпараттық 

модель түрінде беріледі. 

Ақпараттық  модель  еш  уакытта  объектіні  толық  сипаттай  алмайды.  Бір 

объект үшін әр түрлі ақпараттық модель құруға болады. 

Таңбалық  модель.  Ақпараттық  модель  компьютерлік  немесе 

компьютерлік  емес  таңбалық  түрдің  бірінде  көрсетіледі.  Компьютерлік 

модельдеу  үшін  алдын  ала  қағазға  модельдің  сызбасын  немесе  үлгісін  жасап, 

есептеу формулаларын жазу қажет. Тек, мазмұны таныс, карапайым есептерге 

ғана  компьютерлік  емес  таңбалық  модельдің  кажеті  жоқ.  Қазіргі  кезде 

компьютер  зерттеушінің  негізгі  құралы  болып  отырғандықтан,  адамдардың 

көпшілігі есептеуді бірден компьютерде орындайды. 

Компьютерлік модель. Ақпараттық таңбалық модель жасалғаннан кейін 

компьютерлік модельді құруға көшуге болады. Ақпараттық модельді зерттеуге 

мүмкіндік  беретін  көптеген  программалар  жинағы  бар.  Әрбір  программалық 

ортаның  өзінің  аспаптары  бар  және  белгілі  бір  ақпараттық  объектілермен 

жұмыс  істеуге  негізделген.  Сондықтан  адам  койылған  мәселені  шешуге 

ыңғайлы әрі жеңіл программалық ортаны таңдап алуы кажет. 



Компьютерлік  модель  дегеніміз  —  программалық  орта  көмегімен 

жүзеге асатын модель 

3-кезең. Компьютерлік эксперимент 

Жаңа  конструкторлық  жұмыс,  техникалық  шешімдерді  өндірісте 

пайдалану және жаңа идеяларды тексеру үшін эксперимент жасау кажет. 

Лабораториялық  және  табиғи  эксперименттер  көп  уақыт  пен 

материалдық шығынды кажет етеді. 

Есептеу  техникасының  дамуына  байланысты  зерттеудің  жаңа  әдісі 



компьютерлік  тәжірибеге  жол  ашылды.  Тәжірибелік  үлгі  мен  сынақ  үшін 

көптеген жағдайда модельдерді компьютерлік зерттеулерде қолдануға болады. 



 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 298 

 

 

298 



Компьютерлік  тәжірибе  жүргізу  мынадай  екі  кезеңнен  тұрады:  модельдеу 

жоспарын құру және модельдеу технологиясы. 



Модельдеу  жоспары  модельмен  жасалатын  жұмыстың  ретін  анық 

көрсетуі  қажет.  Көп  жағдайда  жоспар  компьютерлік  модельді  зерттеуші 

орындауға  тиісті  іс-әрекеттердің  нөмірленген  тізбегімен  беріледі.  Мұнда 

қолданылатын программалық ортаны анық көрсету қажет емес. 

Жоспардын бірінші бөлімі тест құру, одан кейін модельді тестілеу болып 

табылады. 



Тестілеу дегеніміз - модельдің дұрыстығын тексеру. 

Тест  дегеніміз  -  алдын  ала  нәтижелері  белгілі  болатын  бастапқы 

мәліметтердің жинағы. 

Модельдеуден  алынған  нәтиженің  дұрыстығына  сенімді  болу  үшін 

құрылған  тест  бойынша  модельге  алдын  ала  компьютерлік  тәжірибе  жүргізу 

керек. Бұл кезде мынадай мәселелерді ескеру қажет: 

1)

 

біріншіден,  тест  компьютерлік  модельдін  атқаратын  қызметіне 



кұрылған  алгоритмді  тексеруге  бағытталуы  тиіс.    Тест  оның  мағыналық. 

мазмұнын  сипаттамайды.  Бірақ  тестілеу  процесі  кезінде  алынған  нәтиже, 

адамды  есеп  койылымының  мағыналық  мазмұны  ашылған  бастапқы 

ақпараттық немесе таңбалық модельге өзгеріс енгізуге жетелеуі мүмкін. 

2)

 

екіншіден, тестіде бастапқы дерек нақты жағдайды мүлдем көрсетпеуі 



мүмкін. Бұл кез келген қарапайым сан және символдар жинағы болуы мүмкін. 

Мұнда нақты деректердің нұсқасына байланысты күтілетін нәтижені алдын ала 

білу маңызды. 

Мысалы,  күрделі  математикалық  қатынастар  арқылы  көрсетілген 

модельді тестіден өткізу кажет болсын. Ол үшін бірнеше, бастапқы деректерді 

таңдап  алып,  алдын  ала  жауабын  есептейміз  де,  күтілетін  нөтиже  белгілі 

болады.  Одан  кейін  осы  бастапқы  деректер  арқылы  компьютерлік  тәжірибе 

жүргіземіз де, алынған нәтижені күтілетін нәтижемен салыстырамыз. Бұл екеуі 

бірдей болуы тиіс. Егер бірдей болмаса себебін іздеп, қатені түзетеміз. 

Тестілеуден  кейін  модельдің  дұрыстығына  көз  жеткізіп,  модельдеу 

технологиясына көшеміз. 

Модельдеу  технологиясы  дегеніміз  —  пайдаланушы  адамның 

компьютерлік модельмен орындайтын мақсатты іс-әрекеттерінің жинағы. 



4-кезең. Модельдеу нәтижесін талдау 

Модельдеудің  соңғы  мақсаты  —  шешім  кабылдау  болын  табылады. 

Модельдеу  нәтижесін  талдау  шешуші  кезең  болады.  Себебі  бұдан  кейін 

модельдеуді  жалғастыру  немесе  тоқтату  керек.  Модельдеу  нәтижесі  үнемі 

мақсатқа сай келе бермейді. Кейбір жағдайда модельдеуді кайта бастауға тура 

келетін кездер де болады.  Алдыңғы  кезеңдерде қате  жіберілгендіктен нәтиже 

мақсатқа 

сай 


келмеуі 

мүмкін. 


Қате 

ақпараттық 

модель 

толық 


жасалмағандықтан,    модельдеу    ортасы    немесе    әдісі    дұрыс 

таңдалмағандықтан т.б. болуы мүмкін. Егер қате жіберілсе, модельдеуді қайта 

қарап,  алдыңғы кезеңге  кайта оралу  қажет.  Бұл  процесс  модельдеу  мақсатына 


 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 299 

 

 

299 



сай  болғанға  дейін  қайталана  береді.  Жіберілген  қатені  табудың  өзі  нөтиже 

болып табылады. 



 

Бекіту сұрақтары 

1

 



Материалдық модель дегеніміз не? 

2

 



Ақпараттық модель дегеніміз не? 

3

 



Вербальдік модель дегеніміз не? 

4

 



Таңбалық модель дегеніміз не? 

5

 



Көрсету әдістеріне қарай модель қандай топтарға жіктеледі? 

6

 



Компьютерде  модельдеу  үшін  не  кажет?  Компьютерлік  модельге 

мысал келтіріндер. 

7

 

Модельдеудің   бастапқы және соңғы бөлімдеріне сипаттама беріңдер. 



8

 

Есеп қойылымының қандай түрлері бар? 



9

 

Бірдеңгейлі өзара байланысқан объектілерге мысал келтіріңдер. 



10

 

Бағынышты түрде байланысқан  объектілерге мысал  келтіріңдер. 



11

 

Компьютерлік  модельдеудің құралдарын атаңдар. 



12

 

Компьютерлік модель дегеніміз не? 



13

 

Компьютерлік тәжірибе деп нені айтады? 



14

 

Модельді тестілеу дегеніміз не? 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 300 

 

 

300 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Зертханалық жұмыс №1 (1 сағ) 

Тақырыбы: Сервистік программалар түрлері және олардың мүмкіндіктері. 

Мақсаты:  MS  Windows  ОЖ  қысылған  бумалармен  жұмыс  істеп,  WinRar 

көмегімен архивтеуді меңгеру  



Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар: 

Компьютер, WinRar архиваторы 



Теориялық түсініктеме: 

 

«Қысылған бумалармен» аз орын алады және басқа компьютерлерге орын 



ауыстырғанда  тез  көшеді.  Бұл  бумалармен  жұмыс  істегеу  қолданушы 

қарапайым  бумалармен  бірдей.  Қысылғкан  бумадан  керек файлды  ашуға,  оны 

қысуыға, орын ауыстыруға болады. Оларды кез келген бумаларға көшіре беруге 

болады.   



Тапсырма:   

1

 



zip-бума  құру.  Екі  құжат  құрыңыз.  Оларды  қысылған  бумаға  көшіріңіз. 

Ашып қараңыз. 

2

 

zip-бумаға  құрылған,  тағы  да  екі  файлды  көшіріңіз.  Пароль  орнатыңыз. 



Осы бумадан барлық файлдарды шығарыңыз. Барлығын жойыңыз.  

3

 



Екі  файлды  rar-архивпен  архивтеңіз.  Ашып  қараңыз.  Осы  қысылған 

бумаға тағы да файлдар қосыңыз. Архивтен шығарыңыз.  

4

 

Өзі ашылатын rar-архив құрыңыз. Барлық архивтеген, архивтен шығарған 



файлдарды жойыңыз.  

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар: 

Тапсырма 1 және Тапсырма 2 

zip-бума құру үшін: 

 

Менің компьютерімді ашыңыз. 



 

Бума немесе дискіні ашыңыз. 



 

Файл менюінен Құу (Создать) – Қысылған бума (Сжатай папка) 



командасын орындаңыз.  

 



Жаңа буманың атын беріңіз. ENTER батырмасын басыңыз.  

 



Қысылған бумаға файлдар қосу үшін файлды тышқан көмегімен 

қысылған бумаға тартып әкелесіз.  

 

Ашқан кезде екі рет шерту арқылы ашылады.  



 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 301 

 

 

301 



 

Бір файлды архивтен шығару үшін, қысылған буманы ашып, ішіндегі 



керек файлды басқа жерге тартып алады.  

 



Ал барлық буманы архивтен шығару үшін, жанама менюден барлығын 

шығару (извлечь все) командасын орындайсыз.  

 

Пароль қою үшін қысылған буманы ашып, файл менюінен Шифрлеу 



(Зашифровать) коимандасын орындайсыз.  

 



Пароль өрісіне парольді енгізесіз.   

Тапсырма 3 

 

rar- архив жасау үшін: 

 

Керек файлдарды ерекшелеңіз.  



 

Файл менюінен Архивке қосу (добавить в архив) командасын 



орындаңыз.  

 



«Аты және архив параметры (Имя и параметры архива)» терезесінде 

керек параметрлерді орнатыңыз 

 

Архифті қарау үшін екі рет шертесіз.  



 

Файлдарды архивтелген бумаға қосу жоғарыдаңы жолмен 



орындалады. 

Тапсырма 4 

 

Өзі ашылатын архив (саморасраспаковывающиеся архивы) құру: 

 

Керек файлды таңдаңыз 



 

Файл менюінен Архивке қосу (добавить в архив) командасын 



орындаңыз.  

 



«Аты және архив параметры (Имя и параметры архива)» терезесінде 

«SFX-архив құру» (Создать SFX-архив) параметрін орнатыңыз 

 

Бір файлды архивтен шығару үшін, қысылған буманы ашып, ішіндегі 



керек файлды басқа жерге тартып алады.  

 



Ал барлық буманы архивтен шығару үшін, жанама менюден барлығын 

шығару (извлечь все) командасын орындайсыз.  

 

Тапсыру  формасы:Тапсырманы  орындап,  мұғалімге  көрсетіңіз,  қалай 

орындалғанын  түсіндіріңіз.  Бақылау  сұрақтарына  жауап 

беріңіз. 

Ұсынылатын әдебиеттер:  

[4,5,6,9]/[1,2,3] 



Бақылау сұрақтары: 

1

 



Өздігінен ашылатын, қарапайым, таратылған архивтердің 

айырмашылықтары қандай? 

2

 

RAR архиваторының терезесін сипаттаңыз.  



3

 

ZIP архиваторының ерекшелігі қандай? 



 

 

 



 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 302 

 

 

302 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зертханалық жұмыс №2 (1 сағ) 

Тақырыбы: Антивирустық программалармен жұмыс 

Мақсаты:  Антивирустық  программалық  құралдармен  танысып,  түрлерін, 

қызметін, қалай жұмыс жасайтынын түсіну

 

Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар: 

Компьютер, антивирусытқ программа 



Теориялық түсініктеме: 

4

 



Жұмысы файлдағы деректерге арналған әр түрлі бақылаулы қосындыларды 

есте сақтауға негізделген программалар; 

5

 

Резиденттік программалар, олар вирусты программаны немесе операциялық 



жүйені (ОЖ) зақымдау кезінде табады

6

 



Файлдарда  вирустардың  барын  олар  зақымдағаннан  кейін  анықтайтын 

программалар. 

Антивирустық программалардың келесі типтері бар: 

 



Детектор - программалар; 

 



Доктор - программалар; 

 



Ревизор - программалар; 

 



Фильтр - программалар; 

 



Вакцина - программалар немесе иммунизаторлар. 

Вирустермен  күресуге  арналған  көп  антивирустық  программалар  белгілі. 

Олардың  ішіндегі  ең  кең  тарағандары  Aidstest,  Doctor  Web,  Касперскийдің 

АVR-і.  Бұл  программалардың  антивирустық  базаларын  жаңарту  Internet 

желісінің көмегімен жүзеге асырылады. 

Тапсырма:   

1

 



Өз компьютеріңізде орнатылып тұрған анитвирустық программаға толық 

сипаттама беріңіз.  

2

 

А  дискісін  және  Менің  құжаттарым  бумасын  антивирустық  программа 



көмегімен тексеріп нәтижесін талдаңыз. Табылған вирус болса, ол қандай 

вирус түріне жататынын анықтаңыз.  

3

 

Компьютерді  аптасына  бір  рет  автоматты  түрде  тексерілетіндей  етіп 



баптаңыз.  

 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 303 

 

 

303 



Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар: 

Орнатылған  антивирустық  прогармманың  анықтама  бөлімін  шақырып, 

сол программа бойынша мағлұмат алыңыз. Дәріс №2 сүйене орындаңыз. Келесі 

суретте NOD32 антивирустық программасының негізгі терезесі (Сурет 1 ) 

 

Сурет 1 . NOD32 антивирустық программасының негізгі терезесі 

Тапсыру  формасы:Тапсырманы  орындап,  мұғалімге  көрсетіңіз,  қалай 

орындалғанын  түсіндіріңіз.  Бақылау  сұрақтарына  жауап 

беріңіз. 

 

Ұсынылатын әдебиеттер:  

[4,5,6,9]/[1,2,3] 



 

Бақылау сұрақтары: 

1

 



Вирус ұғымы 

2

 



Вирустардың классификациясы 

3

 



Вирустардың кіруі 

4

 



Резиденттік және резиденттік емес вирустар айырмашылығы 

5

 



Вирусқа қарсы құралдар 

 

 

 



 

 

 



 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 304 

 

 

304 



 

 

 

 

 

 

Зертханалық жұмыс №3 (2 сағ) 

Тақырыбы:  MS  Excel.  Программаны  жүктеу.  Excel  программа  терезесіне 

шолу. Кітап беттерімен жұмыс. Бағандар мен қатарлармен жұмыс. 

Ұяшықтармен және ұяшық топтарымен жұмыс. 

 

Мақсаты:    MS  Excel  электронды  кестесімен  танысу,  терезесіне  шолу  жасау, 

құрылымымен  танысу,    құжатты  баптап  үйрену,  бағандар  мен 

қатарлармен,  ұяшықтар  және  ұяшық  топтарымен  жұмыс  жасауды 

үйрену 

Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар: 

Компьютер, MS Excel ЭК 



Теориялық түсініктеме: 

Microsoft  Excel  2003  –  кесте  ішінде  есеп  жұмыстарын  атқара  отырып, 

оларды  көрнекті  түрде  бейнелейтін  диаграммаларды  тұрғызу,  мәліметтер 

базасын құру, сан түрінде берілген мәліметтер арқылы эксперименттер жүргізу 

т.б. мүмкіндіктер беретін, Windows ортасында жұмыс істеуге арналған арнайы 

программалық десте. 

 

Тапсырмалар  тақтасындағы  Іске  қосу  (Пуск)  батырмасында  тышқанды 



шертеміз  де,  Программалар  қатарын  таңдаймыз,  Microsoft  Excel  2003 

қатарында  тышқанды  шертеміз.  Excel  программасы  іске  қосылғаннан  кейін 

экранның көрінісі келесідей болады (Сурет 2).  

 

Сурет 2. Excel программасының терезесі 

Excel электрондық кестесі іске қосылғаннан кейін автоматты түрде 1- кітап 

(Книга1 ) деген атпен жаңа құжат ашылады. Бұл кітаптын атын файлды сақтау 

кезінде өзгертуге болады. 



 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 305 

 

 

305 



 Бұдан басқа жаңа кітап жасау үшін Құру (Создать) шертеміз немесе [Ctrl 

+N]  пернесін  басамыз.  Жаңадан  құрылған  кітаптың  аты  2-  кітап,  3-  кітап  ( 

Книга 2, Книга 3) т.с.с. болады 

 

Excel  терезесінің  жоғарғы  жағында  терезені  басқару  батырмалары             



бар Тақырып  жолы орналасқан. 

 



Excel терезесінің екінші жолы – Меню қатары. 

 



Үшінші  және  төртінші  жолдар  Стандартты  және  Форматтау 

саймандар  тақтасының аспаптары. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет