Поэма 2 Sauap org ҚҰлагер толғану



Pdf көрінісі
бет2/15
Дата25.11.2023
өлшемі0,55 Mb.
#127533
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
 
 



Sauap.org 
Туған жер 
Мен ӛзім тауда туып, тасында ӛстім, 
Жасымнан мұз тӛсеніп, қарды кештім, 
Асқарда Аршалыға қозы жайып, 
Бұлттың аспандағы қасында ӛстім. 
Жӛңкенің жоғары ала басында ӛстім, 
Ақ гауһар Ақгастының тасында ӛстім. 
Аспанда ақиығы шаңқылдаған 
Құздардың құламалы астында ӛстім. 
Сондықтан бір қазақпын тауды сүйген, 
Тасы жоқ , таусыз жерді жерсінбеген. 
Алматым Алатаудың бауырында 
Аңқылдап жел соққандай ән мен күйден. 
Жасымнан жырлап едім тауды талай, 
Гималай, Кавказ, Жӛңке, Алтай, Алай. 
Ордасы ой, кӛңілімнің ала асқарлар 
Жырлатпай жүрегімнен жатсын қалай? 
Таудағы тасқындаған ағын судай, 
Ӛлеңім басталады таудан ұдай. 
Әсемін әңгіменің кӛп тараткан 
Айтылмай қалған екен тау мынадай: 
Кӛк орман, кӛркем тоғай маужыраған
Сұлудың кезіндей кӛл жаудырған. 
Малта тас, маржан, ахық, меруерт тас 
Тӛгіліп кӛл жиекке саудыраған. 
Кӛк кілем, балаусасы балбыраған, 
Кӛк жібек жапырағы жалбыраған. 
Ақ қант аспандағы сонда жауып, 
Бал бұлақ таудан, тастан орғылаған. 
Бұл тауды іздейміз бе біздер шеттен, 
Талайы осы таудың бізге біткен. 
Мақтауға, мақтануға тұратын жер 
Айтамын Кӛкшетауды даңқы кеткен: 
Оқжетпес оқшырайып ӛрлеп кеткен, 
Кеудесін керіп кӛкке сермеп кеткен. 
Қия құз, жақпар сарай, бура тастар 
Тәртіппен кӛлді айнала сәндеп шӛккен. 
Кавказдай таласпайды аспан-кӛкпен, 
Қаһарлы Хантәңірі емес қар бекіткен



Sauap.org 
Алтайдай асу бермес асқар емес, 
Жӛңкедей жолсыз емес құж-құж біткен. 
Кӛкшетау жер жаннаты жеке біткен 
Бір сұлу кең далада бойын күткен. 
Жомарт тау дастарқанды, момақан тау, 
Шипа тау тазартатын барлық дерттен. 
Кӛкшетау кӛп жердің бір кӛркем жері, 
Қыз орман Бурабайдың мӛлдірлері. 
Жамылып жасыл барқыт асыл құндыз 
Түрленген тотықұстай тау кӛркемі. 
Сайраған бұлбұлындай әншілері, 
Зулаған дүлдүліндей жүйріктері. 
«Хан тұрып қазағыңа, ханды ант ұрған», 
Қонысы Абылайдың бір күндегі. 
Қазақтың әсем жері Арқасында. 
Арқаға жетер Арал, Балқашың ба? 
Сырымбет, Зеренді, Иман, Айыртаулар 
Арқаның тізілгендей алқасына. 
Арқаның алқа қонған даласына, 
Ауылдай таулар отыр жарасымда. 
Алапқа бетегедей киіз тӛсеп, 
Оранған орманды тау ағашына. 
Бұлақтың тәттісі де, тазасы да, 
Кӛлдердің кең мӛлдірі тап осында. 
Айдыны ала шұбар, құс қиқулар. 
Ауыл, мал, масаты кӛл жағасында. 
«Ауылы Сырымбеттің саласында. 
Ақ сұңқар ғашық болып баласына». 
Құмар боп жерден жүйрік, кӛктен құсқа, 
Тұр таулар ән шырқалған арасында. 
«Ол күнде осы тауда жалғыз жан жүр, 
Дүниеден аулақтанған дабыр-дүбір. 
Қара шал қайыңды отыр кӛлеңкелеп, 
Бір қу бас шал үстінде ілулі тұр. 
Неткен жан, әлде даңғыл, әлде мұңғыл? 
Бұл ӛзі ән күңірентіп айтады жыр».- 
Осылай ертегі қып кетуінде 
Елдің де ескі ауызында жоқ па екен сыр? 
Салғанда шалқып, шырқап әр түрлі әнге, 
Осы шал ұқтырғандай кӛп әңгіме. 



Sauap.org 
Жетісу, Ертіс, Арқа жүрген жаттап 
Байбайлап салған әнін «Құлагерге». 
Кетсе де шалдың ӛзі кӛптен кӛрге, 
Жайылған әні, сӛзі жалпақ елге. 
Елімнің есігінен иттер қуған 
Сорлының сүйреген ел басын терге. 
Жақсының жақсылығын жан айтады, 
Сондықтан «Құлагерді» бәрі айтады. 
Егіліп әндеріне, сӛзін тыңдап, 
Ерінді ел қиялы дардайтады. 
Қазақта Құлагерді кӛп айтады, 
«Серінің серігі еді» деп айтады. 
«Ат сыры иесіне мәлім» деп жұрт, 
Тегінде мал кӛрмесе, неге айтады. 
Заманда сонау сарсаң Ақан тұрған
Ол заман - ерге тұсау, зорға думан. 
Жалмап жеп айналасын аш кенедей, 
Семірген жұрт қанына нелер жуан. 
Хан қабан - халық құлағын бұрап тұрған, 
Бүйі би - билеп-тӛстеп сұрап тұрған. 
Қор қылып ақ алмасты отқа кӛсеп, 
Жүз-жүз жар теңін таппай жылап тұрған. 
Барымта - ел шулатып жылқы қуған, 
Әупілдек батыр шыққан әр рудан. 
Ел құнға жұма сайын бір жығылып, 
Қара нар, қалы кілем бітім қылған. 
Қанды кек ел арасын ушықтырған, 
Қорқауды қол табылмай тұмсыққа ұрған. 
Асыл ер, арманды жар опық жеген, 
Албасты әлсіз жанды тұншықтырған. 
Қырдағы қара сойыл бақандаған
Қалада қара жүрек қаһарланған. 
Тұсында сері болсын, пері болсын, 
Ұнайды ӛмірімен Ақан маған. 
Ол күнде қазақ мұндай жасармаған, 
Құл мен күң қожасынан аса алмаған. 
Жарлыға, жалғызға да дес берді ме, 
Жыландай ысқырынған заһар заман. 
Керексіз кісі болған ол заманға, 
Қайткенмен бір жұмбақ сыр бар Ақанда. 



Sauap.org 
Ез болмай, елге сыймай кім тұра алған, 
Жалғыз боп жанаса алмай барлық жанға. 
Түскен жан сондай күйге сұм жалғанда 
Ескеріп енді ойлансақ тегін жан ба? 
Қыңыр жан қырық кісімен қырпышақ боп, 
Ел таппай ӛте берген неге арманда? 
Ішінде ӛрті жанып басылмастай, 
Шемеңдеп дерті кеткен ашылмастай. 
Тентіреп тауда, таста неге жүрді, 
Тасталып танылмаған асыл тастай? 
Бай басып, батыр әлде жасқаған ба, 
Би тауып, шерін шындап ашпаған ба? 
Сұңқар құс сүймеген бір жұмыртқасын 
Ұядан садағалап тастаған ба? 
Таба алмай тыныштықты туған елде, 
Кете алмай біржолата бӛтен жерге, 
Тартқанда жалғыздықтан жаны қорлық , 
Тӛсеген талай ерлер оққа кеуде. 
Жақсы боп елден ӛлім талай ерге
Аз ба екен оққа ұшқандар дуэльдерде? 
Ӛлімді жан қорлықтан жақсы кӛрген 
He дейміз Лермонтов пен Пушкиндерге? 
Ӛмірде бастырмастан кӛңілін ӛрге, 
Кім еді ел талантын тыққан жерге? 
Қыз емес, қара күш пен қаңқу сӛздер 
Ертерек ер жүрегін кӛмген кӛрге! 
Ӛмірде солардайын қорлық тартқан, 
Сұм заман ӛткір жанды қор қып баққан. 
Жаралап ер жүрегін жау қанжары, 
Ысқырып жылан ӛмір жанын шаққан. 
Лермонтов болмағанмен біздің Ақан, 
Кісі ме ед ақындықтан құралақан? 
Ортасын олқы кӛрген бұл да дара, 
Имеген иттерге бас сері, дарқан. 
Еріксіз ерте туған ел еркесі, 
Жетпестен қиылатын ер желкесі. 
Лермонтов, Пушкин кӛктен атылған құс, 
Түскен бе Кӛкшетауға кӛлеңкесі? 
Қайт болып қара күштен меселдесі, 
Халықтың қайғыда ӛткен нешен досы. 



Sauap.org 
Жаныштап жұрттың жанын жерге тыққан 
Қара күш, қаңқу сӛздер - кеселді осы. 
Тегінде тегін бе екен Ақан сері
Бұл да бір емес пе екен елдің ері? 
Ӛз ұлы, ӛз ерлерін ескермесе, 
Ел тегі алсын қайдан кемеңгерді? 
Туғаны Арқадағы Арғын елі, 
Ӛскені Кӛкшетаудың шалғын жері, 
Ащы тіл, асау мінез қылығынан 
Атанып кетпеді ме «Азғын». «Пері»? 
Лақабы - әлде әулие, әлде пері, 
Арқаның атақтысы Ақан сері. 
Кӛкшеде сұлу сүйіп, ӛлең айтқан 
Бұлаңдап тақымында Құлагері. 
Кӛкшеге жаз кӛк жібек жапқандайын, 
Кӛкшеге қыс ақ күміс шапқандайын. 
Кӛкше қыз күзде киіп қырау ішік, 
Кӛк айна - кӛлі қыста қатқандайын. 
Жамылған қыста ақ үзік ақ қардайын, 
Тӛселген жазда кілем мақпалдайын. 
Қырдағы ел «Құлагердің» әнін тыңдап, 
Былайша әңгімелер Ақан жайын: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет