Поэма 2 Sauap org ҚҰлагер толғану



Pdf көрінісі
бет14/15
Дата25.11.2023
өлшемі0,55 Mb.
#127533
түріПоэма
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
 
Батыраш 
 
Аттары келіп болып астағы елдің, 
У-шуы басылды әбден Ерейменнің. 
Тӛгілді ас Жыландының жырасына, 
«Ақанның атыпты, - деп,- Құлагерін!» 
Жиылды жұрт басына Құлагердің 
Тұлпардың топыр басты жатқан жерін. 
Жат жаудың жаны ашымас, бауыры тас 
Ішінде қуанбады жылап Серің. 
Ақанға ешкім «қой!» деп, айта алмады, 
Ер кӛңілін еңіреген қайтармады. 
Жазықты сияқтанып жанның бәрі, 
Жанына жақындауға бата алмады. 
Дұшпаны тұрды ішінде, ұялмады, 
Досы да бірге жылап, қия алмады; 
Үстіне жұрт жиылып тұрғанында, 
Күңіренген дауысын Ақан тыя алмады: 
«Құлагер, Ақаныңды қайғы басты, 
Қайғысы барған сайын арылмас-ты. 
Сан жүйрік, сан тұлпарды мінсем-дағы, 
Құлагер енді маған табылмас-ты. 
Бай-бай-бай... 
Құлагер, атаң тұлпар, анаң сұңқар, 
Соғып ем семізінде сегіз арқар. 
Серігім, жанымдағы жақсы кӛрген, 


55 
Sauap.org 
Күйігің, қайран атым, қайтсем тарқар! 
Құлагер, атаң тұлпар, анаң сұңқар, 
Соғып ем семізінде сегіз арқар. 
Сен едің жан атым да, қанатым да, 
Табылмас енді маған сендей тұлпар! 
Құлагер, жас күніңнен тайым едің, 
Солқылдақ тауға біткен қайың едің. 
Бәйгеге Құлагерді қосқанымда, 
Бір тайпы ел бәйгесіне байып едің! 
Құлагер, жас күніңнен құнаным-ай, 
Сүйегін, етің таза бұланым-ай, 
Қасыңнан бӛлек жерге жатпаушы едім
Айрылып Ақан сенен, қуардым-ай! 
Әкесі Құлагердің жастан соқыр, 
Бай-байлап басыңды ұстап Ақан отыр. 
Қуанған Құлагердің ӛлгеніне 
Молдасы сауысқанның құран оқыр! 
Қарағым, шабушы едің, Құлагерім! 
Салбырап саптыаяқтай тӛменгі ернің; 
Атығай, Қарауылға бәйге әперген, 
Айрылдым сенен нағып, ардагерім!? 
Құлагер, бәйге шапсаң бала мінген, 
Астына ат кӛрпесін сала мінген. 
Асына Ақылбайдың қосқанымда, 
Алып ем бәйгесіне қаймалы інген. 
Құлагер, шапсаң бауырың жазылатын, 
Жерошақ тұяғыңмен қазылатын, 
Құшақтап қу далада қалдым жылап, 
Жазым боп жау қолынан жалғыз атым! 
Құлагер, қуанышпен қосып едім, 
Алдыңнан үмітпенен тосып едім, 
Жиылып Арғын, Найман қарағанда, 
Тіл мен кӛз тиер ме деп, шошып едім... 
Құлагер, қуанышпен қосып тұрдым, 
Қоссам да қауіптеніп шошып тұрдым
Қылмаған кӛзден таса, Құлагер-ай! 
Қайтермін, бір қарақты тосып ұрдың... 
Құлагер, құлынынан досым еді, 
Баспанам - тауға біткен қосым еді. 
Қаңдай cop Ерейменге айдап келген!? 


56 
Sauap.org 
Қазаңның жеткен жері осы ма еді!? 
Қыстауым Сырымбеттің жел бетінде, 
Мың қарғыс, сені ӛлтірген жендетіңе! 
«Алыс жер, апарма!»- деп қақсап еді, 
Қарармын енді қалай ел бетіне...» 
Ac елі, арыс ұлы «қой-қойлады», 
Қойсын ба Ақан оңай, ойбайлады... 
Жылатып жиын жұрттың қақ жартысын, 
Зарыңда Құлагердің бай-байлады. 
Жатқанда отқа күйіп Ақан жаны, 
Керек пе Құлагердің не болғаны? 
Ұрған кім Құлагерді, ұры қайда? 
Ӛлер ат ӛлді, ұрыдан не шығады? 
Ақанды қандай адам қойдырады? 
Бала да кӛзі іскенше кӛп жылады. 
Сол жерде жиылған жұрт анталасып
Тексеріп тӛрт баладан сӛз сұрады. 
Түрілді, анталап жұрт, ел құлағы, 
Ортаға тӛрт баланы алды-дағы. 
Ішінде сол топырдың дұшпан да бар, 
Деп тұрған:«Ат жығылып ӛлді-дағы!» 
Құлагер құлаған жоқ, жау қас қылмай, 
Ұрған жау тұрған шығар албастыдай. 
Қанды қол жасырынып жүрген шығар, 
Қорадан қойды жарған кӛр қасқырдай. 
Қарлықты Ақан даусы жылай-жылай, 
Түптеді, топырлап жұрт сұрай-сұрай. 
Балалар ӛз кӛргенін айтып шықты, 
Халық ашты қанды қолды күмән қылмай. 
Тек бала ат, киімін танып қалды, 
Жұрт оны ойға жорып анықтады. 
Ақбоз ат, қара киім, Кӛктұйғын ат... 
Барша жан Батыраштан хауіптенді. 
Болды деп Батыраштан жұрт ұйғарды, 
Берместен Кӛкке бәйге, кӛпке салды. 
«Ұрыңды ұстап тұрған алып кел!»- деп, 
Бопсалап, Батыраштар шыла танды. 
Батыраш селкілдетті кӛк сақалды: 
«Бір жылқы жығылды да, ӛлді ажалды, 
Осыған ұры бізді қыласың!» деп 


57 
Sauap.org 
Күн айтып, Керейлерге зіркіл салды. 
Қарғады мұны халық, азарлады, 
Әркім-ақ тұс-тұсынан бажаңдады: 
«Кесілсін ердің құны Құлагерге!..» 
«Тартатын тоғыз айып сазаң бар-ды!» 
Осындай сӛздермен ел киіп кетті, 
Қалың жұрт қадала айтып кӛрін тӛкті. 
Қазақтың елі-жұрты күңіреніп, 
Үстіне қанды қолдың бұлттай шӛкті. 
Жұрт мұнда тыңдаған жоқ биді, бекті. 
Теңіз кӛп тасығандай толқып кетті. 
Ақырып тұс-тұсынан долданды жұрт, 
Ызалы басу қиын болды кӛпті. 
Қылмысқа, қиянатқа мұндай айқын 
Күңіренді ел Ақаныңды танымайтын. 
He шалдар шіміркеніп селкіл қақты
Жігіттің даусы шықты жарқын-жарқын. 
Ашу кек, күңкіл басты елдің артын, 
Ел шулап, қыр күйініп, қарғап қатын. 
Тітіреп жұрттың жаны күйіп кетті, 
Атқызып отыра алмай аяулы атын. 
Арғынның Алтайынан болса-дағы, 
Жауызды ел қорғамады, қоршамады. 
«Құран соқ, Құлагерді ұрмағанға!»- 
Деп халық Батырашты қоршалады. 
Шаң болды Қусақ кӛлдің кӛк жайдағы, 
Шу болды Жыландының боз ойнағы. 
«Қорлады сүйегімді»!- деп сіресті, 
«Асымды бүлдірдің!»- деп Керей жағы. 
Күйінді бұл қорлыққа Керей жағы, 
Кіжінді Керейдің де кедей жағы. 
Ашынды ашу қысып азаматтар, 
Күңіренді Ерейменде ел аймағы. 
«Ақанды білмесек те, халық бармыз, 
Қайтуға ол ырзалықпен ынтызармыз. 
Шапқанда бізді келіп мұның елі, 
Біз сонда бұл қылмысқа не қылармыз? 
Жылатқан жолаушыны жүрген жалғыз, 
Біз қазақ бұл қорлыққа шыдамаймыз». 
Ұрыға азу басып іздеді жұрт: 


58 
Sauap.org 
«Қолға бер, Құлагердей қызылдаймыз!»... 
Үлкен шу, бітпес жанжал болды бұл іс, 
Демей тұр Батырашты қазақ дұрыс. 
Күңірентіп кең даланы кешті кеңес, 
Болмады сӛз байланып қырда тыныш. 
Кеулесіп Керей, Арғын - сендей сүріс, 
Бір дауға айналып тұр үлкен ұрыс. 
Алмады Алтай жағы мойынына
Айғақсыз әлсіреп тұр айқын қылмыс. 
Болмайтын Батыраш бір кӛк айыл шал, 
Оның да жігітіне жер қайысар. 
Тентек, ӛр, тұқымынан теріс азу, 
Алтайда адам пішінді аю шығар. 
Жатқанда Ақан атқа күңіреніп зар, 
Бұқара шулағанда болып ұлар; 
Оқастың оязбенен қасынан кеп, 
Тепсіңді тұрған кӛпке Батыраш шал.: 
«Е, Керей! Азған Арғын, Уақ, Найман! 
Сендерде ненің буы қоқырайған? 
Ӛлді деп Қарауылдың бір жылқысы, 
Ұрыны қанды мойын таптың қайдан? 
Аулақ тарт, аттың басын Алтайымнан, 
Келмейтін Керей-серей бақайымнан. 
Жала қып, барымтаға бәйгемді ұстап, 
Жеріңді кӛріп тұрмын бата айырған! 
Мойныма ат ӛлімін болсаң қойған, 
Бір жылқым Қарауылдан тартып сойған! 
Кесіп ал күшің болса құлағымды, 
Әйтпесе болғаның не сонша ойран? 
Кӛтіңді кӛрем бәйге бермей қойған, 
Тартылар ӛз табағың астан, тойдан. 
Шыдап кӛр қонысыңда тыныш отырып, 
Есемді ел шапсам да алмай қойман!» 
Осыны айтып кӛк шал селкілдеді, 
Керейлер жым боп қалып, желпінбеді. 
Батыраш осыны айтып шіренгенде, 
Жұрт тарқап бара жатқан секілденді. 
Бытырап, ырың-жырың кӛптің кӛңілі, 
Басылды Қусақ кӛлдің кӛпіргені. 
Құшақтап Құлагердің әлі басын, 


59 
Sauap.org 
Ақанның басылған жоқ ӛкіргені. 
Желпінтіп жетелеген Тұйғын кӛкті, 
Алтайлар топтан бӛлек тұрған шеткі, 
«Бәйгемді барымта ұстап отыршы!»- деп 
Керейге кіжінген шал жүріп кетті. 
Онымен Оқас тағы бірге кетті
Шабдан да Алатауға бұрды бетті, 
Ойнап ел, ӛлген атпен жұмысы жоқ , 
Ояз да ылаулаған атын жекті. 
Сонымен сол кеткеннен бұрылмады, 
Қайтқан жан құмырсқадай қыбырлады. 
Ӛзара ӛлген атты аңыз қылып, 
Таралды алды-артына рулары. 
Тек қана қалған бір топ дуылдады, 
Қарғадай жемтіктегі шуылдады. 
Шырқырап Ақан отыр ат басында, 
Шығарып шерлі даусын құлындағы. 
Ат шіркін, елге дәулет, ерге санат, 
Ат шіркін, елге қайрат, ерге қанат. 
Жарлының жалғыз аты жазым болса, 
Қалмай ма жарымжан боп, жерге қарап? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет