Ac
Басталды әңгіменің былай басы,
Болды оған жетпіс, сексен жыл шамасы.
Арқада Ерейменді мекен еткен
Керейде Сағынайдың болыпты асы.
Қаудырап аппақ қудай сақал, шашы,
Қалтырап жынданғандай қолы, басы.
Сағынай сапты аяққа сиіп ӛлді,
Тоқпақтай тоқсан тӛртке жетіп жасы.
Білмеймін кім екенін Сағынайдың,
Кім білсін, қай жыл ӛтті, ӛлді қай күн?
Малы мол, малайы кӛп, қатыны кӛп,
Әйтеуір болуы анық бірі байдың.
Жоқ болмас, бірі ғана құры байдың,
Ӛзі - нән болса керек, руы - айдын.
Осы астың біз айтпай-ақ ӛзі айтады
Болғанын әлдеқандай сұмырайдың.
13
Sauap.org
Іріңдеп, сығырайып екі кӛзі,
Болыпты Керейдің бір бұлдысы ӛзі.
Алдынан дау, аузынан сӛз кетпепті,
Айтқанда Керейлерше «Дәудің ӛзі».
Оларша - жердің белі, таудың құзы,
Ата ұлы, арыстандай кер ауызды.
Біздерше - хат білмейтін бір қатты шал,
Жуан ит сүйек бермес, жалмауызы.
Қар кетті, кӛк жетілді, ағаш мүлги,
Жетіпті Сағынайдың жылы жылжи.
Қар жұқа, қысы жақсы, жер соны боп,
Сол жылы Арқа елінде болып ед күй.
Қатарлап қаладайын үйлерді ылғи.
Кӛше боп кӛк майсаға тігілген үй.
Айтылған қыстай сауын, ұлы дүбір,
Хат алған неше дуан, болыс пен би.
Әр елдер тұрғы-тұрғы, алыс, жақын
Жаратып келіп жатқан дәмелі атын.
Бас қосқан неше дуан ақтарылды ас,
Жалпақ, жұрт түгел естіп жатты даңқын.
Әйтеуір әудім жерге шаба алатын
Бұл астан қалдырған жоқ қазақ атын.
Қалмастан қаладағы биржевойлар,
Саудагер қалдырған жоқ тағалы атын.
Керейдің ас болған соң осы шалы
Ағылды алуан жүйрік қосылғалы.
Қаптасты құмырсқадай қырға қазақ,
Ac емес, шегірткенің жосылғаны.
Қараӛткел келіп жатыр, Қарқаралы,
Кереку, Баян, Семей, Торғай - бәрі.
Жетісу осында кеп құйып жатыр,
Арқаға аунап шӛкті Қаратауы.
Әр жақтың қошқарлары, марқалары,
Әр жерде ауыр қотан, алқалады.
Жиылды Сағынайдың сорпасына,
Асын жеп, атын шауып тарқағалы.
Әр елдің бұқалары, ӛгіздері,
Қызыл кӛз, саба құрсақ - семіздері,
Жерлерден жарты ай жүріп келгендер бар,
Келіпті пәленше де дегізгелі.
14
Sauap.org
Дейміз бе осыларды нені іздеді?
Жын қуды астың етін жегізгелі.
Арқаға аударылды ас дегенге
Лақылдап Балқаш, Арал теңіздері.
Жан-жақтан ағытылды сабаны артып,
Түсіріп, дүрілдеп жүр табақ тартып.
Кісіге шыпылдады ақ ордалар,
Қалың ат ер-тұрманы етіп жалт-жұлт.
Байланған қыс бордақы домалантып,
Сойылды талай мертік, талай шартық.
Соларға бір сұғынды Сұрпақбайлар,
Мал сойып, табақ тартып, сорпа қалқып.
Арқаның жазы жібек, жері сая;
Қоңыр жаз самал соққан күн жылмая.
Қазақты асқа келген Арқа күтті,
Су беріп бал бұлақтан, кілем жая.
Тәтті жал, қазы, қарта мая-мая,
Дамылсыз дастарқанды жүрген жая
Жігіттер тынымы жоқ, табақ тасып,
Болғансып терлеп-тепшіп, бая-шая.
Шалдар да былыш-былыш қақырынған.
Сары қымыз салқын үйде сапырылған.
Қалың топ, қара құрық, қамыс кісі
Толықсып, желді күндей жапырылған.
Ақсақал ат әкелген ата ұлынан.
Әр елдің дәріптеген батырынан,
Біреуді білмесе де нән деседі -
Шіреніп насыбайды атуынан.
Бір үйде тұздықтаған тәтті табақ,
Бір үйде ет тартылмай қаққан жалақ.
Бір жерде табақ теуіп, етке ӛкпелеп,
Боқтасып бір үй жатыр жерді сабап.
«Шорманның Оқасы!» деп шапты анталап,
Бір үйді қырғыз алды - Шабдан манап,
Оязы Қараӛткелдің Измаилов
Бір үйде ләйліп отыр ішіп арақ.
Жиынға ояз мінген бір арғымақ
Тыншымай мамағашта тұр қарғылап.
Тұқымы, тобылғыдай тор қасқаның,
Алынған француздан аңғарылып.
15
Sauap.org
Бүгіліп бауырынан, жүйрік жарап,
Жан-жақтан келіп жатыр не желді аяқ.
Кӛл асқа қыр қазағы құстай қаптап,
Топырлап қонып жатыр үйге тарап.
Бір үйде бәйбішелер бауырсақтай,
Ауызы еттен, майдан дамыл таппай,
Сүртініп сорпа терін жеңіменен,
Ұзын күн істеп отыр қарнын қаптай.
Келіншек - жас жауқазын, сарымсақгай,
Қыздар да пісіп отыр, қауыншақтай,
Ақ тамақ, алма бетті арулар жүр,
Қыдыржан бақалшылар сабыншықтай.
Бір үйде қобыз даусы шымыраған,
Күңіреніп кейде, бірде ыңылдаған.
Бір кезде бебеу қағып, күшіктей боп
Қыңсылап, сыңсығандай күй жылаған.
Бір үйде домбыра да ыңыранған,
Қыр күйі құлдыраған, бұлдыраған,
Қос ішек «Қосбасарды» сылқылдатып,
Жүректі жұлып жеуге күй жынданған.
Ет асып, пышақ қайрап, малды қырған,
Кедейге сонда ырза емес бай антұрған.
Жалғыз-ақ бұл жиында малдылар жоқ,
Аңсаған ас етіне қойшы қырдан.
Албасты Арқадағы абы жылан -
Молда отыр ысқырынып оқып құран;
Атты арбап, атан жұтып жатыр молда,
Құранмен жем түсіріп жуан-жуан.
Түлкісін санап қыстай пұшпақтаған,
Бір үйде бір дарақы құс мақтаған.
Саудагер мата сатқан сӛз қатып тұр.
Қылжақтап бір тоқалға тұштақтаған.
Бір үйде ӛлеңші отыр жұрт мақгаған,
Сӛз сатып, тиын тілеп елді ақтаған.
Толтырып сүйек-саяқ дорбасына
Бір қора қайыршылар жүр қаптаған.
Кәрі ақын кіжінеді еңмең қағып,
Бала ақын cap масадай жатыр шағып,
Екі жақ ереуілдеп кӛрісіп тұр,
Даттасып бірін-бірі атып, қағып.
16
Sauap.org
Қолына я бӛрік, я тұмақты алып,
Ақтаған ат үстінен сияқтанып,
Жаршылар жағы сембей зар қағып жүр,
Жұрт жатыр әр хабардан құлақтанып.
Таң атса шаң бермейді астың үйін,
Күн батса жан бермейді тіреп иін.
Сылтауы ас, Сарыарқаны қазақ басты,
Қыл сақал, қымыз сасып, қолпаң киім.
Осындай болып жатты ұлы жиын,
Жиынның мыңнан бірін айту қиын.
Еті тау, қымызы кӛл деуге болар
Айтқанда тартыңқырап астың сыйын.
Жүз-жүздеп жүрген жігіт даяшыға,
Ақ кӛбік мінген аттың жаясында.
Екі айдай Ерейменді ет сасытпай,
Жұрт малын жылулаған аясын ба.
Сан сойыс Сағынайдың бұл асына
Мал қайдан жетіп жатыр, расында?
Жан-жақтан топ-тобымен тӛгілген мал,
Кӛтерген малын Керей үй басына.
Мал айдап жан-жақтан жұрт оннан, бестен,
Кӛп саба келіп жатыр елдей кӛшкен.
«Жоғалған тоқтым бар» деп бай жүгінсе,
Қойшыға билер отыр кесік кескен.
Шығының, шаңырақ ақың мұнша дескен
Бір үйде старшиндар құлақ кескен.
Жасауыл анау жерде ат аударып,
Мынау жер жесір дауы дүрілдескен.
Жиылған кӛп күшіген әрбір тұстан,
Қалмастан қарға құзғын түгел ұшқан.
Тояттап қазы, қарта, түйе кекірік,
Қып-қызыл билер жатыр қымыз құсқан.
Қап қарын үйелмендер тісі шыққан,
Ішіне ет пен майды істеп тыққан.
Желпініп алды-артынан жел соқтырып,
Тер сасып, қарнын қасып, битін сыққан.
Сопылар тәсбі тартып, құман ап жүр,
Әр үйге «Аллай хақ» деп дуана жүр.
Кемпірі Сағынайдың опыраңдап,
«Кет-кет!» деп дуананы қуалап жүр.
17
Sauap.org
Қарғалар қызыл кӛрген анталап жүр,
Май шайнап жамбастарды жаңқалап жүр.
Итініп ет үйлерге ит пен жетім
«Қай жерден қағамыз» деп байқап-ақ жүр.
Мырзалар күміс тұрман шалқалап жүр,
Кедейлер отын шауып арқалап жүр.
Күңірентіп Сағынайдың кәр моласын,
Осындай ас боп жатты Арқада бір.
Достарыңызбен бөлісу: |