Егес
Кӛлеңке үй, күрпілдетіп саба піскен,
Ac қандай әңгімешіл қымыз ішкен.
Әнші Ақан әсем әнін аяған жоқ
Жиылған дауысын сұрап мәжілістен.
Ақ отау топырлады Ақан түскен,
Қалың жұрт кетті кӛріп сырттан, іштен.
Шығады Ақан даусы әнге талып,
Безелген ғашық жармен, қыран кұспен.
«Ой қалқа, біздің кӛңіл қайда жатыр,
Толқыған он тӛртінші айда жатыр.
Aт тұрса, атан тұрса кӛз салмаймын,
Арғымақ, асыл тұқым тайда жатыр.
Хош иісі жадыратып кӛңіл ашқан
Ақ кұйрық, мәмілелі шайда жатыр.
Гүл шашақ, жасыл жібек жайлауында,
Кӛңілім ел қонбаған сайда жатыр...»
Ән тәтті Ақан салған Арқадағы:
«Үш тоты», «Ақ саусақ», «Ақмарқалары».
Салғанда «Сырымбеттей» сүйікті әнін,
Қосына жиылған жұрт тарқамады.
Арқаның жүйрігіндей ән салады,
Ӛрге айдап, барып-барып жалтарады.
Түйіліп түлкі кӛрген қырандайын,
Қылмаңдап қос қанатын қомданады.
«Жайықтың ақ түлкісі аралдағы,
Алдымнан сен бір шыққан марал-дағы;
Пормыңа тӛңкеріліп жайдым қанат,
Шарықтап ақиықгай Оралдағы.
23
Sauap.org
Ертістің құба талы секілденіп,
Алдымнан шық майысып, бұрал-дағы.
Қызыл гүл сен болғанда гүлбақшада,
Біз бұлбұл күйін шерткен Ирандағы.
Қияның қиынында тұрсаң-дағы
Қиғаштап қанатымды қонам-дағы...»
Асырған айғай әнін алты қырдан
Әкесі асқақ әннің әнші Біржан,
Ақандай майда кӛмей, нәзік емес,
Құлақгы Біржан ащы әнмен қырған.
«Үш тоты», «Кӛкшетауым», «Ахау, арман»,
«Жайдарман», «Жайма қоңыр», «Кер Қашаған»,
«Ой, ерке», «Мейлің-мейлің» дегендердің
Бәрі де - Ақан баптап салатын ән.
Бақырмай, домбыраны кӛкке бұлғап,
Аққудай әсем дауыс - үн сыңғырлап;
Қышуын жаныңыздың майда қасып,
Тербетер жан кӛңілін биязы ырғақ.
Кӛкшеден құйылғандай бір бал бұлақ,
Тәтті әнге халық қанды, ел сусындап.
Соққандай жаздың желі Арқа жақта,
Елжіреп жүрек әнге, жусап құлақ.
Әндермен әсем-әсем Ақан серің
Қаратты ауызына астың елін;
Ӛлеңге сұлулықты қосты талай:
«Ақмарқа», «Ардагерім», «Тастүлегім».
Деп: «Әні тым тәтті екен тӛменгі елдің!»
Ұмытты ӛзге әншілер ӛз әндерін.
Машықтап Ақан әнге қосып отыр
Ӛзінің айтып жүрген ӛлеңдерін.
«Торыны талға байлап мінген қандай?
Үкілеп, әсемдетіп жүрген қандай?
Тұсынан қызды ауылдан ән шырқатып,
Қалқаңа құрып жүрген сүлдер қандай?!
Сӛз салып қалқа жанға жеңгесінен,
Кұрбыңмен сыпайы ойнап, күлген қандай?
Ишарат, әзілменен сӛз қатысып,
Қыз сырын жеңгесінен білген қандай?
Сыланып сал торыны мінген қандай?
Сай құлдап, жарды күтіп жүрген қандай?
24
Sauap.org
Бір сайға торышаны байлап тастап,
Артына ақбоз үйдің келген қандай?
Алаңдап, алабұртып тұрғаныңда
Алдыңнан қарсы шықса ақша маңдай...
Қалқашың қосылғанда атқан таңдай,
Кӛңілің шалықтаған шаттанғандай!..
Жамылып екеу-ара бір кӛрпені,
Бастасып тар тӛсекте жатқан қандай?
Сол жерде айтылмаған сыр қалар ма,
Мысалы, абдыра ашып ақтарғандай.
Ақырын үйден шығып таң алдында,
Байлаулы тор құнанды тапқан қандай?
Шылбырын сал торының қызға ұстатып,
Шапқаны ерге қағып атқан қандай!
Ойласаң бұл дүниеде не қызық бар,
Қасынан қалқа жанның аттанғандай!
Ауылыңа ӛлеңдетіп сен қайтасың,
Бәйгеден атың келіп мақтанғандай...»
«Ақ шашақ», «Жайма шуақ», «Кербез керім»-
Ақанның асты ұйытты осы әндері.
Әсем тау, ат қызығы, ашық оты,
Ән болып қыран құстың қу ілгені.
Соққандай Сырымбеттің салқын желі,
Отырды думан қылып, шалқып Сері.
Жат елдің жаңа әніне соңырқасып,
Отырды «Ой, пәле-айлап» астың елі.
Қызықтап Ақан салып әр түрлі әнге,
Мәжіліс боп отырды, елге әңгіме.
Ән тоқтап, Ақан сӛзге айналғанда,
Ауысты жұрт аңызы Құлагерге.
-Қуанып қалдық сіздің ат келгенге,
Құланы даңқы шыққан ап келгенге.
Атыңыз бұрын кездеспеген шығар
Алтайда алғыр тұйғын Кӛкпенен де?
-Кӛктұйғын кӛптің алдын бермей-ақ тұр,
Ӛзге мал онан озып келмей-ақ тұр;
Шаптырмай жиын сайын бәйге сұрап,
Бақ-талай Батыраш та, ерлеп-ақ тұр.
Ырысы жануардың таймай-ақ, тұр,
Батыраш аруақты ӛрге айдап-ақ тұр.
25
Sauap.org
Алдына әлі күнге жылқы салмай,
Бақытын бар жүйріктің байлап-ақ тұр.
Ат шапса ішімізде, сыртымызда,
Кӛктұйғын жеткізбей тұр жылқымызға.
«Бас бәйге Батыраштың сыбағасы»,-
Деп тегіс қойды ұйғарып жұртымыз да...
Естігем бұрын даңқын Кӛк неменің,
«Алтайдың жүйрігі онан жоқ»,- дегенін.
Жолықпай иесіне жүрген болса,
Осы жол Кӛк шолақты бӛктеремін!
Ақанның осылай деп ектегенін,
«Құламнан озар жылқы жоқ»,- дегенін
Жеткізді Батырашқа бір қу ауыз,
«Құлаға бӛктерілер Кӛк»,- дегенін.
Есітіп, Батыраш боп бұлан-талқан,
Кӛкжалды қысып кетті ашу, сайтан.
Тепсініп ақ отауға келді кіріп,
Жиған жоқ аяғын да жатқан Ақан.
Қылған жоқ қорқауыңнан қауіп, қайқаң;
Дауысы Батыраштың шықты қатаң.
Қамшысын бүктеп шарта жүгініп шал,
Ақанға сӛзі мынау сондағы айтқан:
Қаңғырып Қарауылдан асқа кепсің,
«Осы аста абұйырым басқа»,- депсің.
Ӛзіңе ӛз аузыңмен бәйге әперіп,
«Атыңды ӛзгелерің қоспа!»- депсің.
Атаң аз, Алтайымнан қалай кӛпсің?
Алдымнан бәйгемді алып кӛрген жоқсың.
Сорпасы Сағынайдың бу болды ма,
«Алтайдан озамын!»- деп, ...жепсің.
Алтайда мен ақиық ұшқан қонбай,
Қараңды кӛре алмайтын сендей торғай.
«Бӛктерем Батыраштың Кӛк атын!»- деп,
Оттапсың аузыңа ие болмай.
Қарауыл, қайрат қашан бітті мұндай?
Басуым кӛңіліңді тіпті оңай!
Тӛренің атын ерттеп ӛскен ел ең,
Ӛзіңе ат бітіпті-ау, байғұсым-ай!
Ақанға батып кетіп шалдың сӛзі,
Аңырып алғашқыда қалды да ӛзі;
26
Sauap.org
У тілмен алды шалды шағып-шағып,
Шaп берме, оның-дағы от мінезі:
- Әңгүдік, әкірең қаққан, албыт сӛзді,
... кӛк ешкінің жыртық кезді,
Алтайдың кӛр жынындай бақылдаған,
Кӛк сақал, азбансынған, бұл кім ӛзі?
Ат біткен Құлагердей Ақанына
Ол дайын Кӛкті жерге тақауына.
Бәйгеден басы-кӛзін су қып озбай,
Ат сенің қарай ма екен сақалыңа?!
Би болсаң, би шығарсың Алтайыңа,
Тілімді, терезем тең, тартайын ба?!
Кӛгіңді бектермесем атым сенікі,
Шапса да әкең мініп байталына!
Тұтқыштай ӛңі күйіп қап-қара боп,
Батыраш басқа сӛзді баптаған жоқ.
«Батырып Батырашқа жіберді-ау»,- деп,
Тым-тырыс үндемеді тыңдаған топ.
Жайраңдап жайсаң Ақан қаймыққан жоқ,
Жүрегін жолбарыстан айнытқан жоқ.
«Жат елде жалғыз жүрмін»,- деп именіп,
Болар деп түбін қалай қайғырған жоқ.
Жұрт сӛзді онан әрі жаңғыртқан жоқ,
Қаңқулап, қағажулап, қағытқан жоқ.
Насырға шабатынын біліп жиын,
Шаппаған бәйге басын ауыртқан жоқ.
Кӛгеріп Батыраш шал басы қалтақ-
Қалтақтап жан-жағына етіп жалтақ;
Біле алмай не қыларын үйден шықты,
Халық та кетіп жатты үйден тарқап.
Жүйріктей жиын жарған қағып жайтақ,
Таңғалтып ән, атымен елді байтақ;
«Ауылым қонған Сырымбет саласына!»
Деп Ақан ән caп жатты басты шайқап.
Достарыңызбен бөлісу: |