Аттың азалы әні
Күн батты, кӛлеңке алды Арқа жерін,
Кешкі жел жыбырлатты Қусақ кӛлін.
Қоштасып Құлагерге күңіренді Ақан,
Қайғыртып қасындағы қалған елін.
«Қош, енді қалдың кейін, Құлагерім!
Тұрмадың жығылғаннан, жылап едім.
Жалғанда саяқ жүріп таяқ жедім.
Кӛретін күнім шығар бұл да менің...
Бай-бай, бай-бай,
Бай-бай, бай-бай...
Құлагер, қоштасқаным ел алдында,
Жемтігің қалды сенің Жыландыға.
Айрылып жанындағы жалғыз сенен,
Қайтты нең, тұрмаған соң жылады да.
Құлагер, жануарым, пырағым-ай,
Қалдың-ау Ерейменде, шырағым-ай!
60
Sauap.org
Сенікі, менікі емес, қарға, кұзғын!
Оқи бер Құлагерге құраныңды-ай...
Кӛзіңнен айналайын тостағандай,
Қияр ем сені нағып тастағанға-ай;
Басыңды итке неге иіскетейін,
Ерте-кеш құшақтамай жас баламдай!
Құлагер, қош-қош атым, жолдасым-ай!
Мен білдім түнесем де тұрмасыңды-ай.
Тигізбей топыраққа, жоғары іліп
Сақтармын ӛле-ӛлгенше қу басыңды-ай!»
Соны айтып Құлагердің басын кесті,
Кӛрген жан: «Қайтсін шіркін, асыл!»- десті.
Достары: «Қайран ер-ай, обал-айлап»,
Қастары: «Сол сыйымен барсын!»- десті.
Алда бас, арт жағына ұл мінгесті,
Бәйгені ӛзге қалған жан үлесті.
Бір салып атты бұтқа Ақан сері,
Жамылып жүріп берді қоңыр кешті.
Жеделдеп жетім ұлмен жүріп кетті,
Ұйқысыз ұзақ таңға бүлкілдетті.
Ұзын жол, жұлдыз жарық, жазғы түнді
«Құлагер» деген әнмен күңірентті.
Әнімен шығаруға ішкі дертті,
Шырқатып ащы үнімен шерін шертті.
Болады салған әні су сепкендей,
Сӛндіре алмаса да жанған ӛртті.
Ащы зар, ауыр шері айғайлатты.
«Құлагер» айтқан сайын қайғы ойлатты.
Ұйқышыл, керең қырға маза бермей,
Күрсінтіп соқыр түнді бай-байлатты.
Шер даусы ен далада шықты қатты,
Түн, дала, ел тӛсекте тыңдап жатты.
Құлақ caп қырда қоян, қорада қой,
Жылқылар жайылыста ішін тартты.
Бесікте бала оянып, ұйып қапты,
Кемпір, шал жамбасына зарлы үн батты.
Қыз, келін қой күзеткен айтақтамай,
Түнгі ауыл зарлы әнді тыңдап жатты.
Зарлатты, аңыратты, жорғалатты,
Күйік ән кӛкке серпіп, сорғалатты.
61
Sauap.org
Азалы ащы дауыс зарлағанда,
Жұрт бірге жоқтап жатты ӛлген атты.
Бай-байлап «Құлагер» ән бебеу қақты,
Талда құс, белдеулерде бедеу қатты.
Зарлы әнін «Құлагердің» жылқышылар
Сүйеніп құрығына тыңдап қапты.
Жолшыбай жол кӛп елді аралатты,
Бұрылмай бас ӛңгерген баран атты,
Керең түн кең даланы күңірентіп,
Бай-байлап «Құлагерге» бара жатты.
Кӛргенде Кӛкшетауды дерті қатты,
Жүрген жер Құлагермен жанға батты.
Кетер түн Құлагердің жатқан жерін
Құшақтап, жер бауырлап, жылап жатты.
Тау мен тас жоқтағандай Кер құла атты,
Бар бұлақ кӛлге суын бауырымдатты.
Кірсіз жер, кінәсіз жел жылы ұшырап,
Құланың қазасына кӛңіл айтты.
Ардақтап ат байлаған бір ағашын,
Қастерлеп Құлагердің ілді басын;
Аңырап ағыл-тегіл боп отырды,
Кӛзінің омырауына құйып жасын.
Кӛкшенің күйіндіріп тауын, тасын,
Күңірентіп сай-саласын, кӛлдің басын.
Ат жанды, аяулы аттың иесі Ақан,
Жоқтады жұбанбастан кер Құласын.
Кей-кейде жауын болып, жылап ақты,
Кей-кейде дауыл болып соқты қатты;
Кей-кейде күңіреніп, кӛлдей толқып,
Кей-кейде қу ағаштай құлап жатты.
Кей-кейде әнге шырқап ӛлең айтты,
Кей-кейде томсырайып тастай қатты.
Қылғандай қайыңды қос, тасты тӛсек,
Аһылап, ағаштағы бастай қатты.
Жаз ӛтіп, жапырақ солып, күз де бопты,
Қуартып жасыл жерді, қазан соқты.
Күйкиіп Кӛкшетаулар күпі киіп,
Жайлауда тышқан аңдып, түлкі жортты.
Күзгі ауыл сары от іздеп, қуды қоқты,
Қозы, лақ ӛсіп - бопты шыбыш, тоқты.
62
Sauap.org
Жиналып желі, ноқта, саба сорғып,
Ызғырық естіртеді ойда жоқты.
Ақанның кӛңілі осы күздей болып,
Қазасы Құлагердің ӛткен соғып,
Кӛңілінің Кӛкшетауы қуаң тартып,
Қызығын қайғы орағы кеткен орып.
Құланың қайғысынан қатып, семіп,
Қурай боп екі-үш айда қалған шӛгіп.
Құлауға құйын соқса оп-оңай тұр,
Құрт жеген құба сӛңкел секілденіп.
Ақанда қызық та жоқ, сауық та жоқ;
Оларды іздеп, жұртпен жауықпақ жоқ.
Қапыда қатты тиген сол соққыдан
Қираған жан қанаты сауықпақ жоқ.
Жар да жоқ, жалын да жоқ, жақсы ат та жоқ,
Оларды енді кӛксер мақсат та жоқ.
Күңіренген күні-түні «Құлагерге»,
Асқақ ән, әсем үнді зар жақ та жоқ.
Кеткендей қызық тарқап, қаны суып,
Айдаған айдалаға жаны қуып.
Жап-жалғыз тауды, тасты мекендеген,
Жанына жолатқызбай жанды жуық.
Ӛмірден жиіркеніп кӛңілі суып,
Қалғандай айналадан ӛзге туып.
Жатады жанды кӛрмей жапан түзде,
Кӛліне Бурабайдың кірін жуып.
Баурында Оқжетпестің бір шоқ қайың,
Жүреді сонда Сері келіп дайым.
Ілулі сол қайыңда тұрған қу бас,
Қобыздай ызылдар жел соққан сайын.
Басында айтамыз деп бастың жайын,
Әңгіме қылдық, білем, астың жайын.
Мынау бас - Құлагердің қу басы еді,
Мынау шал - Ақан жалғыз, қашқындайын.
Қайыңның қасына кеп жүрген Сері,
Байлаулы Құлагердің тұрған жері.
Сол жерді тауап қылып оқта-текте,
Кетпейді осы арадан сонан бері.
Ән болып Кӛкшетаудың күңіренгені,
Сӛз болып жат мінезі, шерткен шері;
63
Sauap.org
Кетіпті елдің аузы әуезе қып:
«Жын құшып, жалғыз жүрген Ақан - пері».
Ӛтті күн. Қалды ағашта бас қуарып,
Қатайды Сері, сақал-шаш қуарып.
Серіксіз, елсіз, малсыз, елсіз тауда
Ӛткізді ӛмірін ол, басқа қуанып.
Тентіреп тауда ұдайы, таста қаңғып,
Оты ӛшкен, бойында жоқ жас құмарлық.
Басар жер, барар тауы - Бурабай боп,
Бейшара бағып ӛткен басты мал қып.
Шүйке шал, аузы ұрадай опырылған,
Су мұрын, қу ұрты шұқырайған.
Боз бура бір күндегі тасқа шӛгіп,
Шал отыр қу қайыңда мықырайған.
Келсаптай тұзды түйген бас ағарған,
Түздегі қу бастайын жақ қуарған.
Бетіне ел кӛшкендей сүрлеу түсіп,
Шӛлдегі шыңыраудай кӛз суалған.
Жігіттің бір күндегі Кӛкшетауы,
Күрсінткен кӛп сұлудың «Кӛкем-ауы».
Жаңғыртқан жақсы жерді, жалпақ елді,
Әсем үн, аспанға ӛрлеп салған әні.
Бір күнде болған жігіт жан жайлауы,
Қайда оның күлкі, ойынмен жайнаңдауы?
Құлазып күзді күнгі Кӛкшетаудай,
Қызықтың кӛшіп кеткен cap жайлауы.
Кӛңіліне Құлагерден құйылып мұз,
Күйкиіп отыр таста Ақан байғыз.
Жан тынышын елден емес, жерден тапқан,
Сондай бір адам бопты жаны жалғыз.
Даусына жаңғырып тау, жаңғырып құз
Серінің салған әнін сағынамыз.
Қазақтың қиялының жақсы аты деп,
Біз-дағы Құлагерге қамығамыз.
Сорлы Ақан «Құлагер» деп жылап, күйген,
Елдің ол құлағына жылы тиген.
Болса да мейлі сері, мейлі пері,
Ақанның аты мен жұрт әнін сүйген.
Қайтқанда басты ӛңгеріп, сонау түннен,
Ән алған қалың қазақ қайғылы үннен.
64
Sauap.org
Қағып aп қыз, келіншек күзеттегі,
Жылқышы жылқы ішінде салып жүрген.
Сорлы Ақан күңіреніп қайтқан шақта,
Күңіреніп Ерейменде ӛлген атқа.
Алатау, кең даланың Қыр, Сырында,
Ән тарап жатты осындай Арқа жақта.
Аты ӛліп, астан Ақан шаршап қайтты,
Ауылға оның әнін малшы ап қайтты.
Ел-елден Ерейменге жиылған жан,
Еліне «Құлагер» деп ән caп қайтты.
Жұрт жоқтап қапыда ӛлген қайран атты,
Әр жақта ел бұлбұлы сайрап жатты.
Ішегі домбыраның сыңсып жылап,
Әншілер «Құлагерге» бай-байлатты.
Құланы мақтады жұрт «мал басы» деп,
Тыңдады Ақан әнін «зарласын» деп.
«Қазақтың бір аяулы атын атқан
Барша жұрт Батырашты қарғасын» деп.
Ақанды айтпаса да «қолбасы» деп,
Аяды «Құлагердің жолдасы» деп.
Лағынат оқыды әнмен ӛткен күнге,
«Сол сұмдық қайтып қырда болмасын!»- деп.
Кітаппен танысқаннан кейін, оның қағаз нұсқасын сатып
алуды ұмытпаңыз!
Сайттағы барлық кітаптар тек танысу мақсатында
ұсынылған.
Кітапті жүктеп, мазмұнымен танысқан соң, Сіз оны
қалдырмай, жоюға тиіссіз.
Кітаптың мәтінін көшіре және сақтай отырып, Сіз
авторлық және аралас құқықтар туралы заңға сәйкес, барлық
жауапкершілікті өз мойныңызға аласыз.
Сайт әкімшілігі пайдаланушыларды кітаптарға заңды
жолмен қол жеткізуге шақырады.
Достарыңызбен бөлісу: |