«Көкшетау» поэмасының негізгі геройларының бірі — осы шапқыншылықта қолға түскен қалмақ кызы. Автор оның аты-жөнін атамайды. Абылай қолға түскен олжаны бөліске салғанда осы қыз үшін хан мен оның сарбаздары арасында талас туады. Бәрі де кызды алудан дәмелі болады. Сұлу кызды ел тонаушылар біріне бірі қимай, ақыры таңдауды қыздың өзіне береді.
Қыз ақылдылығы кімге тиюді таңдау өзіне берілген кезде байқалады. Ол көл жағасындағы биік шыңның басына орамал байлатып, кімде-кім соны атып түсірсе, соған тимек ойын білдіреді.
Ер кезегі үшке дейін
Қыз бақытына қарай, Абылай «батырларының» бірде-бірі шың басына оғын жеткізе алмайды. Шыңның «Оқжетпес» атануы да осыдан дейді ақын. Тұтқын кыз амалсыз жаңа шарт қоюға мәжбүр болады. «Ер кезегі үшке дейін» деп, ол екінші шарт етіп күш сынасуды (төрт адамды арқалап мың қадам жүгіру) ұсынса, үшінші жолы өз өмірін жұмбақтап айтып, соны шешуді сұрайды. Ханның ақылсыз даңғой батырлары тек қара-күштің ғана иесі екенін ақын осы тұста бір аңғартып етеді. Төқт адамды арқалап мың кадам жүгіру арқылы күш сынасу кезінде олар бірінен-бірі оза алмайды. Бәйгіге түскен қырық адамның сегізі қыз тұрған тасқа қатар жетеді. Қайта талас туады. Енді қыз жұмбағы айтылады.
Адақтың бейнесі
Жасынан бай жылқысын баққан, бірақ оның қорлығына шыдамай белгісіз бір себептермен Абылайға ерген халық өкілі Адақ поэмада кең пейілді, адал, ержүрек, қайырымы мол адам болып суреттеледі. Ақын оның ұнамды портретін жасайды.