П/п Наименование дисциплины


Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы ҚАЛДЫРҒАН



бет5/33
Дата07.01.2022
өлшемі1,61 Mb.
#17642
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
бірінші жартысы

183
Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
ҚАЛДЫРҒАН
ІІ түрі
Суаты құмдық көл қайда? 
Жағалай қонған ел қайда? 
Қыз, бозбала бас қосса, 
Ыбырай ақын, сен қайда?
Шіркін бір дүния, кең едің, 
Біраз күн алдап бөгедің. 
Өкпеледім, дүние-ай, 
Жолдас едің демедің.
Жан-жаққа гүлің балбырап, 
Қызықты дүния сен едің. 
Орта жүзді қыдырған, 
Жалғыз да бұлбұл мен едім. 
Арғын, Найман ұлынан 
Талайдан сарқыт жеп едім. 
Алпыс жасқа келгенде, 
Сақал, мұртым қуарып, 
Тамыр біткен суалып, 
Неліктен мұнша жүдедім?
Алпысқа келдім азамат, 
Халыққа шықпай жаман ат. 
“Қалдырғанды” тапсырдым, 
Сұраған саған аманат.


184
Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
ҚАЛДЫРҒАН 
ІІІ түрі
Жасымда болдым балдырған, 
Айтысып сөзге қандырған. 
Айналайын, халқым-ау, 
Маңдайдан шырақ жандырған. 
Мəжілісімді көркейтіп, 
Мырзалар таңдап алдырған. 
Сол балдырған кезімде, 
Ғашықтық отын жандырған. 
Бір сағатта өзгеріп, 
Халқыма əнім жаңғырған. 
Сөз сөйлесем жұртым-ай, 
Сөзім жиі жаңбырдан.
Алпысқа келген мендей шал, 
Алпысқа келген мендей шал, 
Есін де білмей қаңғырған. 
Құрбы-құрдас, замандас, 
Іздеп кеп атын шалдырған, 
Іздеп кеп атын шалдырған. 
Шіркін, дүние, кең едің, 
Қызығы қайтпас төбе едің, 
Орта жүздің ішінде, 
Əнші бұлбұл мен едім.
Сарыарқаны сайраңдап, 
Сарыарқаны сайраңдап, 
Тойдан сыбаға жеп едім. 
Сарыарқаны сайраңдап, 
Тойдан сыбаға жеп едім,


185
Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Тойдан сыбаға жеп едім, 
Қартайған соң дүние-ай, 
“Қайдасың, Ыбырай” демедің, 
Қартайған соң, дүние-ай, 
“Қайдасың Ыбырай” демедің,
Қара бура қартайса, 
Қара бура қартайса, 
Жар басына көшкен күн, 
Ұстатпаған асаудай 
Сырт айналып кеткен күн, 
Сырт айналып кеткен күн, 
Беремін, жастар батамды, 
Сендерге тізгін көшкен күн, 
Беремін жастар батамды, 
Сендерге тізгін көшкен күн.
Кəрілер бесік тербетіп, 
Кəрілер бесік тербетіп, 
Жастар гүлдеп өскен күн, 
Кəрілер бесік тербетіп, 
Жастар гүлдеп өскен күн, 
Жастар гүлдеп өскен күн. 
Жасымда өстім қындай боп, 
Төске соққан сымдай боп. 
Болам деген ой бар ма, 
Аппақ қу шұнақ қудай боп.
Алпысқа келдім азамат, 
Алпысқа келдім азамат, 
Шықпады-ау ешбір жаманат. 
Алпысқа келдім азамат, 


186
Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Шықпады-ау ешбір жаманат. 
Шықпады-ау ешбір жаманат. 
Қалдырғанды тапсырдым, 
Сұраған саған аманат. 
Қалдырғанды тапсырдым, 
Сұраған саған аманат.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет