П/п Наименование дисциплины



бет14/33
Дата07.01.2022
өлшемі1,61 Mb.
#17642
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33
1906 жылы Петерборда шыққан «Серке» газетінде М. Дулатовтың «Жастарға» өлеңі мен «Біздің мақсатымыз» деген мақаласы жарияланған.

 

М. Дулатовтың 1913-1918 жылдары ұлт көсемі Ахмет Байтұрсыновпен бірге «Қазақ» газетін шығаруы сол дәуірдегі қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді көтерген, қазақ журналистикасының негізін салған, баспасөз мәдениетін, тілін қалыптастырған ең жемісті жылдары болып табылады.



 

Міржақып Дулатовтың есімін тек қазақ халқына ғана емес, Ресейдегі түрік әлеміне тұтас жайған «Оян, қазақ!» кітабы бірінші рет 1909 жылы Уфада, екінші рет 1911 жылы Орынборда басылып шыққан. «Оян, қазақ!» – қазақ әдебиетінің тарихында ең көп қудаланған кітап. Осы кітабы үшін М. Дулатов 1911 жылы Семей түрмесінде 19 ай абақтыда отырған. «Оян, қазақ!» кітабына шұрайлы жерлерінен, атақоныстан айырылған қазақ халқының басына түскен ауыртпалықты, халқының өткен тарихын, қазіргі халін көрсеткен «Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі», «Қазақ халқының бұрынға мағишаты», «Өнермен хасил болған нәрселер», «Сайлаулар хақында», «Қазақ жерлері», «Мешіт-медресе хақында», «Жастарға», «Терме», «Таршылық халіміз хақында аз мінажат», «Жесір даулары хақында», «Жігіттер», «Насихат ғұмумия» т.б. өлеңдері топтастырылған.

 

Ақын М. Дулатов «Қазақ жерлері» өлеңінде:



 

Кір жуып, кіндік кескен қайран жерлер,

 

Мұжыққа қош-аман боп барасың ба?

 

Қасиетті бабамыздың зияраты,

 

Қалдың ғой көшесінің арасында, –

 

деп жерінен айырылған қазақтың мұң-зарына үн қосқан.



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет