П/п Наименование дисциплины


БІЛМЕГЕН ДОС КӨҢІЛІН ЖАРАЛАЙДЫ



бет8/33
Дата07.01.2022
өлшемі1,61 Mb.
#17642
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33
Байланысты:
бірінші жартысы

БІЛМЕГЕН ДОС КӨҢІЛІН ЖАРАЛАЙДЫ
Əр түрлі тілек, мақсат зор болған соң, 
Тірлікте сөйлер тілің бар болған соң. 
Жігіттер, дер кезінде сөйле де қал, 
Күркілдеп отырарсың шал болған соң.
Əр адам өз ісінен шамалайды, 
Білмеген дос көңілін жаралайды. 
Неше жыл тəрбиелен асыраған, 
Иттер де иесіне абалайды.


190
Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
ТОПЖАРҒАН
Шұқанақ су түскенмен көл болмайды, 
Құдыққа суалмалы ел қонбайды. 
Біздерге сіздер сөйле дегеннен соң, 
Азырақ сөз сөйлемей жөн болмайды.
Топжарған, сал көзіңді шабысыма,
Түсейін тартынбай-ақ намысыңа. 
Белгілі ортаңдағы жүйрігіңмін, 
Сала бер аш-тоқ демей жарысыңа.
Мұхаммед, құдай досы, өзің қолда, 
Сүрінген ер Ғали да қазған орға. 
Алдына абзалдардың келгеннен соң, 
Қарағай екі шекті алдым қолға.
Халайық, тыңда кеңес біздей ерден, 
Пенде өлмес, ажал жетпей, қайғы-шерден. 
Орта жүз Арғын, Қыпшақ, Қоңырат, Найман,
Жүйрікпін жақсылардың қасына ерген.
Мəжілісі жақсылардың дүкенмен тең, 
Кімге ырыс болар дейсің, алған берген. 
Желді күн келді айналған лашындайын, 
Баптаған жүйрігіңмін жиынға енген.
Қанжардай екі жүзді теңдей тілген, 
Қақпаған шаужайымнан жүйрік желген, 
Тайпалған төрт аяғым бірдей жорға, 
Таймас деп мұзға салса, халқым сенген.


191
Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Қырымнан қиқу салып дабылға ерген, 
Қыранға Алла жар боп барын берген. 
Жігіттер, дер кезінде қимылдап қал, 
Кəрілік тосып алар сары белден.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет