188 Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы ҚАРАКӨЗ Кез болдың тəтті ұйқыда биыл маған,
Жел көңіл жігіттікте тиылмаған.
Бір дұшпан арадағы қас ойлар деп,
Қалмады елде құрбым сиынбаған.
Қайырмасы: Қардан аппақ етің бар,
Қаннан қызыл бетің бар.
Қайта айналып келгенше,
Көкіректе зарлы дертім бар.
Ал, Қаракөз,
Қалдың кейін,
Мен не дейін,
Уа, шіркін-ай.
Ой, қалқа, мендей адал, сертке жетсең,
Жерлерден қиын-қыстау аман өтсең.
Жанымды өз жолыңнан аямайын,
Өзің біл ғашығыңды зар еңіретсең.
Қайырмасы: Қардан аппақ етің бар,
Қаннан қызыл бетің бар.
Қайта айналып келгенше,
Көкіректе зарлы дертім бар.
Ал, Қаракөз,
Қалдың кейін,
Мен не дейін,
Уа, шіркін-ай.