Мазмұны Кіріспе.........................................................................................................................2
Практика өткен мекемеге немесе шаруашылыққа қысқаша сипаттама
ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті «Республикалық ветеринарлық зертхана» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын Шымкент қалалық филиалына сиппаттама..................2
СҒЗЖ: Сарып ауруын зертханалық балау...…………………………..…....……..3
Практика қорытындысы..........................................................................................20
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...............................................................................21
Кіріспе Жан-жануарлардың арасында таралған аурулардың ішінде жұқпалы аурулардың алар орны бөлек. Бұл топ аурулардың туындауына вирус, микроб, т.б. мөлтек денешіктер септігін тигізеді. Сондықтан олардың пайдаболу және таралу заңдылықтарын зерттеумен, күрес шараларын жүргізумен індеттану ғылымы айналысады. Індеттану деген терминнің батыс елдеріндегі балама сөзі эпизоотология. Індет деп кез келген аурудын ауқымды түрде аудан, облыс, мемлекет көлеміндегі мал арасында жайлаған қарқыны таралуын айтады. Сонымен бірге жұқпалы аурулар бірен-саран (спорадия) түрде, болмаса,бірнеше құрлықтарға таралуы мүмкін.
Кез келген жұқпалы ауруды өзіне тән қоздырушысы ғана тудырады және олар сан қилы жолдар арқылы аурумалдан бөлініп, сау малға жұғады. Аурудың бір малдан келесі малға жұғуын індеттену (індет процесі) дейді. Коздырушы ластанған азық, су, топырақпен енсе — алиментарлық, ауамен енсе аэрогендік, қан сорғыштардың ықпалынан болса — трансмиссивтік деп атайды .Коздырушы енген уақытта ауру бірден пайда болмайды, оның өсіп-өнуіне, денеге тарап, сыртқы белгілері байқалуына біршама уақыт керек. Бұл уақыт инкубациялық кезеңдеп аталады және ол ауруда әр түрлі.
Жұқпалы аурулардың қоздырушылары орын тепкен жерде қабыну процесі дамиды да, аурудын сырткы белгілері соған байланысты болады. Мысалы, аусылдын вирусы кілегей қабықтарында жақсы өсіп-өнетіндіктен, ауыз, желін, тұяқашасы, т.б. жерлерінде күлдіреуіктер құрайды, сондықтан малдын аузынан cілекей ағуы ақсауы, сүтінің азаюы сияқты белгілермен сипатталады.
Ауруды балау (анықтау) жолдары бірнеше сатылардан құралады. Ауырған немесе аурудан күдікті малды білу үшін көпшілік жағдайда қан сарысуын зертханада зеттейді. Егер мал қанында ауру қоздыруппысы арнайы денелер болса, олар анықталынып, байқалады. Сонымен қатар аурудың сыртқы белгілеріне, өлген мал өлексесіндегі ауруға тән өзгерістерге қарай анықтау қолданылады. Кейбір жұқпалы ауруларды қазіргі кезде арнайы анықтағыш затты (туберкулин, бруцеллин, маллеин, т.б.) тері ішіне енгізу арқылы анықтауға мүмкіндік бар. Ауруды анықтауға мүмкіндік болмағанда, өзгеріске ұшыраған мүшелерін зертханада арнайы тәсілдермен тағы да зерттейді.
Жұқпалы ауру байқалған жағдайда ем ретінде әр ауруда арнайы дайындалған қанның сарысуы (гипериммунды), антибиотиктер, сульфаниламид дәрілері, т.б.қолданылады.
Мал организмінде ауруға қарсы иммунитет қалыптастыру үшін арнайы биологиялық белсенді заттар қолданылады. Сондықтан жұқпалы аурулардың алдын алу үшін жайылымға шығар алдында және қысқы қораға кіргізерден бұрын жануарларға қазіргі уақытта вакцина анатоксин вакциналар егіледі. Бұл аталған препараттардың көпшілігінде ауру қоздырушысы тірі, болмаса әлсіретілген болғандықтан, біріншіден, егілген мал аурудын жеңіл түрімен ауырады, сондықтан қадағалау керек, екіншіден, егуді жүргізгенде вакцинаның сыртка төгілуіне жол бермеу керек, өйткені қоздырушы сақталып, малға жұғуы ықтимал.
Катерлі жұқпалы аурулар мал арасында байқалғанауру малды дереу оқшаулау керек. Мал елген жағдайда арнайы апанда залалсыздандыру немесе өртеу жұмыстарын ұқыпты атқарған дұрыс. Міндетті түрде ауру мал тұрған қора-жайды залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу керек . 3-5тарын жүргізу керек. Ол үшін хлор әктің 3-5 % -дық күйдіргіш натрийдің 3-49%- дық,формалиннің 3-5%-дық,әктің 20%-дық ерітінділері қолданылады.