Сарып (МесгоЬасіегіош, некробактериоз) - негізінен сирақтың бақайы, кей жағдайда ауыз, желін, жыныс мүшелері, өкііе, бауыр, бүлшық еттер мен басқа да мүшелер мен ағзалардың іріңдеуі жэне өліеттенуі арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. Бүл ауру барлық жерде тараған және жүқпалы екені мәлім болған. 19 ғ 60-шы жылдары Франция мен Италияда қойдың "түяқ ауруы" ретінде сипатталды. Кейіннен клиникалық белгілері бойынша шірік тұяқ, панарициум, таз ерін, гангреналық дерматит, некрозды немесе дифтериялық стоматит деп аталды. Қоздырушысын бірінші рет Р. Кох бөліп алды да, толық сипаттамасын Леффер берді. Бірақ, үзақ уақыт бойы бүл бактерия негізгі қоздырушы емес қосалқы микроб ретінде қарастырылды. Сондықтан да некробактериоз эр түрлі дене мүшелерінің зақымдануына байланысты бірнеше дербес ауруға бөлініп келді. Тек 1932 жылы А.Г. Ревнивых солтүстік бүғысыңың "түяқ ауруын" зерттеу нәтижесінде некроз таяқшасының этиологиялық маңызын түпкілікті дэлелдеді.
Қоздырушысы - Васіегіит песгорһогит - ауасыбағасыз, қозғалмайтын, спора түзбейтін, қауашақсыз, өте полиморфты микроб. Жағындыда жіп тәрізді, дөңгеленген, ұзын немесе қысқа таяқшалар, сопақша, кок тәріздес әр түрлі пішінде кездеседі. Жіп тэрізділерінің ұзындығы 100 тіпті 300 мкм дейін жетеді, жуандығы 0,75-1 мкм. Микроб тек қана ауасы жоқ жағдайда Китт- Тороңци ортасында, Мартен сорпасында, бауыр сорпасында, қоймалжың агарда, қанды глюкозалы агарда өседі. Жайлы өсу температурасы 36-36,5 °С, рН 7,4-7,6.
Төзімділігі жағынан некробактериоз қоздырушысының оншама ерекшелігі жоқ. Несепте - 16, көңде - 50, сүтте - 35 тэулікке дейін, жайылымдағы ылғал топырақта 3 айға дейін сақталады. Зарарланған заттарда кептірілгеннен соң бөлме жағдайында 18°С-та 1-2 тэулікте өледі. 100°С қыздырғанда 1 минутта, күн сэулесінен 8-10 сағатта, 60-65°С-та 15 минутта өледі. Марганец қышқылды калий (1:100), риванол, лизол, фенол, формальдегид, күйдірғіш натрий, қреолин жэне т.б. дезинфектанттардың үйреншікті концентрациясында некроз таяқшалары 5-30 мин өледі.
Індеттік ерекшеліктері. Сарыппен барлық үй жануарлары, көптеген жабайы аңдар ауырады. Бүл ауруға эсіресе солтүстік бүғысы, қой, ешкі, сиыр, шошқа, жылқы, үй қояны, күстардан тауық бейім. Ересек жануарлардан гөрі жас төлдер жиі ауырады. Зертханалық жануарлардан қолдан жұқтыруға тек қана үй қояны мен ақ тышқан бейім. Адам да ауырады.
Инфекция қоздырушысының бастауы - ауру жэне бактерия алып жүруші мал. Күйісті жануарлар ауырып жазылған соң бактерия алып жүруші болып қалады. Қоздырушы таз қарын мен ішекте айлагі сақталады да, оны күйіс қайырғанда үнемі ауызындағы жынынан, сирегірек нәжісінен бөліп алуға бола- ды. Некроз таяқшасы организмнен сыртқы ортаға сілекеймен, нэжіспен, өліеттенген жердегі бөліндімен шығады. Бүл микроб мал қораларында, көңде, топырақта, жайылымда, тоқтау суларда жиі кездеседі.
Қоздырушы жануар денесіне жарақаттанған тері немесе кілегейлі қабықтар арқылы енеді. Аурудың біліну қарқыны мен таралу ауқымына әсер ететін себептер: күтімінің нашарлауына байланысты жануар организмінің қорғаныс қабілетінің төмендеуі, фермалардағы, жайылымдықтардағы, суаттардағы, мал айдайтын жолдардағы антисанитариялық жағдай, мал ұстайтын жерде көң мен садыраның қордалануы, малды шалшықты жайылымдарға жаю.
Малды ұзақ уақыт ылғал қораларда ұстау немесе сазды жерде жаю тұяғы мен сирағының төменғі жағындағы терісінің жібіп, тұяқтың жұмсарып, терінің балбырауына әкеп соғады. Ол жерде қан айналымы бүзылып, жарықшақтар пайда болып, жарақаттарға сарыптың бактериялары еніп, өніп-өсуіне жағдай туады. Сирақтың сарып болуына тұяқты дұрыс күтпей, оның тұрқының өзғеруі, жарықшақтар пайда болуы, сынуы, табаны мен өкшесінің жарақаттануы әсер етеді. Ауру қоздырушысы малды пішкенде, иттің құйрығы мен құлағын кескенде, акушерлік жәрдем қөрсеткенде асептика ережелерін сақтамаудың нәтижесінде, жаңа туған төлдің кіндіғі арқылы және басқа жолдармен енеді. Минералдық қоректің тапшы кезінде, маса-шіркей талағанда жануарлардың бұл ауруға төзімділігі төмендейді. Жемшөпте сымтемір, шеге, шыны сынықтары тақылеттес заттар болғанда, тікенді қатаң шөпті жайылымдарға малды жайғанда ауызының кілегейлі қабығы жарақаттанады.
Сарып жануарларда шамалы ғана індеттік тұтану ретінде байқалып, жекелеғен шаруашылықтарды, фермаларды немесе мал отарларын қамтиды. Кейде аусыл, шешек, эктима, әр түрлі стоматит ауруларымен қабаттасып өтеді. Ауру әсіресе қой және бүғы шаруашылықтарына зор зиян келтіреді.
Дерттенуі. Негізінен жарақаттанған немесе қабынған тері, болмаса кілеғейлі қабықтар арқылы жұғады. Қоздырушы енғен жерінде қолайлы жағдай болғанда ғана өсіп-өнеді. Ұлпаның жарақаттануы (механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық әсерлер) нәтижесінде оған оттегінің келуі киындайды, қан тамырлары үзіліп, гематома, тромба, флегмона пайда болады, ұлпалар өліеттенеді, яғни ауасыбағаөыз микроб үшін қолайлы жағдай туады. Бастапқыда бактерия түскен ұлпа шағын ғана ошақ болып ойылады да, кейіннен айналасы қабына бастайды, қан тамырлары зақымданып, фибрин ұйып, көп мөлшерде белокты заттар бөлінеді, тромба пайда болып, нәтижесінде бүлшық ет, тарамыс, сіңір, шеміршектер мен саусақ сүйектері өліеттенеді.
Бастапқы өліеттенген ошақтағы қоздырушылар тромбаларда молынан өсіп, тромбадан үзілген бөлшектермен бірге қанға түсіп ішкі ұлпалардың капилярларында тоқтайды. Содан өкпеде, бауырда, ішекте, көк бауырда, мида, басқа мүшелерде метастазалар пайда болады. Дерт процесінің орын тебуіне байланысты бронхопневмония, плеврит, перитонит, абсңесса, флегмона, т.б. өрбиді. Қосалқы инфекциялардың (стафилококтар, стрептококтар, газды домбығу микробтары, т.т.) қабаттасуы нәтижесінде ауру асқынып, зілді нышан алады.
Егер аурудың соңы сәтті аяқталса, дерт проңесі тоқтап, бастапқы өліеттенген телімдер бітіп, жануар жазылады.
Өтуі мен симптомдары. Инкубациялық кезеңі 1-3 кұн. Клиникалық белгілері жануардың түлігі мен жасына, аурудың түрі мен өтуіне байланысты. Жас төлде сарып жіті, ал ересек малда жітіден төмен жэне созылмалы өтеді. Әр түрлі мүшелердің дертке шалдығуына байланысты аурудың 4 түрі болады: терідегі, кілегейлі қабықтардағы, ішкі ағзалардағы және сүйектегі сарып.
Терідегі сарып аурудың ең жиі кездесетін түрі. Ол сыртқы мүшелердің закымдануы арқылы білінеді де, көбінесе малдың сирағында ұшырасады. Сиыр мен шошқаның мойыны, тұла бойы, желіні, жас төлдің кіндігі, құлағы жэне құйрығы зақымданады. Көбінесе дерт алдымен артқы аяқты қамтиды, бастапқыда бір аяғында болып, кейінңен екінші аяғына ауысады. Қойдың бір мезетте бірнеше аяғы зақымдануы мүмкін. Әуел баста болмашы жарақат пен сызаттың маңайы қызарып, домбығады. Мал ақсап, ауырған аяғын сілкіп, бейжай күйге түсіп, жемшөптен қалады, денесінің ыстығы 40°С-қа дейін көтеріледі, 1-2 күннен соң қалпына келеді. Қабыну проңесі бақайдың арасы мен май өкшеден тілерсекке қарай өрбиді. Бүл кезде жануар аяғын баса алмай, жатып қалады. Ауру зілді өткенде қабыну флегмонаға айналып, арыдағы бүлшық еттерді, сіңір мен тарамысты қамтиды. Содан кейін ойылып, жағымсыз иісі бар ірің ағады. Қабынған телімдердің жаппай ойылып, өліеттенуі нәтижесінде тұяқ көбесінен сыпырылып түсіп қалады. Кейде түяқ қана емес, тіпті тілерсегінен, саусақтың фалангалары буын-буынынан үзіліп кетуі мүмкін. Мүндай күйге үшыраған қой тұра алмай, тізерлегі қалады. Жылқыда ауру зілді өткенде гангреналық дерматит өрбіп, дерт қанға шабады да, өлі тиеді.
Кілегейлі ңабъщтардагы сарып әдетте бір апталық жас төлде кездеседі де, ересек жануарда сирек байқалады. Ауру ауыздың өліеттеніп уылуы ретінде өтеді. Ауыздан басқа танаудың, жыныс мүшелері мен ішектің кілегейлі қабықтары зақымданады. Аурудың өрбуіне себеп жас малдың тісі шыққан кезде ауыздың қызыл иегі, ұрты мен тілінің кілегейлі қабығы жаракаттанып, оған зарарланған жемшөп пен төсеніштен, енесінің ластанған емшегінен сарыптың қоздырушысы түседі. Нәтижесінде ауыздьщ кілегейлі қабығы қабынып, қабыршақтанады. Бұдан кейін көмейдің, кеңірдектің кілегейлі қабықтары мен көршілес мүшелерге дерт шабады. Төлдің үрты, тандайы, еріні, танауы өліеттеніп ойылады. Жануар аузын ашып, ентіге дем алады. Ауызынан иісі жағьімсыз көбікті сілекей ағады. Тіс түбірінің маңайы қабынғанда, тіс түсіп қалады. Зақымданған тіл салақтап ауыздан шығып түрады. Өкпеде, бауырда, ми мен жүрек қабында үлпалардың ыдырауынан өліеттенген ошақтар пайда болады. Ауру жіті өтеді де, жануар 7-10 күн ішінде арықтап, өлі тию мен жүрек қызметінің жетімсіздігінең өледі.
Ішкі агзалардагы сарып кезінде дененің ыстығы көтеріліп, нэжісінің түсі сұрғылт жасылданып іші өтеді. Құрсақ еттері, әсіресе бауырдың тұсы ауырсынады. Жануардың жүні үрпиіп, қарыны қабысады. Әліеттенген энтериттен жазылмайтын болғандықтан ондай малды сойып тастау керек.
Басқа ішкі мүщелер зақымданған кезде сарыптың өзіне тән белгілері болмайды. Ауырған мал табыннан бөлініп қала береді, бейжай, жемшөпке селсоқ, жүдейді, өнімділігі төмендейді. Дерт процесі өкпеде орын тепкенде бронхопневмония, плеврит өрбіп, демі сырылдап, булығып жиі жөтеледі. Өліеттенген ошақ мида болса жүйке қызметі бүзылып, ал жүректе болса жүректің кемістігі білінеді. Мұндай жағдайда сарыпқа диагноз тек сойғанда ғана патанатомиялық әдіспен қойылады.
Жыныс мүшелеріндегі сарып әдетте қойда кездеседі де, өте ауыр өтеді. Ауырған мал отарға ілесе алмай, селқостанып, жемшөпке қарамайды. Денесінің ыстығы 40-42°С-қа жетеді. Сарпайы сызданып, айналасы өліеттеніп, ойылады. Қынантан іріңді, кейде қан аралас сүйық ағады. Ауырған жануар ,жиі- жиі несеп шығаратындай ыңғай білдіреді, көбінде жатып қалады, ыңырсып, тістерін шықырлатады. Қошқардың үрпінің ауызы мен шыбығының кілегейлі қабығы өліеттеніп, ойылады. Кейіннен дерт үшасына жайылады. Сйырдың жыныс мүшелерінің кілегей қабығы бүзаулағаннан қейінгі алғащқы күндері зақымданады. Ауру бүзаулағаннан кейінгі акушерлік көмек көрсеткенде жүғады. Сиырда жыныс мүшелеріндегі сарып оның сирақтағы түрімен қабаттасып өтеді. Кейде тууға таяп қалған буаз сиыр ауруға шалдығып 8-9 айлығында іш тастайды. Тастанды төлдің денесі семіп қалуы (мумификация) мүмкін. Мүндай жағдайда шаранадан өте жағымсыз иіс шығады. Сиырдың үзақ.уақыт шуы түспей, соңы созылмалы метрит пен эндометритке үласады. Кейбір сиырдың қынабы мен жатырының кілегейлі қабығы өліеттеніп, тері астында эмфизема байқалады, тіпті іші өтіп, жөтеледі. Ауырған мал 8-10 күн ішінде өледі. Осылай ауырған сиырдан бүзау тірі туған күннің өзінде, жас төл бірер күн ғана түрады да, өліп қалады. Енесі сау бүзауға туған кезде кіндігі арқылы сарып жүқса, аурудың оншама сыртқы белгілері білінбей-ақ, 4-5 күндігінде өледі.
Сүйектегі сарып остит немесе остеомиелит ретінде негізінен ірі қарада 6 айдан 3 жасқа дейінгі аралықта кездеседі. Жылқыда сирек байқалады. Аурудың қоздырушысы жілік майы мен сүйектің кемікті затында қауырт көбейеді де, дерт жіліктер мен ұсақ сүйектерді, сонымен қатар омыртқаны зақымдайды.
Ауру сирақта болса, мал ақсап, тамыр соғысы жиілеп, ыстьшы 41°С-қа дейін қөтеріледі. Зақымданған аяғы сіресіп, әрең бүгіледі. Жануар тұяғының ұшынан басуға тырысады. Бара-бара сүйеқтері томпайып, аяқгың бұлшық еттері сола бастайды. Малдың қүйі нашарлап, арықтайды, ақсауы үдей түседі, ыстығы бір түсіп, бір жоғарьілайды. Дерт омыртқа сүйеқтерінде орын алса, жануардың тұла бойы мен сирақтары салданады.
Малдың әр түлігінде олардың жасына қарай сарыпты мынандай қлиниқалық ереқшеліқтері болады. Ересеқ ірі қараның .негізінен зақымданатыны сирақтары (панариций) мен жыныс мүшелері (өліеттенген вагинит, метрит, эндометрит). Қойдың бірнеше сирағы қатарынан дертке шалдығып, ерні мен танауының айналасындағы тері, ауызы мен жыныс мүшелерінің қілеғейлі қабықтары ойылады. Жылқыда бұл ауру сирақтың ғангреналық дерматиті, ал солтүстіқ бүғысында бақайдың қөбесінің шіруі ретінде байқалады. Итте орны шектеулі баяу өтетін өліеттену процесі қүйрығында, артқы тесіғінің айналасында, аяғының ұшында, еріні мен тұмсығында кездеседі. Үй қоянында негізінен ауызының кілегейлі қабығы іріңдеп, өліеттеніп ойылады, денесінің эр түсында тері мен шелде абсцесса пайда болады. Тауықтың балапанында ауызының кілігейлі қабығы зақымданып, жағы мен үрты домбығып тілінің түбінде іріміктенген жалқақ пайда болады, ал ересек тауықта саусақтарының жер басар жағында буындары ісіп, іріңдейді.
Патологиялық өзгерістер. Сиыр, қой, жылқы жэне бұғыда патологиялық өзгерістер негізінен сирағының бақайы мен тілерсек буынында шоғырланады. Дерттену басталғанда тері қызарып, домбығады. Кейіннен сыздануы тежеліп, іріңдеген флегмонаға айналады да, маңайындағы ұлпа өліеттенеді. Мұндай ұлпаны тілгенде іріңдеген жасыл-сұр немесе қоңырқай түсті өліеттенген масса көзге түседі. Тері мен дәнекер ұлпаның өліеттенуі буынның қабы мен тарамыстарға жетіп, шеміршек пен сүйек зақымданады. Сүйек жұмсарып, пішінін өзгертіп, саусақ бунақтары (фаланғалары) сирақтан ажырап, түсіп қалады.
Ауызында некроз процесі бар өлексе өте азып, ауызы көбікті сілекейге толы болады. Тілі, ұрты, жұтқыншағы ойдым-ойдым болып қабыршақтанып, ұлпаларының құрылымы бүзылып, ыдырап, іріміктенген иісі жағымсыз массаға айналады. Ауру асқынғанда дерт тілдің тереңғі қабаттарына шауып, өліеттеніп ойылады, таңдай сүйеғі мен көмекей шеміршеғі некрозға үшырайды. Өліеттену кей жағдайда өкпеге, көкіреқ қуысына шабады. Көк еттің беткі қабатында іріңді фибрин байқалады. Өкпенің қөкіреқ қабырғасына жабысып қалуы мүмкін, ал өкпенің өзінде шектелген, өліеттенген ошақтар кездеседі. Жұтқыншақтағы және бронхалардағы сөл түйіндері қанға толып, ұлғаяды. ¥ртының бұлшық еттерінің арасында үлқендігі грек жаңғағындай телімдер кездеседі. Қүста өңештің өліеттенуі үшырайды. Сиыр мен бүғының таз қарын жэне жүмыршақ қарыны өліеттеніп, зақымданады, жалбыршақ қарынның қатпарлары мүжіліп, бүлінеді.
Ұрғашы малдың жыныс мүшелері зақымданғанда денесінің артқы жағы іріңді сорамен ластанып, жүніне жабысқан кепкен жалқақтар көрінеді. Қынаптың ішінде іріміктенген бөлінді болады, кілегейлі қабығы ісініп, қабыршықтанып әр жері ойылады. Кейде қынаптың бір беті бір бетіне жабысып қалады да, оған түтік жіберу мүмкін болмайды. Қуық несепке толы. Сиырдың жатыры шектен тыс ұлғайып, бүкіл құрсақ қуысын алып түрады. Жатырдың іші қоймалжың ірің мен фибрин бар сүйыққа толып, кілегейлі кабығьі мен оның астыңғы қабаттары іріңдейді. Буаз малдың жатырындағы төлдің денесі әдетте өліеттеніп ісінеді. Перитонит болған жағдайда құрсақ қуысында қоймалжың сұйық жиналады. Бауыр сары балшық түстес, тұтқырланып, үгіліп түрады. Көк бауыр, щаптағы сөл түйіндері ұлғайған. Өкпе, бауыр, бүйрек, ішек жэне мида көптеген өліетті ошақтар кездеседі.
Балау. Сарыпқа бастапқы диагнозды аурудың клиникалық белгілері бойынша, сирақ пен бастың терісінің, ауыз бен жыныс мүшелерінің кілегейлі қабықтарының зақымдануына қарап қояды. Аса бір көңіл аударатын белгі іріңдеп, өліеттенген ағзалардың өзгеше жағымсыз иісінің болуы. Диагнозды растау үшін өліеттенген жағындыны үйреншікті әдістердің бірімен бояп, микроскоппен қарайды. Егер аламыштанып боялған, жіпше созылған немесе үзын жіңішке грамтеріс таяқшалар болса, сарыпқа түпкілікті диагноз қойылады.
Микроскопияның нәтижесі айқын болмаса, өліеттенген ошақтан алынған материалдан қоректік ортаға себінді жасайды. Егер патматериал былғанышты болса, зертханалық жануарларға биосынама қояды. Ол үшін.ақ тышқандарға немесе үй қояндарына патматериалдан алынған суспензиямен жұқтырады. Биосынаманың мақсаты - қоздырушының таза өсіндісін алу жэне оның уыттылығы мен зардаптылығын анықтау болып табылады.
Ажыратып балау. Қойда сарыпты шірік бақайдан, жұғымтал эктимадан, аусылдан, шешектен, қозының стрептококты полиартритінен ажырату қажет. Сиырда обадан, вирустық диареядан, жұғымтал плевропневмониядан, зілді катарлы қызбадан, жұқпайтын стоматиттер мен дерматиттерден ажыратады.
Емі. Ауырған малдарды бөліп алып, едені құрғақ алаңқайда, жауын-шашын өтпейтін асты құрғақ қорада үстайды. Ең алдымен дертке шалдыққан ұлпаларды мұқият тазалап, жарақаттанған терінің маңайындағы жүнді тақырлап қырқады. Өліеттенген ұлпаларды қабыршақтанып кеткен ірің мен сора бөлінділерін мұқият аластап, антисептикалық ерітіндімен (3% сутегінің қосто- тығы, 0,2% калий перманганаты, 1% мыс купоросы) жуып, сульфаниламид препараттары мен тетраңиклин немесе пениңиллин қатарындағы антибиотиктердің бірін қолданады. Әсіресе, дибиомиңин жақсы нәтиже береді. Зақымданған теріні дибиомиңиннің 15% майдағы түнбасын жағып, дәке бинтімен орап, оны 3-5 күннен кейін алады. Сонымен қатар, дибиомиңинді бұлшық етке малдың Ікг массасына 20 000 бірлік мөлшерінде 1% новокаин мен 30% глиңеринде езіп, суспензия түрінде жібереді. Қажет болған жағдайда 6-8 күннен кейін дибиомиңинді қайтадан жібереді. Басқа антибиотиктерден биомиңин (ішуге немесе бүлшық етке), террамиңин (тері астына) жэне сульфаниламидтер қолдануға болады. Вишневский жақпа майын пайдалану жақсы нәтиже береді.
Ауыздың кілегейлі қабығы зақымданғанда 3% сутегінің қос тотығы немесе тотияйын ерітіндісі, йод түнбасы, карбол қышқылының 3% нафталин мұнаиындағы эмульсиясы, еріген зақымданғанда йодглицерин жэне цинк майы пайдаланылады. Егер жара өте терең болып тарамыс пен сүйек зақымданса, әдетте ем қонбайды.
Иммунитет. Сарыппен ауырып жазылған жаңуарда иммунитет қалыптаспайды.
Дауалау және күресу шаралары. Сарыптың алдын алу шаралары малды қорада ұстағанда, жайғанда, айдағанда, зоогигиеналық-санитариялық шараларды сақтауға негізделген. Малдың асты құрғақ болуының, тұяғы зақымданбауының маңызы зор. Сондықтан қораны уақыттылы тазалап, малдың тұяғын қырып, жонып жарақаттанудан сақтап, сазды жерге жаймау керек. Аурумен күресуге оны уақыттылы анықтап, ауырған малды жедел оқшаулан, емдеудің маңызы зор.
Дауалау шараларын жүйелі түрде жүргізіп малды екі айдан қалдырмай ветеринариялық бақылаудан өткізіп, түяғын жонып отыру керек. Сарып байқалып түрған жерлерде қой-ешкіге жылына 2 рет 10% формальдегид, 5% парафин, 3-5% креолин немесе мыс купоросы ваннасынан өткізу керек. Бүл ерітінділерді бетонданған жайдақ шұңқырға немесе гигроскопиялық төсенішке (сабан, торф, ағаш үтіндісі) құядьқ
Табынды не отарды толықтырғанда сарыппен ауырған малды өсімге қалдырмау керек. Аналық малды төлдетер алдында арнайы санитариялық бакылаудан өткізеді. Сиырдың сыртқы жыныс мүшелерін дезинфектант (3% бор қышқылы, 9% лизол немесе марганец қышқылды калий) қосылған ерітіндімен жуады. Жас төлдің кіндігіне йод түнбасын жағады. Піштіру, акушерлік көмек кезінде, қозының құйрығын кескенде асептика ережелерін мүқият сақтау қажет.
Сарып байқалса ол шаруашылықты (ферманы, елді мекенді) бұл аурудан сау емес деп жариялайды да, шектеу қояды. Ауру жойылғанша ол жерден малдану (өсіру) үшін мал әкетуге тиым салынады. Барлық жануарларды клиникалық тексеруден өткізіп, ауруларын бөліп алып емдейді, қалғандарын бақылауға алып, дауалау шараларын жүргізеді. Емдеу нәтиже бермесе ауырған жануарларды санитариялық қасапханаға жібереді. Өлген малдың өлексесін, терісін алған соң өртейді не утильзаводқа жібереді. Ең соңғы сарыппен ауырған жануар өлген соң немесе жазылған соң бір ай өткенде қорытынды дезинфекңия жасап барып, шектеуді алады.