Практика өткен мекемеге немесе шаруашылыққа қысқаша сипаттама



бет10/11
Дата27.10.2022
өлшемі80,21 Kb.
#45768
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Дулат

Практика қорытындысы
Қорыта келгенде, сарыпқа бастапқы диагнозды аурудың клиникалық белгілері бойынша, сирақ пен баетың терісінің, ауыз бен жыныс мүшелерінің кілегейлі қабықтарының зақымдануына қарап қояды. Аса бір көңіл аударатын белгі іріңдеп, өліеттенген ағзалардың өзгеше жағымсыз иісінің болуы. Диагнозды растау үшін өліеттенген жағындыны үйреншікті әдістердің бірімен бояп, микроскоппен қарайды. Егер аламыштанып боялған, жіпше созылған немесе ұзын жіңішке грамтеріс таяқшалар болса, сарыпқа түпкілікті диагноз қойылады.
Микроскопияның нәтижесі айқын болмаса, өліеттенген ошақтан алынған материалдан қоректік ортаға себінді жасайды. Егер патматериал былғанышты болса, зертханалық жануарларға биосынама қояды. Ол үшін ақ тышқандарға немесе үй қояндарына патматериалдан алынған суспензиямен жұқтырады. Биосынаманың мақсаты - қоздырушының таза өсіндісін алу жэне оның уыттылығы мен зардаптылығын анықтау болып табылады.
Қойда сарыпты шірік бақайдан, жұғымтал эктимадан, аусылдан, шешектен, қозының стрептококты полиартритінен ажырату қажет. Сиырда обадан, вирустық диареядан, жүғымтал плевропневмониядан, зілді катарлы қызбадан, жүқпайтын стоматиттер мен дерматиттерден ажыратады.
Ауырған малдарды бөліп алып, едені қүрғақ алаңқайда, жауын-ша- шын өтпейтін асты құрғақ қорада үстайды. Ең алдымен дертке шалдыққан үлпаларды мұқият тазалап, жарақаттанған терінің маңайындағы жүнді тақырлап қырқады. Өліеттенген ұлпаларды қабыршақтанып кеткен ірің мен сора бөлінділерін мұқият аластап, антисептикалық ерітіндімен (3% сутегінің қосто- тығы, 0,2% калий перманганаты, 1% мыс купоросы) жуып, сульфаниламид препараттары мен тетраңиклин немесе пениңиллин қатарындағы антибиотиктердің бірін қолданады. Әсіресе, дибиомиңин жақсы нәтиже береді. Зақымданған теріні дибиомиңиннің 15% майдағы тұнбасын жағып, дәке бинтімен орап, оны 3-5 күннен кейін алады. Сонымен қатар, дибиомиңинді бүлшық етке малдың Ікг массасына 20 000 бірлік мөлшерінде 1% новокаин мен 30% глиңеринде езіп, суспензия түрінде жібереді. Қажет болған жағдайда 6-8 күннен кейін дибиомиңинді қайтадан жібереді. Басқа антибиотиктерден биомиңин (ішуге немесе бүлшық етке), террамиңин (тері астына) жэне сульфаниламидтер қолдануға болады. Вишневский жақпа майын пайдалану жақсы нәтиже береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет