Практика өткен мекемеге немесе шаруашылыққа қысқаша сипаттама
ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті «Республикалық ветеринарлық зертхана» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын Шымкент қалалық филиалына сиппаттама ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті «Республикалық ветеринарлық зертхана» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын Шымкент қалалық филиалында практикадан өттім.Шымкент қаласы 112 мөлтек ауданында Крейсера Авроры 48 мекен-жайда орналасқан.
ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті «Республикалық ветеринарлық зертхана» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын Шымкент қалалық филиалы:
1.Ауруларды диагностикалау бөлімі
2.Ветеринарлық - санитарлық сараптау бөлімі
Ауруларды диагностикалау бөлімі 4 бағытқа бөлінеді.
1. Бактериология
2. Вирусология
3. Паразитология
4. Серология
5.Токсикология
Ветеринарлық санитарлық сараптау бөлімі 3 бағытта жұмыс істейді.
1.Вет – санитарлық сараптау
2.Токсикология
3.Радиология
Бактериологиялық бөлімде шаруашылықта немесе жеке шаруа қожалықтарында мал ауырған немесе өлген жағдайда инфекциялық ауруларға тексеріледі. Атап айтқанда, сібір жарасы, сальмонеллез, пастереллез, листериоз, кампилобактериоз, бруцеллез, туберкулез, колибактериоз, т.б.
Вирусологиялық бөлімде ауырған немесе өлген малды вирустық ауруларға зерттейді. Атап айтқанда, құтыру, лейкоз, малдардың оба аурулары, аусыл, Ньюкасл ауруы, ларинготрахеит ауруы, Гамборо, Марек ауруы т.б.
Серологиялық бөлімде малдың қан сарысуын бруцеллезге, кампилобактериозге, лептоспирозға, қошқардың жұқпалы эпидидимитіне, су- ауруға, трипоносомозға тексереді.
Паразитология бөлімінде ауырған немесе өлген малды паразиттік және инвазиялық ауруларға тексереді. Атап айтқанда, эхинококкоз, фасциолез, диктиокаулез, аскаридоз, трихинеллез, финноз, кокцидиоз, дикроцелиоз т.б.аурулар.
Ал токсикологиялық бөлімде малдың қанын биохимиялық зерттеулер жасайды. Шаруашылықтарда уланулар шыққан жағдайда диагностикалық зерттеулер жасайды және жемнің, шөптің құрамын токсиндерге зерттейді.
Вет – санитарлық сараптау, радиология бөлімінде базарға түскен ауылшаруашылығы өнімдерінен бақылау сынамалары алынып тексеріледі.
Зертхана негізінде мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс жасайды.
ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті «Республикалық ветеринарлық зертхана» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын Шымкент қалалық филиалы,келесі мәселелер бойншы қызмет артқарады:
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзыреті шегінде ветеринария, ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомство және мемлекеттік орган болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы Министрлiкке ведомстволық бағынысты заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгідегi бланкілерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
5. Комитет, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болады.
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Комитеттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 016000, Шымкент қаласы, Крейсера Авроры 48
9. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
11. Комитет кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түспейді. Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістерді әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.
Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
Міндеттер:
1)жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
2)халық денсаулығын жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғау;
3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден әкелінген жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының енуінен және таралуынан қорғау;
5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспалардың қауіпсіздігі мен сапасын бақылау;
6) жануарлар диагностикалау, олармен күресу құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
7) жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруы кезінде қоршаған орта ластануының алдын алу және жою;
8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау және олардың біліктіліктерін арттыру.