4 Клиникалық диагностика
Сау малдарда мұрын ақпасы білінбейді (немесе сірлі, сірлі-кілегейлі ағынды түрінде аздап ағады).
Ринит, бронхит, пневмония, қосалқы қуыстардың қабынуы, өкпе ісінуі, ларинго-фарингит кезінде мұрын ақпасы үнемі немесе кезеңмен сірлі, сірлі-іріңді немесе шірікті ағынды түрінде бөлінеді.
Шығарылатын ауаны тексергенде оның күшін, температурасын, иісін ( өкпе гангренасында жағымсыз иіс, кетоз кезінде ацетон иісі, уремия кезінде аммиак иісі) анықтайды.
Мұрын қуысының кілегей қабатын көру арқылы немесе рефлектор көмегімен тексереді. Жылқыларда ол көкшіл-қызғылт, ірі қара малда- қызғылт болады. Ауру кезінде қызаруы, көгеруі, бозаруы, сарғаюы, ісінуі мүмкін. Кейде кілегей қабатының бүтіндігінің бұзылуы-жара, күлдіреуік, тыртық, бөртпе кездеседі.
Жылқылардың маңдай және үстіңгі жақ қуыстарының топографиялық шекаралары: маңдай қуысының алдыңғы шекарасы-бет қырларының ортасына дейін, артқы шекарасы- жақ буынына дейін, бүйір шекарасы- сыртқы маңдай қырына дейін жетеді. Үстіңгі жақ қуысының жоғарғы шекарасы-көздің ішкі бұрышынан жақ бұрышына дейін, төменгісі – бет қыры деңгейінде, алдыңғысы- орбита ортасының деңгейінде болады.
Ірі қара малда маңдай қуысының алдыңғы шекарасы- орбиталардың алдыңғы шеттерін қосатын сызық бойымен, артқысы-мүйіз аралық қырмен, бүйір шекарасы-маңдай сүйегінің сыртқы қырымен өтеді. Үстіңгі қуысының жоғарғы шекарасы- орбитаның ішкі қырынан бірінші премолярдың алдыңғы қырына дейінгі сызық бойынша, алдыңғысы- көзасты тесігінің деңгейінде, артқысы- орбита ортасының деңгейінде, төменгісі- бет төмпегінен мұрынға паралелль жүргізілген сызық бойымен өтеді.
Тақ тұяқтылардың ауа қаптары құлақ қалқанынан төменірек, атлант каналы мен төменгі жақ бұтағының артқы қырының арасында орналасқан. Ауа қабын көру, сипалау, нұқу әдістерімен және қажет болған жағдайда ренгеноскопия, рентгенографияны қолданып тексереді.
Өңеш пен кеңірдекті көру, сипалау және тыңдау әдістерімен тексереді. Бірқатар аурулар (сақау, жоғарғы тыныс алу жолдарының жұқпалы катары, ларингит және т.б.) кезінде ауырсыну, қабынулар, жергілікті температураның жоғарылауы байқалады.
Жөтелді зерттегенде оның күшіне,жиілілігіне, ұзақтығына және жөтелдің табиғатына (бронхит, трахеит кезінде- жаңғырған, пневмония кезінде –глухой, плеврит, өңеш қабынуы, бронхит және плевропневмония кезінде ауырсынудың байқалуы).
Тыныс алу қозғалыстарын зерттеуді көкірек қуысын көру арқылы тексеруден бастайды. Мұнда көкірек қуысының пішініне, көлеміне, қозғалғыштығына; тыныс алу түріне, жиілігіне, симметриялығына және ырғағына назар аударады. Көкірек қуысының пішінін, көлемін, қозғалғыштығын бүйірінен және артынан қарау арқылы анықтайды.
Тыныс алу түрін кеуде және құрсақ бұлшықеттерінің қозғалысы бойынша анықтайды. Ауылшаруашылық малдарында тыныс алудың кеуде-құрсақтық (косто-абдалинальдық),иттер мен терісі бағалы аңдарда – кеуделік тыныс алу. Ауылшаруашылық малдарында кеуделік тыныс алу- перитонит, қарынның жіті үлкеюінде, ішектердің метеоризмінде, мес қарынның тимпаниясында т.б. кездеседі. Ал, құрсақтық тыныс алу-плевритте, өкпе эмфиземасында, пневмонияда байқалады.
Тыныс алу жиілілігін көкірек қуысының, құрсақ қабырғасының, жылқыда мұрын қанаттарының қозғалысы бойынша, шығарылатын ауа ағындары бойынша, өкпе немесе кеңірдекті тыңдау арқылы анықтайды.
Ауруларда тыныс алудың жиілілеуі (палипноэ) және тыныс алудың сиреуі (олигопноэ) байқалады.
Палипноэ – өкпе ауруларында, плевра ауруларында, жүрек жетіспеушілігінде, анемияда, көптеген лихорадкалық ауруларда кездеседі.
Олигопноэ - көмекей мен ірі бронхиттардың диаметрінің кішіреюі, бас қысымының жоғарылауы, гастрит, кетоз т.б. ауруларда болады.
Тыныс алу мүшелерін тексергенде тыныс алу ырғағына назар аударады. Тыныс алу ырғағы дегеніміз- дем алу және дем шығару фазаларының дұрыс кезектесуі.
Достарыңызбен бөлісу: |