Практика өткен мекемеге немесе шаруашылыққа қысқаша сипаттама


Ветеринариялық иммунология



бет5/11
Дата27.10.2022
өлшемі80,21 Kb.
#45768
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Дулат

5 Ветеринариялық иммунология

Серологияльщ зерттеу. Жұқпалы ауруларды балауға серологиялық реакциялар кеңінен пайдаланылады. Серологиялық реакциялар антиген мен антиденелердің организмнен тыс өзара әрекеттесуінің нәтижесінен туындайды. Антиген мен антидененің қатысуынсыз ешбір серологиялық реакция жүрмейді. Сондықтан оларды серологиялық реакциялардың негізгі факторлары деп атайды. Көптеген серологиялық реакцияларда антиген мен антиденеден басқа қосымша факторлар деп аталған комплемент, конглютинин, антиглобулин, т.б. пайдалаиылады. Серологиялық реакциялардың компоңеңттері өзгермеген (табиғи қалпындағы), алып жүруші негізге (эритроцит, латеқс, декстран, т.б.) жабыстырылған жэне радиоактивті изотоп, люминисцентті бояу немесе тағы басқалармен таңбаланған болуы мүмкін. Антигеи мен антидене қосылғанда белгілі бір қүбылыс байқалады. Мысалы, антигендер жабысып іріміктенеді (агглютинация, преципитация) немесе ериді (лизис). Осы қүбылыстарды тікелей бақылаумен қатар, бір тектес қос компонентті жарыстырып, бірінің эсерін екіншісі тежеуі арқылы да серологиялық реакцияның нэтижесін бақылауға болады. Мүндай реакциялардың бірінші түрі тікелей жүретін реакциялар да, екіңші түрі - тежелінген реакциялар. Сонымен біздің пайымдауымызша серологиялық реакциялар негізгі екі жікке бөлінеді: қосымша факторлары жоқ реакциялар және қосымша факторлары бар реакциялар. Бүлардың әрқайсысы компонентерінің ерекшеліктеріне байланысты компоненттері өзгермеген, компоненттері жабыстырьшған жэне компоненттері таңбаланған деп аталатын үш топқа бөлінеді. Реақциялардың әрбір тобы қойылу ереқшеліктеріне қарай тікелей жэне тежелінген түрлерге бөлінеді.


Серологиялық реакцияларда антигенді, ңе болмаса антиденені айқындауға болады. Антигенді айқындау үшін алдын ала белгілі, кұрамында сол антигенге қарсы антиденелер бар қан сарысу немесе иммунологлобулиндер пайдаланылады. Керісінше антиденелерді айқындау үшін алдын ала белгілі стандарты антиген қажет.
Антигенді айқындау мақсатымен серологиялық зерттеу үшін қоздырушы микроб немесе оның антигені барау детен материалды пайдаланады. Мысалы, бұл мақсатпен құтырыққа ауырған жануардың миын, топалаңға малдың терісін тексереді. Патматериалда антигеннің табылуы диагностикалық маңызы жағынан сол аурудың қоздырушысының табылуымен пара-пар болып есептеледі.
Серологиялық реакңиялардың көмегімен бөлініп алынған ауру қоздырушысын да тексеріп, оның түрін, тіпті серологиялық вариант (серовар) деп аталатын қоздырушының айрықша жекелеген топтарын айқындауға болады. Сондықтан серологиялық реакңиялар бактериологиялық және вирусологиялық зерттеулердің басым көпшілігінің қүрама бөлігі болып табылады.
Серологиялық әдіспен ауру қоздырушысына қарсы антиденелерді айқындау үшін негізінен қан сарысуы тексеріледі. Бұл жолмен жұқпалы ауруларта диагноз қойғанда мынандай жайттарды ескеру қажет. Антидене жануарлардың қанында ауру нәтижесінде ғана емес вакңинамен иммундеу себепті болуы да мүмкін. Денесінде әр түрлі микробтардың ортақ антигендері болуы нэтижесінде ауырмаған және вакңинамен егілмеген организмде қалыпты (нормадағы) мөлшерде антиденелер кездеседі. Сондықтан антиденелердің диагностикалық титрі деген үғым қалыптасқан. Мысалы, сиырдың қан сарысуында бруцеллезге қарсы антидененің агглютйнаңия реакңиясындағы титрі 1:100-ден жоғары болғанда зерттеудің нэтижесі оң, яғни мал ауру деп есептеледі. Титрі 1:50 болса, зерттеудің нәтижесі дүдәмал, ал 1:25 және одан төмен болса реакцияның нәтижесі теріс, яғни мал сау деп есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет