Практикалық жұмыс №1



бет28/33
Дата07.06.2023
өлшемі1,33 Mb.
#99565
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
ОБСӨЖ тапсырмалары: Гендік инженерия түсінігі жетістігі: ГМО өнімдері
СӨЖ тапсырмалары: Генетикалық инженерияның практикалық маңызы


Пайдаланылатын әдебиеттер:
1.Әбилаев С.А. Молекулалық биология және генетика. 2008ж.
2. Қуандықов Е.Ө, Әбилаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы 2006ж.
3. Генетика, оқу құралы. Берсімбаев Р.І,Мухаметжанов Қ.Қ. Алматы. Қазақ ұлттық университеті, 2002ж.
4. Кершанская О.В. Генетическая инженерия растений. Практический подход. Алматы, 2007. -152 с.
5. Глик Б., Пастернак Дж. Молекулярная биотехнология. Принципы и применение. М.: изд. Мир. 2002.
Қосымша әдебиет:
1.Алмагамбетов К.Х. Основы биотехнологии. Астана, 2006 г.
2. Глик Б., Пастернак Дж. Молекулярная биотехнология. М., «Мир», 2002.
3. Сельскохозяйственная биотехнология. М.: Высшая школа, 2003.
4. Беккер М.Е., Лиепиныш Г.К., Райпулис Е.П. Биотехнология. «Агропромиздат», 1990
Электорнды ресурстар:
https://www.zinref.ru/
http://sabaq.kz/
https://thestrip.ru/
Практикалық жұмыс №14


Тақырып: Гендерді жануар клеткасында клондауды үйрену


Сабақтың мақсаты: Жануар клеткасында клондауды меңгерту
Оқыту міндеттері:
- Ағзаларды клондау ұғымын туралы толық ақпарат алу;
- Клондалған жануарларды бір-бірімен салыстыру;
- Гендерді жануар клеткасында клондауды үйрену
Сабақтың мазмұны:
Клондау - жасанды ортада өсіру арқылы рекомбинантты ДНҚ молекуласын анықтау әдісі. Келесі анықтама бойынша «Клондау – жеке клетканың немесе организмнің генетикалық біртипті көшірмесін жасау процесі. Сонымен қатар бұл организмдер тек қана сыртқы көрінісімен ғана емес, генетикалық код бойынша да бірдей. Неміс эмбриологы Г.Дриш ең алғашқы болып жасанды жолмен егіздерді алуға болатынын дәлелдеді. Теңіз кірпісінің клеткасын екіге бөліп, екі біртипті ағза алды.
Мал шаруашылық тәжірибеде «құрастырылған» жануарларды алу технологиясының екі түрі бар – түрдің ішінде және түрлердің арасында. Түрдің ішінде «құрастырғанда» клондалған, түрлердің арасында «құрастырғанда» - химералық жануарлар алынады.
Клондалған жануарларды алу екі әдісін айырады: Имплантацияға дайындалған ұрықтың дисекция әдісі. Осындай әдіспен алған жануарларды монозиготтық егіздер деп атайды.
Дисекция әдісі. Монозиготты жануарлар алу негізінде тотипотенттік (әр бір бластомераның ұрықтан бөлінгенде өмір сүре алатын тұқым беру қасиеті) жатыр, ал осындай әдіспен клондарды алу негізінде жануарлардың биологиялық ерекшеліктері жатыр – бір жұмыртқалы егіздерді табу.
Монозиготты жануарларды алу әдістемесі келесі процедуралардан тұрады.
1. Ұрғашы-донордың жыныс жолдарынан 2-8 бластомералық бөліну кезеңіндегі ұрықтарды алу.
2. Пеллюцид зонасын алу. Алу екі әдісін айырады: 1) микроманипулярлы құралдың астында механикалық бөлу; 2) фермент проназаның көмегімен ферментативтық әсер ету.
3. Ұрықты бөлек бластомераларға бөлу.
4. Бөлініп алынған бластомераларды энуклеардық жұмыртқа жасұшасына инъециялау.
5. Құрастырылған ұрықты агар цилиндіріне кіргізу. Агар ұрғашының жыныс жолында ерімейді, ұрыққа дамуға жағдайлар тұылады.
6. In vivo культивирлеу.Ұрықты агармен бірге реципиенттің жұмыртқа жолына кіргізеді. Реконструкциядан өткен ұрықтарды культивирлеу үшін реципиент ретінде қойлармен қолданады. Ұрықтарды бластоциста кезеңінедейін культивирлейді. Кейіннен лапаротомия әдісімен бластоцистаны жұмыртқа жолынан алып, агарды алып тастап, ұрықты бағалайды.
7. Биологиялық толық ұрықтарды ұрғашы-реципиенттің ипсилатералдық мүйізшесіне еңгізеді.
Энуклеация әдісі. Әдіс келесі процедуралардан тұрады:
1. Овуляциядан өткен жұмыртқа жасұшаны донордың репродуктивтық жолынан алып дайындау.
2. Микроинемен ұрықтандырылмаған жұмыртқа жасұшаны полярлы дененің астында кесіп цитохалазин қосылған фосфаттық ортаға салады.
3. Пипеткамен полярлы денені және оның қасындағы цитоплазманы бір сағат культивирлеуден кейін сорып алады. Сонымен жұмыртқа жасұшасы екіге бөлінеді. Полярлы дененің бар жартысында метафаза ІІ кезеңіндегі хромосома бар (жұмыртқа жасұшаның «ядролық» жартысы). Екінші бөлекте ядролық құрылымдар жоқ («энуклеардық» жарты).
4. Жануарлардың сома жасұшаларынан бөліп алған ядроларды «энуклеардық» жұмыртқа жасұшасына салады.
5. Электроқосылудан кейін ұрықтың цитоплазмасымен ядроны фосфаттық буферге салады.
6. Ұрықтарды агарға салу (әдістемесі жоғарыда көрсетілген).
7. In vivo культивирлеу. Реципиенттің жұмыртқа жолдарына ұрықтар отырғызылып 4-6 күн инкубацияға жатады.
8. Ұрықтарды алып биологиялық толықтығын анықтау.
9. «Құрастырылған» ұрықты ақырғы реципиентке отырту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет