Практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ы



Pdf көрінісі
бет35/45
Дата07.02.2017
өлшемі2,79 Mb.
#3575
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45

 
 
 

263 
 
ТАРИХ ҚОЙНАУЫНДАҒЫ АҚИҚАТ ПЕН ШЫНДЫҚ 
 
КІРТАЕВ Қ.А. 
Педагогикалық мамандықтар кафедрасының 
1- курс студенті 
Ғылыми жетекшісі:  АСТЕМЕС Г.К. 
Алматы университетінің аға оқытушы, т.ғ. магистрі 
 
«2015  жылды  ұлттық  тарихымызды  ұлықтау,  бүгінгі  белестерімізді  бағалау 
тұрғысынан  мерейлі  белестер  жылы  деп  есептеу  керек»,  –  деген  Елбасымыз 
Н.Ә.Назарбаев 2015 жылы Қазақстан Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ата Заңымыздың 
20 жылдығын атап өтетіндігімізді мәлімдегені баршамызға аян.  
Себебі,  Қазақ  тарихының  тамыры  тереңде  жатыр.  Біз  –  Орта  Азиядағы  ежелден 
келе  жатқан  мемлекеттердің  біріміз.  Біздің  ата-бабаларымыз  Алтай  тауларында  өмір 
сүрген.  Жалпы,  түркі  халықтарының  тарихы  ортақ  қой.  Осы  уақытқа  дейін  біз  тарихта 
орыс  және  батыс  ғалымдарының  жазбаларын  пайдаланып  келдік.  Шын  мәніндегі 
тарихты  әр  халық  өзі  жазуы  керек.  Олар  бұрын  тарихты  орыстық  көзқарас,  батыстық 
көзқарас  дүниетаным  тұрғысынан  жазса,  енді  біз  өзіміздің  көзқарасымыз  бойынша 
Тәуелсіздік тұрғысынан қарап төл тарихымызды жазу  біздің басты мақсатымыз.   
Сондықтан  да,  тәуелсіздік  алғалы  бері  Қазақ  хандығының  мерейтойы  алғаш  рет 
аталып  өтпекші.  Бұдан  елу  жыл  бұрын  кеңестер  жүйесінің  қыспағында  біз  ондай 
бастамаларды  көтере  алмадық.  Ал  600  жылдыққа  дейін  әлі  біраз  уақыт  бар.Оған  қоса, 
кейбіреулер  қазақ  халқының  мемлекеттілігін  сан-саққа  жүгіртіп,  оның  тарихына 
күмәнмен қарап отырған кезде бұл бастаманың саяси маңызы да зор. Дегенмен, алдағы 
мерейтой  қазақ  халқының  мемлекеттілігін  таныту  мақсатында  емес,  жастардың 
патриоттық сезімін барынша күшейту үшін өткізіледі. Оның да өзіндік «дипломатиялық» 
себебі бар.  
Өткен  тарихымыздың  қалпына  келтірілуі  бүгінгі  таңда  әлемдік  халықаралық 
қауымдастықтағы  ҚАЗАҚ  елінің  беделінің  одан  сайын  артуына  ықпал  етіп,  
мемлекеттілігінің бастауы кейбіреулер айтып жүргендей  кеше ғана құрылмаған бірнеше 
ғасырларға  созылған  тарих  екендігін,  оны  мекендеген   қазақтар  байырғы  халықтар 
қатарына жататындығын айғақтайды. Мемлекетіміздің құрылуын бұлай ерекшелеп атап 
өту,  қазақтар  осы  өңірдің  АБОРИГЕНДЕРІ  –  белгілі  бір  елдің  немесе  жердің  байырғы 
тұрғыны  екендігін  жоққа  шығаратындардың  күмәндарын   сейілтетіні  сөзсіз.   Бұлардың 
жаңа  қоныстанғандардан  айырмасы  –  аборигендер  өз  жерін  атам  заманынан  бері 
мекендеп келетіндігі. 
Шыңғысхан  ұрпақтары  үстемдік  еткен  Алтын  Орда,  Ақ  Орда,  Шағатай 
хандықтарының  ыдырауына  байланысты,  Дешті  Қыпшақ  даласы  мен  Орталық  Азия 
өңірінде  пайда  болған  ұсақ  хандықтардың  және  осы  хандықтардың   тағына  таласқан 
хандар  мен  сұлтандар  басқарған  түрліше  феодалдық  топтардың  тынымсыз  өзара 
соғыстарынан қанжілік болған халық бұқарасы бұл қырқыстарды тиятын, аласапыранды 
тоқтататын  бір  тұтас   мемлекетті   арман  етті.  Бұл   сол  кездегі  өз  алдына  бейбіт  өмір  
сүруді аңсаған қазақ халқының көкейтесті тілегі еді.  
Осы  кезде  Шайбани  әулетінен  шыққан  Дәулет  –  шайхтың  баласы  Әбілқайыр 
ханның  көк  кесене  төңірегіндегі  шайқаста  Үз-Темір  Тайшы  басқарған  ойрат  әскерінен 
ойсырай жеңілуі – Барақ ханнан кейін биліктен айрылған Өріс хан әулеті сұлтандарының 
бас  көтеріп,  жеке  бөлініп  шығуына  мүмкіндік  туғызады.  Осы  мүмкіндікті  дұрыс 
пайдаланған Өріс ханның ұрпақтары – Болатұлы Керей мен Барақ ұлы Жәнібек өздеріне 
қарайтын тайпаларды бастап, Әбілқайыр хандығынан бөлініп шығып, Моғолстан жеріне 
кетеді.  Онда  оларды  Моғолстан  ханы  Есен-бұға  аса  құрметпен  қабылдап,  өз 

264 
 
мемлекетінің  батыс  жағынан  Шу  бойы  мен Қозыбасы  өңірін  оларға  бөліп  береді.  Осы 
арада олар жаңа Қазақ хандығының шаңырағын көтереді. 
Ия,  әрбір  мемлекеттің  өз  тарихи  кезеңдері  болған.  Мен  бұл  мақаламен  қазақ 
хандығынаң тарихынан ұзінді көрсетпекпін. Қазақ ханды туралы деректер аз. Нақтылай 
келгенде жазбаша деректердиң аздығы. Қазирге жеткен жазбаша деректердің, бір біріне 
қарама  қайшы  келуінде.  Мысалы:  Нығмет  Мыңхан  (  Қазақтың  қысқаша  тарихы) 
кітабында. ( Ақ орданың ақырғы ханы Барақтың балалары Керей мен Әз Жанібек)- деп 
көрсетіледі .  
Бұл  дерекке  қайшы  келетін  мына  деректі  оқылық.    Салғараұлы  Қойшықара  ( 
Хандар кестесі) кітабында. ( Орыс ханнан жеті ұл бес қыз туды. Сол жеті ұлдың үлкені 
Тоқтақиядан, Болат, одан Керей. Ал екінші ұлы Құтылық Бұқадан-Құттужақ, одан Барақ( 
кей  жерде  Құиыршық).  Осы  Барақтан,  Жанібек  .  Бұл  жерде  Кереи  ,  Орыс  ханның 
шөбересі, ал Жәнібек шөпшегі болып келеді делінген. 
Оқырман  егер Барақ (Құиыршық) , Орыс ханның немересі болса делік. 
Дәл  осы  кітапта  Орыс  ханның  төртінші  баласы  Құиыршық  (хан)  делінген.  Бұл 
жерде Барақ( Құиыршық) немересі ме, алде баласы ма ?  Дәл осындай  қателіктер коптеп 
кездеседі  .  Анығына  келетін  болсақ    біздің  хандарымыздың  басында  Шыңғыс 
тұқымынан тараған ұрпақтар болды. Бұл туралы ешкім дау келтіре алмайды. Өткенімізді 
қазбалай  бермей  Жанібек  пен  Керейді,  Шыңғыс  ұрпағы  деп  қарастырып,  болашаққа 
ұмтылыс жасайық.  Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу тугел болса төбедегі келеді 
дегендей,  бір тоқтамға келсек , дұрыс болар еді. 
Тарих сырлары. Нақты шындық қайда деген жастардың  ойы . 
Ұлтжанды  азамат,  қазақтың   белгілі  жазушысы   Мұхтар  Мағауин  ағамыз  
айтқандай:  «Еңсемізді  қайта  көтеру  үшін,  рухани  жаңғырып,  санадағы  жарақат  жазылу 
үшін  әлі  де  бірталай  еңбектенуге  тура  келеді»  –  дегенде  осы  бабалар  тарихындағы 
бұрында әр түрлі құйтырқы саясатқа негізделіп, ұрпақтан әдейі жасырылып, айтылмай, 
жазылмай  жазылса  шынайы  тарих  бұрмаланып  берілген  оқиғалар  бүгінде  қалпына 
келтірілуі тиіс екендігі туралы  айтқан еді.  Біз өз мемлекеттілігіміздің тарихын санауда 
550  жылдықпен  шектеліп  қалмай,  өз  жерімізде  арғы-бергі  замандарда  дәуірлеп  өткен 
мемлекеттермен тарихи тамырластық және сабақтастықты сақтауға тиіспіз. Мәселен, 545 
жылы  Ашина  Бумын  қаған  Түркі  Елін,  Қағанатты  құрды.  Демек,  алдағы  2015  жылы 
түркілер  тарихындағы  тұңғыш  мемлекеттің  құрылғанына  1470  жыл  толады.  Қазақ 
мемлекеттілігін нығайтуға ықпал ететін осындай айтулы даталарды мерекелеуге  бағыт-
талған іс-шаралар бір жылмен шектелмей, үйлесімді түрде 2016 жылы Қазақстан Респуб-
ликасының  Тәуелсіздігінің  25  жылдығына  жалғасуға  тиіс.  Осылайша,  қазақстандықтар 
бойында мемлекеттік ой-сана бекиді және егемендігіміздің қуатты тұғырына айналады. 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Салғараұлы Қойшықара   (Хандар кестесі) кітабы 
2.
 
Нығмет  Мыңхан (Қазақтың қысқаша тарихы) кітабы 
 
КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚ АВТОНОМИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНДАҒЫ КҮРДЕЛІ 
МӘСЕЛЕЛЕР 
 
НАЙМАНБАЕВ А., БАЙЖОМАРТОВА А. 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 
Тарих, археология және этлогия факультетінің 2 курс магистранты 
Ғылыми жетекшісі: ҚОЗЫБАҚОВА А. 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 
Тарих, археология және этлогия факультетінің профессоры, т.ғ.к. 
 
Қазақ АКСР-нің құрылуы оңай іске асқан жоқ. Тіпті ол Қазан төңкерісінен кейінгі 

265 
 
алғашқы  айларда  жарияланған  ұлттық  өзін-өзі  билеу  және  автономиялы  Түркістан  мен 
Қазақстанды  құру  идеясын  қабылдамай  Ленин  мен  большевиктер  партиясы  унитарлық 
мемлекет  құруға  кірісті.  Бірақ,  Азамат  соғысы  шет  аймақтар  халықтарының  ұлттық 
мемлекеттігі  туралы  идеясымен  санаспауға  болмайтынына  большевиктердің  көз  жетті. 
Компартия  мен  Кеңес  үкіметі  кеңестік  негізде  Қазақ  автономиясын  құру  жөнінде 
дайындық  жүргізіп,  ал  азаматтық  соғысы  аяқталғанда  жоғары  қарқынмен  жүзеге 
асты.Қазақ  Кеңес  Автономиясын  құру  туралы  мәселе  РКП(б)  Орталық  комитетінде, 
саяси  бюроның  мәжілістерінде,  Бүкілресейлік  Орталық  Атқару  Комитеті  мен  РСФСР 
халық Комиссарлар Кеңесінің отырысында кеңінен талқыланды. Соған байланысты 1920 
жылғы  25  тамызда  РКП(б)  Орталық  Комитетінің  Саяси  Бюросы  РКП(б)  облыстық 
бюросының  жаңа  құрамын  бекітті.  Облыстық  бюроның  және  қырғыз  революциялық 
комитетінің председателі болып революционер, 1898 жылдан партия мүшесі В.А.Радус-
Зенькович  тағайындалды.  Қазақстанның  партия  және  совет  органдарын  нығайту  үшін 
партияның  Орталық  комитеті  1920  жылдың  екінші  жартысында  мұнда  жүзге  тарта 
қызметкерлер  жіберді,  олардың  арасында  коммунистік  университетті  бітірушілер  де 
болды [1.231-б.]. 
1920  жылы  26  тамызда  В.И.Ленин  мен  М.И.Калинин  Бүкілресейлік  Орталық 
Атқару  Комитеті  мен  РСФСР  Халық  Комиссарлар  Кеңесінің  «Автономиялы  Қырғыз 
(Қазақ) Социалистік Кеңестік Республикасын құру туралы»  декретке нақты қол қойып, 
бекітті.  
Қабылданған декреттің бірінші пунктінде былай делінген: «РСФСР-дің бір бөлігі 
Автономиялы  Қырғыз  (Қазақ)  Социалистік  Кеңестік  Республикасы  құрылсын»  [2].  15 
пункттен 
тұратын  декреттің 
2-пункті 
Қырғыз 
Автономиялық 
Социалистік 
Республикасының  құрылуы  және  оның  әкімшілік  шекаралары  туралы  қарастырды.Осы 
декрет  бойынша  Қазақ  Республикасына  Семей,  Ақмола,  Торғай  және  Орал 
губерниялары, Маңғыстау уезі, Закаспий  облысының Красноводск уезіндегі 4-ші және 
5-ші Адай болыстары, Астрахань губерниясындағы Синемор болысы, Бөкей ордасы мен 1-ші 
жіне  2-ші  Приморье  округтарына  шектес,  қазақтар  қоныстанған  бұрынғы  қазыналық-
оброктық жерлердің территориясы кірді [2.271-б.].  
1920  жылы  22  қыркүйекте  Бүкілресейлік  Орталық  Атқару  комитетінің  жаңа 
декреті  бойынша  Қырғыз  АКСР-ның  құрамына  Орынбор  губерниясы    қосылып, 
Орынбор  қаласы  республиканың  астанасы  ретінде  жарияланды.  1920  жылы  Түркістан 
республикасының  құрамында  болып  келген  қара  қырғыз  автономиялы  облысы  осы 
облыс  халқының  еркі  бойынша  Қырғыз  (Қазақ)  АКСР  құрамына  кірді.  Бұл  туралы  да 
арнайы декретте көрсетілді. 
Декретте республиканың мемлекеттік өкілеті мен басқару органдарының құрамы 
жергілікті кеңестер мен олардың атқару комитеттері,  Орталық  Атқару комитеті,  Халық 
Комиссарлары  Кеңесі  не  халық  комиссариаттары  түрінде  белгіленді.  Мемлекеттік 
механизм РСФСР конституциясына сәйкес жалпы ресейлік үлгі бойынша құрылды. 
Декреттің  8  пунктінде:  «Қырғыз  АКСР  барлық  қажетті  финансты  және 
техникалық құралдарды РСФСР-дің қаржысынан алады» делінді [1.231-б.]. 
Бұл  пункті  қазіргі  заман  көзқарасымен  саналы  түрде  ойласақ,  сол  кездегі 
шовинистік  пиғылды  Ресейдің  Қазақ  жеріндегі  мешеулікті,  оқыстан  күйзеліске 
ұшыраған  экономиканы  дамыту  деген  желеумен  қазақ  елін  отарлауы  еді.Осы  декретке 
байланысты  Кеңестердің  болыстық,  уездік,  губерниялық  съездері  болды.  Міне,  осы 
съездерде  Қазақстан  кеңестерінің  Құрылтай  съезіне  делегаттар  сайланды.    Қыркүйек 
айында  Қырғыз  (қазақ)  Революциялық  комитеті  мен  РКП(б)  облыстық  бюросы  съезді 
шақыру туралы мәселені талқылап, оның жұмыс есеб ін бекітті. Кеңестердің съезі 
ашылар  қарсаңында,  1  қазанда  съезді  өткізуге  байланысты  ең  маңызды  мәселелерді 
талқылаған өлкелік партиялық кеңес болып өтті [1.231-б.]. 
1920  жылы  4  қазанда  сағат  18-де  Орынбор  қаласында,  Я.М.Сверлов    атындағы 

266 
 
клубта  Қырғыз  революциялық  комитетінің  председателі  В.А.Радус-Зенькович  Қырғыз 
АССР  жұмысшы-шаруа,  казак,  қырғыз  (қазақ)  және  қызыл  әскер  депутаттарының 
құрылтай  съезін  ашты.  Съезге  Қазақстанның  барлық  облыстарынан  273  делегат  және 
Алтай  губерниясының  қазақ  халқынан  6  делегат  қатысты.Делегаттардың  ішінде  128 
қазақ, 127 орыс, басқа ұлттардың 18 өкілі, 197 коммунист және 4 тілектес болды [1.233-
б.]. 
Кеңестердің  құрылтай  съезі  «Қырғыз  АКСР-і  еңбекшілері  құқықтарының 
декларациясын» қабылдады [3.301-б.]. 
№ 187 Қырғыз (қазақ) АКСР-і еңбекшілерінің құқықтарының декларациясында: 
I.  Ресейдегі    шаруалар    мен    жұмысшылардың  жеңіске  жетуіне  байланысты 
алдамшы  саясат  пен  өтірікке,  арандатуға,  патшалық  билік  түсындағы  басқаруға,  сол 
уақытта  Ресейде  мекендеген  халықтарға  буржуазияның  менсінбей  қарауына  тоқтау 
болады; 
II.  Осы  қарым-қатынастың  негізгі  туысқандық  байланысты,  сенімді,  түсінікті 
Ресейдегі және әлемдегі барлық ұлттар мен еңбекшілер өз санасымен қабылдауы керек,-
деген мәселелерді басты назарда ұстады. Сонымен қатар: 
V.  Қырғыз  АКСР-ның  1-ші  құрылтай  съезі  барлық  еңбекшілердің  рухани,  саяси 
дамуын қамтамасыз ете отырып мына мәселелерді алға қояды: 
1.  Қырғыз  өлкесі  жұмысшылардың,  еңбекші  қырғыз  (қазақ)  халқының, 
шаруалардың,  казак  және  қызыл  армия  депутаттарының  республикасы        болып 
жарияланады.  Қырғыз  АКСР-ның  басқару  органдары  болып  жергілікті    Кеңес 
депутаттары,  Қырғыз  Орталық  Атқару  Комитеті  және  ҚАКСР  ХалКом  Кеңесі  болып 
табылады. 
2.  РСФСР-дың  басқа  автономиялы  бөліктеріндегідей  Қырғыз  АКСР-де 
эксплуататор  болып  биліктің  кез-келген  өкілі  еш  жерде  істеуге  құқы  жоқ.  Бүкіл  билік, 
яғни  заң  шығарушы,  атқарушы,  бақылаушы  қызметтер  толығымен  еңбекші  халыққа 
беріледі. V тараудың 2 бабында сайлау және сайлану құқығы туралы да жазылған және 
полицияда жұмыс істегендер, қамқоршысы бар адамдар, сотты болғандар  т.б.   адамдар   
сайлауға   және   сайлануға құқы жоқ  деп көрсетілген. 
3.  Қырғыз  АКСР-і  федеративтік  Советтік  республикалар  одағының  құрамына 
автономды мүше болып қабылданды... [2.301-б.]. 
Декларацияның  мазмұнына  қысқаша  тоқталсақ,  ұлттық  езу  мен  құлдану 
саясатына  қарсылығын  жариялап,  халықтардың  тең  праволығы,  өзара  сенімге,  Кеңес 
мемлекетінің  барлық  еңбекшілерінің  таптық  мүдделерінің  ортақтығын  түсінуге 
негізделген олардың тығыз топтасу және туысқандық ынтымақтасу принципін қуаттады. 
Кеңестердің  құрылтай  съезі  жер  мәселесі  жөнінде,  экономикалық  құрылыс  туралы, 
әкімшілік  мәселесі  жөнінде,  кеңес  юстициясын  құру  туралы,  халыққа  білім  беру, 
денсаулық  сақтау  туралы  және  басқа  да  мәселелер  жөніндегі  шешім  шығарды. 
Азаматтардың еңбек ету. Отанды қолына қару ұстап қорғау міндеттері де белгіленді .  
Қазақ халқының алдында 1920 жылдары бірнеше күрделі мәселе тұрды. Олардың 
қатарына  жаңа  қоғам  орнату,  тап  жауларымен  күресу,  бірақ  осы  мақсатқа  жету  үшін 
халыққа қажетті нәрсенің бәрін өндіру керек болды. Сондықтан Қазақстан Кеңестерінің 
бірінші  құрылтай  съезі  осы  саясатты  жалғастыру  үшін  елдегі  азық-түлік  өндіретін 
монополиялардың  барлығын  мемлекет  меншігіне  алуды  ойлады.  Ал  қазақ  өлкесінде  ол 
басқаша  жүргізілді.  Кеңестер  съезі  қазақ  халқының  көшпелі  тұрмыс  салтын  ескеріп, 
оларға  мемлекетке  мал  өткізуді  тапсырды,  отырықшы  халыққа  астықтың  көлемін 
ұлғайтып мемлекетке астық  өткізу  туралы ескертті.  Сонда халық олардың ойынша бір-
бірімен  қамтамасыз  етеді,  яғни  ұжымдық  алмасу  болып  аталады.  Бірақ  бұл  саясаттың 
арты неге, қандай жағдайға апарғаны белгілі. Съезде бұл мәселе Наркомпродқа жүктелді 
[2.279-б.]. 
Жер  мәселесі  қазақ  үшін  басқа  мәселелермен  салыстырғанда  ең  маңыздысы 

267 
 
болып  табылады.  Оның  көшпелі  мал  шаруашылығы  да  жер  көлемінің  үлкендігіне 
байланысты дамыды. 
Социалистік  құрылысқа  жылдам  өту  және  еңбекшілердің  қаналуын  жою  үшін 
бірінші  съезде жер мәселесі  ең маңызды болды. Патша үкіметінің отарлық  саясатының 
қалдықтарын жою үшін, тағы басқа себептерімен отырықшы және көшпелі тұрғындарға 
жер  өңдеу  ісімен  айналысу  тапсырылды.Көшпелі  және  жартылай  көшпелі  өмір  сүретін 
халықты  отырықшы  өмірге  үйрету  үшін  екі  қауым  арасындағы  черезполосицаларды 
құртуға  кірісті.  Съезде  қамтылған  тағы  бір  мәселе  республикадағы  азық-түлік 
тапшылығын  жою  үшін  егіс  алқаптарының  көлемін  ұлғайту  және  сол  арқылы  көшпелі 
халықты  отырықшылыққа  үйрету  болды.  Бірақ  бұл  қабылданған  тезистердің  көпшілігі 
жергілікті халық - қазақтарға пайдасын әкелген жоқ [4.78-б.]. 
Сөйтіп қазақ жеріндегі большевиктер мен Алашорда арасында болған ұзақ талас-
тартыс,  дау-дамайдан  кейін  Қазақ  Автономиялы  Кеңестік  Социалистік  Республикасы 
дүниеге  келді.  Қазақстандағы  большевиктер  өздерінің  алғашқы  құрылтайын  да  өткізіп, 
декларациясын  жариялады.  Коммунистер  партиясы  ұсынған  даму  жолы  қазақ  елі  үшін 
азабы мол жол болды. Ол үшін қазақ демократиялық зиялы қауымының ешқандай кінәсі 
жоқ.  Туған  елінің  еркіндігі,  тәуелсіздігі  үшін  соңғы  деміне  дейін  күрескен  оның  өзі  де 
империялық  саясаттың  құрбаны  болды  [5].  Алаштың  зиялы  қауымы  аңсап  кеткен  
«еркіндік»  қазақ елінің  Кеңес билігі тұсында да тәуелсіздік алу үміті ақталмады. 1920 
жылғы жарияланған кеңестік қазақ автономиясы тек әшекейлік дәрежедегі құрылым ғана 
еді,  ал  шын  мәнінде  Қазақстанның  ішкі  өміріне  байланысты  мәселелердің  түйіні 
Орталықта шешілді. Қазақстанның жақын арадағы және ұзақ мерзімдік даму бағыттары 
алдымен метрополия мүддесі тұрғысынан анықталатын болды. 
Қорыта  айтқанда,  Кеңестік  билік  Қазақстанда  сменовехтер  айтқандай 
«шалғамдық»  (редисочный,  яғни  сырты  қызыл,  іші  ақ)  сипат  алды.  Революция  орыс 
мүддесіне бейімделіп, патшалық тәртіп орындай алмай кеткен істерді орындап берді. 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы, 1995. - 475 б. 
2.
 
Қазақ ССР тарихы. 4-т. - Алматы, 1981. - 220-б. 
3.
 
Образование  Казахской  АССР.  Сб.  Материалов  и  документов.  –  Алматы, 
1957. - 269-б. 
4.
 
Омарбеков  Т.,  Омарбеков  Ш.  Қазақстан  тарихына  және  тарихнамасына 
ұлттық көзқарас. Алматы, 2004. - 325-б. 
5.
 
Әбуов Қ. Қазақстан тарихының ақтаңдақ беттерінен. – А., 1994. – 31-б. 
 
ҚАЗАҚСТАНДЫ ЗЕРТТЕУ ҚОҒАМЫ (1920 – 1930жж.) 
 
ОРАЗАЛЫ Г.Е. 
Алматы университеті, «Тарих» мамандығының 4 курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: СЕЛКЕБАЕВА А.Т. 
Алматы университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты. 
 
Қазақстанның әлем қауымдастығы қатарынан егемен ел ретінде өз орнын тауып, 
тәуелсіздік  туын  тіккен  осы  бір  өзгерістер  заманында  еліміздің  кешегі  тарихына  деген 
көзқарас  та  мүлдем  жаңа  сипатқа  ие  болды.    Оның  бір  көрінісі  осы  уақытка  дейін 
бұрмаланып  ақиқаты  айтылмаған  немесе  бір  жақты  қаралған  тарихи  құбылыстарды  ой   
өткізі,  оларға  объективті  баға  беруге  деген  талпыныс.  Еліміздің  дамуында  тарих 
ғылымының алдында зор міндеттер тұрғаны жайында Республикамыздың  Президенті Н 
Ә Назарбаев «Тарих толқыныда» атты еңбегінде былай деп жазған-ды:  «Қазақтың сана-
сезімі өткендегі қазіргі және болашақтағы – тарихтың толқынында өзінің ұлттық  «Мен» 
дегізерлік қасиетін түсінуге тұңғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр. 

268 
 
Бірақ  бұл  мүмкіндік  қана,  ол  шындыққа,  тек  қазақтардың  ғана  емес,  барлық 
қазақстандықтардың жаппай санасына орныққан фактіге айналуы қажет. Ал осы міндет 
біздің алдымызға тек қана, бір ғана ұлы мүмкіндік түрінде емес, қатал қажеттілік түрінде 
де  қойылып  отыр.  Оны  шешсек,  біз  тарихтың  өзімізге  шақталған  мезгіліне  сәйкес 
боламыз, тарихи болымсыздықтың бос қуысында босқа қарманып жүрмейміз» [1]. 
 «Қазақстан  Республикасында  тарихи  сана  қалыптасуының  тұжырымдамасында» 
отандық  тарих  ғылымы  алдында  тарихи  білімнің  үзіктілігі  мен  біржақтылығынан 
мүмкіндігінше  арыла  отырып,  өткен  тарихымыздың  шынайы  бейнесін  жасау  қажеттігі 
баса айтылған [2]. 
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуынан кейінгі  жиырма үш жыл  уақыт 
өткеніне  қарамастан,  отандық  тарихтың  әр  түрлі  салалары  бойынша  ғылыми 
зерттеулердің  қарқынды  түрде  жүргізіліп  жатқандығы  баршамызға  аян.  Дей  тұрғанмен 
әлі  де  болса  өз  кезегін  күтіп,  ғылыми-зерттеу  нысанасына  айналмаған  тақырыптар  да 
бар. Соның бірі “Қазақстанды зерттеу қоғамының” тарихы. 
Кеңестік кезеңдегі тарихи оқиғалардың өрбу барысына көз жүгіртер болсақ, оның 
бастапқы  кезеңінің  күрделі,  әрі  қарама-қайшылықта  толы  болғандығын  байқаймыз.  ХХ 
ғасырдың  20-30-шы  жылдарындағы  азамат  соғысынан  кейінгі  тарих  ғылымының  даму 
мәселесі аса күрделі таптық және идеялық күрестермен ұштастырылған еді. 
Қазақстандағы  тарихи  зерттеулерді  30-шы  жылдардың  ортасына  дейін  бірнеше 
мекемелер  мен  қоғамдық  ұйымдар:  Қазақтың  маркстік-лениндік  ғылыми  зерттеу 
институты  (КНИИМЛ),  Қазақтың  ұлттық  мәдениетінің  ғылыми  зерттеу  институты 
(КНИИНК),  Қазақстанды  зерттеу  қоғамы  (ОИК)  жүргізді.  Сонымен  қатар  тарих 
саласында ғылыми-зерттеулерді азды-көпті болса да Қазақстанның орталық мемлекеттік 
мұражайы,  Орталық  мұрағат  басқармасы  және  “Қазақ  АКСР-ның  10  жылдығы” 
атындағы мемлекеттік көпшілік кітапханасы атқарған болатын. [3]. 
20-шы  жылдардың  басындағы  кеңестік  жаңа  интеллигенцияның  ғылыми 
зерттеулер  төңірегіндегі  айтыс-тартыстары  қызу  идеологиялық  мазмұнға  ие  болды. 
Шығыс халықтарының соның ішінде қазақтардың рухани жаңғыруы мәселесіне қатысты 
айтыс-тартыстар әр түрлі деңгейде, тіпті ең бір “тыныш” делінген мәдениет саласында, 
мысалы халық ән-күйіне де қатысты жүргізілді. 
Қазақстанды  зерттеу  қоғамының  отырыстарында  тұрақты  түрде  халық  ағарту 
ісінің,  денсаулық  сақтау,  кәсіби  өнер,  әдебиет,  ғылымның  жағдайы  мен  болашағы 
жайында  баяндамалар  тыңдалып,  өте  қызу  талқылаулар  мен  айтыстарға  айналатын. 
Мысалы,  Қазақстанды  зерттеу  қоғамының  отырысының  бірінде  қазақтың  ән-күй 
өнерінің  даму  жолдары  туралы  баяндама  тыңдалғанда,  оған  қатысты  екі  жақты 
көзқарастың  бар  екендігі  көрініс  берді.  Өнертанушы  И.П.  Словохотовтың  айтуы 
бойынша:  “Прививка  европейской  культуры  казахскому  народу  должна  повести  в 
ближайшем будущем к вытеснению родных мотивов из сердец казахов...” – делінсе, оған 
қарсы И.П. Третьяков мынаны айтты: “...необходимо дать казахским детям европейское 
музыкальное  образование  с  тем,  чтобы  в  будущем  на  основе  народного  музыкального 
творчества  строить  свое  художественное  творчество.  Только  тогда  возможно  ожидать 
появления  казахских  симфоний  и  опер,  и  в  казахском  народе  может  появиться  свой 
Глинка, который поведет казахскую музыку по новому национальному руслу, приобщив 
казахское искусство к общей сокровищнице музыкального творчества народных гениев” 
[4].  
Міне,  жоғарыда  айтылған  пікірлерге  жүгіне  отырып,  қоғамдық  өмірдің  барлық 
саласында  20-шы  жылдардың  басында  қалыптасу  кезеңінің  еркін  түрде  өткір 
қайшылықтармен өрбігенін көреміз. Тоталитарлық жүйенің қанды шеңгеліне жол ашқан 
30-шы  жылдарға  қарағанда,  20-шы  жылдардың  басын  еркіндік,  кең-тыныстау  жылдары 
деуге де болады. Дәл осы жылдары “Алаштың” көшбасшыларына кешірім жасалған еді. 
“Қырғыз  (қазақ)  өлкесін  зерттеу”  қоғамының  жұмысы  да  (Орынбордағы),  “Қырғыз 

269 
 
мәдениетін  көркейтушілердің  “Талап”  қоғамының  (Ташкенттегі)  ғылыми-мәдени 
қызметінің жандануы да осы кезеңге дәл келеді. ” [5]. 
Ал, осыдан кейінгі 30-шы жылдардағы Қазақстанның тарих ғылымы жайында ой 
толғасақ,  анығына  көз  жеткізуде  қиындық  тудыратын  нәрселер  жетістігіміз  көп  пе, 
жоғалтқанымыз  көп  пе  және  тарихтың  таласты  мәселелерінде,  шығармашылық  немесе 
келісімпаздықтың,  күрес  немесе  ауытқушылықтың  қай  жағына  шыққанын  дөп  басып 
айту  қиын.  Бір  жағынан  алғанда,  осы  кезеңде  жаңа  ғылыми  мекемелердің  құрылуы, 
қалыптасуы  жүріп  жатса,  екінші  жағынан  өлкетану  ісіне  ешбір  себепсіз  тосқауыл 
қойылып,  өзінің  бар  мүмкіндігін  тауысып  болмаған,  толыққанды  жұмыс  істеп  жатқан 
Қазақстанды  зерттеу  қоғамы  жойылды,  өлкенің  өткен  тарихын  жан-жақты  зерттеуге 
ұрандаумен қатар, дәл осы кезде ғалымдарды және олармен қызметтес болған мемлекет 
немесе  партия  қайраткерлерін  жаппай  қырып-жою  басталады.  Аса  зор  қиындықтармен 
және аздаған тиражбен, ғылыми тұрғыдан шалалау болса да, аса құнды мәліметтер мен 
байқауларға  толы  еңбектер  басылып  шықты,  бұған  керісінше  көпшілік  қауым  жиырма 
жылдан  астам  уақытқа,  кітапханалар  мен  сауда  сөрелерінен  “халық  жаулары” 
дегендердің  шығармалары  алынып  тасталынуы  себепті  олармен  танысу  құқығынан 
айырылды. 
 ХХ  ғасырдың  бастапқы  кезін  қоғамдық  санада  ұлт-азаттық  идеяларының 
күшейіп, ұлттық рухтың оянуына түрткі болған кезең деп айтуға болады. Бұған ұйытқы 
болған  ұлттық  мәдениеттің  жанашырлары  –  қазақ  зиялылары  еді.  Ұлттың  жаршысы 
болған қазақ баспасөзін ашудан бастаған олар, азаттық идеяларын жалпыұлттық санаға 
айналдыру  жолында  қызмет  етті.  Кейін  кеңес  өкіметі  орнаған  соң,  ұлттық 
интеллигенцияның мәдениет саласындағы қызметін-азаттық жолындағы күрестің ерекше 
түрі  деп  түсінген  дұрыс.  Мұндағы  айтпақ  ойымыз,  қоғамда  объективтік-тарихи  жағдай 
қалыптасқан  кезеңде  ұлттың  зиялы  қауымының  қоғамдық  сананы  қалыптастыруы 
арқылы  өмірді  белгілі  бір  арнаға  бағыттауға  мүмкіндігі  болатындығы,  қазақ  елінде 
қалыптасқан  мұндай  жағдайды  Ресей  империясында  жүзеге  асырылған  қазан 
революциясы басқа арнаға бұрып, өз ықпалына бағындырып алды. 
Бұл  жерде  орыс  интеллигенциясының  радикалды  тобы  арасында  социалистік 
идеологияға берілгендік басым болса, 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ зиялы 
қауымы демократиялық құндылықтарға жақын болғандығын айтуымыз керек.     
Жалпы  ХІХ  ғ.  аяғы  мен  ХХ  ғ.  басында  орыс  интеллигенциясының  идеологиясы 
мен саяси психологиясында ұлттық идеология басымдылықта болмады. Орыс философы 
Н.А.  Бердяев  бұл  туралы  мынаны  айтады:  “Дәстүрлі  интеллигентік  санада 
қайырымдылық,  әділеттілік,  халықтың  қамы,  халықтар  туыстығы  сияқты  құндылықтар 
болды,  бірақ  әлемдік  құндылықтар  дәрежесінде  ерекше  орын  алатын  ұлттық 
құндылықтар болмады” [6]. 
Бұл  берілген  сипаттаманың  қазақ  интеллигенциясына  ешбір  қатысы  болмады. 
Отарлық-империялық 
езгіде 
болған 
елдің 
интеллигенциясы 
ретінде 
оның 
идеологиясының басты бағыты – ұлт-азаттық мағынада болуы заңды құбылыс еді. Оны 
ұлт  зиялылары  жақсы  түсінді.  Осыған  байланысты,  Міржақып  Дулатовтың  1923  жылы 
Ахмет  Байтұрсыновтың  50-жылдығына  арнап  жазған  мақаласында  Ақаңның  жазған 
мына  бір  ойы  келтірілген:  “Если  пришлый  элемент  окажется  в  культурном  отношении 
сильнее  коренного  населения,  то  со  временем  последнее  должно  быть  поглощено 
первым.  И  наборот,  если  оба  окажутся  в  равной  мере  культурными,  тогда  только  они 
могут  развиватся  самостоятельно,  существовать  на  одинаковых  правах  и  сохранить 
национальный  облик  свои...  Поэтому  перед  нами  во  всем  своем  величин  выростает 
вопрос  о  самостоятельном  существовании  киргизского  народа.  Для  того,  чтобы 
сохранить  свою  самостоятельность,  нам  необходимо  всеми  силами  и  средствами 
стремится  к  просвящению  и  общей  культуре;  для  этого  мы  обязаны  первым  долгом 
заняться развитием литературы на родном языке. 

270 
 
Никогда не нужно забывать, что на самостоятельную жизнь вправе претендовать 
только тот народ, который говорит на своем языке и имеет свою литературу” [7].  
Кеңестік кезеңдегі Қазақстандағы тарихи оқиғалардың мың құбылған заманында 
“Қырғыз  (қазақ)  өлкесін  зерттеу”  қоғамы  төңірегіне  топтасқан  ғылыми-мәдени  топтың, 
қазақ  зиялыларының  қызметі  мен  осы  қоғамның  тарихына  толғамды  зерттеу  жүргізіп, 
оны  өркениеттілік  негізде  бағалау  қазіргі  кезеңнің  өзекті  мәселелерінің  бірі  болып 
табылады. 
Бұл  мәселені  жан  –  жақты,  әрі  терең  қарастыру  еліміздің  мәдениет  тарихын 
зерттеуге қосылған белгілі деңгейдегі үлес болар еді. 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. – 293-296 бб.  
2.  Қазақстан  Республикасында  тарихи  сана  қалыптасуының  тұжырымдамасы.  – 
Алматы: Қазақстан, 1995. – 32 б. 
3.  Лунин  Б.В.  Из  опыта  историко-краеведческой  работы  в  Средней  Азии  и 
Казахстана (20-30-е годы) // История СССР. – 1968. –№ 5. – С.190-191. 
4.. ҚРОММ, 693-қ., 1-т., 4-іс, 1-3-пп. 
5.Селкебаева  А.Т.  Қазақстанды  зерттеу  қоғамы»1920-1936жж.)  –Алматы:«Алла-
Прима»,2013.- 154б. 
6. Бердяев Н.А. Судьба России. – М.: МГУ, 1990. – 240 с.  
7.  Дулатов  М.  Ахмет  Байтурсунович  Байтурсунов  //  Труды  общества  изучения 
Казахстана. – Оренбург, 1923. – Вып.3. – 213 с.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет