Практикалық онлайн-конференция материалдары материалы международной научно-практической онлайн конференции



Pdf көрінісі
бет10/67
Дата24.03.2017
өлшемі6,56 Mb.
#10133
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы 

қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауы.  Астана, 

14 желтоқсан, 2012ж. 

2.  Избаева  Ү.,Тілеуова  Р.  «Психологиялық  кеңес  берудің  әдістері»//  Психологияны 

мектепте және ЖОО-да оқыту. №2, 2010.  

3. Немов Р.С. Психологическое консультирование. Москва, ВЛАДОС, 2001. 

 

 



КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ КӨПТІЛДІ МЕҢГЕРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ 

 

Утепова Лаззат Кенесовна 

Жетысай медицина колледжінің орыс тілі пәнінің оқытушысы 

Мақтарал ауданы, ОҚО 

 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  «Әлеуметтік-эканомикалық 



жаңғыру  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  жолдауында  басты  мақсат  ретінде 

қазақстандықтарға білім берудің жаңа сапасына көшу екендігін атап көрсетті. Қазіргі кезде 

білім беру жүйесін реформалау – білімді игеру кезінде күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге 

негізделініп  отыр.  Сонымен  қатар  заманауи  білім  беруді  модернизациялау  стратегиясын 

«құзыретті білім беру» деп аталынуда [1]. 

Қай  кезеңде  болмасын,  көп  тілді  меңгерген  халықтар  мен  ұлттар  алдыңғы  қатарлы 

елдің  қатарына  кіріп,  өзінің  коммуникациялық  және  интеграциялық  қабілетін  кеңейтіп 

отырғаны  тарихтан  белгілі.  Мәселен,  ежелгі  Мысырдың  өзінде  бірнеше  тілді  білетін 

мамандар иерархиялық сатымен жоғарылап, көбіне салық төлеуден босатылған көрінеді. 

Қазіргі  таңда  әлемнің  алпауыт  мемлекеттері  көп  тілді,  әсіресе  халықаралық  тілдерді 

меңгеруді  маңызды  міндет  деп  санайды.  Сондықтан  біз  де  өз  халқымыздың  қарыштап 

дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан 

туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман 

бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Осы ретте, президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың: 

«Қазір  біз  балаларымыз  қазақ  тілімен  қатар  орыс  және  ағылшын  тілдерін  де  белсенді 

меңгеру  үшін  жағдай  жасауға  шаралар  қабылдап  жатырмыз.  Үштілділік  мемлекеттік 

деңгейде ынталандырылуы керек», – деген болатын. 

Құзыретті  маман  дайындау  мәселесін  құзыретті  білім  беру  арқылы  шешуге  болады. 

«Қазіргі  заман  талабына  сай  құзыретті  маман  қандай  болуы  керек?»  деген  сұрақ  әркімнің 

көкейінде  тұрады.  Құзыретті  маман-өз  бетінше  білім  алып,  құбылмалы  заманға 

ыңғайланып,  жаңа  ақпараттық  технологияларды  меңгерген  жеке  тұлға.  Өз  ұлтымызды, 

мемлекетімізді  өркендететін  білімді,  болашағы  зор  шәкірттер  тәрбиелеу  үшін  бірінші 

кезекте балалардың ойын, сезімталдығын, тілін дамытуды қолға алу жөн. «Бұлай оқытудың 

бастапқы  идеясы  оқушыларды  дайын,  жаттанды  білімменен  сусындату  емес,  керісінше 

жоғары  деңгейдегі  сұрақтардан  туындайтын,  сыни  тұрғыдан  ойлануға  түрткі  болатын  «не 

болар  еді?»,  «қалай  өзгертуге  болады?»-деген  сұрақтарға  оқушылар  өздерінің  ойын 

пікірталаста  еркін  айта  білетін,  өз  біліміне  өзі  жауап  бере  алатын  жеке  тұлғаны  елімізде 

тәрбиелеп  шығару».  Дәстүрлі  сабақ  тек  мұғалімнің  монологымен,  рұқсатымен  жауап 



68

 ~ 



 

берумен,  мұғалімнің  бағалауымен  шектеліп  қалса,  ендігі  сабақтар  оқушылардың 

диалогымен,  өзін-өзі  немесе  бірін-бірі  бағалаумен,  ойларын  еркін  жеткізумен 

жалғаспақ.Үлгерімі  орта,  өзіне,  біліміне  сенімсіз,  ұялшақ  оқушылар  топта  бірлесе  оқу  іс-

әрекеті  арқылы  диалогқа  түсіп  өзгереді.  Қазіргі  оқыту  жүйесінде  жаңаша  мазмұн-жас 

ұрпақтың  әлемдік  сапа  деңгейіндегі  білім,  білік  негіздерін  меңгеруінің  басты  нысаны. 

Тұлғаға бағытталған білім оның жан-жақты дамуына ықпал етеді. 

Үш  тұғырлы  тіл  саясатын  дұрыс  түсінбей,  тек  қана  қазақ  тілін  қолданайық  деп 

даурыға  берудің  қажеті  жоқ.  Одан  да  біз  мемлекеттік  тілді  дамытып,  орыс  тілі  мен 

ағылшын  тілін  қажетіне  қарай  үйренуіміз  керек.  Бүгінде  ағылшын  тілі  бастауыш 

сыныптардан бастап оқытыла бастады. Бұл, өте дұрыс бетбұрыс. Себебі, бала жастайынан 

тілді базалық деңгейде білсе, болашақта кәсіби деңгейде үйреніп алуына мүмкіндік туады. 

Қазақ  мектебінде  оқыған  жас  қалада  тұрғаннан  кейін  орыс  тілін  де  білетіні  айдан  анық. 

Сонымен  қатар,  ағылшын  тілі  тереңдетіліп  оқытылғаны  құптарлық  дүние.  Қазіргі  кезде 

мектеп бағдарламасынан ағылшын тілін еркін меңгерген көптеген бітірушілер шет елдерде 

білімін дамытып, тәжірибесін молайтуда. 

Осы орайда Елбасы «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының 

бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-

жігерімізді  жұмсауымыз  керек»,–  деген  болатын.  Мейлінше,  көп  тілді  меңгеру  қажет, 

дегенмен өз ана тілімізді ешқашан ұмытпағанымыз жөн [2]. 

Әрине, бүгінде егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болып әлемге жар салып жатқан дүбірлі 

кезеңде қазақ ұлтының жанына сүйеу, рухына тіреу болатын басты мәселенің бірі осы – тіл. 

Мемлекеттік  тіл  мәртебесіне  ие  болған  қазақ  тілі-ұлттық  руханиятымыздың  өзегі.  Қазіргі 

кезде қазақ тілін дамыту, оқытудың деңгейін арттыру мәселесі көтеріліп, осы орайда түрлі 

шара  атқарылып  жатқаны  баршамызға  аян.  Қазақ  тілінің  қолдану  аясын  кеңейту,  оның 

мүмкіншіліктерін  барынша  пайдалану  –  еліміздің  әрбір  азаматының  абыройлы  міндеті. 

Адамзат мәдениетінің негізі-тілде. Кез-келген ұлттың басты ерекшелігі – оның ана тілінде. 

Ұлттың  жаны  мен  жүрегі  ары  мен  ұяты,  қазына-байлығы  мен  атақ  абыройы  тілге 

байланысты. Жер бетіндегі сан мыңдаған ұлттардың ішінде тек қазақ халқы өз тілін ана тілі 

деп ардақ тұтып, қастерлейді. Қазақ үшін тілден құдіретті ештеңе болмаған [3]. 

Тіл  адам  баласының  басты  қазынасы  болғандықтан  –  тіл  байлығы  елдің  елдігін, 

жұртшылығын,  ғылымы  мен  әдебиетін,  өнеркәсібін,  мәдениетін,  қоғам-құрылыстары  мен 

салт-санасының,  жауынгерлік  дәстүрінің  –  мұрасының  қай  дәрежеде  екенін  танытатын 

дәлелді  көрсеткіші.  Әр  халықтың  ғұмыры  –  оның  тілінде.  Әрбір  тіл  өзінің  халқы  үшін 

«Ұлы» деп қырғыздың атақты жазушысы Шыңғыс Айтматов айтқандай, тіл – ұлттың тірегі. 

Ол  жан-дүниеңді  ашып  көрсететін  мөлдір  айнаң.  Тіл  жоғалса,  ұлт  та  жоғалатыны  белгілі. 

Барлық  қазақстандықты  біріктіретін  –  қазақ  тілі  сондықтан,  егемен  елімізді  сақтап  қалу 

үшін ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік тілге ерекше ықылас қажет. 

Қазақ тілі Қазақстан халқының ортақ тіліне айналып қоғамдық қатынаста мемлекеттік 

тіл  мәртебесімен өз тұғырында нық  орныққан тіл болып қалыптасуы үшін атсалысу әрбір 

қазақстандықтың  мемлекет  алдындағы  жауапкершілігінің  басты  шарты  деп  айтсақ,  артық 

айтқандық  емес.  Тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйінін  айтқанда,  Елбасымыз  атап 

көрсеткендей:  «Дауға  салса  алмастай  қиған,  сезімге  салса  қырандай  қалқыған,  ойға  салса 

қорғасындай балқыған, өмірдің кез-кезген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, мәңгі 

жас, отты да ойнақы Ана тіліміз» мәңгі жасасын демекпін. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

2012  жылғы  27  қаңтар.  ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ЖАҢҒЫРТУ  -  ҚАЗАҚСТАН 

ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ. 

2.  Назарбаев  Н.Ә..  Ұлт  жоспары  –  «100  нақты  қадам»:  баршаға  арналған  қазіргі  заманғы 

мемлекет. – Астана, 2015. 


69

 ~ 



 

3.  НЗМ  тәжірибелерін  жалпы  орта  мектептерге  енгізу  мәселелері  мен  ҚАЗАҚСТАН 

РЕСПУБЛИКАСЫНДА 

12 


ЖЫЛДЫҚ 

ЖАЛПЫ 


ОРТА 

БІЛІМ 


БЕРУ 

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ. 

 

 

КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУДЕ ДУАЛЬДІ ЖҮЙЕСІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ 



 

Серик Алтынай Маликовна 

Жетысай медицина колледжінің тіршілік қауіпсіздік негіздері пәнінің оқытушысы,  

Мақтарал ауданы, ОҚО 

 

Еліміздің  индустриялық-инновациялық  даму  міндеттері  ауқымының  жедел 



қарқынымен  өсуіне  байланысты  техникалық  және  қызмет  көрсету  еңбегінің  кадрларын 

даярлауда  сапалы  ұмтылыстың  қажеттілігі  туындап  отыр.  Осыған  байланысты  елімізде 

заман  талабына  сай  білімді,  озық  технологияларды  жетік  меңгерген,  кәсіби  білікті 

жұмысшы  мамандар  даярлауда  техникалық  және  кәсіптік  білім  беретін  оқу  орындарына 

үлкен міндеттер мен талаптар жүктеліп отырғаны белгілі. 

Техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  ұйымдары  индустриялық-инновациялық 

дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасын  іске  асыруда  ерекше  рөл  атқарады.  Қазіргі  таңда 

кәсіптік  салада  жан-жақты  білімді,білікті,  бәсекеге  қабілетті  маман  даярлау  олардың 

әлеуметтік, кәсіптік, өзіндік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді. 

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың 

мемлекеттік  бағдарламасын  жүзеге  асыруда  педагогикалық  кадрлардың  біліктілігін 

арттыру  жүйесін  жетілдіру  және  құрлымдық  жүйелерінің  өзара  әрекеттестігі  мен 

тиімділігін арттырудың маңызы зор. 

Елбасының  «Қазақстан  жолы  –  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты 

Қазақстан халқына Жолдауында  «Таяудағы 2-3 жылда дуалды, техникалық және кәсіптік 

білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек»  яғни, келешекте жастардың 

техникалық  білім  алуын  мемлекеттік  кепілдендіруге  көшіруді  қарастыру  қажет  деп   атап 

көрсеткен.  Қазақстанның инновациялық болашағы еңбек ресурстары сапасына сай тікелей 

байланысты  болғандықтан  түбегейлі  жаңа  әдіс  және  технология   қажеттілігі  туралы 

мәселеге   Елбасы  аса  назар  аударды.  Елбасының  тапсырмасы  бойынша  Қазақстанда 

техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  жүйесін  жаңғырту  үдірісі  басталды.  Осыған  орай, 

мамандарды  даярлау  жүйесінде  оқытудың  дуалдық  жүйесін  енгізу  тапсырылды.  Қазіргі 

кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі-техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең 

тиімді жолдарының бірі болып табылады. 

Дуалды  білім  беру  дегеніміз,  ол  техникалық-кәсіптік  оқу  орындарының  жұмыс 

беруші  жеке  сектордағы  өндіріс,  шаруашылық  мекемелерімен  серіктестік  ретінде  бірлесе 

отырып,  нарық  заманында  бәсекелестікке  төтеп  бере  алатын,  жаңа  инновациялық-

технологиялық  бағдарламаларды  меңгеруге  дайын  жұмысшы  мамандарын  даярлау  деген 

сөз. 


Дуалды  оқыту  жүйесі  дегеніміз-теорияны  өндіріспен  ұштастыра  оқыту 

технологиясы. Ол алғаш Германияда пайда болып негізі қаланды. Дуалды оқыту жүйесінің 

кәсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде дәлелденген. 

Дуалды  оқыту  жүйесі  қазіргі  дүниежүзілік  тәжірибеде  бар  дүние.  Оның  жарқын 

мысалдарының бірі-Германиядағы кәсіптік-техникалық білім берудегі даярлаудың дуалдық 

жүйесі. Мұнда білім алушылар уақытының үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп өндірістен 

қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға 

арнайды. 

Келешекте  дуалды  білім  беру  жүйесін  іске  асыру  барысында  келесі  мәселелерді 

шешуге мүмкіншілік береді: 

1. Талапкерлердің кәсіби өзін өзі билеуі; 



70

 ~ 



 

2. Оқу мекемесінің тартымдылық беделінің артуы, студенттер контингетінің жоғарылауы; 

3.  Білім  алушылардың  қызығушылығы  мен  сұранысына  қарай  бағдарламалар,  элективті 

(икемді) курстар бағдарламаларын әзірлеу

4.  Мамандықты  тереңірек  ойланып  таңдауға,  социализация,  тапқырлық  пен 

шығармашылыққа бейімдейтін біліктіліктің дамуы; 

5. Дуалды жүйе бойынша оқытылатын тұлғаның қажетті біліктілік пен еңбек дағдыларына, 

кәсіби білімге ие болып еңбек нарығында сұраныс деңгейінің жоғарылуы; 

6. Бітірушілерді дайындау деңгейінің жоғарылауы; 

7. Бітірушілерді одан әрі жұмысқа орналастыру, жұмыссыздықтың қысқаруы; 

8. Бітірушілердің әлеуметтік бейімделуі; 

9.  Білім  беру  мекемелерінің  жобаларды  жүзеге  асыру  кезеңдерінде  қосу  арқылы 

кәсіпорындармен өзара әрекеттесу аясын кеңейту; 

10. Білім беру мекемелерінің бәсекелесуге қабілеттілігін жоғарылату. 



Дуалды білім беру жүйесінің тиімділігі: 

- мамандарды даярлаудың дуалды жүйесі білім берудің дәстүрлі нысандары мен әдістерінің 

негізгі жетіспеушіліктері – теория мен тәжірибе арасындағы алшақтықты жояды; 

-  даярлаудың  дуалды  жүйесінің  құрылымында  маманға  әсер  етіп,  болашақ  қызметкердің 

жаңа психологиясын жасау механизмі жатыр; 

-  қызметкерлердің  дуалды  білім  алу  жүйесі  білім  алу  мен  жұмысқа  дағдылануға  жоғарғы 

мотивация  береді,  өйткені  олардың  алған  білімдерінің  сапасы  жұмыс  орындарында 

атқаратын қызметтік міндеттеріне тікелей байланысты; 

- сәйкес мекемелер басшыларының өз қызметкерлерін іс жүзінде оқытуға мүдделілігі; 

- тапсырыс берушімен тығыз қатынаста жұмыс істейтін оқу орыны оқу барысында болашақ 

мамандарға қойылатын талаптарды ескереді

-  дуалды  білім  беру  жүйесі  таяу  жылдары  Қазақстанның  кәсіби  оқытуында  кеңінен 

қолданылуы мүмкін. 

- мамандардың кәсіби дайындығын жоғарылатуға ықпал етеді; 

-  еңбек  өнімділігі  артады,  халықтың  көшіп  –  қонуы  азаяды,  әлеуметтік  шиеленіске  жол 

берілмейді. 

Дуалды оқыту  жүйесі  келешекте маманның болашақ кәсібі бойынша жұмыс орнын 

табу  мәселесіне,  оқуға  да,  ынтасына  да  тікелей  әсер  етеді.  Олар  өндіріске  маман  ретінде 

бекітіле  отырып,  оқу  барысында  ерекше  көзқарас  қалыптастырып,  жауапкерілікті  түсініп, 

қызыға  оқиды.  Сонымен  қатар  студент  өндірістік  ұжымдағы  қарым-қатынасқа  ерте 

бейімделіп,  әлеуметтік  ортаға  үйренеді.  Бұл  жерде  еңбек  нарығында  сұраныс  болса,  жаңа 

бітірген жас маман жұмысқа тез-ақ орналасатынын ерекше айтып өткім келеді. Ақиқатында 

жастарға  дуалды  оқыту  жүйесі  ересек  өмірге  өтуге  бейімделу  жеңіл  болады.  Оқу 

барысында  өз  еңбегіне  ақы  ала  отырып,  ал  кейін  жақсы  маман  жұмыс  орнына  кедергісіз 

орналаса  алатын  болады.  Дуалды  оқыту  жүйесі  Германия,  Австрия,  Дания,  Нидерланды, 

Швейцария  сияқты  көптеген  еуропалық  елдерде  және  соңғы  жылдары  Қытайда  және 

Азияның  басқа  да  елдерінде  кең  тараған  және  оң  нәтижеге  ие  болып  отыр  және  осы 

дамыған  елдердің  қатарында  Қазақстан  Республикасыда  биік  тұғырдан  көрінетіне 

сенімдімін.  Дуалдық  жүйе  бойынша  оқыту  білім  алушылардың  кәсіби  біліктер  мен  

дағдыларды,  іскерліктерді  тікелей  жұмыс  орнында  меңгеріп,  жан-жақты  кәсіби  дамуына 

мүмкіндік  беріп,   түрлі  жүйелердің  –  білім,  ғылым,  өндірістің  –   өзара  байланысын,  өзара 

әсерін,  өзара  кірігуін  қамтамасыз  ету  арқылы  кәсіптік  білім  беру  жүйесінің  сапасын 

арттыратындығы сөзсіз. 

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  «Техникалық  және  кәсіптік  білім  беруді  дамыту  жүйесіне 

қызмет  ететіннің  барлығы  -  біздің  еліміздің  болашағына  қызмет  етеді»  -деп  атап 

көрсеткендей,  дуалды  білім  беру  жүйесі  еңбек  нарығында  сұранысқа  ие  мамандарды 

даярлауға мүмкіндік беріп, әрбір түлектің оқу орнын бітіріп шыққан соң жұмысқа орналаса 

алуына  кепілдік  береді,  демек  кәсіптік  білім  беру  жүйесінің  сапасын  арттыратындығы 

сөзсіз. 


71

 ~ 



 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.  Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

бағдарламасы.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2010  жылғы  7  желтоқсандағы  № 

1118 Жарлығы. 

2.  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев:  «Қазақстан  жолы  -2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір 

болашақ». 17 қаңтар, 2016ж 

3.  «Техникалық  және  кәсіптік  білім  беруді  дамытудың  жолдары»,  Білім  беру  мекемесі 

басшыларының анықтамалығы № 4 (13) 2007ж; 

4.  Жолдасбекова  С.А., Нуржанбаева  Ж.О.  Дуальді  оқыту  жүйесін  ендіру  арқылы  колледж 

студенттерінің  еңбек  құндылығын  қалыптастырудың  мәні.  Қазақ  мемлекеттік  қыздар 

педагогикалық  университетінің  70-жылдық  мерейтойына  орай  «Сапалы  білім  беру  мен 

ғылымды  дамыту  –  заман  талабы»  атты  Халықаралық  форум  материалдары.  306-308б. 

Алматы қаласы, 15 қыркүйек 2014ж. 



 

 

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ АЯСЫНДА ЖАСТАРҒА КӘСІПТІК БІЛІМ 

БЕРУ МАҢЫЗЫ 

 

Нурбекова Парида Нурсалибидиновна 

Жетысай медицина колледжінің медбикелік іс негіздері пәнінің оқытушысы  

Мақтарал ауданы, ОҚО 

 

Ел  Президентінің  Жолдауында  баршамыздың  мақсатымыз,  мүддеміз,  тағдырымыз 



бір,  сондықтан  да  мәңгілік  ел  болуымыз  үшін  бірлікте,  татулықта  болу  маңыздылығын 

айтқан  болатын.  Қазақстанның  мәңгілік  ел  болуы  ертеңгі  ел  тұтқасын  ұстар  жастар 

қолында,  терең  білім  игеріп,  ізденіп,  білікті  маман  атанып,  өмірге  бейім  болу  қажеттілігі 

«көзі  ашық,  көкірегі  ояу»  жанға  түсінікті.  Ел  ертеңі-білімді  де  тәрбиелі  ұрпақ,  білікті 

маман. Ұрпағымыз тәрбиелі, білімді, саналы болған жағдайда ғана елімізді көркейтуге үлес 

қосып,  арман-мақсаттары  «Мәңгілік  ел»  мұратымен  ұласпақ.  Ел  болу  мәселесі,  ұлтты 

сақтау,  жерді,  туған  атамекенді  қорғау  мәселесі  қазақ  халқы  үшін  қашанда  тарихи  даму 

тұрғысынан маңызды болып келе жатқаны белгілі. Осы аталған мәселелер ешқашан да күн 

тәртібінен түскен емес [2]. «Мәңгілік ел» мұратымен үндесетін ұлы мақсаттарды ертеңіне 

ұластырып, жалғастыру бүгінгі кәсіби білікті жастарымыздың қолында.  

Елбасы  өзінің  Қазақстан  халқына  арнаған  кезекті  Жолдауында  да  «Мәңгілік  Ел» 

идеясының  тарихи  астарына  тоқтап  өтті.  «Мәңгілік  Ел  -  ата-бабаларымыздың  сан  мың 

жылдан бергі  асыл арманы. Ол арман әлем елдерімен терезесі  тең қатынас құратын, әлем 

картасынан  ойып  тұрып  орын  алатын  Тәуелсіз  Мемлекет  атану  еді.  Ол  арман  тұрмысы 

бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз 

армандарды  ақиқатқа  айналдырдық.  Мәңгілік  Елдің  іргетасын  қаладық.  Мен  Мәңгілік  Ел 

ұғымын  ұлтымыздың  ұлы  бағдары  -  «Қазақстан-2050»  Стратегиясының  түп  қазығы  етіп 

алдым»[1],-деп атап өткен болатын. Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің 

экономикалық даму жетістігі сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне, 

біліктілігіне,  кәсіби  құзіреттілігіне  байланысты.  Өйткені  білім  арқылы  ғана  қоғамның 

интеллектуалдық  капиталы  мен  инновациялық  әлеуеті  қалыптасады,  білім-қозғаушы  күш. 

Қазақстан  Республикасында  білім  беру  жүйесіндегі  модернизациялау  үдерісі  -  білім 

мазмұнын  жаңарту  мен  сапасын  арттыру,  білім  берудің  ұлттық  моделін  жетілдіру, 

ақпараттық технологияларды меңгерту сынды кешенді шараларды жүзеге асыруда.  

Ел  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  жыл  сайын  халыққа  ұсынған  Жолдауында  білім 

саласына  ерекше  басымдық  беріп,  жастардың  білім-біліктілігін  жетілдіру  үшін  барлық 

жағдай  жасауда.  «Қазақстан  -  2050»  Стратегиясында:  ―  Біздің  жастарымыз  оқуға,  жаңа 

ғылым-білімді  игеруге,  жаңа  машықтар  алуға,  білім  мен  технологияны  күнделікті  өмірде 



72

 ~ 



 

шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы 

жағдайлармен  қамтамасыз  етуіміз  керек.  «Біздің  басты  мақсатымыз  –  2050  жылға  қарай 

мықты  мемлекеттің,  дамыған  экономиканың  және  жалпыға  ортақ  еңбектің  негізінде 

берекелі қоғам құру. Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету 

үшін  аса  маңызды  болмақ»  [1]  деп,  Қазақстанның  алдыңғы  қатарлы  жоғары  дамыған  30 

мемлекеттің деңгейіне жетіп, ену үшін нақты мақсаттар жүктелді.  

Техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  саласын  дамыту,  кәсіби  білікті,  сапалы 

мамандар  дайындау  үшін  шетелдік  халықаралық  тәжірибелерді  кіріктіре  отырып  қолға 

алып жатқан, дуалдық оқыту жүйесі де мемлекет тарапынан жоғары деңгейде қолдау болса, 

оң нәтиже береді деген сенім бар.  

Дуалдық  оқыту  жүйесінде  кәсіптік  білім  беру  өнеркәсіп  өміріне  дайындық  жүргізу 

үшін  білім  алушының  теориялық  және  практикалық  дағдысын  қалыптастыру  мақсатында 

жүргізілетін негізгі оқыту жүйесі болып табылады. Дуалды оқыту әдісі әлемнің көптеген ірі 

дамыған  мемлекеттерінде  мысалы,  Германия,  Австрия,  Дания,  Нидерланды,  Швеция, 

Англия, Оңтүстік Корея сияқты дамыған елдерінде жоғары нәтиже беріп жүргізіліп келеді. 

Яғни,  білім  алушыны  жан-жақты  дайындау.  Сонымен  қатар,  еңбек  нарығындағы 

жұмыссыздық мәселесін шешу, жас білім алушының жаңа технологияны меңгере отырып, 

еңбек  нарығында  сұранысқа  ие  бола  алатындай  жұмыс  күшін  қалыптастыру.  Сондықтан, 

дуалды  оқыту  жүйесі  өнеркәсіп  саласына  қажетті  мамандарды  даярлау  мәселесін  толық 

қанағаттандыратын  негізгі  жүйенің  бірі  болып  табыла  отырып,  дуалды  оқыту  жүйесі 

арқылы,  білім  беру  мен  кәсіпорын  арасында  тығыз  байланыс  орнайды.  Бұл  оқыту 

жүйесінінің тиімділігі жан-жақты талқыланып, білім және ғылым министрлігі шет елдердің 

тәжірибелерін  зерттей  келе,  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  жүйесіне  енгізуді 

басшылыққа  алуда.  Бұл  жүйенің  басымдығы  оқытудың  өндіріспен  тығыз  байланысын 

орнату. Зерделей келе бүгінгі таңда елімізде осы жүйені қолданысқа енгізу қолға алынуда. 

Мұнан  «Мәңгілік  ел»  идеясын  жалғастыратын,  елінің  дамуына  үлесін  қосатын  білікті  де 

білімді,  құзіретті,  өз  ісінің  шеберін  қалыптастыру  күтілуде.  Құзыреттілік  қалыптастыру 

дегеніміздің  өзі  болашақ  кәсіби  маманның-қазіргі  студенттердің  шығармашылық 

қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне 

шығу,  жаңаны  түсіне  білуге,  білімнің  жетіспеушілігін  сезінуге  үйрету  арқылы  ізденуге 

бағыттауды  қалыптастырудағы  күтілетін  нәтижелер  болып  табылады.  Өңір  экономикасы 

қарқынды  дамып  келе  жатқан  кезде  кәсіптік  білім  беруді  дамыту  үшін  бірінші  кезектегі 

міндеттерді шешу маңызды. Ол бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылады. Олар: бірінші – 

лицейлер  мен  колледждердің  материалдық-техникалық  базасын  жаңғырту.  Осыған  орай 

бүгінгі  таңда  жастардың  техникалық  және  кәсіптік  білім  алуға  бетбұрысы  жаман  емес; 

екінші  бағыт  –  кәсіптік  оқытудың  дуалды  жүйесін  енгізу  арқылы  әлеуметтік  әріптестікті 

дамыту.  Мұның  нәтижесінде  болашақта  өз  қызметкерлері  арасынан  сауатты,  білімді  жас 

мамандарды  көргісі  келетін  кәсіпорындар  оларға  сапалы  білім  алуға  көмек  қолын  соза 

бастады.  Жалпы  алғанда,  кадр  даярлаудың  практика,  тағылымдама,  шәкіртақы,  еңбекке 

орналастыру  сынды  дәстүрлі  кезеңдері  өз  нәтижесін  беруде;  үшінші  бағыт  –  бәсекеге 

қабілетті  маман  дайындау  үшін  инновациялық  технологияларды  қолдану.  Бүгінгі  таңда 

мемлекетіміздің 

интеллектуалды 

ұлт 

қалыптастыру 



міндеттері 

функционалдық 

сауаттылықты  дамытуға  негізделетіні  белгілі.  Ол,  біріншіден,  интеллектуалдық  еңбектің 

мәртебесін  көтеріп,  жастардың  білімділікке,  парасаттылыққа,  Отан  мен  халыққа  қызмет 

етуге деген қарым-қатынасын өзгертуді; екіншіден – ұлттық интеллектінің діңгегін құру, ол 

үшін халықаралық  деңгейде бәсекеге түсе алатын білімді, жаңаша ойлайтын, қабілеті мол 

тұлға  қалыптастыруды;  үшіншіден  –  білім,  ғылым  және  инновациядағы  серпілісті 

қамтамасыз ету міндеттерін іске асыруы тиіс.  

Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі модернизациялау үдерісі - білім 

мазмұны  мен  сапасын  арттыру,  білім  берудің  ұлттық  моделін  жетілдіру,  ақпараттық 

технологиялар  жөнінде  жаңаша  педагогикалық  көзқарас  қалыптастыру  секілді  кешенді 

шараларға  тікелей  қатысты.  Әлем  тәжірибесі  көрсеткендей,  кез-келген  мемлекеттің 



73

 ~ 



 

экономикалық  жетістігі  сол  елдің  білім  жүйесі  мен  азаматтарының  білім  дәрежесіне 

байланысты.  Өйткені  білім  арқылы  ғана  қоғамның  интеллектуалдық  капиталы  мен 

инновациялық  әлеуеті  қалыптасады,  елдің  стратегиялық  жоспарлары  білімді  де  білікті 

тұлғалармен  жүзеге  асады.  «Өрлеу»  біліктілікті  арттыру  ұлттық  орталығы  бүгінгі  таңда, 

педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесіндегі негізгі ұйым болып табылады. 

Облыстық  филиал  педагогтардың  сапалық  құрамын  арттыруға  және  кәсіптік  шеберлігін 

жетілдіруге бағытталған жұмыстар атқарады. Институт өз жұмысында мына принциптерді 

басшылыққа  алады:  қоғамға  бағытталуы;  ғылымилық  және  инновациялық,  жаңа 

технологиялар,  ғылыми  білім  мен  ақпаратты  қолдану;  педагогтардың  өмір  бойы  үздіксіз 

білім  алуын  қамтамасыз  ету;  білім  сапасын  мен  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыруға 

бағытталған қызметтің жаңа түрлерін меңгеру; ақпараттың ашықтығы және қол жетімдігі; 

әрбір  адамның  жеке  жауапкершілігі;  барлық  құқықтық  нормаларды  сақтау  және 

педагогтардың  біліктілігін  арттыруда  көшбасшылық  пен  жаңашылдықты  ендіру.  Осы 

бағыттағы  білім  мен  біліктілігі  үйлескен  педагогтар  ғана  ел  ертеңі  үшін  еңбек  етер 

жастарды қалыптастырады, заманауи білім мен ұлттық тәрбиені ұштастыра біледі[3].  

Елбасының  келешек  ұрпағымыздың  өсіп-өнуі  үшін  жасап  жатқан  парасатты 

қадамдары  өте  мол.  Еліміздің  балабақша,  мектеп,  колледж,  жоғары  оқу  орындарына 

арналған  стратегиялық  білім  беру  бағдарламалары  жастардың  білім  мен  ғылым  жолында 

жан-жақты  дамуларына,  жаңа  өзгерістерге  төтеп  бере  алатын,  заманауи  техниканы 

меңгерген,  өз  ісінің  шеберлері  ретінде  қалыптасуларына  мүмкіндіктер  беріп  жатыр. 

Сондықтан  да  қазіргі  таңдағы  білім  алудағы  басты  мақсат:  жастардың  өз  елінің  нағыз 

патриоты  бола  отырып,  өз  елінің  дамып,  әлемдік  аренада  өз  орнын  айқындайтындай 

мемлекетке  айналуына  септігін  тигізетін,  жаңа  технологияны  меңгерген,  қоғамға  адал 

қызмет  ететін,  өмірге  бейім,  жаңашыл  тұлға  болып  қалыптастыру.  Осыған  орай, 

Тәуелсіздігіміздің тұтастығын сақтау, еліміздің бірлігін нығайту, ұлттың ұлы мақсаттарын 

жүзеге асыруға үлес қосу елдің әр перзентінің, бүгінгі жастарымыздың міндеті.  

Қорытындылай келе, ел ертеңі үшін, өткен ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдында 

ең  бағалы  құндылығымыз  -  егемендігімізді  сақтап,  мұратымызға  айналған  «Мәңгілік  ел» 

болу идеясын жүзеге асыру жолында күш-жігерімізді жұмсай берейік!-дегім келеді.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет