Практикалық онлайн-конференция материалдары материалы международной научно-практической онлайн конференции



Pdf көрінісі
бет12/67
Дата24.03.2017
өлшемі6,56 Mb.
#10133
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   67

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы,- 2014ж. 

2.«Математика курсының теориялық  негіздері» Ө.Ш. Төлегенов Астана-2007ж  «Фолиант» 

баспасы. 5-29б. 

3.«Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі» Т.Қ. Оспанов, Ш.Х. Құрманалина, 

С.Қ. Құрманалина Астана-2007ж. «Фолиант» баспасы. 342-359б. 

4.  Н.Я.  Виленкин,  К.И.  Дуничев  «Современные  основные  курсы  математики».  Москва 

«Просвещение» 1990ж. 188-211б. 

 

 



ТЕХНИКАЛЫҚ ТЕРМИНДЕР ПРОБЛЕМАСЫ 

 

Махашов Қалдарбек Ширинтаевич 

№16 колледж, Арнайы пән оқытушысы,  



Жораев Маханбет Байзакович, Джанабаев Қуаныш Амантаевич  

№16 колледжінің өндірістік оқыту шеберлері, 

Шардара қаласы, ОҚО 

 

Жаңалық  пен  ғылымды,  технологияны,  техниканы  өндіріспен  тығыз  байланыстыру 

мақсатында  Қазақстанда  «Индустриалды-инновациялық  даму»  бағыты  көзделген. 

Мемлекеттің  бәсекеге  қабілетін  көрсететін  басты  көрсеткіш  –  оның  экономикасы. 

Экономиканың  бәсекеге  қабілетті  болудың  басты  бағыты  –  индустриалды-инновациялық 

экономика  құру  және  шикізаттық  емес  секторды  дамыта  отырып,  инновациялық 

процесстерге  бет  бұру.  Қазіргі  уақытта  ғылымды  көп  қажетсінетін  отандық  өндірісті 

дамыту, бәсекеге қабілетті өнімдерді алуға бағдарланған технологияларды және ақпараттық 

технологияларды  әзірлеу  мен  игеру  республиканың  өнеркәсіп  пен  ғылыми  техникадағы 

әлеуетін  сақтау  мен  дамыту  есебінен  ұлттық  экономикалық  кауіпсіздік  мүдделерін 

қамтамасыз  ету  болып  табылады.Отандық  өндірісті  дамытудағы  жетекші  күш-ұлтжанды 

азаматтар, ұлттық кадрлар мен білікті мамандар екендігі бесенеден белгілі. 

Елбасымыз  білім  және  ғылым  қызметкерлерінің  съезінде  «Болашақта  еңбек  етіп, 

өмір  сүретіндер  -  бүгінгі  оқушылар,  мұғалім  оларды  қалай  тәрбиелесе,  Қазақстан  сол 

деңгейде  болады»  -  деген  болатын.  Ендеше,  өз  ісіне  берілген,  жаңалықты  жатсынбай 

қабылдайтын,  ұлттық  қасиеттеріміздің  асылдарын  асқақтата  отырып,  шәкіртінің  жанына 

нұр құятын ұстаз ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы бола алады. Қазақ халқының заңғар 

жазушысы М.Әуезов кезінде «Кез келген ұлттың тілі ғылыми-техникалық ұғымдар арқылы 

байиды,  арнасы  кеңейеді»,-деген  екен.Ана  тіліміздің  түлеп,  жаратылыстану,  техника, 

өндіріс,  іргелі  өнер,  саясат,  әлеуметтік  өмір  саласында  құлашын  кең  жаюы  үшін  де 

терминология дәнекер болып табылады.  

Мемлекеттік  тіліміздің  өрісін  танытатын  бір  саласы  сөз  жоқ  –ғылым  тіліне  барып 

тіреледі.Мемлекеттік  тілдің  келелі  мәселелерінің  бірі-техникалық  терминология 

мәселесі.Термин мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қараған жөн-ақ. Әйтпесе, ізгі ниетпен 

жасалған  істің  пайдасынан  зияны  көбейіп,  оң  нәтиже  болмауы  әбден  мүмкін.Соның  бірі 

қазақ тілінің ғылым тілі ретіндегі саласын күшейтіп, қолданыс аясын кеңейту . 

Нақты бір терминді қабылдап, бекіткенде оның осы салада қызмет етіп жүргендердің 

еркін  түсінісуіне  кедергі  келтірмейтіндей,  болашақта  қағаз  бетінде  қалып  қоймауы,  іс-

жүзінде қолданылу мүмкіндігі болуы терминнің беретін ұғымның жаңа қолданыста толық 

сақталуы сияқты ұғымдар басты шарттары болуы тиіс. Әрине, ондай кепілдік жоқ. Себебі, 

біріншіден,  бұрынан  үйреншікті  болып  ,  құлаққа  сіңген  жаттанды  терминдерді  қолдану 

оңайырақ  және  жаңадан  енген  терминдерді    барынша  тезірек  қолдану  қажеттілігін  олар 



80

 ~ 



 

сезіне де қоймайды.Ғылым тілін кімдер қолданады? Ол тек ғалымдар үшін қызмет ете ме? 

Жоқ.  Оны  халықтың  барлық  деңгейі  пайдаланады.  Ең  басты  жауапкершілік  ғалымдардың 

мойнында.  Себебі,  бұрыннан  халық  тілінде  бар  сөзді  ғылым  тіліне  айналдыру  және  оны 

қолданысқа  ендіру  жөніндегі  идеяларды  ұсыну,  алдымен  солардың  біліктілігіне  және 

ұлтжандылығына  байланысты.  Және  сол  өздері  жасап,  мемтерминком  бекіткен  жаңа 

терминдерді  мүмкін  болатын  жерлердің  бәрінде  қолданып,  басқаларға  үлгі  көрсететін  де 

сол  ғалымдардың  өздері  болуға  тиіс.  Ғылым  тілін  өмірде  ең  көп  қолданатын  әр  түрлі 

бағыттағы  кәсіп  иелері  мен  мамандар  дедік.  Ал,  осыларға  жаңа  пайда  болған  термин 

сөздердің  дер  кезінде  жетуіне,  олардың  алғашқы  кезде  құлаққа  тосындау  естілетін  осы 

қазақы сөздерді бірден пайдалана қоюға құштарлық білдіруіне кепілдік бар ма?  

Техникалық  терминдерді  алдымен  өзіміз  керексініп,  өзіміз  іздемесек,  өзге  қайтпек. 

Бұл үшін әрине, үкімет тарапынан жүргізіліп жатқан шаралардан бөлек, әрбір елім, жерім 

деген азамат саналы түрде тілімізді өркендету ісіне азды-көпті үлесін қосуға адал ниетімен 

ден қоюы керек деп ойлаймыз. Қазақ тілінің мәртебесін ғылым тілі дәрежесіне дейін көтеру 

мен оны айналысқа түсіру үшін ғылым тілінің ауадай қажеттілігін әр азаматтың жүрекпен 

сезінуі ғана жеткілікті болар еді. 

Қазіргі  қоғамда  мемлекеттік  тілдің  техника  ғылымындағы  қолданыс  аясы 

аудармамен 

шектеліп 

тұрғаны 

белгілі. 

Баяндамалардың, 

мақалалардың, 

диссертациялардың,  есеп-берулердің,  ғылыми  жобалардың,  өнертабыс  жазбаларының 

көпшілігі  орыс  тілінде  дайындалып,  қазақшаға  аударылып  жатады.  Оған  себеп  ғылыми 

мәліметтердің, дерек-көздердің орыс тілінде мол болуы.  

Қазіргі  аудармашылар  кімдер?  Негізінен,  журналистер,  филологтар,  тарихшылар, 

орта  мектептерде  қазақ  тілі  мен  әдебиетінен  сабақ  беретін  мұғалімдер  аудармамен  көп 

айналысады. Алайда олардың техникалық мәтіндерді аударуға қалам тартуы қиын. Өйткені 

олардың  техникалық  білімі  жоқ  болғандықтан  кейбір  терминдерді  сөзбе-сөз  аударып 

сөйлемнің мағынасын бұзып жатады. Нәтижесінде сауатсыз аудармалар дүниеге келеді. 

Термин ұсыну бір басқа да, оның қолданысқа айналуы бөлек әңгіме. Жеке тұрғанда 

сөздің  мәнін  дәл  беріп  тұрған  термин  тіркеске  түсіп  кеткен  жағдайда  жаңағы  сөлінен 

айрылып,  жүдеп-жадайды.  Әбден  уақыт  елегінен  өткен,  баршаның  сұранысына  жауап 

берген термин ғана өміршең бола алады. Оның үстіне қазақ тілінің ұшан-теңіз байлығының 

өзі  бір  терминді  ой  мен  сөйлемнің  ретіне  қарай  сан  құбылтады.  Екіншіден,  көптеген 

терминдер  күнделікті  өмірде  орыс  тілінде  ғана  қолданысқа  ие  болып  отырғандықтан, 

олардың аудармасы қазақ тілінде құлақсіңді болмай жатқаны құпия емес. 

Әу  баста  Ахмет  Байтұрсынов  атап  өткендей,  «Біз  сияқты  мәдениет  жемісіне  жаңа 

аузы тиген жұрт өз тілінде жоқ деп мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, 

ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра ақырында ана тілінің қайда кеткенін 

білмей,  айрылып  қалуы  ықтимал.  Сондықтан  мәдени  жұрттың  тіліндегі  әдебиеттерін, 

ғылым  кітаптарын  қазақ  тіліне  аударғанда  пән  сөздерінің  даярлығына  қызықпай,  ана 

тілімізден қарастырып сөз табуымыз  керек» деген еді. Ғалымның көрегендікпен айтылған 

бұл пікірі бүгін де аса маңызды. 

Термин  мен  терминология  туралы  сөз  болғанда  әңгіме  көп  жағдайда  терминдерді 

өзге  тілдерден  өзгеріссіз  қабылдау,  қабылдамау  немесе  баламаның  сәтсіз,  сәтті 

жасалғандығы  туралы  әңгіме  төңірегінде  жүреді.  Сала  қызметкерлерінің  немесе 

ғалымдарының  ұсынуымен  терминдердің  біразын  Қазақстан  Республикасы  Үкіметі 

жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы бекітті. Бұл  – терминдер саласындағы 

барлық  мәселе  осымен  шешілді  деген  сөз  емес,  қазіргі  уақытта  қоғамдық  өмірдің  барлық 

салаларының қауырт дамуы нәтижесінде тілдің лексикасы күннен-күнге жаңарып, молыға 

түсуде  екенін  көз  көріп,  құлақ  естіп  отыр.  Өйткені  әр  саланың  өз  термині  бар.  Сол 

терминдерді  қолдану  арқылы  белгілі  бір  саланың  бағыт-бағдары  анықталады.  Бүгінгі 

таңдағы ең бір күрделі мәселе терминдерді біріздендіру екені ақиқат. Себебі аудармашылар 

бір  сөзді  әркелкі  аударып  жүргені  де  жасырын  емес.  Тіпті  Мемлекеттік терминологиялық 

комиссия бекіткен кейбір терминдердің түрлі мәнде қолданылып жүргенін байқаймыз. 



81

 ~ 



 

Мұның  өзі  терминдердің  әлі  бір  ізге  түспегендігін,  уақыттың  елегінен  өтпегендігін 

көрсетеді. Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығы 

бойынша ең жиі қолданылатын термин сөздердің әр оқулықта әр түрлі балама атаулармен 

берілгендігі жұртты шатастырып жүргенін де жасыруға болмайды 

Мысалы,  «кривошипно-шатунный  механизм»  тіркесі-«әздекті  механизм»,  «айналшақты 

механизм»,  «қосиінді-бұлғақты  механизм»  сияқты  нұсқаларда  кездесіп  жатса,  

мемтерминком  бекіткен терминдердің біршамасы (маховик-сермер, шестерня-тістегершік, 

ролик-шығыршық  т.б.)  оқулықтарда  орысша  атаулармен  берілген.  Бұл  авторлардың  

сөздіктерден  хабардар  еместігінен    бе,  жоқ  әлде  мемтерминком  тарапынан  тиісті 

бақылаудың  болмауынан туындаған қателіктер ме? 

Пәндерді  оқыту  барысында  сөздіктерде  аудармасы  берілмеген  орысша  атауларды 

немесе  көңілге  қонымсыз  аудармамен  берілген  терминдерді  студенттерге  ұғынықты  ету 

мақсатында  оқулықтағы  атауымен  қоса  өзіміз  тапқан  балама  атауларды  ұсынатын 

жағдайлар  да  жиі  кездеседі  (головка  блока  цилиндров  -  цилиндрлер  күбішегінің 

басжапқысы, трос-сымарқан, патрубок-басқұбыр т.с.с.). 

Мемлекет  басшысы  Н.Назарбаев  «Қазақстанның  үшінші  жаңғыруы:  жаһандық 

бәсекеге  қабілеттілік»  атты  Қазақстан  халқына  жолдауында  «Біздің  міндетіміз  –  білім 

беруді  экономикалық  өсудің  жаңа  моделінің  орталық  буынына  айналдыру.  Оқыту 

бағдарламаларын  сыни  ойлау  қабілетін  және  өз  бетімен  іздену  дағдыларын  дамытуға 

бағыттау  қажет.  Сонымен  бірге,  IT-білімді,  қаржылық  сауаттылықты  қалыптастыруға, 

ұлтжандылықты  дамытуға  баса  көңіл  бөлу  керек»-деп  атап  өткен  еді.  Осы  мақсатта  біз 

студенттерге  қазақи  терминдерді  меңгерту  үшін  теориялық  және  өндірістік  оқытуда 

орысша-қазақша сөздіктер, сөзжұмбақ, сөзкесте, жаңылтпаш, жұмбақ, қайым айтыс секілді 

тәсілдерді  қолданып  отыруды  күнделікті  сабағымыздың  міндетті  бөлігіне  айналдырып 

отырмыз,  сонымен  қатар,  қолданыстағы  терминдерге  балама  ретінде  көңілге  қонымды 

атаулар тапқан студенттерді ынталандыруға көңіл бөлеміз. 

Біз  жоғарыда  оқулықтарынан  мысалдар  келтірген  авторлардың  қазақ  тіліндегі 

оқулықтар жасаудағы еңбектерін жоғары бағалай отырып, жаңа терминдер мен атауларды 

қолданысқа  енгізуді  Мемлекеттік  терминологиялық  комиссия  ғана  емес,  сонымен  қатар, 

Үкімет  те  тиісті  қаулыларымен  бекіткен  жағдайда  заңдық  күші  мығым  болар  еді  деген 

ойдамыз. 

Қорыта айтқанда, салалық терминдерді қалыптастыру мәселесі министрлікте толық 

шешімін тапты деп айтуға әлі ерте. Өркендеп отырған өмірмен бірге жаңа терминдер де күн 

сайын пайда болуда.  

Қазақстан  ҰҒА  академигі,  физика-математика  ғылымдарының  докторы,  профессор 

Асқар Жұмаділдаев SZH тілшілеріне бергенсұхбатында:  

«Қазақтың  сөзі  асыра  мақтауға  да,  жермен-жексен  етуге  де  жетеді.  Бірақ  конденсат  пен 

резисторға келгенде, бүгежектеп қала береміз. Біздің үлкен мәселеміз осында. 

Біз енді ғылым жағына көбірек көңіл бөлуіміз керек. Жоқ сөзді, жоқ ғылымды, жоқ 

технологияны  өзіміз  табуымыз  керек.  Қазақ  тілін  ғылым  тіліне  айналдыруымыз  керек»-

деген еді. Біз Асқар ағамыздың ойын толық қолдай отырып, қоғамдық салалар бойынша әр 

сала өкілдері  ана тілін дамытуға өз шамалары келгенше үлес қосып, мемлекеттік тұрғыда 

мән  беріліп  отырса  тіліміздің  мәртебесі  жоғарылап,  мерейі  үстем  болары  даусыз  дегіміз 

келеді. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:  

1. Ахмет Байтұрсынов. «Ақ жол», Алматы, «Жалын», 1991. 

2. «Аудармашыға көмекші құрал», Астана, 2000. 

3. «Қазақ терминологиясы және бұқаралық ақпарат құралдары», Астана, 2003. 

4.  «Мемлекеттік  тіл:  терминология,  іс  қағаздары  мен  бұқаралық  ақпарат  құралдарының 

тілі», Астана, 1999. 


82

 ~ 



 

5. Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлттың ұлы мұраты жолында ұйысайық». «Ана тілі» газеті, № 23, 

2008. 5 маусым. 

6. Н.Қаратышқанов, «Пән сөздер», Қызылорда, 1927. 

7. «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 

шiлдедегі № 151 Заңы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-

14, 202-құжат. 

 

 



ДУАЛДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ КЕПІЛІ 

 

Тастанбеков Асилбек Амирбекович 

Ә.Қастеев атындағы Оңтүстік Қазақстан өнер және 

дизайн колледжінің сурет және кескіндеме пәнінің мұғалімі 



 

Бүгінгі  күн  жаңа  технологиялық  жетістіктер  мен  инновацияларды  енгізу,  IT-

технологиялардың қарқынды даму заманы білім және ғылымның заманауи өзгерістерге сай 

қарқынды  дамуын  қажет  етеді.  Қазақстандық  білім  беру  жүйесін  жаңғыртудың  қазіргі 

заманғы  кезеңі  әрбір  адамның  сапалы  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  мектептегі  білімге 

қолжетімділігін,  колледж  бен  университетте  жаңа  кәсіби  дағдыларды  алу,  зерттеу  және 

шығармашылық құзырлылығын дамыту мүмкіндіктерін көздейді.  

Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің экономикалық даму жетістігі 

сол  елдің  білім  жүйесі  мен  азаматтарының  білім  дәрежесіне,  біліктілігіне,  кәсіби 

құзіреттілігіне  байланысты.  Өйткені  білім  арқылы  ғана  қоғамның  интеллектуалдық 

капиталы  мен  инновациялық  әлеуеті  қалыптасады.  Білім  –  қозғаушы  күш.  Қазақстан 

Республикасында  білім  беру  жүйесіндегі  модернизациялау  білім  мазмұнын  жаңарту  мен 

сапасын  арттыру,  білім  берудің  ұлттық  моделін  жетілдіру,  ақпараттық  технологияларды 

меңгерту сынды кешенді шараларды жүзеге асыруда.  

  

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Қазақстанның  әлеуметтік  жаңартылуы:  Жалпыға 



Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында:  «Дуалды кәсіптік білім беруді 

дамытудың  маңызы  зор.  Бұқаралық  маман  кадрларының  жетіспеушілігін  еңсеруге 

мүмкіндік  беретін  заманауи  қолданбалы  біліктілік  орталықтары  қажет»,  —  деп  атап  өтіп. 

Техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  ұйымдарында  дуалды  оқыту  әдісін  енгізу  туралы 

нақты тапсырма жүктелгені баршамызға мәлім[1]. Осы орайда қазіргі таңда Қазақстандық 

кәсіптік білім беру жүйесінде қос бағытты білім берудің ғылыми-теориялық негіздері жан-

жақты  зерттелуде.  Шетелдік  тәжірибелерге  сүйене  отырып,  білім  берудің  жаңа  буын 

мемлекеттік  стандарттарын  жасауға  жұмыс  берушілер  қатыстырылып,  дуалдық  жүйені 

кәсіптік білім беру үлгісіне енгізудің мүмкіндіктері мен алғышарттары қарастырылуда. 

 

Білім  –  тек  ғылымның  іргетасы  ғана  емес,   шетелдермен  терезесі  тең  мемлекет 



болудың күретамыры, ел дамуының алтын арқауы. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену 

үрдісі  бір  сәтке  толастамайды.  Қай  елдің  болмасын  өсіп  -  өркендеуі,  ғаламдық  дүниеде 

өзіндік  орын  алуы,  оның  білім  жүйесінің  деңгейіне,  даму  бағытына  байланысты.  Білікті 

мамандар топтасқан ортада алынбайтын қамал, еңсерілмейтін биік жоқ[2]. 

Дуалды  оқыту  жүйесінің  негізгі  мақсаты  –  техникалық-кәсіптік  оқу  орындарының 

жұмыс  беруші  жеке  сектордағы  өндіріс,  шаруашылық  мекемелерімен  серіктестік  ретінде 

бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-

технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау. 

Дуалды  жүйенің  негізі  —  оқушыны  оқу  орны  мен  өндірісте  қатар  оқыту.  Дуалды 

оқыту әдісі әлемнің көптеген елдерінде, мысалы, Германия, Австрия, Дания, Нидерланды, 

Швеция, Англия, Оңтүстік Корея сияқты дамыған мемлекеттерде табысты жұмыс істеуде.  

Мысалы,  Германияда  кез-келген  кәсіпкер  өзінің  жұмысын  өрістетіп  отырған 

жұмысшыларының кәсіби біліктілігі биік болғанын қалайды. Білікті жұмыс күші бизнестің 

кез  келген  қоғамдық  ортада  бәсекеге  төтеп  беруіне  жол  ашатыны  сөзсіз.  Бұл  өз  кезегінде 



83

 ~ 



 

кәсіпорынның  дамып,  ел  экономикасының  өрістеуіне  әсер  етеді.  Мұндай  табысқа  қол 

жеткізудің басында дуалді жүйе тұрғанын айтуға тиіспіз. Германияда бұл жүйе іске асқалы 

немістің компаниялары дүниежүзін таңқалдырып келеді. Неміс ғажайыбының басты сыры 

білікті жұмыс күшінде. Қазіргі таңда дуалды жүйені Франция да өздерінің іс-тәжірибесіне 

енгізіп жатыр. Жалпы бұл жүйені қандайда бір шенеунік немесе мемлекеттік мекеме ойлап 

тапқан жоқ. Дуалды жүйе кәсіпкерлер мен оқу орындардың арасындағы қарым-қатынастың 

арқасында  пайда  болған  тәсіл.  Сондықтан  бұл  жүйе  қазір  өзінің  құндылығымен 

Германияны  былай  қойып,  көптеген  елдердің  назарын  өзіне  аударып  отыр.  Осы  ретте 

дуалды  жүйені  Орталық  Азиядағы  көшбасшы  мемлекет  -  Қазақстанның  бірінші  болып 

қолға  алуы  өте  орынды.  Қазіргі  таңда  осы  жүйе  бойынша  маман  дайындауға  ден  қойған 

Германияның Рейнланд-Пфальц аймағында жұмыссыздық деңгейі бар болғаны 3 пайызды 

құрап отыр. Ал тұтас елде бұл көрсеткіш 7,8 пайыздың деңгейінде. Бүгінде Германиядағы 

25  жасқа  дейінгі  жастар  арасындағы  жұмыссыздық  деңгейі  7  пайыз  болса,  бұл  көрсеткіш 

Грекияда-45, Испанияда-43, Францияда-30, Италияда 28 пайызды құрайды. Осыдан-ақ, бұл 

жүйенің жұмыссыздар мәселесін шешуде қаншалықты тиімді екенін байқауға болады. 

Қазіргі  кезде  әлемде  оқытудың  дуалды  жүйесі-техникалық  және  кәсіптік  мамандар 

даярлаудың  ең  тиімді  жолдарының  бірі  болып  табылады.  Нақты  өндіріс  жағдайларына 

бейімделген, жұмыс орнындағы білігі мен білімді тікелей игеруге бағытталған, тәжірибелік 

сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды 

дайындау  басты  мақсат  екені  белгілі.  Еңбек  нарығында  жоғары  білікті  мамандар 

тапшылығы  ерекше  орын  алуда.  Қалыптасқан  жағдайдың  негізгі  себепшісі  білім  беру 

үрдісін  ұйымдастыру  және  жүйедегі  мәселелер,  яғни  жас  маманның  бойынан  табылуға 

тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлардан 

теориялық  білім  берудің  алшақтап  кетуі  болып  табылады.  Қалыптасқан  жағдайда  теория 

мен практиканың арасындағы алшақтықты жою мәселесімен жұмыс берушіге күресуге тура 

келеді,  себебі  білікті  мамандармен  қамтамасыз  ету-бұл  жетістікке  қол  жеткізудің  кепілі. 

Мұндай  жағдайда  жас  мамандардың  оқу  үрдісінде  алған  білімдерін  жүзеге  асыру 

жоспарланатын  кәсіпорын  қызметінің  ерекшелігін  ескере  отырып,  қосымша  оқу, 

тәжірибеден өту, қайта даярлау қажеттілігі туындайды. 

Дуалдық жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктер мен дағдыларды, 

іскерліктерді  тікелей  жұмыс  орнында  меңгеріп,  жан-жақты  кәсіби  дамуына  мүмкіндік 

беріп, түрлі жүйелердің – білім, ғылым, өндірістің – өзара байланысын, өзара әсерін, өзара 

кірігуін  қамтамасыз  ету  арқылы  кәсіптік  білім  беру  жүйесінің  сапасын  арттыратындығы 

сөзсіз[3]. 

Дуалды  білім  беру  жүйесін  енгізу  кезінде  колледждердің  қызмет  саласы  мен 

құзыреттілігіне мыналарды жатқызуға болады

-оқу  мекемесінің  нормативтік  –  құқықтық,  кадрлық,  материалдық  –  техникалық  базасына 

талдау жасау; 

-  әлеуметтік  тапсырысты  меңгеру  және  оқу  мекемесінің  қызметін  еңбек  нарығының 

сұраныстарына қайта бағдарлау; 

-  маркетингтік  зерттеулер  нәтижелері  бойынша  дуалды  білім  беру  жүйесінің  даму 

перспективаларын игеру; 

-  мамандар  дайындауда  жұмыс  беруші  –  кәсіпорындармен  құқықтық,  қаржылық,  оқу  – 

әдістемелік мәселелер бойынша келісім шарт міндеттемелерін жасау

-  еңбек  нарығы  жағдайларына  оқу  мекемесінің  оқу  –  тәрбие,  оқу  –  өндірістік  қызметін 

үйлестіру және бейімдеу [4].  

 

Оқу  үрдісіне  дуалды  білім  беру  жүйесін  сәтті  енгізу  келесі  мәселелерді  шешуге 



мүмкіншілік береді: 

1) талапкерлердің кәсіби өзін - өзі билеуі; 

2) оқу мекемесінің тартымдылық беделінің артуы, студенттер контингентінің жоғарылауы; 

3) оқушылардың қызығушылығы мен сұранысына қарай бағдарламалар, элективті (икемді) 

курстар бағдарламаларын әзірлеу


84

 ~ 



 

4)  мамандықты  тереңірек  ойланып  таңдауға,  социализация,  тапқырлық  пен 

шығармашылыққа бейімдейтін біліктіліктің дамуы; 

5) дуалды жүйе бойынша оқытылатын тұлғаның қажетті біліктілік пен еңбек дағдыларына, 

кәсіби білімге ие болып еңбек нарығында сұраныс деңгейінің жоғарылуы; 

6) бітірушілерді дайындау деңгейінің жоғарылауы; 

7 бітірушілерді одан әрі жұмысқа орналастыру, жұмыссыздықтың қысқаруы

8) бітірушілердің әлеуметтік бейімделуі; 

9)  білім  беру  мекемелерінің  жобаларды  жүзеге  асыру  кезеңдерінде  қосу  арқылы 

кәсіпорындармен өзара әрекеттесу аясын кеңейту; 

10) білім беру мекемелерінің бәсекелесуге қабілеттілігін жоғарылату. 

 

Оқу үрдісіне дуалды оқыту жүйесін енгізу арқылы күтілетін нәтижелер аз емес дегім 



келеді. Олар теория мен тәжірибе сабақтары арасындағы алшақтық жойылады,түлектердің 

жұмысқа  орналасу  мәселесі  оң  шешімін  табады,  оқу  орны  жұмыс  берушінің  болашақ 

мамандарға  деген  талаптарын  үнемі  ескеріп  отырады,  жұмыс  берушілер  өндіріс  талабына 

сай білім алушыларға қойылатын біліктілік талаптарды дайындауға, кәсіптік стандарттарда, 

дуалды оқу жүйесі бойынша модульдік оқу бағдарламаларын дайындауға қатысады, дуалды 

оқу  жүйесімен  оқыған  оқушы  белгілі  құзыреттерді  меңгерген  кәсіби  маман  болып 

қалыптасады. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жүйесіне 

қызмет  ететіннің  барлығы  -  біздің  еліміздің  болашағына  қызмет  етеді»  -деп  атап 

көрсеткендей,  дуалды  білім  беру  жүйесі  еңбек  нарығында  сұранысқа  ие  мамандарды 

даярлауға мүмкіндік беріп, әрбір түлектің оқу орнын бітіріп шыққан соң жұмысқа орналаса 

алуына  кепілдік  береді,  демек  кәсіптік  білім  беру  жүйесінің  сапасын  арттыратындығы 

сөзсіз. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:  

1. Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Қазақстан Республикасының 

Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2014 жыл 17 қаңтар, Астана қ.  

2.  Қазақстан  республикасының  «Білім  туралы»  Заңы.Қазақстан  Республикасының  Заңы 

1999 жылғы 7 маусым N 389. 

3.  Жолдасбекова  С.А.,  Нуржанбаева  Ж.О.  Дуалды  оқыту  жүйесін  ендіру  арқылы  колледж 

студенттерінің  еңбек  құндылығын  қалыптастырудың  мәні.  Қазақ  мемлекеттік  қыздар 

педагогикалық  университетінің  70-жылдық  мерейтойына  орай  «Сапалы  білім  беру  мен 

ғылымды  дамыту  –  заман  талабы»  атты  Халықаралық  форум  материалдары.  306-308б. 

Алматы қаласы, 15 қыркүйек 2014ж. 

4.  Жолдасбекова  С.А.,  Толыбаева  Э.Т.,  Кебекбаева  Р.Н.  Қазақстан  республикасында 

техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне дуалды оқыту. М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 

20 январь 2016 ж. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет