Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Н.Ә.Назарбаевтың«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты
Қазақстан халқына Жолдауы,«Егемен Қазақстан» газеті, 2014, 17 қаңтар ж.
2. Бурбаев Т. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы философиялық талдауды қажет етеді»
http://www.inform.kz/, 11.02.2015
3. С.Сыздықов «Мәңгілік ел» және Елбасы», «Егеменді Қазақстан» 19 қаңтар, 2014.
ДУАЛЬДЫҚ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ - МАМАНДАР ДАЯРЛАУДАҒЫ ФУНКЦИОНАЛДЫ
БІЛІМ МЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК КЕПІЛІ
Бабаханова Сарсенкуль Жамшиевна
Жетысай медицина колледжінің орыс тілі пәнінің оқытушысы,
Мақтарал ауданы, ОҚО
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі модернизациялау үдерісі - білім
мазмұны мен сапасын арттыру, білім берудің ұлттық моделін жетілдіру, ақпараттық
технологиялар жөнінде жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру секілді кешенді
шараларға тікелей қатысты. Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің
экономикалық жетістігі сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне
байланысты. Өйткені білім арқылы ғана қоғамның интеллектуалдық капиталы мен
инновациялық әлеуеті қалыптасады.
~
74
~
Елбасы «Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына
қарай 20 қадам» атты мақаласында: «Дуалды кәсіптік білім беруді дамытудың маңызы зор.
Бұқаралық маман кадрларының жетіспеушілігін еңсеруге мүмкіндік беретін заманауи
қолданбалы біліктілік орталықтары қажет», — деп атап өтіп. Техникалық және кәсіптік
білім беру ұйымдарында дуалды оқыту әдісін енгізу туралы нақты тапсырма жүктелгені
баршамызға мәлім[1]. Қазіргі таңда Қазақстандық кәсіптік білім беру жүйесінде қос
бағытты білім берудің ғылыми-теориялық негіздері жан-жақты зерттелуде. Шетелдік
тәжірибелерге сүйене отырып, білім берудің жаңа буын мемлекеттік стандарттарын
жасауға жұмыс берушілер қатыстырылып, дуалдық жүйені кәсіптік білім беру үлгісіне
енгізудің мүмкіндіктері мен алғышарттары қарастырылуда.
Білім – тек ғылымның іргетасы ғана емес, шетелдермен терезесі тең мемлекет
болудың күретамыры, ел дамуының алтын арқауы. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену
үрдісі бір сәтке толастамайды. Қай елдің болмасын өсіп - өркендеуі, ғаламдық дүниеде
өзіндік орын алуы, оның білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Білікті
мамандар топтасқан ортада алынбайтын қамал, еңсерілмейтін биік жоқ [2].
Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық-кәсіптік оқу орындарының
жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде
бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-
технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау.
Дуалды жүйенің негізі — оқушыны оқу орны мен өндірісте қатар оқыту. Дуалды
оқыту әдісі әлемнің көптеген елдерінде, мысалы, Германия, Австрия, Дания, Нидерланды,
Швеция, Англия, Оңтүстік Корея сияқты дамыған мемлекеттерде табысты жұмыс істеуде.
Мысалы, Германияда кез келген кәсіпкер өзінің жұмысын өрістетіп отырған
жұмысшыларының кәсіби біліктілігі биік болғанын қалайды. Білікті жұмыс күші бизнестің
кез келген қоғамдық ортада бәсекеге төтеп беруіне жол ашатыны сөзсіз. Бұл өз кезегінде
кәсіпорынның дамып, ел экономикасының өрістеуіне әсер етеді. Мұндай табысқа қол
жеткізудің басында дуалді жүйе тұрғанын айтуға тиіспіз. Германияда бұл жүйе іске асқалы
немістің компаниялары дүниежүзін таңқалдырып келеді. Неміс ғажайыбының басты сыры
білікті жұмыс күшінде. Қазіргі таңда дуалды жүйені Франция да өздерінің іс-тәжірибесіне
енгізіп жатыр. Жалпы бұл жүйені қандайда бір шенеунік немесе мемлекеттік мекеме ойлап
тапқан жоқ. Дуалды жүйе кәсіпкерлер мен оқу орындардың арасындағы қарым-қатынастың
арқасында пайда болған тәсіл. Сондықтан бұл жүйе қазір өзінің құндылығымен
Германияны былай қойып, көптеген елдердің назарын өзіне аударып отыр. Осы ретте
дуалды жүйені Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекет - Қазақстанның бірінші болып
қолға алуы өте орынды. Қазіргі таңда осы жүйе бойынша маман дайындауға ден қойған
Германияның Рейнланд-Пфальц аймағында жұмыссыздық деңгейі бар болғаны 3 пайызды
құрап отыр. Ал тұтас елде бұл көрсеткіш 7,8 пайыздың деңгейінде. Бүгінде Германиядағы
25 жасқа дейінгі жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 7 пайыз болса, бұл көрсеткіш
Грекияда — 45, Испанияда — 43, Францияда — 30, Италияда 28 пайызды құрайды.
Осыдан-ақ, бұл жүйенің жұмыссыздар мәселесін шешуде қаншалықты тиімді екенін
байқауға болады. Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі-техникалық және кәсіптік
мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс
жағдайларына бейімделген, жұмыс орнындағы білігі мен білімді тікелей игеруге
бағытталған, тәжірибелік сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен
біріктірілетін білікті мамандарды дайындау басты мақсат екені белгілі. Еңбек нарығында
жоғары білікті мамандар тапшылығы ерекше орын алуда. Қазіргі таңда педагог-психолог,
ғалымдардың пікірі бойынша еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, кәсіби оңтайлы
маманнның бойында белгілі бір құзіреттіліктер қалыптасуы қажет:
• бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу,
елжандылық, т.б);
• мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының
мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);
~
75
~
• оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу,
ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);
• коммуникативтік құзіреттілік (адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу,
мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас
дағдылары болуы);
• ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық
обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте
білуді жүзеге асыра білу қабілеті);
• әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу,
шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес
ықпал ете білу қабілеті);
• тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси
қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).
Қалыптасқан жағдайдың негізгі себепшісі білім беру үрдісін ұйымдастыру және
жүйедегі мәселелер, яғни жас маманның бойынан табылуға тиісті белгілі бір құзіреттілік,
тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлардан
теориялық білім берудің алшақтап кетуі болып табылады. Қалыптасқан жағдайда теория
мен практиканың арасындағы алшақтықты жою мәселесімен жұмыс берушіге күресуге тура
келеді, себебі білікті мамандармен қамтамасыз ету – бұл жетістікке қол жеткізудің кепілі.
Мұндай жағдайда жас мамандардың оқу үрдісінде алған білімдерін жүзеге асыру
жоспарланатын кәсіпорын қызметінің ерекшелігін ескере отырып, қосымша оқу,
тәжірибеден өту, қайта даярлау қажеттілігі туындайды.
Дуалдық жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктер мен дағдыларды,
іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп, жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік
беріп, түрлі жүйелердің – білім, ғылым, өндірістің – өзара байланысын, өзара әсерін, өзара
кірігуін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттыратындығы
сөзсіз[3].
Дуалды білім беру жүйесін енгізу кезінде колледждердің қызмет саласы мен
құзыреттілігіне мыналарды жатқызуға болады:
-оқу мекемесінің нормативтік – құқықтық, кадрлық, материалдық – техникалық базасына
талдау жасау;
-әлеуметтік тапсырысты меңгеру және оқу мекемесінің қызметін еңбек нарығының
сұраныстарына қайта бағдарлау;
-маркетингтік зерттеулер нәтижелері бойынша дуалды білім беру жүйесінің даму
перспективаларын игеру;
-мамандар дайындауда жұмыс беруші – кәсіпорындармен құқықтық, қаржылық, оқу –
әдістемелік мәселелер бойынша келісім шарт міндеттемелерін жасау;
-еңбек нарығы жағдайларына оқу мекемесінің оқу – тәрбие, оқу – өндірістік қызметін
үйлестіру және бейімдеу.
Мысалы, Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі
дуалды жүйе бойынша экспериментальды база болып тағайындалғаннан кейін, екі
мамандық бойынша, бірнеше жылдан бері бірлесе жұмыс жасап жүрген әлеуметтік
серіктестік «АлматыЭнергоСервис» ЖШС ұжымымен жұмыс, оқу бағдарламалары бекітіп,
жоспар жасап дуалды оқыту ендірілген. Жыл сайын бір техникалық мамандық бойынша
әлеуметтік серіктестермен келіссөздер жүргізіліп, келісімшарт негізінде дуалды оқыту
жүйесін колледж ұжымы одан әрі дамытуда. Студенттер колледж тарапынан көлікпен және
өндірістегі жетекшімен қамтамасыз етілсе, серіктестер тарапынан арнайы киіммен, түскі
аспен қамтамасыз етіледі. Колледж оқушылары жайлы әлеуметтік серіктесіміз де жоғары
бағасын беруде. Жоғары білімді, өндірістегі тәжірибелері мол білікті мамандар энергетика
мен машина жасау салаларының даму бағыттары жөнінде дәріс беріп, таңдаған
мамандықтарының қыр-сырын үйретіп, оқушылардың өз мамандығына деген
қызығушылығын арттыруда. Оқу үрдісіне дуалды білім беру жүйесін сәтті енгізу келесі
~
76
~
мәселелерді шешуге мүмкіншілік береді: талапкерлердің кәсіби өзін-өзі билеуі; оқу
мекемесінің тартымдылық беделінің артуы, студенттер контингентінің жоғарылауы;
оқушылардың қызығушылығы мен сұранысына қарай бағдарламалар, элективті (икемді)
курстар бағдарламаларын әзірлеу; мамандықты тереңірек ойланып таңдауға, социализация,
тапқырлық пен шығармашылыққа бейімдейтін біліктіліктің дамуы; дуалды жүйе бойынша
оқытылатын тұлғаның қажетті біліктілік пен еңбек дағдыларына, кәсіби білімге ие болып
еңбек нарығында сұраныс деңгейінің жоғарылуы; бітірушілерді дайындау деңгейінің
жоғарылауы; бітірушілерді одан әрі жұмысқа орналастыру, жұмыссыздықтың қысқаруы;
бітірушілердің әлеуметтік бейімделуі; білім беру мекемелерінің жобаларды жүзеге асыру
кезеңдерінде қосу арқылы кәсіпорындармен өзара әрекеттесу аясын кеңейту; білім беру
мекемелерінің бәсекелесуге қабілеттілігін жоғарылату[4].
Қорытындылай келе, оқу үрдісіне дуалды оқыту жүйесін енгізу арқылы күтілетін
нәтижелер аз емес дегім келеді. Олар: теория мен тәжірибе сабақтары арасындағы
алшақтық жойылады; түлектердің жұмысқа орналасу мәселесі оң шешімін табады; оқу
орны жұмыс берушінің болашақ мамандарға деген талаптарын үнемі ескеріп отырады;
жұмыс берушілер өндіріс талабына сай білім алушыларға қойылатын біліктілік талаптарды
дайындауға, кәсіптік стандарттарда, дуалды оқу жүйесі бойынша модульдік оқу
бағдарламаларын дайындауға қатысады; дуалды оқу жүйесімен оқыған оқушы белгілі
құзыреттерді меңгерген кәсіби маман болып қалыптасады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
ЕлбасыныңҚазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7
желтоқсандағы № 1118 Жарлығы.
2.
Қазақстан республикасының «Білім туралы» Заңы. Қазақстан Республикасының Заңы
1999 жылғы 7 маусым N 389.
3.
Жолдасбекова С.А., Нуржанбаева Ж.О. Дуалды оқыту жүйесін ендіру арқылы колледж
студенттерінің еңбек құндылығын қалыптастырудың мәні. Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университетінің 70-жылдық мерейтойына орай «Сапалы білім беру мен
ғылымды дамыту – заман талабы» атты Халықаралық форум материалдары. 306-308б.
Алматы қаласы, 15 қыркүйек 2014ж.
4.
Жолдасбекова С.А., Толыбаева Э.Т., Кебекбаева Р.Н. Қазақстан республикасында
техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне дуалды оқыту. М.Әуезов атындағы
ОҚМУ. 20 январь 2016 ж.
КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Калжанова Гульнар Айдархуловна
Жетісай медицина колледжінің математика және информатика пәнінің оқытушысы,
Мақтарал ауданы, ОҚО
Егеменді еліміздің дамуындағы жаңа бағдарлар, қоғамның жедел ақпараттануы білім
беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан
халқына Жолдауында: «Бізге қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы
білім беру жүйесі қажет», - деп, әлемдік білім кеңістігіне енуде ғылым мен білімдегі түрлі
жаңа технологиялар арқылы оқу үрдісін шығармашылықпен ұйымдастыруға еркіндік беріп,
ұстаздар
қауымының
белсенділігін
арттыруды
міндеттеп
отыр.
Қазақстан
Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі – жастарға терең
білім беру. Ал, оның негізі жалпы білім беретін мектептердің оқыту үрдісін жақсартуға
жаңа технологияларды енгізу болып табылады [1].
~
77
~
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында
«Қазіргі кезеңдегі білім беру сапасы оқушылардың түрлі қызметтер саласындағы
проблемаларды өз бетінше шешу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі
құзыреттілік түріндегі білім беру нәтижелерінің жетістіктерімен түсіндіріледі» - делінген.
Осы орайда мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың
әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.
Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс- тәсілдерді енгізу студенттердің білімге деген
қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге
жол салады. Студенттер терең де жүйелі, білім және әдістемелік тәсілдерді жетік меңгерген
болуы тиіс. Пәндерді оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызықты
да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты[2].
Жаңа педагогикалық технология мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және
сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы.
Оқыту үрдісін жандандыру студенттердің оқу материалының теориялық мазмұнын игеру
жөніндегі еңбекті тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын
қалыптастыру болып табылады. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы мұғалімнің әдістемелік
дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, жаңа педагогикалық
технологиялық технологияларды игерулеріне тікелей байланысты болады.
Қазіргі оқыту барысында қолданып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның
жетілуіне оқыту тиімділігінің негізін құруға бағытталған[3].
Соның ішінде соңғы жылдары өз сабақтарында қолданып жүрген «Математикадан
жаңа тақырыпты есеп шығарту арқылы меңгерту» тақырыбындағы өзекті мәселе бойынша
сабақ беріп келемін. Менің ойымша колледжде математиканы оқыту барысында келесі
мақсаттар қойылуы қажет: таңдап алынған салада математиканы қолдану мүмкіндіктері
жайлы түсінік қалыптастыру; стандартты емес тәріздес өздік білім алуға қабілеттік,
қарапайымнан ерекшелікті көре білу, өздік бақылау және өздік сынау сияқты жеке
тұлғаның қасиеттерін қалыптастыруға жағдай жасау; сөйлеудің дамуына жағдай жасау
(анық, толық, логикалық, қысқа және т.б). Сонымен қоса, математиканы оқыту барысында
шығармашылық тұлға ретінде-әрқашанда еркін, өзін-өзі жан-жақты дамытуға дайын,
құзіреттілігі мен белсенділігі жоғары, ынталы, бәсекелестікке қабілетті бейім болуы керек.
Шығармашылықпен айналысуда адамның тек ақыл-ойы ғана емес, сонымен қатар оның
табандылығы, бастаған істі аяғына дейін жеткізе алуы, ойдың еркіндігі мен батылдығы,
болжам жасай алуы, өз күшіне деген сенімділігі сияқты тұлғалық қасиеттері өте маңызды.
Яғни, шығармашылық адамның тұлғалық қасиетіне жатады, сондықтан мұндай қабілетті әр
адам жас кезінен өз бойында дамытқаны жөн. Сабақ кезінде шығарылатын есептер
студенттердің ойлау қабілетін, математика тілін дамытып шығармашылдықпен жұмыс
істеуге негізделе құрылған. Есеп шығарудың ең бірінші міндеті – оның шартын ұғына
білуге үйрету. Оған дағдыланбаған студент тек көшіруге дайын тұрады. Күнделікті сабақты
жоспарлаған кезде төмендегі сұрақтарды еске алған жөн.
- Бүгін сабақта ең бірінші ұғатынымыз не?
- Нені пысықтау керек?
- Қандай жұмыс арқылы дамытушылық пен тәрбиелік мақсатты жүзеге асырамыз?
- Тақырыпты меңгерудегі үй тапсырмасы қандай болу керек?
Математикада геометриялық есептерді шығару маңызды болып есептеледі. Мұндай
есептер планиметриялық және стереометриялық есептерді шешуде көрнектілік маңызды
орын алады. Мысалы үшжақтыбұрыштың кеңістігіндегі нақты кескін көрсету керек, бұл
олардың абстрактылы ойлау қабілетін арттырады. Осыдан кейін кеңістікте берілген
фигураны жазықтықта кескіндеуге көшу керек, бұл студенттің ынталы еңбек етуіне
жетелейді. Көрнектіліктерді, көпжақтарды студенттердің өздеріне дайындатудың да
маңызы зор. Стреометрия есептерін шығару кезінде оны шығарудың бірнеше тәсілін
қарастырып, қай тәсілдің тиімді екендігін және есептің толық мәнді шешілуіне студенттің
көзін жеткізіп отыру маңызды. Мысалы: Төртбұрышты дұрыс пирамидаға шар іштей
~
78
~
сызылған. Шардың дәл ортасында пирамида төбесіне дейінгі қашықтық а-ға тең, ал бүйір
жағы табан жазықтығымен а бұрыш жасайды. Пирамиданың толық бетін табу керек. Есепті
шешу кезінде сызбаның осьтік қимасын алу жеткілікті. Мұнда тікбұрышты қарастырып,
сүйір бұрыштың тангенсі мен синусын анықтамаларын пайдаланып, тригонометриялық
түрлендірулерді орындап, есептің шешіміне қол жеткізуге болады. Дайын сызба бойынша
есеп құрастырғанда студент өз іс-әрекетінің әр түрлі стратегиясы мен тәсілдерін байқап
көре алады және шығармашылық ойлау қабілеті дамиды. Оқу құралдарында берілген
есептерді шығару кезінде мұғаліммен студент төмендегідей ретпен ақыл-ой және іс-қимыл
әрекеттерін орындайды: есептің шартын іздеу-шешімді жазу-есептің шешімін дұрыстығын
тексеру. Интерактивті тақтадан дайын сызбалар бойынша есеп құрастыру жаттығуларын
орындағанда әрекет графикалық үлгіден сөзбен есептеуге бағытталады, сол арқылы ойлау
процесі есеп шығару кезінде жүзеге асатын бағытқа кері бағытта жүреді. Топта әдетте,
математикалық қабілеттің даму деңгейі әр түрлі балалар оқиды. Дайын сызбалар бойынша
өздігінен есеп құрастыруға арналған, күнделікті әр алуан жаттығуларды пайдалану
студенттердің шығармашылық ойлануының дамуына саралап–деңгейлеп оқыту
мүмкіндігіне жол ашады. Математика оқулығы ақыл-ой жұмысының амалдары мен
тәсілдері үйрету-студенттерді шығармашылық ойлауға тәрбиелеудегі маңызды зор.
Ақпараттық технологияның қолданылуы студенттердің оқыту бағдарламасының жұмыс
істеу барысында оларға шығармашылық есептердің математикалық мазмұнын терең түсінуі
мен есте сақтауын жақсартуға жағдай жасайды. Егер математика пәні бойынша жүйелі
жан-жақты терең білім берілсе жаңа ақпаратты технология арқылы студенттердің
шығармашылығы қалыптасса, онда логикалық ойлары теңеліп өздігінен білім алу, сол
білімді нәтижелі түрде пайдалану деңгейлері уақыт талабына сай, бәсекеге қабілетті және
құзыретті тұлға болып қалыптасады. Сабақты үш сатыға бөлуге болады. Мысалы:
«Конустың бүйір бетінің ауданы» тақырыбын алсақ, бірінші саты - анықтамаларды
қайталау арқылы өткен тақырыптарды еске түсіру; екінші саты - интерактивті тақта арқылы
жаңа тақырыппен танысу, жаңа тақырыппен танысу, жаңа формуланың қажеттілігіне көз
жеткізу; үшінші саты - жаңа формуланы қолданып есептер шығару, қортындылау. Осы
сатыдан кейін студенттің танымдылық іс-әрекеттің дамуының деңгейін анықтау кестесін
қолданамыз. Есеп шығару барысында қабілет дәрежесі бір келкі болмайтыны ескереріліп,
қиындығы әр түрлі есептер берген жөн. Шығарған есептерін мұқият тексеріп, өзіне-өзі баға
береді. Өзін-өзі бағалау отырып, студент шығармашылыққа тәрбиелеуге баулиды. Сонымен
бірге сабақ процесінде өздері интерактивті тақтаның көмегімен шығармашылық есептің
нәтижесінде алған шешімдерін, схемаларын қадағалау отырып, онда қандай сыр жатқанын
ұғатындай дәрежеге көтеріле алады. Шығармашылық мазмұндағы есептерді шығару
арқылы студенттер жаңа тақырыпты толық меңгеруіне, сабаққа қызушылығын арттыруға,
өз бетімен ізденуге дағдыландырады. Сонымен ғылым мен техниканың даму кезінде кәсіби
орта білім беретін оқу орындарында математикадан білім беру мазмұны жағынан, оқыту
әдісі тұрғысынан шығармашылық зерттеушілік сипатта болуы тиіс. Бұл математиканы
оқытудың ғылымилық, политехникалық теориямен практикалық байланысымен бірлігі,
пәнаралық байланыс принцептерінен туындайды[4]. Мұнда математика пәнінің
оқытушыларына аса жоғарғы жауапкершілік жүктеледі.
Тұжырымдай келе, заман талабына сай оқытудың жаңа технологияларын қолдану
математиканы оқыту барысында студенттерге білім берудің мақсаты олардың
экономикалық ой-өрісін қалыптастыру, өмірден өз орнын таба білуге, бәсекелестікке
дайын, түрлі мамандықтарды меңгере алатын, жан-жақты білімді де дарынды тұлғаны
тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ студенттердің қызығушылығы мен білім
сапасының көтерілуінде, шығармашылықпен жұмыс жасауында, ойлауы мен талдау
жасауында, өз көзқарастарын қалыптастыруда мұмкіндігі мол педагогикалық технология.
Осы технологияны сабақта қолдану арқылы мұғалімнің де, студенттің де рөлдері өзгереді.
Технология бойынша балаға білім дайын күйінде берілмей, білімді өзі игеріп, талпыныс
~
79
~
жасайтыны. Сабақ барысында тек жұмыс жасап қана қоймай, өздігінен ізденуге,
шығармашылықпен жұмыс жасауға жол ашады.
Достарыңызбен бөлісу: |