Практикалық онлайн-конференция материалдары материалы международной научно-практической онлайн конференции



Pdf көрінісі
бет47/67
Дата24.03.2017
өлшемі6,56 Mb.
#10133
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   67

Использованная литература: 

1. Арцишевская И.Л. Психологический тренинг для будущих первоклассников: Конспекты 

занятий. – М.: Книголюб, 2008.  

2.  Большакова  С.Е.  Формирование  мелкой  моторики  рук:  Игры  и  упражнения.  –  М.:  ТЦ 

Сфера, 2006. – 64 с. 

3. Евдокимова Е.С., Кудрявцева Е.А. Детский сад и семья. - М., 2008.  

4. Максимова Ю.Ю Адаптация детей раннего возраста к условиям ДОУ. – М., 2010.  

5. Нусупбекова М.И., Аргымбаева А.Б. Дидактические игры. –Алматы, 2008. 

 

 



МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ МНЕМОТЕХНИКА 

БАЛАЛАРДЫҢ ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ЖЕҢІЛДЕТЕТІН ТИІМДІ 

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ 

 

Усенова Нафиса Нуришовна 

«Балапан» бөбекжай – балабақша тәрбиешісі 

Кентау қаласы, Қарнақ ауылы, ОҚО 

 

Бүгінгі  таңда  мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдарының  тәрбие  мен  оқыту 



бағыттарын  қоғам  сұраныстарына  сәйкес  құру  көкейкесті  мәселелердің  бірі  болып 

отыр.  Осыған  орай,  мектепке  дейінгі  ұйымдар  педагогтерінің  кәсіби  білімдерін 

жетілдіру, оқу- тәрбие үдерісінде инновациялық технологияларды қолдануға бағыт- 

бағдар  беру,  озық  іс-  тәжірибелер  мен  идеяларды  насихаттау  негізінде  жүргізіледі. 



320


 ~ 

 

Балабақшадағы  инновацияға  не  жатады?  Инновациялық  іс  -  әрекеттің  үш  кезеңін  атап 



көрсетуге  болады.  Бірінші  кезеңде  педагог  жаңалықтың  қажеттілігін  дәлелдеу  арқылы 

жаңалық  туралы  ақпарат  жинайды,  одан  кейін  әртүрлі  жаңалықтың  ішінен  қажетті 

жаңалықты таңдап алып, оны қолдану туралы шешім қабылдайды. Тәрбиеші инновациялық 

іс-әрекеттің  екінші  кезеңіне  көшеді,  яғни  іске  асыру  кезеңдерін  зерттеп,  енгізу  жоспарын 

құрып,  жаңалықты  қолданады.  Бұл  кезеңде  педагог  оқу–тәрбие  процесіне,  жаңалықты 

енгізуіне  кедергі  жасап  отырған  факторларды  ескере  отырып,  өзгерістер  енгізеді, 

жаңалықты уақыты мерзіміне байланысты жұмыстарды өткізеді. Жаңалықты енгізу уақыты 

аяқталғаннан  кейін  инновациялық  іс-  әрекет  үшінші  кезеңіне  өтеді.  Бұл  кезеңде  тәрбиеші 

жаңашыл тұрғыда ұйымдастырылған оқу–тәрбие жұмысының нәтижесін көтеруге жасаған 

ықпалын  анықтайды,  жаңалықтың  оқу  –  тәрбие  жұмысына  нәтижелі  енгізу  шарттарын 

белгілеп, оны таратуға ұсынады. Оқытудың инновациялық жүйесі білім, оқыту процесінде 

жаңа  технологияларды  пайдалана  білу  іскерлігі  қалыптасуы  керек.  Қазақстанның  бүгінгі 

білім беру жүйесінде  жаңа инновациялық бағытты игерген, нақты тәжірибелік іс-әрекетте 

өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл, зерттеуші педагогтар аса қажет. Мысалға 

алатын болсақ, бала тұлғасы жалпыадамзаттық құндылық ретінде қарастырылатын, ізгілікті 

педагогика  теориясында  «жеке  бағытталған  оқыту»,  «жеке  бағытталған  тәрбие»,  «жеке 

көзқарас» сияқты түсініктер бар. Жеке бағытталған педагогика балалардың жеке тәжірибе 

жинақтап, олардың жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктері іске асырылатындай оқыту 

ортасын жасайды. Жеке бағытталған технологиялар:  

- топтық оқыту технологиясы;  

- Ш.А.Амонашвилидің ізгілік- жеке технологиясы;  

- Интерактивті оқыту; 

- Ойын технологиялары; 

- М.Монтессори технологиясы; 

- Дамыта оқыту технологиясы; 

- Мнемотехника технологиясы 

-  ТРИЗ  шығармашылық  технологиялары  бүгінгі  мектепке  дейінгі  мекемелер  үшін 

өте тиімді болмақ. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру 

құралдарын қолданудың да маңызы зор.[1] Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу 

мен оқыту кешенді көзқарас қалыптастыруда түрлі қырынан дамытатын оқу ойындарға көп 

мән беріледі. Зерттеу мақсатында мектепке дейінгі ұйымның ортаңғы тобы үшін  «Көркем 

әдебиет»  бөлімінде  рухани  азықтың  қайнар  бұлағы.  Баланың  өмірден  алған  әсерін 

тиянақтап,  ауызша  айтылған  ақыл-өнегені  оның  зердесіне  жеткізіп, орнықтыратын тәрбие 

құралы  -  әдеби  шығармалар.  Мектепке  дейінгі  балалардың  сөздік  қорын  дамытуына  әсер 

етуі, сөйлеу тілін, өз ойын, әңгімелеуді грамматикалық құрылымда дұрыс меңгертіп, ойын - 

тапсырмалар  орындау  арқылы  жаттықтырып  отыру  керек.  Осы  уақытта  балалардың  оқу 

процессі  олар  үшін  қызықты,  дамытушы  және  жаттықтырушы  болуын  қадағалауымыз 

керек.  [2]  Өзіміздің  жұмысымызда  балалардың  байланыстырып  сөйлеуін  дамыту  үшін 

мнемокестені  қолданғанды  жөн  көрдік.  Қалай  ойлайсыздар,неге  кейбір  балалар  өлеңнің 

мәтінін  жаттауға  қиналады,бірақ  мультфильмдерді  жақсы  естерінде  сақтайды?  Сіздер 

тақырыпты  түсіндіргенде  барлығы  мұқият  тыңдайды,  бірақ  кейбір  балалар  тақырыпты 

жақсы  меңгеріп  естерінде  сақтайды,ал  кейбір  балалар  не  жайлы  әңгімелескендеріңізді 

ұмытып  кетеді,  осыны  аңғардыңыздар  ма?  Осы  балалардың  есте  сақтау  қабілеттерін 

жақсарту  үшін  не  істеу  керек?  Есте  сақтау  процессін  қарапайым  және  жеңіл  ету  үшін  не 

істеу  керек?  Осы  кезде  бізге  көмекке  сюжеттік  суреттер  келеді.  Мнемотехника  дегеніміз 

не?  «Егер  бала  үндемей  тұрса,  оған  сурет  көрсетіңіз  сонда  бала  сөйлеп  кетеді». 

К.Д.Ушинский  -  Мнемотехника  грек  тілінен  аударғанда-есте  сақтау,  есте  сақтауды 

дамытушы  технология.Бұл  ақпаратты  тілде  есте  сақтауына  жағдай  жасаушы,негізін 

қалаушы  әдіс-  тәсілдердің  жүйесі.Әр  сөзге  немесе  сөз  тіркесіне  сурет  салынады,сонымен 

бүкіл  мәтіннің  суреті  шығады.Кез  келген  әңгімені,  ертегіні,мақал-мәтелді,  өлеңді 

суреттерді немесе символдық белгілерді пайдаланып жазуға болады.Осы кестелерге қарап 


321


 ~ 

 

бала алған ақпаратын есінде сақтайды. Кестелер баланың көру қабілетін іске қосады,естіген 



мәтінін қалыптастыруына көмектеседі. Кестелерді әңгімелеу,әңгіме құрастыру, жұмбақтың 

шешімін  табу,  жаңа  мақал-  мәтелді  жаттау,  өлеңді  жаттауда  пайдаланған  тиімді. 

К.Д.Ушинский:  «Баланы  жаңа  бес  сөзге  үйреткенде  ол  ұзақ  нәтижесіз  киналады,бірақ 

осындай  жиырма  сөзді  суреттермен  байланыстырғанда  ол  тез  ұғып  алады»-деп  жазды. 

Мнемокесте  әдісі  ақпаратты  меңгеріп  қолдануында  тиімді.  Тәжірибие  көрсеткендей,  бұл 

әдіс балалардың жаңа сөздерді, сөйлемдерді, мәтіндерді меңгеріп, естерінде сақтауларында 

тиімді.  

Мнемокесте:  

 Тіл дамыту бойынша дидактикалық көрнекілік;  



 Тілді дамыту және сөздік қорды молайту үшін қолдануға болады;  

  Әңгімені  құрастыруда,  әңгіменің  мазмұнын  айтуда,  өлеңді  жаттауда  қолдануға 



болады. Мнемокестенің көмегімен мынандай мәселелерді шешуге болады:  

 Тілді дамыту және сөздік қорды молайту;  



 Есте сақтау қабілетін, ой-өрісін, зейінін дамыту;  

 Ұсақ моторканы дамыту.  



Мысалы:  Өзім  жайлы  әңгіме.  1.Менің  атым_________  Анамның  аты________  Әкемнің 

аты_________  2.Менің  інім,ағам  бар.  (Әпке,  қарындас,  сіңлі)  3.Анам_________болып 

жұмыс істейді. Әкем_________ болып жұмыс істейді. 4.Менің әжем _________тоқыма тоқи 

алады,ал  атам  _________бақшада  жұмыс  жасағанды  ұнатады.  5.Біз  ағам  (інім,  әпкем, 

сіңлім)  әжеммен,  атамның  саяжайында  дем  алғанды  жақсы  көреміз.Біз  онда  орманға 

барамыз,шомыламыз. 6.Біз өз отбасымызды жақсы көреміз. Әңгімені құрастырғанда суретті 

баланың  өзі  салуына  болады.  «Сүйікті  жемісім»  атты  әңгімелеудің  жоспарын  құруға 

болады.Алмұрттар  бұл  жемістер.Олар  ағашта  өседі.Олар  жасыл  және  сары  түсті 

болады.Бау-бақшада  өседі.Менің  алмұртым  сары,  үлкен,  тәтті  және  дәмді.Алмұрттан 

шырын  және  тосап  жасауға  болады.Алмұрттар  өте  пайдалы.Оларда  дәрумендер  көп. 

Мнемокесте  -  есте  сақтау  қабілетін  жеңілдететін  және  қосымша  ассоцияларды  құраумен 

есте  сақтау  көлемін  кеңейтетін  әр  түрлі  тәсілдердің  жүйесі.  Әдістеменің  ерекшелігі 

заттардың  бейнесін  емес,  ал  оларды  есте  сақтау  үшін  таңбаларды  қолдану.  Бұл  балаларға 

сөзді  таңдау  мен  оны  есте  сақтауды  біршама  жеңілдетеді.  Таңбалар  тілдік  материалға 

максималды  жақындатылған.  Балалардың  сөздік  қорларын  молайтып,  дамытып  дұрыс 

жүйелі  түрде  өз  ойларын  жеткізе  білулері,  есте  сақтау  қабілеттерін  жақсарту  үшін,  кез-

келген оқу іс - әрекетінде алға қойған мақсатқа жету үшін, мнемокестені пайдалану тиімді. 

Зерттеу мақсатында оқу іс - әрекеттерінде біз үнемі мнемокестені пайдаланымыз. Мысалы 

көркем  әдебиет  оқу  іс-  әрекетінде  тақырыптарды  меңгеруде  жүйелі  түрде  пайдаланған 

мнемокестелердің  нұсқаларын  келтірдік.  Мотивациялық  -  қозғаушылықта  балаларды 

шаттық шеңберіне тұрғызып бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді. Шаттық шеңберіндегі 

мәтінінің  мазмұнына  сай  мнемокесте  тақтаға  ілінеді.  Бұл  балалардың  сөзбен  ғана  емес, 

кесте  арқылы  көзбен  көріп,  көңіл  -  күйлерін  қуанышқа  бөлейді.  [3]  Ойын  мнемокесте 

қолдану  барысында  ең  басты  элемент  болып  саналады.  Мнемокестені  қолдану  әдісі  - 

баланың  ынтасын  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетке  аударуға,  көңіл  қойғызуға  , 

қабылдауын  жеңілдетуге,  білімді  толық  игеруге  көмектеседі,  эмоциялық  бояу  береді. 

Жұмбақ  жасырғанда  да  мнемокестенің  маңызы  зор,  жұмбақты  тыңдай  отырып, 

мнемокестені  көре  отырып,  жұмбақтың  шешімін  тез  табуға  машықтандырамыз: 

Мнемокестелер  тақпақтарды  жаттаған  кезде  ерекше  тиімді.  Оның  мазмұны  мынада:  әр 

сөзге немесе кішкентай сөз тіркесіне сурет (бейне) ойдан шығарылады. Осылайша, барлық 

тақпақтар  сызба  түрінде  бейнеленеді.  Бұдан  кейін  бала  графикалық  бейнені  қолдана 

отырып,  есте  сақтау  арқылы  тақпақты  бүтіндей  дыбыстайды.  Тақпақты  жаттауға  үйрету 

үшін  керек  суреттерді  қолдану  балаларды  қызықтырады,  ұйымдастырылған  оқу  іс  - 

әрекетін  ойынға  айналдырады.  Суреттермен  ілесе  жүретін  тақпақты  тыңдағаннан  кейін 

бала  оны  біршама  тезірек  есте  сақтайды.  Алдымен  таңдалған  тақпаққа  тірек  суреттерін 


322


 ~ 

 

іріктеп  алу  керек.  Суреттер  айқын  танылатындай  болуы  қажет.  Оны  оқығаннан  кейін 



балалар тірек суреттері бойынша айтып береді. Оқу іс-әрекеті «Көркем әдебиеті» бойынша 

«Қолғап»  өлеңімен  таныстыруда  мнемокестені  қолдандық.  Қуан,шаттан,алақай!  Қуанатын 

күн келді. Күліп шықты күн бүгін. Қайырлы таң! Қайырлы күн! Шанамен зырлап желетін. 

Шаңғы,коньки  тебетін.  Аққала  жасап  ойнайтын.  Қай  мезгіл  деп  ойлайсың?  (Қыс)  Қолғап 

Жоғалыпты қолбағым, Тыз-тыз етті қолдарым, Сорып аяз тастады, Естен кетпес тоңғаным. 

Қолғаптық  жіп  шығарып,  Тоқыды  әжем  біз  алып.  Мен  отырмын  ұяттан  Тоңғандай  боп, 

қызарып.  Балаларды  оқу  іс  -  әрекеттерді  меңгертудегі  көрнекілік,  сөздік,  ойындық, 

тәжірибиелік  әдістердің  барлығы  қолданылады.  Қорыта  келгенде,  мнемокестелер  арқылы 

оқыту балалардың тілдерін дамыту, танымдық, есте сақтау қабілеттері артады. Әр педагог 

балаларды оқытудағы қолға алған мақсаттарына жетеді. Қоршаған ортамен таныстыру оқу 

іс  -  әрекеттерін  меңгеруде  де  табиғат,  жануарлар,  өсімдіктермен  таныстыруда  да 

мнемокестелерді  қолдандық.  [4]  Әңгімеле...  Бұл  не?  Биіктігі.  Ағаштың  бөлшектері. 

Жапырақтарының пішіндері. Жемістері. Ағаштардың түрлері. Күз мезгіліндегі ағаштар. Ақ 

қайың Үйеңкі Емен Шетен Қарағай Шырша ;Әңгімелеп бер Бұл не? Түсі.Дене бөлшектері. 

Үстінде не бар? Дауысы. Немен қоректенеді? Қалай қозғалады? Тұратын орны. Балалары. 

Адамға  пайдасы.  Балалардың  тақырыпты  меңгерулерін  жақсарту  үшін  инновациялық 

технология  мнемокестені  пайдалана  отырып,  балаларды  оқытудағы  көрнекілік,  ойындық, 

сөздік, тәжірибелік әдістердің барлығы қолданылды; сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру әдіс - 

тәсілдері  арқылы  көздеген  мақсатымызға  жеттік.  Инновациялар  бала  тұлғасына,  оның 

қабілеттіліктерін  дамытуға  бағдарланған  педагогикалық  практикада  қолданылатын  жаңа 

әдістерді,  нысандарды,  құралдарды,  технологияларды  анықтайды.  Қазақстанның  заманауи 

даму  сатысында  білім  беру  үдерістерінде  өзгерістер  орын  алуда:  мектепке  дейінгі  білім 

беру 

жүйесіндегі 



педагогтардың 

назарын 


балалардың 

шығармашылық 

және 

интеллектуалдық дамуына, эмоцияланды еріктік және қозғалыс аясын түзеуге бұра отырып, 



білім  беру  мазмұны  күрделене  түсуде;  дәстүрлі  әдістердің  орнын  баланың  танымдық 

дамуын белсендіруге бағытталған тәрбие мен оқытудың белсенді әдістері басуда. Мектепке 

дейінгі  балаларды  оқытуда  мнемокестелерді  қолдану  өте  тиімді.  Оқыту  барысында 

балалардың  тақырыптарды  меңгерудегі  құзыреттіліктерінің  меңгерілу  деңгейінің 

көрсеткіштеріннің жоғарылауы байқалады. [5]  

 

Пайдаланылған әдебиеттер:  

1. Қазенова Г. Ойын арқылы оқыту. //Бастауыш метеп, 2001,№4 

2. Ортаев Б. «Технологиялық мәдениет» ұғымының мәні // Қазақстан мектебі, 

 3. Ж.А.Қараев «Деңгейлеп саралап оқыту»  

 4. Бодрова И.В. «Мнемотехника для детей»  

5. Горохова О.В. «Мнемотехника для детей» 

 

 



МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ БАЛАНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ 

ДАМУЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ 

 

Хайруллаева Халида Таировна 

«Балапан» бөбекжай – балабақша тәрбиешісі 

Кентау қаласы, Қарнақ ауылы, ОҚО 

 

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі - баланың тұлғалық дамуына 



бағытталған  жаңа  оқыту  технологияларын  шығаруға  ұмтылуы.  «Педагогикалық 

технологиялар  –  бұл  білімнің  басымды  мақсаттарымен  біріктірілген  пәндер  мен 

әдістемелердің:  оқу  –  тәрбие  процесін  ұйымдастырудың  өзара  ортақ  тұжырымдамамен 

байланысқан  міндеттерінің,  мазмұнының,  формалары  мен  әдістерінің  күрделі  және  ашық 

жүйелері,  мұнда  әр  позиция  басқаларына  әсер  етіп,  ақыр  аяғында  баланың  дамуына 


323


 ~ 

 

жағымды  жағдайлар  жиынтығын  құрайды».  Қоғамда  болып  жатқан  әлеуметтік-



экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі 

білім  беру  саласында,  соның  ішінде  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқытуға  уақыт 

талабына  сай  өзгерістер  енгізуді  талап  етіп  отыр. Қазіргі  кезеңде  білім  ғылым   саласында 

инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты  маңызды болса, мектеп жасына 

дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен 

қолданылатын  ұғымдардың  біріне  айналды.  Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  дамыту 

мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі 

балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеудің  негізгі  мақсаты–баланың  жеке  басының  қалыптасуы 

мен  дамуы  болып  отыр.  Жаңа  заман  баласы  ертеңгі  еліміздің  болашағы.  Жаңа  заман 

баласын  қалыптастырып,  дамыту  үшін,  тұлғаның  ішкі  дүниесі  мен  оның  қыр  сырын 

анықтап,  мүмкіншіліктері  мен  қабілетінің  дамуына  жағдай  туғызу  қажет.  Әрине,  ол  үшін 

мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемелерінде  балалардың  жеке  басының  қалыптасуы  мен 

дамуында  педагогтардың  педагогикалық  технологияларды  қолдана  білу  сауаттылығынада 

байланысты.  

Яғни,  педагогикалық  технологияны  қолдану  негізінде  келешек  ұрпақтың  еркін 

дамуына,  жан-жақты  білім  алуына,  белсенді,  шығармашыл  болуына  жағдай  жасау  қазіргі  

таңдағы  әрбір  педагогтың  міндеті.  Қоғамдағы  қазіргі  даму  кезеңінде  мектепке  дейінгі 

мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру - басты 

мәселенің  бірі.  [1]  Осыған  орай  мектепке  дейінгі  мекемелердің  тәжірибесіне  оқыту  мен 

тәрбиелеудің 

әр 

түрлі 


технологиялары 

жасалып 


енгізілуде. 

Әрине  мұндайда  педагогикалық  технологияға  анықтама  берген  ғалымдардың  бірін  атап 

өтсек  те  болады.  Олар:  В.П.Беспалько,  В.М.Монахов,  В.М.Кларин,  П.И.Третьчков, 

И.П.Сенновский,  Г.А.Монахова,  М.А.Чошанов  т.б.  өз  еңбектерінде  қарастырып  өткен. 

Білім  беру  жүйесінде  педагогикалық  технологияны  қолдану  келешек  ұрпақтың  еркін 

дамуына,  жан-жақты  білім  алуына,  белсенді,  шығармашыл  болуына  жағдай  жасау  әрбір 

педагогтың  міндеті  болып  табылады.  Білім  беру  жүйесінде  қолданылып  жүрген 

педагогикалық  технологиялар:  ынтымақтастық  педагогикасы,  білім  беруді  ізгілендіру, 

ойын  арқылы  оқыту,  проблемалық  оқыту,  модульдік  оқыту,  тірек  сигналдары  арқылы 

оқыту,  дамыта  оқыту,  түсіндіре  басқарып  оза  оқыту,  өздігінен  оқыту,  сын  тұрғысынан 

ойлауды дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, бағдарламалап оқыту, деңгейлеп 

оқытут.б. 

Білім  берудің  алғашқы  деңгейлері  балабақшадан  басталмақ.  Мақсаты  -  мектепке 

дейінгі білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Кез 

келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық 

әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, бабалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны 

ұғына білуді талап етеді. 

Қазіргі  таңда  мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемелерінде  қолданылатын 

педагогикалық технологиялардың бірнеше түріне тоқталайық.[2] 

Ойын  арқылы  оқыту технологиясының  мақсаты  дидактикалық,  тәрбиелік, 

дамытушылық,  әлеуметтендірушілік  мақсатқа  жету.  Ойын  технологиясының  ерекшелігі 

ойындық  іс-әрекеттің  психологиялық  механизмі  жеке  бастың  өзіндік  талап-талғамдарына 

сүйенеді.  Баланың  бойындағы  білімділік,  танымдық,  шығармашылық  қасиеттерін  аша 

түсуді көздейді. Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың 

тәсілі.  Сонымен  қатар,  ойын  балаларға  өмірде  кездескен  қиыншылықтарды  жеңу  жолын 

үйретіп  қана  қоймайды,  олардың  ұйымдастырушылық  қабілеттерін  де  қалыптастырады. 

Ойын-әлеуметтік  қызмет.  Ол  баланың  жасына  қарай  өзін  қоршаған  ортаны  танып  білуге 

құштарлығын арттырады.  

Дамыта  оқыту  технологиясы -  баланы  оқыта  отырып,  дамыту.  Бала  бойында 

еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, 

белсенділік  т.б.  қасиеттер  дамыту.  Сонымен  қатар,  мектепке  дейінгі  мекемелерде 

инновациялық  білім  беру  құралдарын  қолданудың  да  маңызы  зор.  Инновациялық  білім 



324


 ~ 

 

беру  құралдарына:  аудио,  видео,  құралдар,  компьютер,  интерактивті  тақта,  интернет, 



мультимедиялық  құрал,  электрондық  оқулықтар,  мен  оқу  әдістемелік  кешендер, 

инновациялық  ақпараттық  банк, инновациялық  сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі 

таңда  көптеген  интерактивтік  бағдарламалық  бөлімдер,  қозғалмалы  объектілер  құруға 

мүмкіндік  беретін  векторлық  және  графикалық  жабдықтар  көптеп  шығып,  қолданыс 

табуда. Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен 

пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс-әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер 

ауыстырмаған болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді 

және ұтымды пайдаланар еді. Бала бақша баласына мультимедиялық оқулықтар біріншіден, 

балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген 

жерлерін  қайта  көруге  мүмкіндік  алады.  Мультимедиялық  оқулықтар  балабақшада 

балаларға арналған таптырмас құрал болып табылады. Өйткені, балалардың зейіні әр түрлі 

әдемі түстерге, ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады. Мультимедиялық 

электронды  оқулықтар  бала  үшін де,  тәрбиеші  үшін  де  күнде  дамытылып  отыратын  анық 

түрдегі  әдістемелік  жүйе  болып  табылады.  Мектепке  дейінгі  мекемелерде  ақпараттық 

қатынастық  технология  құралдарын  қолданудағы  мақсаты  -  баланың  танымдық 

қызығушылығын  қалыптастыру.  Балада  танымдық  қызығушылықтың  болуы  олардың  оқу 

іс-әрекеттерге  белсенді,  білімінің  сапалы  болуына,  жағымды  мінез  құлықтарын 

қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  Заман  талаптарына  сай  мектепке  дейінгі  мекемелерде 

АКТ  оқыту  процесінде  кенінен  пайдаланады.  Түрлі  танымдық  салаларына  арнаулы 

компьютерлік  бағдарламалар  құрылуда.  Баланың  жас  ерекшелігіне  және  пайдаланатын 

компьютерлік  бағдарламаларға   сай  интерактивті  тақта  ойындағы  баланың  оппоненті, 

бағдарлаушы (әңгімелеуші), жаттықтырушы, емтихан қабылдаушы болуы мүмкін. Оқытуда 

балалардың  түрлі  психикалық  функцияларын  дамытуға  араналған  пайдаланатын 

компьютерлік  құралдар  бар:  олар  қөру,  есту  арқылы  қабылдау,  зейін,  есте  сақтау, 

логикалық ойлау, т.б. Интерактивті тақтаның жетістіктерінің кіші жастағы балаларда оқуға, 

жаңа білім алуға деген құштарлық туғызады.  Интерактивті тақта ақпаратты кеңінен ұсыну 

құралы  болып  келеді  және  баланың  мотивациясын  күшейтеді.  Мультимедиалық 

технологияларды  пайдалану  арқылы  (түс,  графика,  дыбыс,  замануи  видеотехникалық 

құралдар)  түрлі  жағдайлар  мен  ортаны  моделдеуге  болады.  Мультимедиалық 

бағдарламаларға  еңгізілген  ойын  компоненттері  үйренушінің  таңымдық  әрекетін 

белсендіреді  және  материалды  ұғынуды  күшейтеді.  Оқытуда  пайдаланатын  интерактивті 

құралдар: тақта, компьютерлер балаларды диагностикалауда жақсы көмекші болып келеді: 

 

Зейінің дамытуда 



 

Есте сақтау қабілетін дамытуда 



 

Ойлау қабілетін дамытуда 



 

Тілің 



 

Жеке тұлғасың дамытуда 



 

Оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастыруда 



Ақпараттық  мәдениетке  бейімдеу  –  ол  тек  ғана  компьютерлік  сауаттылық  емес, 

сонымен  қатар  этикалық,  эстетикалық  және  интеллектуальдық  сезімін  меңгеруі  болып 

табылады.  Балалардың  онай  түрде  түрлі  электронды,  компьютерлік  жаңалықтармен 

жұмыстана білу тәсілдерін  меңгеруі сөзсіз. Бала бір минутта 1 мыңға дейін шартты бірлік 

ақпаратты қабылдап өндей алады, ал көру органдары «қосылғанда» 100 мың шартты бірлік 

ақпаратты  қабылды  деген  эксперимент  арқылы  дәлелденген.  Мектепке  дейінгі  ересек 

жастағы  балада  ырықсыз  зейіні  жақсы  дамығаны  белгілі,  бірақ  балаға  ақпарат  қызықты, 

көрнекілік   болғанда  зейіні  жинақталатыны,  жағымды  эмоциялар  туғызатыны  да  белгілі. 

Компьютерді біріккен және өзбетімен әрекеттенуде қолдану баланың мотивациясын көтеру 

және   оқуға  деген  жекелендіруінің  бір  тиімді  тәсілі  болып  келеді,  шығармашылық 

қабілеттерін дамытады және жағымды эмоциялық фон туғызады. Осыдан АКТ-ні оқытуда 

пайдаланудың тиімділігі көрінеді.Мектепке дейінгі мекемелерде АКТ пайдалану балаларда 

қоршаған  ортаның  ақпарат  ағымын  бағдарлай  білу  дағдыларын  дамытуға,  ақпаратпен 


325


 ~ 

 

жұмыстанудың  практикалық  тәсілдерін  меңгеруге  көмектеседі,  заманауи  техникалық 



құралдар  арқылы  ақпаратпен  бөлісу  дағдыларын  дамытады.Оқу  іс-әрекеттерінде  АКТ 

пайдалану  түсіндірмелі-иллюстративтік  оқыту  тәсілінен  гөрі  әрекет  жасауға  көшу 

мүмкіндігін  береді,  бала  педагогикалық  ықпалдын  пассивті  обьектісі  емес,  белсенді 

субьекті   болады.  Осы,  мектепке  дейінгі  балаларды  саналы  білім  алуға  әкеледі. 

Интерактивті оқу іс-әрекеттерін өткізу бөлмесі келесі міндеттерді орындайды: 

 



балаларды жаңа технологиялары арқылы оқыту; 

 



сауық және ойын орталығы; 

 



мұнда көлемді білімдендіру және сауықтыру міндеттер орындалады; 

 



балаларға және тәрбиешілерге жұмыстануға өте жағымды жағдайлар туғызады; 

 



балаларды  компьютерлік  технологияның  мүмкіндіктері  мен  дағдыларымен 

таныстырады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет