Практикалық онлайн-конференция материалдары материалы международной научно-практической онлайн конференции



Pdf көрінісі
бет43/67
Дата24.03.2017
өлшемі6,56 Mb.
#10133
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   67

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030» Жолдауы.  

2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы» 

3.М.М.  Жанпейісова  Модульдік  оқыту  технологиясы  оқушыны  дамыту  құралы  ретінде  // 

Алматы, 2006, -4,5 бет 

4. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. // Алматы, 2005-233 б. 

5. Білімдегі жаңалықтар // 2007. №4 26-28 б. 

 

 

БІЛІМ  БЕРУ МАЗМҰНЫНДАҒЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН 

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Бейсеева Нурсулу  Инкарбековна 

№59жалпы орта мектебі, 

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары 

Шымкент қаласы, ОҚО 

 

Білім жүйесін жаңартуда оқу бағдарламаларында қандай өзгерістер бар?   Бұл сұрақ 



қазіргі  уақытта  тек  білім  жүйесіндегі  мамандарды  емес,  барлық  қауымды  ойландырған, 

түрлі әлеуметтік жүйеде қызу талқыланып жатқан мәселе. Жаңа бағдарламадан мұғалім мен 

оқушы не күтеді? Оқушыға қандай мүмкіндіктер береді?  

Осы  сұрақтардың  жауабын  биылғы  жылы  «Өрлеу»  БАҰО»  АҚФ    ОҚО  бойынша 

ПҚБАИ-да  ұйымдастырылған  курста  оқып,  толығымен  жауабын  ала  алдым.  Осы  курстан 

алған білімім бойынша төмендегі ой тұжырымдарымды сіздермен бөліскім келеді.  

Орта  білім  беру  мазмұнын  жаңартудың  тұжырымдамалық  идеяларының  визуалды 

көрінісі. 

Құндылықтар: «Құрмет», «ынтымақтастық», «ашықтық», «Қазақстандық патриотизм 

және  азаматтық  жауапкершілік»,  «еңбек  және  шығармашылық»,  «өмір  бойы  білім  алу». 

Білім беруде ең бірінші осы құндылықтарға мән беру-білім жүйесін жаңартудағы ең басты 

негіздер  болып  табылмақ.  Тәрбие  мен  білімді  құстың  қос  қанатындай  қатар  алып  жүру 

мұғалімнің оқушы үшін қауіпсіз белсенді оқу ортасын ұйымдастыруымен сабақтасады. 

Курста  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  45  минутта  оқушының  іс-әрекетін  тиімді 

ұйымдастырып, бастауыш сыныпта ойын технологияларын, интербелсенді әдістерді тиімді 

пайдаланып, оқушының түсініксіз сұрақтарын сыныпта жолдастарымен, мұғаліммен біріге 

жауап іздеп, танымдық, әлеуметтік, дене белсенділігін дамыту әдістерін меңгердік. 

Сондай-ақ, мұғалімдер оқушыларға берілетін «көшіріп кел», «оқып кел», «шығарып 

кел» сияқты қайталанып келетін, әрі ылғи орындала бермейтін үй тапсырмаларының орнын 

шығармашылық, өнертапқыштық тапсырмалардың басымдылық алу жолдарын  іздестіруде. 

Шығармашылық тапсырмалардың аздығынан оқушылардың тек үй тапсырмасын орындап, 

басқа басы артық әрекет жасамай, өзіндік іс-әрекеттері азайып, «апай жаса деп айтқан жоқ» 

деген  жауапқа  дағдыланып  бара  жатқанын,  осындай  айтпаса  жасалмайтын  іс-әрекеттер 

оқушының  болашақтағы  мінез-құлқын  қалыптастырып,  ал,  тапсырманы  толық 

түсінбегендіктен,  ылғи  орындалмауы  оқушының  бойындағы  «жауапкершілік»  деген 

қасиетті  жойып  жіберетіндігін  мұғалімдер  өз  тәжірибесінен  мысалдар  келтіре  отырып, 

дәлелдер  беруде.  Дәстүрлі  сабақта  уақыттың  көбі  мұғалімге  кетеді,  (тапсырма  орындамай 


294


 ~ 

 

келген оқушылармен сөйлесу, тақырыпты түсіндіру) сөйтіп, оқушы тақырыпты түсінуге өзі 



жұмылдырылмағасын  толық  түсінбей  кетіп,  тапсырма  орындалмай  қалады,  себебі,  үйде 

оқушының  түсінбеген  жерін  ұқтыратын  «физик»,  «химик»,  «математик»  т.б.  ата-ана 

отырған  жоқ.   Мұғалім  ата-анадан  оқушыны  оқытуын  талап  етеді,  ата-ана  амалсыз 

репититор жалдап, мектептен тыс оқытады. Сонда оқушы мектепке не үшін барады деген 

сұрақ  туады.  Мектепке  бармай-ақ  репититор  арқылы  үйден-ақ  оқымай  ма?  Осындай 

келеңсіз  жағдайларды  болашақта  қалай  тиімді  үйлестіруге  болатындығы  туралы 

талқылаулар  жүргізген  мұғалімдер  алдын  ала  жаңа  сабақты  үйден  оқып  келген  оқушы 

түсініксіз  сұрақтарымен  сыныпта  жолдастарымен,  мұғалімімен  бірлесе  жауап  іздесе, 

 мұғалім өз кезегінде белсенді, бірлескен, саралап оқыту, пәнаралық байланыстырып оқыту, 

диалогтік, электронды оқыту түрлерін ұйымдастырса, оқушы тақырыпты жеңіл, әрі сапалы 

меңгеріп, әрі оқушылардың ынтымақтастық, үйлесімділік, әлеуметтік жауапкершілік, сыни 

ойлауға бейімділік, проблемаларды жедел, сапалы шешу дағдылары қалыптасады, дамиды 

деп есептейді. 

Кең  ауқымды  дағдылар:  коммуникативті  дағдылар,  сыни  тұрғыдан  ойлау 

дағдылары,  білімді  шығармашылық  түрде  қолдану  қабілеттілігі,  топта  және  жеке  жұмыс 

істей алу қабілеттілігі, АКТ дағдылары, зерттеушілік дағдылары, мәселелерді шешуге және 

шешімді  қабылдауға  біліктілігі  оқушының  мектепті  бітірген  кездегі  нәтижелеріне  сай 

болмақ. 

Осы  дағдылардың  ішінде  оқушыны  топта  және  жұпта,  жеке  жұмыс  жасауға 

үйретудің  маңызы  зор.  Үйден  қарап  келген,  не  оқып  келген  немесе  түсініксіз  сұрақтар 

жауабын  оқушы  мұғалімнің  көмегімен  ұйымдастырылған  топтық,  жұптық  жұмыстарда 

түсініп, өзіндік пікірі қалыптасады. 

Пән  мазмұны  спиралді  қағидатпен  берілген,  1  сыныпта  берілген  материалдың 

мазмұны  қарапайымнан  күрделіге  қарай  жоғарылап,  логикалық  бірізділікпен  тереңдей 

түсуін қамтамасыз етілген, жоғарылаған сайын оқу мақсаттары иерархиаландырылған. 

Бір  білім  беру  аясында  және  пәнаралық  байланыстарды  жүзеге  асыру  мақсатында 

«ортақ  тақырыптар»  берілген,  мысалы  «Өзім  туралы»  ортақ  тақырып  аясында  оқушының 

математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, дүниетану, жаратылыстану пәндерінде бір 

мезгіл, бір уақытта пән мазмұнына сай әңгімелей білуін мұғалім жоспарлап, басқа пәнмен 

және  пән  мұғалімдерімен  байланысады.  Оқу  үдерісі  осылай  ортақ  тақырыптар  арқылы 

пәнаралық байланыстырылған. 

Оқу  үдерісі  ұзақ,  орта,  қысқа  жоспарлар  арқылы  ұйымдастырылған.  Орта  мерзімді 

жоспар  мұғалімнің  шығармашылығын  ұштайды,  мұғалімге  сабақ  жоспарлауда  «еркіндік» 

береді. Ендігі сабақ беру үрдісінде мұғалімнің үстелінің үстінен табылатын құжаттар: оқу 

бағдарламасы+оқу жоспары+критериалды бағалау басшылығы, бір-бірімен тығыз, үздіксіз 

байланыста жүргізілмек. 

Бағдарламада  оқу  мақсаттарын  қолдануға,  мониторинг  өткізуге  тиімді  болу  үшін, 

төрт саннан тұратын кодтық белгі енгізілген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші 

сан  бөлімді  үшінші  сан  бөлімшенің  ретін,  төртінші  сан  оқу  мақсатының  реттік  нөмерін 

көрсетеді.  Мысалы,  1.2.1.4.  кодында  «1»  -  сынып,  «2.1»  -  екінші  бөлімнің  бірінші 

бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны. 

Бастауышқа  еніп  жатқан  жаңа  пән  жаратылыстану  пәні,  сонымен  бірге  дүниетану 

зерттеуге  негізделіп  құрылған.  Бұл  сабақтарда  мұғалім  оқушының  тақырыпты  мазмұндай 

білуін  талап  етпейді,  керісінше,  ғылыми  түсініктерін  дамытуға,  тәжірибелік  әрекетін 

ұйымдастыруға  жұмыстанады.  Дүниетану  қоғам,  тарих,  география  пәндерінің, 

жаратылыстану биология, химия, физика пәндерінің негізін бастауыштан қалап, әрі өрбітіп 

әкетуді ойластырған. 



Инновациялар  оқу  үдерісіне  енгізілген  барлық  соңғы  жаңалықтар.  Бұлар:  үш 

тілде  білім  беру,  инновациялық  педагогикалық  ұстанымдар,  сабақтан  тыс  іс-әрекеттер, 

оқытудағы көшбасшылық, оқытудағы бағалау, кәсіби қауымдастық, оқудағы қолайлы орта. 


295


 ~ 

 

Осы инновациялардың ішінде көңіл  бөліп кететін мәселе, заманның дамуына орай, 



ел  мен  елдің  арасындағы  байланыстың  күшеюіне,  шекаралардың  ашылуына,  екі  ортада 

барыс-келістің  көбеюіне  байланысты–халықаралық  қарым-қатынас  тілі-  ағылшын  тілінің 

қажеттілігі.  Оқушыларымыз  қанша  жыл  орысша,  ағылшынша  оқығанымен,  тілдік 

құзыреттеліктері  төмен.  Себебі  әртүрлі,  тілдік  қарым-қатынастың  аздығы,  сыныпта  тек 

аузыекі  сөздердің  қолданылып,  пәндік  терминдердің  қолданылмауы,  интербелсенді 

әдістердің аздығы. 

Жағдаяттан  шығудың  бір  жолы-  үш  тілде  білім  беру,  әрі  бір  типті  мектепке  көшу 

 деп  отыр  білім  саласындағы  мамандар.  Іске  асыру  жолы-сабақ  үрдісінде  жеке,  термин 

сөздерді  пән  мұғалімінің  ылғи  қолданысқа  енгізіп,  оқушылардың  сөздік қорын  толтыруы, 

сөйтіп,  орыс,  ағылшын  пәні  мұғалімдеріне  көмек  бере  отырып,  тіл  мұғалімдерінің  сөйлеу 

әрекетінің  төрт  түрі  (тындалым,  айтылым,  оқылым  және  жазылым)  арқылы 

коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру. 

Бұл  жерде  пән  мұғалімдері  жеке,  ғылыми-пәндік  терминдердің  орыс,  ағылшын 

тіліндегі аудармаларын жақсы білуі  тиіс, бірақ бұл  сыныпта орысша, ағылшынша сөйлеп, 

оқушылардың  сабақтың  оқыту  мақсатынан  ауытқу  деген  сөз  емес.  Ескеретін  жағдай 

оқушының уақыты тіл үйренуге көп бөлініп, ғылымға көңіл бөлінбей қалмауы тиіс. 

Бағдарламада бағалау  оқушының оқу жетістігін жақсартудағы тиімді  практика түрі 

ретінде  берілген,  үдеріс  әділ,  нақты,  сенімді  және  айқын  жүргізілуін  қамтамасыз  еткен. 

Бағалау білім беру мазмұнының құрамдас бөлігі болғандықтан бағдарлама мақсаттары мен 

күтілетін  нәтижемен  тығыз  байланыстырған.  Оқушыларды  бағалаудың  екі  түрі  енгізіліп 

отыр. 

Қалыптастырушы бағалауды сабақта үнемі балл мен баға қойылмай жүргізу, мұғалім 



мен  оқушының  арасындағы  кері  байланыс  әрекеті  арқылы  оқыту  үдерісін  уақытында 

түзетіп отыруға, оның өлшемін анықтауға, сабақты ары қарай жоспарлауға ықпал етеді. Бұл 

қалыптастырушы  бағалау  мұғалімнің  оқушының  даму  кезеңі  қай  жерде,  не  біледі,  не 

білмейтіндігі туралы ақпарат алып, жеке жұмыс жасап, қателігін жөндеуге көмек береді, әрі 

мұғалімнің күнделікті журналға баға қою уақытын үнемдейді, 

Жиынтық бағалау мұғалімдер мен оқушыларға белгілі бір оқу кезеңін аяқтағанда (әр 

бөлім  немесе  ортақ  тақырып  бойынша,  тоқсан  соңында,  триместр  немесе  оқу  жылының 

соңында) оқушыға балл және баға қою арқылы оқу нәтижесінің ілгерілеуі туралы ақпарат 

беру  үшін  өткізіледі.  Тоқсанына  3  рет  жиынтық  және  тоқсандық  бағалау  жүреді,  яғни 

бөлімдер  бойынша  оқушының  білімі  тексеріліп,  бұл  баға  журналға  қойылып,  осы 

бағалаулар арқылы оқушының білімі жарияланады. 

Оқушылар  бөлім  бойынша  білімдерін  тиянақтап,  жиынтық  бағалауға  дайындық 

үстінде  болады.  Бұл  екі  бағалау  арқылы  мұғалім  оқушыларға  кері  байланыс  беріп,  ата-

аналарға оқыту үдерісі туралы ақпарат беріп отырады. 

Оқушыны бағалауда әділдік орнайды деп ойлаймыз, себебі, пән мұғалімі  оқушыны 

бағаламайды,  тек  оқытады,  ал  бағалаушы  білім  жүйесінің  тәртіппен,  әрі  жүйелі 

ұйымдастырған  мүшелері  болмақ.  Оқытушы  мен  бағалаушының  өз  рөлінде  жұмыстануы 

білім жүйесіндегі жемқорлықтың жолын бөгейтініне сенеміз. 

Білім  беру  жүйесіндегі  жаңартулар  мәселесі  мемлекеттік  дәрежеде  шешіліп, 

қоғамның  өзгеруімен  бірге  терең  өзгерістер  қажеттігі  осы  жаңартылған  бағдарлама 

енгізілген  уақытта  сезіліп,  ұстаздық  қызметтің  қоғамды,  болашақ  ұрпақты  тәрбиелеудегі 

рөлінің маңызын  ұққаны көңіл қуантады. 

 

Пaйдaлaнылғaн әдебиеттер: 

1.Қaзaқстaн  Республикaсы  педaгог  қызметкерлерінің  біліктілігін  aрттыру  курстaрының 

бaғдaрлaмaсы.Мұғaлімге aрнaлғaн нұсқaулық. Үшінші бaзaлық деңгей.  

2.Қaзaқстaн  Республикaсы  педaгог  қызметкрлерінің  біліктілігін  aрттыру  курстaрының 

бaғдaрлaмaсы.  Мектептегі  тәжірибе  кезеңінде  орындaуғa  aрнaлғaн  тaпсырмaлaр.  Үшінші 

бaзaлық деңгей. ІІІ бaсылым.  



296


 ~ 

 

3.Вольф пен Aлексaндер, 2008. 



4.Бaстaуыш сыныптa оқыту әдістемесі, №1 (22) 2015 

 

 



«ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯ САБАҚТАРЫНДА 

ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ» 

  

Қарабекова Рыскүл Сейдахметқызы, 

Байтасова Перизат Базарбайқызы 

Саттар Ерубаев атындағы жалпы орта 

мектебінің биология мен химия пәні мұғалімдері 

Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылы, ОҚО 



 

Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  Заңына  еліміздің  білім  беру  жүйесінің 

басты  міндеттері  атап  көрсетілген,  соның  бірі  –  білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру, 

оқытудың жаңа технологиясын енгізу, бүкіләлемдік коммуникация желісіне шығу. 

Биология  –  XXI ғасыр  ғылымы.  Сондықтан  да  ол  жаңа  ақпараттық 

технологиялармен тығыз байланысты. Қазіргі кездегі білім беру жүйесіндегі негізгі мақсат 

оқушыға  жеке  тұлға  ретінде  қарап  оның  дамуына  көп  көңіл  бөлуде.  Бұл  пәнді  оқыту 

мұғалімнен зор міндеттерді талап етеді, өйткені ол бүкіл сыныптың қажеттіліктеріне жауап 

беруі тиіс. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептердің барлығы 

дерлік  интерактивті  тақтамен  қамтамасыз  етілген.  Интерактивті  әдіс  диалогтік  әдіс 

нәтижесінде  сабаққа  қатысушылар  бір  –  бірімен  байланыса  отырып,  мәселелерді  шешеді. 

Интерактивті  тақта  мектеп  сыныптарында  әр  пән  бойынша,  соның  ішінде  биологиядан 

зертханалық сабақтарды өткізген кезде оның құрылғылары қолданылады. Қарапайым тақта 

және  компьютер  проекторына  қарағанда,  инерактивті  тақта  сабақ  мазмұнын  кеңінен 

ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивті тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол 

жеткізу  үшін,  тек  қана  сауатты  сабақ  жоспарлап,  керекті  материалдарды  дұрыс  дайындау 

керек. 

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына 



көмектеседі.  Сонымен  қатар  мұғалімнің  интеллектуалдық,  кәсіптік,  адамгершілік,  рухани, 

азаматтық және басқа көптеген адами қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. 

Мектептегі  пәндерді  оқыту  процесінде  компьютермен  сабақ  өткізу  мұғалім  мен 

оқушы қарым – қатынасы жүйесін, олардың іс - әрекетінің мазмұнын, құрылымын, өзгерте 

отырып, олардың мотивациялық эмоционалдық ортасына, сезімінің өсуіне әсер етеді. 

Сабақта  мұғалім  интерактивті  тақтаны  бір  емес  бірнеше  рет  пайдалана  алады, 

қарапайым  тақтаға  қарағанда  интерактивті  тақта  пайдалануға  ынғайлы,  әрі  уақытты 

үнемдейді. 

Интерактивті  тақтаны  оқытудың  басқа  тәсілдеріне  қарағанда  көптеген  жетістіктері 

бар. Бұл жетістіктер туралы өз сабағында интерактивті тақтаны пайдаланатын мұғалімдер 

айта  алады.  Мұғалім  әріптестерімен  бірге  отырып  сабақ  беру  мен  уақытты  үнемдеу  ғана 

емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да арттырады. 

Мұғалімдердің  пайымдауынша  инетрактивті  бағдарлама  олардың  жартылай 

жұмысын атқарады. Мысалы, белгілі бір материалды интерактивті тақтада орындау арқылы 

файлдағы белгілермен өзгерістерді сақтап қалуға, оны сабақта болмай қалған оқушыларды 

қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолдануға болады. 

Мұғалім  оқытудың  жаңа  ақпараттық  технологияларын  меңгері,  оны  пайдалану 

арқылы өзінің материалдық базасын толықтырып, әрі уақытты үнемдейді. 

Білім  саласындағы  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін,  мектеп  ұжымында  әр  мұғалім 

күнделікті  ізденіс  арқылы  барлық  жаңалықтар  мен  өзгерістерді  сабақтарында  енгізіп 

отырады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше 

жан-жақты  сауатты  маман  болу  мүмкін  емес.  Жаңа  технологияны  меңгеру  мұғалімнің 



297


 ~ 

 

интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі 



әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 

Оқыту  мен  тәрбиелеуге  тың  әдіс-тәсілдер  енгізілді.  Нәтижесінде  тұтас  педагогикалық 

үрдістер  өзгертіліп,  білім  берудің  тиімді  деп  танылған  жаңа  технологиялары  дүниеге 

келеді.  Кез-келген  оқыту  технологиясы  мұғалімнен  терең  теориялық,  психологиялық, 

педагогикалық,  әдістемелік  білімді,  үлкен  педагогикалық  шеберлікті,  шәкірттердің  жан 

дүниесіне  терең  үңіліп,  оны  ұғына  білуді  талап  етеді.  Ойы  жүйрік,  ақылы  жетік,  бәсекеге 

қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра алады. 

1.  Білім  беру  мен  білім  алудағы  жаңа  тәсілдер.  Білім  беру  –  жекелеген  құбылыс 

немесе  дағды  емес,  ол  оқушылардың  оқуға  қабілетін  жақсартуға  мүмкіндік  беретін 

педагогикалық  тетіктердің  біртұтас  кешені  деп  айқындалған.  Бағдарлама  жалпы  алғанда 

әлемдік  дәрежеге  жету  мақсатын  көздей  отырып,  жаңаша  қырда  қолданылатын 

технологияларды тиімді пайдалану. 

2.  Сыни  тұрғыдан  ойлауға  оқыту  Сын  тұрғысынан  ойлау  дегеніміз  -  ой  қозғай 

отырып,  оқушының  өз  ойымен  өзгелердің  ойына  сыни  қарап,  естіген,  білгенін  талдап, 

салыстырып,  реттеп,  сұрыптап,  жүйелеп,  білмегенін  өзі  зерттеп,  дәлелдеп,  тұжырым 

жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.  

3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Бағалау –одан арғы білім туралы шешімді 

қабылдау  мақсатымен  оқытудың  нәтижелерін  жүйелі  түрде  жиынтықтауға  бағытталған 

қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай 

мақсатқа  жететіндерінің  өлшемдерін  түсіну.  Осыған  байланысты  бағдарлама  критерийлі 

бағалау тәсілдерін қарастырады. 

 4. Оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану 

Оқытуда  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  пайдалану  қоғамдағы 

өзгерісті  танып  білуге  және  оларды  тез  қабылдауда  мол  мүмкіндік  береді.  Жоспарланған 

сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар 

жүргізуіне  ықпал  етеді.  Бағдарлама  соңында  мұғалімдер  ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады. 

 5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.  Талантты және дарынды оқушыларға 

білім  беруді  дамытудың  инклюзивті  тәсілі  негізінде  осындай  балаларды  анықтау  туралы 

ой-пікірлер  мен  зерттеулер  жасау.  Оқушылардың  қабілеттерін дер  кезінде  анықтай  білген 

ұстаз болашақ талантты да тани біледі. 

 6. Оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  білім  беру  және  оқу.  Белгілі  бір 

шақтық  кезеңге  тән  анатомиялық-физиологиялық  және  психологиялық  ерекшеліктерді 

әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. 

 7. Білім  беруді  басқару  және  көшбасшылық.  Аталған  модуль  білім  берудің  кез 

келген  жүйесіндегі  тұрақты  даму  мен  өзгерістердің  сырттан  енгізілуі  мүмкін  емес,  олар 

нақты  сыныптардағы  мұғалімдердің  тәжірибесі  мен  түсініктеріндегі  өзгерістерден  бастау 

алу  керек  деген  тұжырымға  саяды.  Қандай  жағдай  болмасын,  өзіңіздің  өмірлік 

ұстанымыңызды  таңдай  білу,  адамдық  көшбасшылыққа  негізделеді.  Олай  болса, 

бағдарламаның  негізгі  идеясы  сыни  тұрғыдан  бағалау,  өзгерту  және  тәжірибе  мен  білім 

саясатын  қайта  бағалау  мұғалімдер  бастамасымен  барлық  деңгейлерде  өзгерістердің  іске 

асырылатыны  негізделеді.  Мектеп  жұмысының  бағдарламасына  балаларға  көшбасшы 

болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар кіреді. 

 Осы  модульдерді  тиімді  пайдалану  арқылы  құзыретті  мұғалім  өз  тәжірибесін 

жетілдіре түспек. Құзыретті мұғалімнің міндеті оқушының жеке тұлғалық ерекшелігіне мән 

беру.  Құзырлы  білім  беруде  ұстанатын  факторы  оқушының  өздігінен  білімнің  мәнін 

меңгеруі  және  бағалай  білуі.  Бағдарлама  нәтижесінде  -  тәуелсіз,  ғылымға  қызығушылығы 

оянған,  білім  алуға  бейім,  сенімді,  жауапты,  сын  тұрғысынан  ойлай  алатын,  өзгелермен 

еркін  тіл  табысатын,  сандық  технологияларда  құзыреттілігін  көрсететін  оқушылар 

дайындалады. 



298


 ~ 

 

Мен жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйінде бермеуге 



тырысамын.   Оқушылардың   өздігінен   танып-білу    дағдыларын   қалыптастыра   отырып, 

жаңа  тақырып  бойынша  анықтама,  ережелерді  өздері  құрастырып   тұжырымдай білуіне 

жетелеймін.  Ол үшін  оқытудың   интерактивті  формаларын  сабақта  қолданамын. 

Олар: 


-Жеке  шығармашылық тапсырмалар, жобалар. 

-Блок-схема, графиктер, диаграмма, т.б. 

-Тірек-схема, көрнекіліктер және анықтама құралдары 

-Ойын арқылы оқыту 

-Сөзжұмбақ, ребустар 

-Тестілеу. 

Сонымен  биология  сабағын  АКТ көмегімен оқыту төмендегі мәселелерді қамтиды: 

Оқушыларға оқылатын табиғат құбылыстарын толық және дәл ақпаратты бере отырып, оқу 

сапасын арттыру . 

1) Оқытудың  көркемділігін  арттырады,  яғни  оқушыларға  қиын  да  күрделі 

материялдарды  көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді. 

2)Оқытудың тиімділігін жоғарылатады және оқу материалын түсіндіру  мүмкіндігін 

арттырады; 

3) Оқушылардың  ғылыми  дүниетанымдық   көзқарастарын   қаыптастыра  отырып, 

олардың білімге  құштарлығын ,   табиғи сұранысын қанағаттандырады. 

4) Мұғалімді  техникалық  жұмыстан  босата  отырып,  үнемдеген уақытта  олардың 

шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды. 

5) Мұғалім  мен  оқушының  жұмысын  жеңілдетеді. 

Интерактивті  тақтаны қолданудың  артықшылығы: 

1)Интерактивті  тақтада  өтілген  сабақтар  оқушыларды  жаңашылдығымен 

қызықтырады және де оқушылардың танымдық қабілеті артады. 

Интерактивті технологияның ерекшеліктері: 

 2) Бормен  тақтаға  жазған  кескінді  экрандағы  түрлі-түсті,  айқын,  ұқыпты кескінмен 

салыстыруға болмайды. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты 

түсіндіру қиын, әрі мүмкін  емес. 

  Слайдтарда  кемшіліктер  мен  қателер  жіберілсе,  тез  арада  түзетуге болады.  Сабақтың 

өнімділігі артады. Басқа пәндермен пәнаралық байланыс орнайды. 

3) Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады. 

4)  Оқу  материалын  беру  беру  логикасына  көп  көңіл  аударады,  бұл  оқушылардың  

білім деңгейіне  оң әсерін  тигізеді . Компьютерге  деген  қарым-қатынас өзгереді. 

5) Мұғалім оқушыларға көбірек мағұлмат бере алады. 

Биология  пәнінен  сабақ  өту  барысында   интерактивті   оқыту  технологиясын,  яғни 

белсенді  «Естігенді  мен  ұмытпаймын»,  «Істеген  ісіме  жауап  беремін»  әдістерін  қолдану  

оқушыларды іс-әрекеттеріне дұрыс баға беруге  тәрбиелейді. 

Менің  міндетім-сабақта  берілген  материалдарды   оқушылар  толық  түсіну  үшін,  қолайлы 

жағдай  туғызамын. 

Жақсы білім алу үшін  қажетті  ұстанымдар: 

Оқушы білім алуға дайын ; 

Білім  беруге  түрлі  әдістер мен  тәсілдер қолданамын

Қайталау –білімді бекіту үшін  қажетті элемент 

Қаншалықты оқу барысы шынайы  болса,  соғұрлым білім беру  тиімдірек. 

Елбасының  Қазақстан  халқына  Жолдауында  айтылғандай,  Болашақ  мамандарға 

сапалы білім беруге, әлемдік білім кеңестігінен мемлекетімізге лайықты орын алуға білім 

саласындағы қызметкерлерге тиісті жағдай жасауға айрықша мән беріледі. Ғалымдар жаңа 

технологияларды  көптеп  енгізуде.  Себебі,  жаңа  оқыту  технологияларын  енгізу  заман 

талабына сай білім беру бағыты өзгереді, өздігінен білім ала алатын логикалық пайымдай, 

талдай, қорытындылай алатын коммуникативті тұлғаны қалыптастыру қажет. 


299


 ~ 

 

Жоғарыда  айтылған  ой-пікірлерімді  тұжырымдай  келе,  компьютерді  қолдану  негізінде 



мектеп пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске 

асады. 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет