Практикалық онлайн-конференция материалдары материалы международной научно-практической онлайн конференции



Pdf көрінісі
бет50/67
Дата24.03.2017
өлшемі6,56 Mb.
#10133
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67

Пайдаланылған  әдебиеттер: 

1.

 

2015-2016  оқу  жылында  ҚР  жалпы  білім  беретін  ұйымдарында  оқу  процесін 



ұйымдастырудың  ерекшеліктері туралы  әдістемелік -  нұсқау  хат.   

2.

 



А.В. Чеботарева.  Оқушылардың  физикадан  орындайтын  өзіндік  жұмыстары 

3.

 



Ә.Ж. Көшеров. Физикадан  310 тәжірибелік  көрсетілімдер  

 

 

ТАРИХ ЖӘНЕ ХИМИЯ ПӘНІНДЕ ЖОБАЛАУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ 

 

Исломова Халифа Кемаловна 

Химия – биология пәнінің мүғалімі 



Бегалиева Рабиға Тоқтамысовна 

Тарих пәнінің мұғалімі 

Шардара қаласы, ОҚО 

 

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,әлімдік білім беру 

кеңістігіне енуге бағыт алып келді. Ал бұл өз кезегінде педагогика теориясымен оқу тәрбие 

үрдісіндегі  елеулі  өзгерістерге  байланысты  болып  отыр.  Нәтижесінде  білім  берудің  жаңа 

мазмұны  пайда  болады.  Қазіргі  заманға  білім  беруге  қойылатын  талап  -  оның  сапасын 

арттыру.  Баланы  мектп  қабырғасынан  бастап  шығармашыл  ойлауға,  практикалық 

әрекеттерге  дайын  болуға  үйрету  керек.  Оған  дайын  болуға  қазіргі  уақытта  оқу  үрдісіне 

жаңа технологияларды қолдануға мәні зор делініп тұр. 

Нұрсұлтан  Әбішұлы  -  Қазақстан  халқына  арнаған  Жолдауларының  барлығында 

жастардың  елдің  ертеңі  екенін  нақтылады.  Біз  -  ұстаздар  Елбасы  айтқан  «Мәңгілік  ел» 

ұғымын жас ұрпақтың тәлім тәрбие тірегі етіп аламыз. 

Кезінде Ж.Аймауытов «Қазіргі қазақ мектебінде қажеттісі-тек білім беруші мұғалім 

ғана  емес,баланы  өмір  сүруге  үйретуші  ұстаз»-деген  екен.  Сондықтан  бүгінгі  ұстаз 

шәкіртіне ғылым негіздерінде мәліметтер беріп қана қоймай, әр оқушының бойындағы бар 

шығармашылық  көздерін  ашу  ынта  ықыласын  дамыту,  проблемаларды  іздеп,  тауып, 

шешуге бағыттау керек. 

Қазіргі кезде заман талабына сай білім берудің дамуы мен тендецияларын қамтитын 

елуден  астам  педагогикалық  технология  қолданып  жүр.  Солардың  бірі  жобалау 

технологиясы. Жоба әдісі дегеніміз не? 

Еуропа тілдерінде «Жоба» сөзі латын тілінен алынып «Алдыға лақтырылған» деген 

мағынаны  білдіреді,  «сөйлеуші»,  «көзге  тқсуші»  яғни  бір  нысананың,  бір  істің  протипі, 

баламасы сияқты, осы іс-әрекетке жоба жасауға әкеледі.  

Біздің жағдайымызда жобалау әдісі деп – сабақтың өткізілу түрі айтылады. Жобалық 

жұмыстар орындалу мерзіміне қарай ұзақ, орташа және қысқа мерзімді болып бөлінеді.  

Жобалап  оқыту  әдісі  ХХ  ғасырдың  басынан  басталады.  АҚШ-та  дүниеге  келген. 

Оны  «проблемалар  әдісі»  деп  те  атаған.  Америка  философы  әрі  педогогы  Дж.Дьюи  және 

оқушысы  У.Х.  Килпатри  ойлап  тапты.  Дж.Дьюи  оқудың  белсенді  формасын  ұсынды.  Бұл 

жерде өмірден алынған проблема қажет, ол бала үшін маңызды әрі таныс болуы керек, оны 

шешу  үшін  өз  білімін пайдалана  алатындай  болу  керек.  Мұғалім  ақпарат  көздерін  қайдан 

алуға болатынын ғана айтады немесе оқушы ойына өзіндік жұмыс жасау мақсатында бағыт 

бере  отырып,  белгілі  бір  проблемаға  қызығушылық  тудырып,  жобалап  оқыту  іс-әрекеті 

арқылы  алған  білімін  пайдаланып,  шешім  жолдарын  ұғындыруға  жетелейді.  Немесе 

теориядан  практикаға  жетуге  бағыт  жасайды.  Бұл  әдістің  әлемнің  көп  елдерінде  кеңінен 

қолданылу себебі оқушылардың әртүрлі пәндерден алған білімін проблеманы шешу кезінде 

біріктіруге көмектесуінде, алған білімді практика жүзінде қолдана алуында, ол кезде жаңа 


340


 ~ 

 

идеялар пайда болады. Жоба әдісі басқа әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асуы мүмкін, соның 



ішінде  жаңа  ақпараттық  технологияны  қолдануға  да  болады.  Оған:  компьютерлік 

телекоммуникация,  электрондық  база  мәліметі,  виртуальді  библиотека,  мультимедиялық 

құралдар, аудио және  видеоконференциялар т.б. Сондықтан жоба әдісі бүгінде екінші  рет 

өмірге қайта келді десек те болады.        

Тарих пәнінде жобалау технологиясының тиімділігі сонда, бала ұлы тұлғаға қатысты 

немесе  тарихи  кезеңге  байланысты  зерттеу,  шығармашылық  жұмыстарының  нәтижесінде 

тарихи  фактілерді  жинақтау,  көзқарастарды  саралау,  талдау,  қорытынды  жасау,  ой 

түйіндеу,  ғылыми  жобаны  қорғау  сияқты  сапаларды  игерумен  қатар,  Отанға,  елге,  жерге 

деген сүйіспеншілік пен махаббат қалыптасады. Ал басымдылықтың бірі болып табылады. 

Жоғарыда  айтқанымыздай  жобалау  жұмыстары  ұзақ,  орташа  және  қысқа  мерзімді 

болып  бөлінеді.  Сондықтан  жобалау  жұмыстарын  бір  сабаққа  немесе  1  аптаға  арналған 

шағын жобалау жұмыстары және бір-екі айға немесе бір тоқсанға арналған үлкен көлемді 

жобалау  жұмыстары  деп  бөлуге  болады.  Бұлай  бөлу  оқушылардың  жоспарланған 

жұмыстарына байланысты.  



Жобалау жұмыстарын жүзеге асыру мынадай кезеңдерден тұрады: 

I.     Мақсат қою; 

II.    Жоспарлау; 

III.  Бағдарламаны жүзеге асырудың әдісін таңдау; 

IV.  Орындау; 

V.   Бағдарламаны қорғау. 



Жобалау жұмысының міндеті: 

I кезең.    Тарихи тұлғаға қатысты немесе тарихи кезеңге байланысты тақырыбын анықтау,  

                жұмыс тобын құру. 

II кезең.    Жоспар құру.  

III кезең.   Қабылдаған жобаны талдау.  

                  Ақпаратты қайдан алуға болатынын талқылау. 

                  Қажетті ақпараттарды іздеу 

                  Жобаны жүзеге асыру.  

IV кезең.  Жобаның қорытындысын ұсыну. 

                 Қорытындысын  бағалау. 



Оқушалырдың әрекеті. 

I кезең   -     ақпаратты нақтылайды; 

                     тапсырманы талқылайды; 

II кезең   -    тапсырманы жүйелейді; 

III кезең  -   жұмыс істеу әдісін талқылайды; 

                     тиімді жолды таңдайды; 

                     ақпаратты қайдан алуға болатынын талқылайды. 

IV кезең   -   ақпаратпен жұмыс істейді; 

                     ұсыныстарды талдайды;  

                     зерттеу жүргізеді; 

                     жобаны рәсімдейді. 

V кезең   -   жобасын қорғайды; 

                    әрекетке ұжымдық баға берудің қорытындысына қатысады. 

Жобалау жұмысындағы мұғалімнің әрекеті: 

I кезең –  жоспарлау жұмысының мақсатын түсіндіреді; 

                әрекеттерін уәждейді; 

                бақылайды.  

II кезең – талқылауға көмектеседі; 

                 бақылайды; 

III кезең – бақылайды; 

                   кеңес береді(өтініш бойынша); 



341


 ~ 

 

 IV кезең – бақылайды;  талдау процесіне бағыт беріп отырады. 



V кезең –  жоспарлардың қорытындысын ұжымдық талдаумен бағалауға қатысады. 

Сонымен  жобалау  әдісінің  оқушы  үшін  де,  мұғалім  үшін  де  тиімді  жақтары 

айтылды. Оқушыларға білім, негізінен, сабақ үстінде берілетін болғандықтан, сол сабақтың 

өткізу  әдіс-тәсіліне  байланысты  оқушылардың  меңгеру  қабілеті  осыған  байланысты 

болады.  

Тарих пәні сабақтарын өткізушіге қойылатын ең басты талаптар; 

-

 



сабақтың пәндік және саяси идеялық дәрежесінің жоғары болуы. Баянды, түбегейлі 

білім беру үшін оқушылардың танымдық қабілетін дамытатын әдіс-тәсілдерді үнемі 

қолданып отыру; 

-

 



танымдық қабілетті жан-жақты дамыту үшін білуге құштарлық сезімін ояту, жаңаны 

түсіндіру,  білдіру,  ескіні  ұмыттырмау,  тарихи  тақырыптың  шәкірттерге  рухани 

тәрбие беру мүмкіндігін толық пайдалану. 

Демек,  жоба  жоқты  жасаудың  жолдарын  көрсетеді.  Бұл  әдіс  оқушы  ойларының  пікір 

таластарының  жүзеге  асырушысы  жоба  әдісі  оқушының  белгілі  бір  проблеманы  шешуді 

талап  етеді.    Ал  ол  өз  кезегінде  түрлі  әдіс-тәсілдер  қолдануға,  екінші  жағынан  әр  түрлі 

пәндерден  алынған  білімдерінің  интеграциясын  пайдалану  мүмкіншілігін  арттырады.  

демек, жоба әдісі оқушылардың әр түрлі жағдаяттарға түсіп, проблемаларды, іздеп шешуге 

және де алған білімін практика жүзінде қолдана алуына мүмкіншілік береді.  

Нәтижесінде  жаңа  идеялар  пайда  болады.  Оныншы  сынып  бейорганикалық  химия 

курсында  «Метелл  және  бейметалдардың  тіршіліктегі  маңызы»  тақырыбында  жобалау 

әдісін қолданды. 



Сабақтың мақсаты: 

 Жобалау технологиясы  арқылы оқушыларды шығармашылық ізденісін дамыту. 

 Күтілетін нәтиже: 

1.Жобалау әдістерін негіздерін меңгеру, іс-тәжірбиеде қолдану. 

2.Оқушыларды өзіндік жұмыстарға бағыттау. 

3.Өз бетімен жұмыс жасай білетін шығармашыл тұлға тәрбиелеу. 



Тақырыптың өзектілігі: 

1.Баланың өз бетімен жұмыс істеуіне үйрету. 

2.Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпалын тигізу. 

3.Мамандықты дұрыс таңдауға бағыттау. 



Бағалау критерийлері: 

 «5»баға. 

1.Металл және бейметалдың толық сипаттамасын беру. 

2.Металл және бейметалдың таралуын анықтау. 

3.Металл  және  бейметалдың  Жетіспеушілігінен  туындайтын  аурулар  және  оны 

болдырмау. 

«4»баға. 

1.Металл және бейметалдың сипаттамасы толық емес 

2.Металл және бейметалдың тек адам өміріндегі маңызы 

3.Металл және бейметалдың жетіспеушілігінен туындайтын аурулар. 



 «3» баға. 

1.Металл және бейметалдың периодтық жүйедегі орны. 

2.Металл және бейметалдың маңызы. 

Сабақтың түрі: 

Жобалау тұсаукесер сабағы. 



1.»Кіріспе бөлімі» 

«Шашу  тренингі»,  «Жыл  мезгілдері  психологиясы»  яғни  көктем-жаз,  қыс-күз 

мерзімі бойынша 2 топқа бөлінеді. 


342


 ~ 

 

-Құрметті  оқуышлар.  Бүгінгі  сабақтың  тақырыбы  «Металл  және  бейметалдың 



тіршіліктегі  биологиялық  маңызы»  атты  жобалау  тұсаукесер  сабағы.  Бағалау 

критерийлерімен таныс болыңыздар (слайдта көрсетіледі) 



2.»Туған елеге саяхат» танысу тренингі: Әр топқа бір -бірден Қазақстан картасы 

беріледі. Әр топ мүшелері өзінің саяхат жасағысы келген жерін стикерге жазып, картадан 

тауып,тұсына  жабыстырады.    Сонымен  бірге  сол  жерде  кездесетін  бейметалл  және 

металдардың кен орындарын сипаттайды. 



Қорытынды: Кен орныдарын көбірек анықталған қала атын атап, қошемет көрсету. 

3.»Бірлесіп  реакциялау  семинары»стратегиясы:  Әр  топқа  тапсырмалар,  реферат 

түрінде беріледі: 



І топ: «Бейметалдардың тіршілктегі биологиялық маңызы». 

ІІ  топ:  «Металдардың  тіршіліктегі  биологиялық  маңызы».  Әр  топ  берілген 

тақырыпты  жан-жақты  зерттеп,  өз  басылымдарын  шығарады.    Топтарға  ватманлар,  ақ 

қағаздар  мен  маркерлер,  желімдер  беріледі.  Әр  топ  өз  жұмысын  газет,  буклет  түрінде 

немесе слайд түрінде көрсетуіне болады. 



4.Қорытынды:  Әр  топ  бағалау  критерийлерін  негізге  ала  отырып,екінші  топ 

мүшелерін бағалады. Топ басшысы топ мүшелерінің бағаларын таныстырады. 



5.Рефлексия  «Менің өзпікірім».  Оқушылар  бүгінгі  сабақта білім біліктерін  «Білім 

ағашына»  жазады.  «Білім  ағашы»  интерактивті  тақтада  беріледі,  қатысушылар 

біртіндепкеліп  жобалау  технологиясын  артықшылықтарын,ерекшелігін  және  нәтижесін 

жазады. 


6.Бүгінгі жобалау прзентация сабағы аяқатлды сау болыңыздар! 

Жеке  тұлғаның  қарқынды  дамуы  мектеп  табаолырығында  белсенді  танымдық  іс-

әрекеттері  ұйымдастырылуы  нәтижесінен  қалыптасады.  Ал  оқушылардың  белсенділігін 

арттыру  үшін  оқу  ісі  әрекеттерінде  жобалау  әдісінің  маңызы  зор.  Бұл  әдіс  оқушының 

танымдық  қабілетінің  деңгейін  өсіріп,  ақпаратты  қабылдап  қана  қоймай,  оны  талдап, 

өзіндік  тұжырым  жасай  алатын  дәрежеге  қол  жеткізіп,  өзге  адамдардың  ұсынатын 

идеяларын конструктивтік көзқарасына қарай алуға үйретеді. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.

 



Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 

жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы. http://www.akorda.kz/  

2.

 

Кәсіптік бағдарлау өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар.-Астана,2014. 



3.

 

Орта  білім  мазмұнын  жаңарту  жағдайында  оқушылардың  ерте  кәсіптік  бағдарлануы 



(әдістемелік құрал). – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014.  

 

 

СОВРЕМЕННЫЙ УРОК – УРОК РАЗВИТИЯ ЛИЧНОСТИ 

 

Захарова Светлана Викторовна 

Учитель начальных классов 

средней школы имени Максима Горького» 

город Шардара, ЮКО 



 

 «Учитель сначала должен  

научить ребенка учиться, 

 а потом уже поручить  

это дело ему самому»  

(Б.Комаровский) 

 

Переход  экономики  на  инновационный  путь  развития  и  в  целом  социально-



экономическая  ситуация  в  стране  требует  переосмысления  некоторых  приоритетов, 

343


 ~ 

 

царящих  в  политике  и  концентрации  внимания  на  построении  нового  типа  общества, 



основанного на развитие и интеграции друг в друга трех основных элементов: образования, 

инноваций и исследований. 

Оставшийся  в  наследство  от  системы  образования  бывшего  СССР  бесценный 

умственный капитал, необходимо развивать и создавать все новые и более цивилизованные 

условия для его развития. Президентом Республики Казахстан поставлена задача создания 

ядра  национального  интеллекта:  эрудированные  люди,  способные  конкурировать  на 

международном  уровне.  Это  обусловлено  несколькими  причинами:  во-первых,  система 

образования  -  это  одна  из  немногих  отраслей  экономики,  которая  затрагивает  интересы 

всех  членов  общества,  во-вторых,  возрастает  значение  системы  образования  в  развитии 

человеческого капитала как основного критерия уровня общественного развития страны и 

жизни  общества,  в-третьих,  система  образования  является  важнейшим  фактором  роста 

экономического развития и национальной безопасности государства. 

Следует отметить, что для реализации современной модели образования разработана 

Государственная  программа  развития  образования  в  Республике  Казахстан  на  2011-2020 

годы,  приоритетным  направлением  которой  является  разработка,  внедрение  и 

распространение 

инновационных 

образовательных 

проектов. 

Инновационные 

образовательные  проекты  способствуют  формированию  новых  критериев,  принципов  и 

подходов  для  модернизации  всей  системы  образования,  обеспечивая  ее  гармоничное 

развитие». 

Модернизацию образования надо начинать с малого: с планирования урока, не 

традиционного, а современного. 

Что такое современный урок?  

Этот  вопрос  в  последние  годы  задают  себе  все  учителя  мира,  выдвигают  свои 

тезисы, изучают много специальной и методической литературы, делают выводы, делятся 

опытом  с  коллегами.  Каждый  современный  учитель  мечтает,  чтобы  на  его  уроке  ребята 

работали активно, творчески, с интересом. 

В  настоящее  время,  основная  цель  обучения  учащихся  -  это  не  только  получить 

багаж    знаний,  умений,  навыков,  но  и  развить  у  школьника    умения  анализировать, 

сравнивать, делать выводы, синтезировать знания,  умения, навыки, а также  формировать 

мотивацию  к  обучению,  помочь  им  в  самоорганизации  и  саморазвитии,  способствовать 

развитию личности. 

 В  основе  современного  урока  лежит  активность  не  только  учителя,  а,  что  важнее, 

ученика.  

Наши  ученики…  Какие  же  они  разные!  И  какие  разные  у  них  глаза:  думающие, 

весёлые,  сияющие,  напряжённые.  А  ещё  –  настороженные  и  даже  равнодушные.  Как 

помочь таким ребятам? Как пробудить у них желание учиться?  

Тот,  кто  работал  с  учениками  начальных  классов,  хорошо  знает,  как  трудно 

приходится  учителю.  Ребята  гиперактивны,  внимание  неустойчиво,  возникает  много 

трудностей с дисциплиной. Они не хотят слушать друг друга, выкрикивают, перебивают.  

Как  заставить  ребёнка  слушать,  с  помощью  каких  средств  и  методов  сделать 

обучение  увлекательным?  Возможно  ли,  надолго  удержать  в  ребёнке  чувство  радостного 

удивления  перед  школой?  Думаю,  что  да.  Поэтому,  стараюсь  превратить  обучение  моих 

учеников из мира оценок в мир игры, сказки, театрализации, фантазии, творчества. 

Урок  –  это  работа  души  и  тем  усерднее  эта  работа,  чем  уважительнее  отношение 

ребенка к самому, а также учителя к своей собственной личности. 

В наше время учителя на своих уроках  должны развивать у учащихся  мышление с 

целью их интеллектуального развития. Где мы как учителя   «должны пересмотреть  свою  

роль, чтобы  направлять, а не управлять процессами  создания знаний и исследований» 

Но чтобы направлять процесс обучения, мы,  учителя начальных классов, сначала должны 

дать детям первоначальные знания, привить навыки обучения. И я полностью согласна со 



344


 ~ 

 

словами Б. Комаровского «Учитель сначала должен научить ребенка учиться, а потом уже 



поручить это дело ему самому».  

В  школу  приходят  дети  с  разным  развитием.  У  многих  детей  способности  не 

проявляются, они спрятаны глубоко внутри. Основная работа по их выявлению и развитию 

ложится  на  учителя.  Выявление  способностей  учеников  и  целенаправленное  развитие  - 

одна из важнейших и основных задач воспитания и развития. 

Из  многолетнего  опыта  своей  работы  в  начальной  школе,  для  развития  творческой 

личности ребенка, я пришла к таким выводам: 

1.Не  бывает  бездарных  детей,  надо  подобрать  индивидуальный  психологический 

«ключик» к каждому ребенку. А это лучше и быстрее происходит в тесном сотрудничестве 

с семьей, с родителями ученика. 

2.Упорный  труд.  Какой  бы  ребенок  бы  ни  был  способным  и  талантливым,  без 

упорного  труда  с  его  стороны,  любой  талант иссякнет,  не найдет  применение  в  жизни.  И 

ребенок 

«потеряется». 

3.Заинтересовать, увлечь детей. Развивать у них желание самим работать, исследовать тот 

или  иной  предмет,  а  не  давать  им  готовые  результаты.  Поддерживать  их  в  любых 

начинаниях.  Если  они  приходят  к  неправильным  выводам,  подтолкнуть  в  нужном 

направлении. 

4.Дисциплина.  Это  больной  вопрос,  я  думаю,  для  всех  моих  коллег.  Дети  должны 

соблюдать правила элементарного поведения, этикет при работе в коллективе. Они должны 

научиться слышать и слушать друг друга, признавать чужое мнение и считаться с ним. 

5. Саморегуляция- научить детей организовать свою  учебную деятельность. 

6 Самооценивание и взаимооценивание- уметь объективно оценивать себя и своего 

товарища.  

И тогда учащиеся, будут развиваться, обучаться сами и обучать друг друга даже без 

помощи учителя. Так как говорил Э. Хаббард 

«Цель обучение ребенка состоит в том, чтобы сделать его способным развиваться дальше 

без помощи учителя». 

Говорить  о  современном  уроке  можно  много.  Как  не  утонуть  в  целом  океане 

технологий,  методик,  приемов,  стратегий?  Как  это  уместить  в  рамках  одного  урока?  

         Ответ  прост  –  нужно  работать  над  собой,  изучать  специальную  литературу,  не 

останавливаться  на  достигнутом.  Не  сидеть  на  месте,    идти  в  ногу  со  временем.  Учиться 

вместе с детьми. А главное любить свою работу, своих учеников и давать им возможность 

развивать свои способности и таланты! 

«Урок, оснащающий ребенка знаниями, не приближает его к счастью жизни. Урок, 

возвышающий ребенка до осмысления истины, способствует движению к счастью. Знания 

ценностны лишь как средство постижения тайн жизни и средство обрести свободу выбора в 

строительстве собственной судьбы» - пишет Надежда Егоровна Щуркова. 

  

Вот  такие  уроки,  я  считаю,  современными,  которые  влияют  на  целостное  развитие 



личности и отвечают современным требованиям к образованию. 

 

Использованная литература: 

1. Современный урок в начальной школе 

2.  Презентация  на  тему: Современный  урок  как  средство  развития  потенциала  учителя  и 

ученика 

3. Информационная статья «Каким должен быть современный урок в начальной школе»  

4.Авторы: Азаматова А.Б., Масакова С.С. Статья «Модернизация системы образования как 

основная инновационная стратегия опережающего развития». Журнал «Глобальные вызовы 

и современные тренды развития высшего образования» Алматы-2013 

 

 



 

345


 ~ 

 

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ КӨЛІКТІҢ РӨЛІ 



 

Аймишев Кайратбек Егембердиевич 

Шымкент көлік , коммуникация және 

жаңа технологиялар колледжінің оқу бөлімінің меңгерушісі 

Тенгизбаев Курбангали Сеилович 

Шымкент көлік , коммуникация және 

жаңа технологиялар колледжінің арнайы пән оқытушысы 

 

 



Республика  аумағының  ауқымдылығы  мен  халықтың  аз  тыңыздалуы,  соңғы 

жылдары  қол  жеткізіліп  отырған  Қазақстан  экономикасының  жоғары  даму  қарқыны 

тасымалдаудың  артып  отырған  қажеттіліктерін  қалыптастыруда.  Сәйкесінше,  халық  пен 

жүк  ағымдарының  қозғалысы  шаруашылықаралық  байланыстардың,  экономикалық  даму 

мен  Қазақстан  аймақтарының  өзара  байланысы  аясында  жылдан  жылға  мейлінше 

сұранысқа ие қызмет түріне айналуда. Экономикалық қызметтерінен өзге, көлік әлеуметтік 

қызметті  де  атқарады,  туыстық,  достық  қатынастағы  халықтың  байланысын  қамтамасыз 

етіп,  демалысты,  білім  беруді,  мәдени  дамуды  ұйымдастыруға  қатысады  және  де  түрлі 

әлеуметтік  мәселелерді  шешуге  ықпалдасады.  Қазақстан  негізгі  әлемдік  нарықтардан 

тысқары  қалған.  Осы  себептен  де  Қазақстанның  экономикасы  жоғары  жүк 

сыйымдылығымен ерекшеленеді. Жүк тасымалдарының 80%-нан астамы құрлықтағы көлік 

түріне  келеді.  Көлікке  мемлекет  аралық  байланыстарды  шешуде  ерекше  рөл  беріледі. 

Олардың қарқынды өсімі жаңа, көлік кешенінің дамуына жоғары талаптар қояды, олардың 

жағдайына республиканың ішкі экономикасының дамуымен мемлекетаралық байланыстың 

даму  нәтижелері  байланысты.  Сала  әлі  де  жетік  қолданылмай  отырған  халықаралық 

әлеуетке ие. Әлемдік экономика соңғы екі онжылдықта жоғары қарқынмен дамуда. Еуропа 

мен Азия арасындағы жыл сайынғы тауар айналымы қазіргі кезеңде 400 млдр $ құрап отыр, 

2015  жылға  таман  1  трлн  $  жетуі  ықтимал.  Осыған  байланысты,  Қазақстанның  тиімді 

географиялық орналасуы Еуропа мен Азия арасындағы жүк ағымдарының өтуіне мақсатты 

түрде  тиімді  қолдану  көлік  компаниялары  мен  Қазақстанның  мемлекеттік  бюджетінің 

табыстарының  артуына  әсер  етеді.  2015  жылы  ҚР  көлікжәне  байланыс  Министрлігі  жүк 

транзитінің  көлемін  25  млн.  тоннаға  дейін  жеткізуді  жоспарлауда,  ал  транзиттен  түсетін 

жалпы  табыс  1,5  млрд.  $  құрайды.  Алайда  бұл  жағдайда  Қазақстанға  Шығыс  пен  Батыс 

арасындағы  жүк  транзитін  қамтамасыз  ететін,  дамыған  мемлекеттердің  көлік 

интеграциясына 

қатысушылардың 

деңгейіне 

жауап 


беретін 

заманауи 

көлік 

инфрақұрылымын қалыптастыруы тиіс. Өзіміздің табиғи географиялық артықшылықтарын 



қолдану  мүмкіндігі  Қазақстанның  көлік  жүйесін  сәйкес  халықаралық  талаптар  мен 

стандарттарға  сәйкестендіруді  талап  етеді,  бұл  саланың  жандандырылуына  келу 

қажеттілігін  меңзейді.  Оған  қоса,  бұл  жұмыстарды  бәсекелестер  артықшылықтарын 

қолданып  кетпеулері  үшін  қысқа  уақыт  аралығында  жүргізуге  тура  келеді,  ол  үшін 

ауқымды  халықаралық  тасымалдауларға  баламалы  қазақстандық  көлік  жолдары  мен 

халықаралық  талаптарға  жауап  беретін  жүк  пен  жолаушылардың  тасымалына 

қызмет көрсететін  талаптардың  дейгейін  арттыру  қажет  болады.  Осыған  орай 

Қазақстанның қазіргі экономикалық даму кезеңі көлік кешенін дамытудың мүмкіндіктерін, 

міндеттері мен келешегін жоғары бағалаумен сипатталады. Қазақстандағы көлік кешенінің 

жағдайы  отандық  және  шетелдік  мамандардың  ерекше  назарларында,  олар  негізгі 

кемшіліктермен алаңдаулы. Олардың ішінде көлікте қолданылатын ескірген технологиялар 

мен  көлік  қызметтерінің  төмен  қызмет  көрсету  деңгейі,  халықаралық  тасымалдаулардың 

қанағаттандырылмайтын  ұйымдастыру  мәселелері  бар.  Дамыған  мемлекеттерде  көлік 

ағымдарын  тиімді  ету  себебінен  табыстың  үлкен  бөлігін  қамтамасыз  ететін  логистика, 

олардың өзара тиімді әрекеттесуі Қазақстанда дамудың алғашқы кезеңінде. Экономикалық 

дағдарыс  кезі  экономиканы  құрылымдық  қайта  құруда  маневрлеу  мүмкіндіктерін 

төмендететін республиканың көлік кешенінің сәйкессіздігі мен мәселелерін анық көрсетіп 


346


 ~ 

 

берді.  Сәйкесінше,  дағдарыстың  салдарынан  елдің  үкіметі  мен  аймақтардың  басшылығы 



Қазақстандағы  заманауи  көліктің  дамуы  мен  келешегіне  аса  назар  аудара  бастады.  Мұны 

мақсаттар мен міндеттер негіздей түседі және де мемлекеттік даму бағдарламаларын жүзеге 

асыруда оның жалпы  және жеке өлшемдерін көлік кешенін кемелдендіру бойынша нақты 

міндеттер қарастырылған. 

Шымшаһарда  монорельсті  көлік  жүйесі  енгізілуі  мүмкін.  Жергілікті өнертапқыш 

ұсынған жоба қолдау тапса, жылдам әрі қауіпсіз троллейбус жолаушыларды тасамалдайтын 

болады. 

Біздің  Шымкент  көлік,  коммуникация  және  жаңа  технологиялар  колледжінің 

оқытушысы,өнертапқыш  Махмұд  Тұрсыновтың  айтуынша,  қаланың  бір  нүктесінен  келесі 

орнына дейін 15 минутта жетуге болады. Тез, арзан әрі еш кедергісіз. Ол үшін жер бетінен 

бес метр биіктікте арнайы эстакада салып, монорельсті көліктік жүйесін енгізу қажет. Бұл, 

біріншіден,  қауіпсіз, екіншіден,  кептелісті  жоюдың  бірден  бір  жол.  Өнертапқыш  Махмұд 

Тұрсынов:  «Жол  жер  бетінен  5   метр  биіктікке  салынатындықтан,  ешқандай  кедергі 

болмайды.  Автобустар  мен  автокөліктерге  де  еш  кедергісін  келтірмейді.  Сондықтан 

баратын жеріңізге тез арада баруға болады. Екінші, электрленгендіктен, жолда жүру ақысы 

да  әдеттегіден  арзан  болады.  Оның  үстіне  экологиялық  таза.   Бұл  – ең  бастысы».  Халқы 

миллионға  жуықтаған  шаһар  үшін  монорельсті  көлік  жүйесі  ауадай  қажет  дейді 

өнертапқыш.  Оның  жобасын  жүзеге  асыру  үшін  троллейбус  қажет.  Өз  ойын  көпшіліктің 

алдында  ұялмай  таныстыруға  тыңғылықты  дайындалған  азамат  жобасын  жүзеге  асыра 

қалса,  кететін  шығынды  5  жылдың  ішінде-ақ  өндіріп  алуға  болатынын  айтады.Махмұд 

Тұрсынов:  «Монорельсті  транспорттың  аялдамалары  қалада  адам  көп  шоғырланған 

жерлерде  орнатылады.  Араларының  қашықтығы  екі  шақырымға  жуықтау  болады. 

Авторлық  жоба  2010  жылы  патенттелген.  Бұл  жобаны  қолға  алып,  қалада  іске  асырсақ, 

тиімділігі көп болар еді». 

25 жылдан бергі  идеясын жүзега асыру үшін барын  салып жүрген Шымкент көлік, 

коммуникация  және  жаңа  технологиялар  колледжінің  мұғалімі  монорельсті  көлік  жүйесін 

салуды  бағалап  қойыпты.  Тіпті  ойын  жүзеге  асыратын  демеушілер  де  тапқан.  Енді  бар 

болғаны қала әкімінің келісімі керек. Жақын күндері жоба қолдау тауып жатса, Шымкентте 

тез әрі қауіпсіз, жер үсті троллейбустардың жүретін күні алыс емес екеніне сенімді. 

Үздік  көлік  желісі  бар  дамыған  мемлекеттердің  шетелдік  тәжірибесі,  бәсекеге 

қабілетті  көлік  инфрақұрылымының  дамуы,  ең  алдымен,  жол  құрылысы  инновациялық 

материалдар  мен  технологиялардықолдану 

арқылыжүру  қажеттілігін  көрсетеді. 

Сәйкесінше,  Қазақстанның  бюджетімен  қарастырылған  көлік  кешенін  дамыту 

бағдарламаларын  қаржыландыру  көлемін  арттыру  жол  құрылысының  елдің  климаттық 

және  геофизикалық  жағдайын  ескеретін  заманауи  технологияларын  енгізген  жағдайда 

инновациялық  технологиялар  мен  заманауи  техника  мен  технологияны  қолданумен  ғана 

жүзеге  асатын  болады.  Қазақстанда  көлік  жүйелері  мен  жер  серіктік  жүйелерінің 

мониторингін  дамытуда  жаңа  ақпараттық  технологияларды  қолдану  басталып  кетті. 

Республика  аумағының  көлемі,  климаттық-табиғат  жағдайларының  қатаңдығы  осы 

тәжірибенің  жүктер  мен  жолаушыларды  транзиттік  тасымалдаудың  шегінде  ғана  емес, 

аймақаралық  және  аймақтық  тасымалдардың  тәжірибесінде  де  кеңейтуді  қажет  етеді. 

Заманауи  мультимодельді  көліктік  технологиялардың  дамуы  көліктік  шығындарды  тиімді 

ету  мен  төмендетуге,  көлік  инфрақұрылымын  қолдану  тиімділігін  арттыруға, 

тасымалдаудағы  кезеңдер  мен  қажеттіліктердің  салалық  пен  өндірістік  түрлерін  өзара 

байланыстыруға  мүмкіндік  береді.  Тасымалдаулардың  бұл  түрі  шетелдік  тапсырыс 

берушілердің  арасында  сұранысқа  ие.  Осыған  байланысты  саланың  басшылығына  басты 

назарды  мультимодельді  көліктік  тасымалдау  мен  жоғары  санатты  мамандарды  осы 

кешенде  жұмыс  жасауға  республикада  дамыту  мен  қалыптастыруға  назарды  бұрған  жөн. 

Осылайша  өндірістік  үдерістің  экономикалық,  ұйымдастырушылық  және  технологиялық 

үлгілерінің өзгеруі көлік кешенінің келешекте тиімді дамуын анықтайтын мүмкіндіктердің 

қатарына  кіреді.  Халықаралық  сауданың  қазақстандық  үлгісін  қалыптастыру  көлік 



347


 ~ 

 

дамуының объективті шарты болып табылады. Жеке жағдайларда бұл халықаралыққа өтуі 



болып табылады. Өндірісте, ауыл шаруашылығында, қызмет саласында, табиғат зоналарын 

кешенді  дамытуда  халықтың  қозғалысын  арттыру  мен  білім  әлеуетін  арттыруға 

ықпалдасады,  яғни  аймақаралық  саудада  интеграциялық  сауда  байланыстарын 

қалыптастыру негізінде жүргізіледі. Сауда байланыстарының тұрақтылығы, жоспарлы және 

басқарылатын  сипатты  көлік  операциялары  мен  тасымалдаулардың  көлемін  тиімді  етуге 

мүмкіндік береді, құрлықтық көлік желілерінің ұзақтығын арттыруға әсер етеді, тауарларды 

жеткізу  уақытын  қысқартуға  мүмкіндік  береді.  Интеграциялық  одақтар  қолданыстағы 

желілерді  тиімді  қолдануға  және  жаңа  халықаралық  көлік  дәліздерін  салуға  мүмкіндік 

береді.  Соңғы  екі  онжылдықтағы  посткеңестік  мемлекеттердегі  оқиғалардың  тәуелсіз 

дамуы  Орталық  Азия  мен  Каспий  аймағын  сыртқы  ортамен  және  осы  аймақтағы  елдерді 

өзара  байланыстырушы  көлік  маршруттарының  айналасында  жағдайды  қайта  бағалауға 

мүмкіндік  береді.  Мұндайда  жаңа  көліктік  маршруттар  мен  халықаралық  дәліздердің 

мәселелері  аймақ  елдерінің  назарына  ғана  емес,  саудалық  және  әлеуметтік-экономикалық 

байланыстарын дамытуға мүдделі мемлекеттердің, бизнес саласының субъектілерінің және 

өзге  де  шаруашылық  субъектілерінің  әртүрлі  байланыстағы  мемлекеттерінің  назарына 

ілікті.  Бұл  аймаққа  жаһандық  немесе  аймақтық  сыртқы  күштердің  экономикалық  және 

саяси  бағыттарына  халықаралық  ұйымдардың,  жеке  мемлекеттердің,  халықаралық 

компаниялар  мен  өзге  де  мүдделі  тұлғалардың  деңгейінде  бағдарланған.  Мұндайда, 

олардың  көлік  жолдарын  қалыптастыруға  қатысу  мақсаттары  мен  қағидалары  немесе 

оларды ұйымдастыру үдерісіне әрекеттесуі жекебастылыққа ұмтылуға, бәсекелесті жоюға, 

шикізат немесе өткізу нарығына қол жетімділікті алуға жиі негізделеді. Орталық Азия мен 

Кавказ аймағында көлік саясатын қалыптастыру тарихи тұрғыдан үнемі жетекші саясат пен 

мемлекеттердің  мүддесінің  әсерін  әрқашан  сезінді.  Әлеуметтік  экономика  кезеңінде 

Әзірбайжан  мен  Қазақстан,  Орталық  Азия  республикалары  мен  мемлекеттері,  олардың 

шекарасынан  оңтүстікке  қарай  орналасқан  елдер  арасындағы  көлік  байланыстарының 

дамуы  біраз  тежеліп  қалды.  Қазіргі  даму  кезеңі  Каспий  аймағының  барлық  мемлекеттері 

мен 

Орталық 


Азия 

мемлекеттерінің 

сауда-экономикалық 

байланыстарын 

бір 

деңгейлендіруге  талпынысымен  сипатталынады,  ол  жаңа  көлік  инфрақұрылымының 



қалыптасуын  қажет  етеді.  Бұдан  өзге,  бұл  аймақтың  мемлекеттері  географиялық 

орналасуларын  транзиттік  мақсатты  ұтымды  қолдану  тиімділігімен  жүзеге  асыруға 

талпынады.  Қазақстан  бұған  орай  экономикалық  және  көлік  байланыстарының 

көпвекторлы  даму  бастамасын  жүзеге  асырады,  ол  мемлекеттің  сыртқы  әлеммен 

байланыста  экономикалық  және  саяси  мүдделерінің  тепетеңдігін  қолдауға  мүмкіндік 

береді.  

Қазақстанның  көлік  әлеуетінің  даму  кешенін  жалпы  талдаудың  жалпыланған 

нәтижелері келесідей негізгі үрдістерде атап өтілгені жөн:   

1.Қазақстан  Республикасының  көлігі  соңғы  онжылдықта  ішкі  экономиканың 

қажеттіліктерін  қамтамасыздандыру  мен  Қазақстанның  халықаралық  байланыстарға 

қатысуын есепке алу үшін айтарлықтай интенсивті дамыды. Сала республика экономикасы 

мен 


аймақтардың 

экономикасында 

маңызды 

экономикалық 

және 

әлеуметтік 



қызметтердіжүзеге  асырады.  Көліктік  аймақтың  таралуы  әрқалай.  Тасымалдауларды 

салмағының  тасымалдаулардың  жалпы  саны,  біріктірілген  тасымалдаулардың  жүйесінің 

дамуы есебінен қысқаруы ықтимал.  

2.  Дамыған  мемлекеттермен  салыстырғанда,  Қазақстан  көлігі  әлі  де  бәсекеге 

қабілеттілігі  төмен  сала  болып  табылады,  көліктің  ЖІӨ  үлесінің  төмендеу  үдерісі 

байқалады  және  инвестициялардың  жалпы  көлемінде  сала  тұрақты  дамуымен 

ерекшеленбейді.  

3.  Көлік  кешенін  дамытудағы  негізгі  кедергі  келтіруші  факторлар:  әлсіз  дамыған 

көлік инфрақұрылымы мен жаңартылуы дереу  жүргізілетін ескірген көлік паркі көлік пен 

логистика  үшін  халықаралық  оқыту  стандарттарымен  дайындалған  жоғары  санатты 



348


 ~ 

 

мамандардың  жеткіліксіздігі  мен  өмір  бойы  санаттылықты  арттыру  мен  қайта  оқыту 



жүйелерінің дамымауы; шетелдік тәжірибедегі инновациялардың жеткіліксіз қолданылуы; 

4.  Көліктің  келешекте  жемісті  дамуын  қамтамасыз  ету  үшін,  көлік  қызметтерінің 

тиімділігін  арттыру  үшін  саланың  дамытудың  келешектегі  стратегиясын  анықтау  мен 

талдауға кешенді тәсілді қолдану қажет, шараларды экономикалық үлгінің жүйесі бойынша 

жасау  мен жүзеге асыру, институтталған құрылымын кемелдендіру, көліктің мемлекетпен 

дамуын  жүзеге  асыруды  тиімді  ету.  5.  Көлік  қызметкерлері  мен  логистика  саласындағы 

мамандарды оқыту, қайта оқыту мен өмір бойы санатын көтеру жүйесін қайта қарау қажет. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет