Практикалық онлайн-конференция материалдары материалы международной научно-практической онлайн конференции



Pdf көрінісі
бет55/67
Дата24.03.2017
өлшемі6,56 Mb.
#10133
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   67

Қорытындыда  болжамды  дәлелдейтін  жобаның  негізгі  нәтижелері  мен 

тұжырымдары мазмұндалады, ұсыныстар беріледі. 



Зерттеудің қол жетімді әдістері: 

1.дербес ойлау 

376


 ~ 

 

2.кітаптан оқып білу 



3.кино,теле фильмдерден білу 

4.интернет желісінен іздеп табу 

5.басқа адамдардан сұрап білеу 

6.байқау 

7.эксперимент жүргізу. 

Оқушыларды  ғылыми  ізденіске  баулу  мақсатында  «Мен-зерттеушімін»,  «Мен  – 

жобалаушымын»  деген  дәптер  арнату.  Дәптерге  оқушылар  ғылым  әлеміне  енудің  түрлі 

жолдарын  жазады,  ұлы  ғалымдар  еңбегі,  өмірінен  мәліметтер  береді.  Оның  маңызы 

оқушыларға практикалық та, теориялық та көмек бере алатынында. Ол әр баланың алдында 

жатады.  «Мен-зерттеушімін»  тақырыбында  оқушылармен  «дөңгелек  стол»,  әңгімелер 

өткізуге  болады.  Алғашқы  әңгімелерде  «ғылыми  жұмыстардың  түрлері»  сөз  болады.  Бұл 

жұмыстың  тиімділігі  оқушылардың  ғылым  туралы  ұғымдарын  кеңейтуге  ықпал  етіп, 

іздену, зерттеу жұмыстарының түрлерімен таныстырады. 

Педагогикалық  үдерісте  балалардың  дарынын  ашуда  оқушы  мен  мұғалімнің 

ынтымақтастығы  қажет.  Зерттеу  білігі  мен  дағдысы  тек  ғылыммен  айналысатын  адамға 

ғана  емес,  сондай-ақ  әр  адамның  түрлі  саладағы  қызметіне  қажет.  Оқушының  өзіндік 

зерттеу  әрекеті  оның  өзіндік талабын  қанағаттандыруға  ықпал  етеді.  Оқушылар  қоршаған 

ортамен  таныса  отырып  өзіндік  зерттеу  әрекетінің  көмегімен  жаңа  білімді  дайын  күйде 

емес, өзі ашады. 

Бастауыш сыныптан бастап ізденушілікке баулыса, бала кішкентай кезінен өздігінен 

ой  түйіп,  дәлелді  шешімдер  қабылдай  білуге  үйренеді,  оны  математика,  логика 

сабақтарындағы  оқушылардың  белсенділіген  байқауға  болады.  Оқушыларды  зерттеу-

ізденушілік  жұмыстарға  баулуда  оқушылармен  қызықты  да  өзекті  тақырыптар  таңдауға 

тырысамын.  



        Зерттеу  әрекеттері  бала  жаратылысына  тән:  білуге  құмарлық,  байқау  жасауға 

талпыныс,  өзінше  эксперимент  жүргізу  сияқты  табиғи  құбылыстарды  ынталандыра 

отырып,  олардың  жеке  қасиеттерін  ашуға  жағдай  жасайды.  Алайда,  бастауыш  сатыда 

зерттеудің  әдістерін  қолданудың  өзіндік  қиындықтары  бар.  Төменгі  жастағы  баланы 

зерттеу  тақырыбымен  «қинауға»  болмайды.  Әрине,ол  табиғатынан  туа  біткен  зерттеуші, 

бірақ  алғашқыда  оған  бәрі  арнайы  түрде  үйретіледі:проблеманы  қалай  анықтауға 

болады,болжамды  калай  құрылымдау  керек,байқауды,эксперементті  қалай  жүргізу  керек 

және  т.б.  қысқасы,оның  зерттеушілік  табиғаты  үнемі  педагогикалық  қамқорлықты  қажет 

етеді.  Баланың  айналаны  өз  бетімен  танып  білуге  деген  ұмтылысы  негізінде  құрылған 

оқытуда  зерттеу  тәсілін  пайдалану  ерекше  орын  алады.  Балаларды  оқуда  зерттеу  тәсілін 

қолданудың қажеттілігі  бола болмысының білмекке құмарлығымен,оны қоршаған дүниені 

зерделеуге 

деген 

қызығушылығымен 



түсіндіріледі. 

Оқушылардың 

өзіндік 

зерттеулері,олардың  жеке  қажеттіліктері  мен  сұраныстарын  қанағаттандыруға  септігін 

тигізеді.Сонымен  қатар,өзіндік  зерттеулер  интеллектуалды  және  зерттеу  біліктерін 

дамытуға  мүмкіндік  береді.  Өзіндік  зерттеулердің  көмегімен  оқушылар  қоршаған  дүниені 

тани  келе,  өздері  үшін  жаңа  білімдерді  «дайын  күйде»алмай,  өз  бетімен  ашады.  Кіші 

жастағы 


балалар 

тәжірибесінде 

жеке 

және 


ұжымдық 

зерттеулер 

қолданылады.                                           

Сонымен, ғылыми-зерттеу жұмыстары оқушының: 

 

Ой-өрісі мен рухани жан дүниесінің дамуына ықпал етеді, 



 

Өз бетінше жұмыс жасауға үйреніп,зерттеулер жүргізуге бейімделеді; 



 

Ой жүйелілігі мен шешендік өнері қалыптасады; 



 

Танып-білу, талдау-жинақтау, салыстыру, бастысын бөліп шығару, өмірде қолдану 



әдістерін меңгереді; 

 



Оқыту  мен  тәрбиелеудің  тиімділігін  арттырып,  оқушылардың  жоғары 

шығармашылық деңгейін қамтамасыз етеді. 



377


 ~ 

 

«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, 



баланың  қабілетін,  дарынын  ашу  және  әрбір  оқушының  өз  мүмкіндіктерін,  қабілет  және 

икемділігін  таныта  білуіне  жағдай  жасау  –  мұғалімнің  басты  міндеттерінің  бірі.  Ендеше 

мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес 

армандарына  жетуге,  өз  жолдарын  дәл  табуға,  ғылымға  жетелеу  арқылы  өздерінің 

қабілеттерін  ашуларына  көмектесуіміз  қажет.  Жаңа  ғасырға  қадам  басқан  жас 

жеткіншектердің  қазіргі  өмірге  бейімділігі  болу  керек.  Ол  өмірдің  әр  тетігіне  үңіліп, 

тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.

 



Әлімқұлова  А.Б.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  жобалық-зерттеу  әрекетін 

ұйымдастыру :  Республикалық  ғылыми-әдістемелік  және  педагогикалық  журнал  /… 

Әлімқұлова А.Б. // Бастауыш мектеп: ҚР МАжБКМ- Алматы, 2014- №7-8-  

2.

 



Айтқалиева  Г.  Мектепке  дейінгі  ересек  бүлдіршіндердің  зерттеушілік,  жобалаушылық 

дағдыларын  дамыту:  Республикалық  ғылыми-әдістемелік  журнал  /  Г.  Айтқалиева  //  Білім 

кілті- ҚР БжАМ.- Алматы, 2014 

3.

 



Галиева  Б.Х.  Ғылыми-зерттеу  жұмысын  жобалау /  Б.Х.  Галиева  //  Білім  беру  мекемесі 

басшыларының анықтамалығы- 2013- 16-18 б. 

4.

 

Жұмағұлова  А.З.  Оқушылар  арасында  ғылыми  жұмыстарды  қалыптастыру /  А.З. 



Жұмағұлова // Открытая школа- 2013- №3-13б. 

5.

 



Мырзалинова А.  Бастауыш білім беруде кіші жастағы мектеп оқушыларымен жобалық-

зерттеушілік қызметті ұйымдастыру / А. Мырзалинова, Долдинас Акышева Б. // Бастауыш 

мектеп- 2012- №11-12-12б. 

 

 



БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 

ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ 

 

Омарова Жанат Турехановна 

№ 85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебінің 

бастауыш сынып мұғалімі 

Шымкент қаласы, ОҚО 

 

Бүгінгі  күні  мемлекетіміздің  өркениетке  жету  жолындағы  өр  талабына  тұғыр 



боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап 

етіп  отыр.  Мектеп  құрылымында  болып  жатқан  өзгерістер,  білім  беру  мақсаттарының 

алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты 

мәселелер  орындаушылардан  шығармашылық  бастамалық,  жұмыстың  жоғары  сапасын 

және кәсібилікті талап етеді. 

Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. 

Өмірде  дұрыс  жол  табу  үшін  адам  дұрыс  ой  түйіп,  өздігінен  сапалы,  дәлелді  шешімдер 

қабылдай  білуге  үйренуі  қажет.  Адам  бойындағы  қабілеттерін  дамытып,  олардың  өшуіне 

жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені 

адам туынды ғана емес жаратушы да. 

Бұл  үлкен  жауапкершілік  артатын  күрделі  мақсат.  Оны  шешу  үшін  ең  алдымен 

оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке 

басының  қасиеттерін,  қабілеттерін  дамытып,  шығармашылығын,  талантын  ұштайтындай 

болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, 

өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады. 

Баланы  бастауыш  сыныптардан  бастап  шығармашылық  ойлауға,  қалыптан  тыс 

шешімдер  қабылдай  алуға,  практикалық  әрекеттерге  дайын  болуға  әкелудің  жолдарын 

көрсету керек. Шығармашылық — бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған 



378


 ~ 

 

кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған 



бүкілхалықтық,  жалпы  және  жеке  адамның  шығармашылығы  арқылы  келдік.  Әр  жаңа 

ұрпақ  өзіне  дейінгі  ұрпақтың  қол  жеткен  жетістіктерін  меңгеріп  қана  қоймай,  өз  іс-

әрекетінде  сол  жетістіктерді  жаңа  жағдайға  бейімдей,  жетілдіре  отырып,  барлық  салада 

таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. 

Баланың шығармашылық  қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен  «Қабілет» 

ұғымының  мәнін  терең  түсініп  алуды  қажет  етеді.  Философияда  «Қабілетті»  тұлғаның 

белгілі бір әрекеті орындауға жағдай жасайтын жеке еркешеліктері дей келе, олар қоғамдық 

-  тарихи  іс-әрекеттердің  нәтижесінде  қалыптасып,  әрі  қарай  дамып  отыратындығын  атап 

көрсеткен. 

Психологтар қабілеттілердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді. 

1.

 

Репродуктивті - іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі. 



2.

 

Шығармашылық  - жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. 



«Шығармашылық»  сөзінің  төркіні  этимологиясы  «шығару»,  «ойлап  табу»  дегенге 

келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу,  сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну 

керек.  Философиялық  сөздікте  «шығармашылық  қайталанбайтын  тарихи-қоғамдық  мәні 

бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», — деп түсіндіріледі. 

Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, 

кез  келген  бала  оқу  әрекетінде  адамзат  баласының  осы  кезге  дейінгі  жинақталған 

тәжірибесін  меңгерсе,  екіншіден  кез  -  келген  оқушы  шығармашылық  әрекеттер  орындау 

арқылы  өзінің  ішкі  мүмкіндіктерін  дамытады.  Оқу  әрекетінен  шығармашылық  әрекеттің 

айырмашылығы —  ол  баланың  өзін-өзі  қалыптастыруына  өз  идеясын  жүзеге  асыруына 

бағытталған  жаңа  әдіс-тәсілдерді  іздейді.  Проблеманы  өзінше,  жаңаша  шешуге  талпыныс 

жасайды.  Біздің  ойымызша,  бүгінгі  бастауыш  сынып  оқушыларының  кез  келгені 

шығармашылық  тапсырмалар  шешуді  табыспен  меңгере  алады.  Тек  ол  жұмысқа  дұрыс 

басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет. 

Әдебиеттік оқу сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар 

Оқушыларды 

шығармашылық 

жұмысқа 


баулып, 

олардың 


белсенділіктерін, 

қызығушылықтарын,  шығармашылық  қабілеттерін  арттыруда  түрлі  әдіс-тәсілдерді  өз 

сабағымда қолданамын: 

1.

 



Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау. 

2.

 



Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау. 

3.

 



Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу. 

4.

 



Мәтін бойынша мақал құрастыру. 

5.

 



Табиғат  құбылыстарына,  заттарға  және  жеке  суреттерге  қарап  жұмбақ 

құрастырту. 

6.

 

Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу. 



7.

 

Шығарма,  мәтін,  ертегі  құрастыру.  (тақырып  бойынша,  жоспар  бойынша,  тірек 



сөздер арқылы) 

8.

 



Өлең, мақалдар құрастыру. 

9.

 



Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу. 

10.


 

Кейіпкерге мінездеме беру. 

11.

 

Шығарма  бойынша  сурет  салғызу,  ауызша  суреттеу,  қиялдау  арқылы 



суреттеу,мүсіндеу. 

12.


 

Рөлге бөліп оқыту. 

13.

 

Логикалық  ойлауын  дамытатын  ойындармен  берілген  тапсырмаларды  шешкізу 



(анаграмма, сөзжұмбақ, ребус) 

14.


 

Диалог-ертегі. 

15.

 

Образға кіру. 



Баланың   білімді  жүйелі  меңгеріп,  қабілетті  деңгейін  арттыруда   «Сын  тұрғысынан 

ойлауды дамыту »технологиясын бастауыш сыныптарда оқытуда маңызы ерекше. 



379


 ~ 

 

Бұл технологияның кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым 



бір  пікірдің  біреуін  таңдауға,  сапалы  шешім  қабылдауға  сабақтарда  бастауыш  сынып 

оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттырары сөзсіз. 

Бағдарлама құрылымы үш деңгейден тұрады. 

1.Қызығушылықты  ояту.  Үйрену  процесі  –  бұрынғы  білетін  және  жаңа  білімді 

үштастырудан түрады. Оқушы жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа 

ақпаратпен  толықтырады,  кеңейте  түседі.  Осы  кезеңде  қызмет  ететін  «Топтау»,  «Түртіп 

алу», «Ойлану», «Болжау», «Жұпта талқылау», «Әлемді шарлау» т.б әдістері жинақталған. 

Оқушы бұл кезенде жаңа білім жайлы ақпарат жинап,оны байырғы біліммен ұштастырады. 

2. Мағынаны ашу (Түсіне білу). Бұл кезеңде оқушылар жаңа ақпаратпен танысады, 

тақырып  бойынша  жұмыс  істейді,  тапсырмалар  орындайды.  Оқушылардың  тақырып 

бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол 

бойынша  оқушыға  оқу,  тақырыпты  танысу  барысында  V-«білемін»,  -  «мен  үшін 

түсініксіз»,+ - «мен үшін жаң ақпарат», ? - «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып, 

оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге 

үйрететін  ұтымды құрал. 

3.  Ой  толғаныс.  Күнделікті  оқыту  процесінде  оқушының  толғанысын 

ұйымдастыру,өзіне,басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, 

өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен 

әсерлі  түрде  ой  алмастыру,  ой  түйістіру,  өз  үйрену  жолын,  кестесін  жасау  мақсатында 

басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған.  «Бес 

жолды  өлең»,  «Венн  диаграммасы»,  «Еркін  жазу»,  «Семантикалық  карта»,  «Т  кестесі» 

сияқты  стратегиялар  әр  сабақтың  ерекшілігіне,  ауыр  жеңілдігіне  қарай  лайықтала 

қолданылады.  Осы  стратегияның  25  бөлімі  бар.  Бұл  стратегияларды  қолданғанда-

оқушылардың  сабаққа  деген  қызығушылығы  артып,  олардың  бір  –  бірімен  пікір 

таластырып,  ашық  сөйлеу,  еркін  сөйлеу  дағдылары  қалыптасып,  өздеріне  сенімсіздік 

білдіріп  отырған  оқушылар  өз  ойларын  аз  да  болса  жүйелеп,еркін  айта  алады. 

Сондықтанда,  әрсабақта  оқушының  жан  дүниесіне  еніп  бар  білімді  сан  түрлі  тәсілдер 

арқылы  оқушы  бойына  дарытқан  жөн  деп  санаймын.   Осы  сияқты  жұмыс  түрлерін 

жүргіземіз.  Енді  осы  шығармашылық  тапсырмалардың  кейбіреуіне  тоқтала  кетейік.  Олар: 

образға  кіру,  талдау  және  қиялдау,  суырып  салма  ақын,  диалог-ертегі,  жұмбақ-мақалдар 

құрастыру. 

І тапсырма: «Образға кіру» 

Жансыз  заттардың,  өсімдіктердің,  жануарлардың  орындарында  өздері  қандай  күй 

кешетіні,  қандай  қызмет  атқаратынын  сезіну.  Мен-Гүлмін.  (Қасықпын,  Шыршамын, 

Бағдаршаммын,  Доппын)  деген  әр  түрлі  тақырыптарда  әңгіме  жазғызу.  1  оқушының 

әңгімесі:  Мен-Гүлмін.  Мен  жерде  өсемін.  Маған  ауа,  су,  жылу,  жарық,  қорек  қажет.  Мен 

адамдарға  қуаныш  сыйлаймын.  Адамдар  мені  аналарына,  мұғалімдеріне  бақыт,  қуаныш 

әкелсін  деп  сыйлайды.  Мені  адамдар  төрге  қояды.  Мен  әр  түрлімін.  Менің  иісім  хош, 

жақсы.  Мені  адамдар  жақсы  көреді.  Мен  ешкімге  жамандық  істемеймін.  Осы  арқылы 

оқушылардың ой-өрісі кеңейтіліп, тілдері дамиды. 

 

ІІ тапсырма: «Талдау және қиялдау» 

Бастауыш  сынып  оқушыларының  ой-санасын,  қабілетін,  шығармашылығын 

дамытуда  шығарманы,  көркем  әдебиет  үлгілерін  талдаудың  әсері  мол.  Талданбаған 

шығарма  бала  жүрегіне  жетіп,  оны  тебірентпейді.  3-сыныптың  «Қамқорлық»  әңгімесінде 

балалармен талданып, сұрақ-жауап алынады. 

- Әңгіме кім жайында? (қайырымды, мейірімді бала жайында) 

- Екі бала жайында не айтасыңдар? 

Венн диаграммасы арқылы ұқсастықтары, айырмашылықтары, ортақ қасиеттері айтылады. 


380


 ~ 

 

 



Жантас:Мейірімсіз, қатыгез, жаман,әдепсіз, ешкімді аямайды,балапанды азаптады. 

Қожа: Қайырымды, мейірімді, қамқорлы, жақсы, әдепті, жаны ашитын 

Осы әңгімедегі балапан торғайдың халін бір ғана сөзбен қалай суреттеуге болады? 

 

-Осыны  оқи  отыра  қандай  көңіл-күйді  бастан  кешірдіңдер?  (Жантасқа  ызаландық, 



ренжідік т.б.) 

-Балапанды аядық, көмектескіміз келді. 

-Қожаның ісіне қуандық. 

-Енді осы кейіпкерлердің қайсысымен кездескілерің келеді? 

-Кездескенде не деп айтар едіңдер? 

-Мәтінді басқаша қалай аяқтар едіңдер? 

-Осы бойынша қандай мақал-мәтелдер айтар едіңдер? 

-Қандай сурет салар едіңдер? 

-Қалай мүсіндер едіңдер? 

Осы  арқылы  оқушылардың  шығармашылық  әрекетінің  құмарту,  қиялдау,  идеяның 

жарқ етуі, шабыт сияқты кезеңдерін бастан кешетіндей жағдайға әкелуге болады. 

Мынадай  түйін  түюге  болады:Осы  шығармашылық  тапсырмаларды  пәндерге 

бейімдеп  қолданудан,  оқушылардың  пәнге  қызығушылығы  артады;  оқушылардың  білім 

сапасы  көтеріледі;  оқушылардың  логикалық  ойлауы,  шығармашылық  іс —  әрекетке 

қабілеті артады. Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда 

пайдаланып,  сонымен  қатар  оқушыларды  мадақтап,  ынталандырып  отырған  орынды. 

Баланың  қиялын  дамыта  отырып,    ойын  дамытамыз.  Ойы  дамыған  шәкірттің  танымдық 

қызығушылығы артып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі. 

Елбасы еліміздің рухын көтеретін ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық 

идеясын  жариялады.  Бұл  –  тұғырлы  идея.  «Қазақстан  -2050»-Мәңгілік  елге  бастайтын  ең 

абыройлы,  ең  мәртебелі  жол.  Осы  жолдан  айнымайық,  қадірлі  халқым!  –деген 

Елбасымыздың қорытынды сөзімен аяқтаймын. 



 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.

 



Р.А.Искакова. Ойын арқылы бала тілін дамыту. – 2004. 

2.

 



Сауат  ашу  әдістемесі.  1-бөлiм.Жалпы  білім  беретін  мектептің  1-сынып  мұғалімдеріне 

арналған/Ә.Е. Жұмабаева, М.Н.Оспанбекова. – Алматы: Атамұра, 2016. – 146 бет.  

3.

 

Республикалық  ғылыми-тәжірибелік  конференцияның  материалдар  жинағы,  І  бөлім. 



Қызылорда қаласы, 2016 жыл. 

 

 

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА 

БАУЛУ 

Сайдирасулова Диларам Турашбековна

 

№113 Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебінің  



бастауыш сынып мұғалімі  

Шымкент қаласы, ОҚО 

   

«Бұған дейін жасалғандардың бәрін  

одан да жақсырақ етіп жасауға болады».  

Генри Форт  



381


 ~ 

 

Мемлекетіміздің  білім  беру  үдерісіне  енген  жаңартылған  білім  беру  бағдарламасы 



заман  талабына  сай  келешек  ұрпақтың  сұранысын  қанағаттандыратын  тың  бағдарлама. 

Аталған  білім  беру  бағдарламасы  туралы  түсінгенім  мен  ұғынғаным  мол.  Кәсіби  тұрғыда 

жаңа сатыға қадам басып, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр –сырын зерттей бастаған 

сәтімде  арнайы  курсқа  баруым  бағдарлама  туралы  туындаған  сұрақтарымның  жауабын 

табуға  берілген  мүмкіндік  секілді  көрінді.  Жаңартылған  білім  бағдарламасының  толық 

нұсқасын  түсініп  кетудің  сәті  ақпанның  27  нен  Оңтүстік  Қазақстан  педагог 

қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру  институтында  ұйымдастырған  «Жаңартылған 

бастауыш  білім  беру  бағдарламасы»  атты  үш  апталық  курста  толық  нұсқасын  меңгерудің 

сәті түсті.  

Қазақстан  2030  стратегиялық  бағдарламасы  білім  берудің  ұлттық  моделінің 

қалыптасуымен  және  Қазақстанның  білім  беру  жүйесін  әлемдік  білім  беру  кеңестігіне 

кіріктірумен  сипатталады.  Қазіргі  таңда  қазақ  тілі-мемлекеттік  тіл,  қарым-қатынас  тілі  – 

орыс  тілі  және  ағылшын  тілі  –  әлемдік  кеңістікті  тану  тілін  оқытуда  жаңа  идеяларды  әр 

сабақта  жан-жақты  қолданып,  жаңаша  оқытудың  тиімді  жолдарын  тауып,  жүйелі  түрде 

қолдану  -  заман  талабы  болып  отыр.  Оқытудың  парадигмасы  өзгерді.  Білім  берудің 

мазмұны  жаңарып,  жаңаша  көзқарас  пайда  болды.  Осыған  байланысты  ұстаздар  алдында 

оқытудың  әдіс-тәсілдерін  үнемі  жаңартып  отыру  және  технологияларды  меңгеру,  оны 

тиімді қолдана білу міндеті тұр. 

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, 

критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын 

қолданудың  тиімділігін  арттыруды  талап  етеді.  Бастауыш  сынып  пәндеріне  арналған  оқу 

бағдарламаларындағы  оқу  мақсаттары  оқушылардан  шынайы  проблемаларды  анықтап 

зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға 

бағытталған  бағдарлама.  Жаңартылған  білім  берудің  маңыздылығы  –  оқушы  тұлғасының 

үйлесімді  қолайлы  білім  беру  ортасын  құра  отырып  сын  тұрғысынан  ойлау,  зерттеу 

жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа 

түсу,  жеке,  жұппен,  топта  жұмыс  жасай  білу,  функционалды  сауаттылықты, 

шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту 

әдіс-тәсілдерді  (бірлескен  оқу,  модельдеу,  бағалау  жүйесі,  бағалаудың  тиімді 

стратегиялары).  Жаңартылған  білім  беру  бағдарламасының  ерекшелігі  спиральді 

қағидатпен  берілуі.  Бағалау  жүйесі  де  түбегейлі  өзгеріске  ұшырап,  критериялық  бағалау 

жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген 

критерийлердің нақты жиынтығы мен өлшенеді. Оқушылардың пән  бойынша үлгерімі екі 

тәсіл  мен  бағаланады:  қалыптастырушы  бағалау  және  жиынтық  бағалау.    Баланың  жан-

жақты  ізденуіне  ынталандырады.  Критериялық  бағалау  жүйесі  Филиппин,  Сингапур, 

Жапония,  Франция,  Финляндия  сынды  дамыған  елдер  де  пайдаланылады.  Бұл  бағалау 

жүйесінің  артықшылығы,  баланың  ойлау  қабілетін  дамытып,  ғылым  мен  айналысуына 

ықыласын  туғызады.  Қалыптастырушы  бағалау  күнделікті  оқыту  мен  оқу  үдерісінің 

ажырамас  бөлігі  болып  табылады  және  тоқсан  бойы  жүйелі  түрде  өткізіледі. 

Қалыптастырушы  бағалау  үздіксіз  жүргізіле  отырып,  оқушылар  мен  мұғалім  арасындағы 

кері  байланысты  қамтамасыз  етеді  және  балл  не  баға  қоймастан  оқу  үдерісін  түзетіп 

отыруға  мүмкіндік  береді.  Жиынтық  бағалау  оқу  бағдарламасынның  бөлімдерін  (ортақ 

тақырыптарын және белгілі біроқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған 

оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. 

Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады. 

Оқушы білімін бағалауға тоқталар болсам, жаңа білім беру мазмұнында  бес балдық 

бағалау  емес,  критериалды  бағалау  арқылы  бағалануы  –  оқушылардың  оқу  жетістіктерін 

нақты  айқындалған,  бірге даярланған, оқу үдерісінің барлық қатысушыларына алдын ала 

белгілі,  бастауыш  білім   берудің  мақсаттары  мен  мазмұнына  сай  критерийлермен 

салыстыруға   негізделген  бағалау  үдерісі.  Критериалды  бағалау  оқыту,  тәлім-тәрбие  беру 



382


 ~ 

 

және  бағалаудың  өзара   байланысына  негізделген.Бұл  бағалау  жүйесінің  оқушы  үшін 



ерекше екендігін тәжірибе барысында байқадым. 

 



Қалыптастырушы бағалау шынайылыққа бағытталады. 

 



Оқушының өз бетімен жұмыс жасап, тұжырым жасауына ықпал етеді. 

 



Мұғалім  үшін  қай  оқушының  қандай  деңгейде  екендігін  байқауға  мүмкіндік 

береді. 


 

Оқушының өзара бір-бірін бағалауын қалыптастырады. 



 

Ата-ана өз баласының қай оқу мақсатынан төмендігіне көз жеткізіп, сол бойынша 



жұмыс жасауға мүмкіндік жасап отыр. 

 



Әр  мұғалім  қалыптастырушы  бағалау  тапсырмаларын  жасау  арқылы  өздерінің 

кәсіби  бағытта  дамуына  қол  жеткізетіндігі.  Шығармашылық  –бұл  адам  іс-әрекетінің 

түрі,бұл  адамның  өмір  шындығында  өзін-өзі  тануға  ұмтылуы,  ізденуі.  Өмірде  дұрыс  жол 

табу  үшін  адам  дұрыс  ой  түйіп,  өздігімен  сапалы,  дәлелді  шешімдер  кезінде  қабылдай 

білуге  үйренуі  керек.  Тек  шығармашылық  қана  адамға  өмірдің  мәнін  түсінуге,  бақытын 

сезінуге  мүмкіндік  әпереді.мұндай  күрделі   мәселені  шешуде  үздіксіз  білім  беру  ісінің 

алғашқы  сатыларының  бірі  болып  табылатын  бастауыш  мектептің  алатын  орны  ерекше, 

өйткені бастауыш мектеп: 

1.

 

Оқушылардың  интеллектуалдық,  рухани,  табиғи  нышандарын  дамытуға  өзінің 



қызығушылықтарымен бейімділіктерін іске қосуға жағдай жасайды. 

2. Жеке адамдық сенімдерін қалыптастыруға жағдай жасайды. 

3.Ұжымдық және жеке іс-әрекеттер тәсілдеріне үйретеді. 

Баланың  еркін  шығармашылықпен  ойлауына,  оның  барлық  қабілеттерін  дамытуға, 

өз  күшіне  деген  сенімнің  болуына  жағдай  жасайды,  кіші  жастағы  баланың  оқуға,  оқу 

арқылы қабілеттерінің дамуына көп мүмкіндіктер бар. 

Ұстаз  үшін  ең  маңызды  мақсат-әр  сабағын  түсінікті,  тартымды,  тиімді  өткізу.  Оны 

жүзеге  асырудың  бір  жолы  –оқушыларға  білім  беру,  тәрбиелеу  барысында  кеңінен 

қолданылып  келген,  оқушылардың  білім  сапасын  көтеруге  жағдай  жасайтын,  сабақты 

тиімді  ұйымдастыруға,   сабақ  уақытын  ұтымды  пайдалануға,   оқушылардың  ойлау 

қабілеттерін дамытуға көп көмегін тигізетін әдіс – диктанттарды қолдана білу. Сондықтан 

диктант   неғұрлым  жиі  алынса,  оқушылардың  сауаты   неғұрлым  табысты  болады. 

Диктанттардың   мынандай  түрлерін  өткізіп  отырдым:  әріп,  буын,  сөз,  сөздік,  ескерту, 

шығармашылық,  көру,  өздік  терме,  графикалық,  есту,  бақылау  диктанттары.  Осы 

диктанттардың  ішіндегі  ең  күрделісі  –  шығармашылық  диктант.  Қазақ  тілі  сабағында 

оқушылардың  шығармашылығын  дамыту  үшін  осы  шығармашылық  диктантты  көп 

қолданып жүрмін. 

Мен   жаңа  сабақты  өтпес  бұрын,  тақырыбын  проблемалық  ой  тудыра  отырып 

хабарлаймын,  оқушы  жаңа  сабаққа  ерте  еніп,  ұмтылып  жауап  іздейді,  талпынады, 

қызығушылығы  артады.Үнемі  сұрақ   қою  жүйесімен  жұмыс  жасау  білімді  меңгерту 

барысында  оқушы  деңгейін  шығармашылық  сатыға  көтереді.  Бұл  -  сабағыма  жан  бітіріп, 

шығармашылық  серпіліс  тудырды.  Оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  арттыру 

үшін  қосымша  әдебиеттерді,  ертегілер  мен  жұмбақтарды,  жаңылтпашларды,  мақал-

мәтелдерді  де бала шығармашылығы дамитындай етіп пайдаланып отырдым. 

 Оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  арттырып,  ынталандыру  үшін  сабақтарымды 

мынадай жолдармен өткіздім: 

1.Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану; 

2.Сабақты түрлендіріп өткізу; 

3.Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, кестелер мен сызбаларды пайдалану

4.Интерактивті тақтамен слайдтарды  тиімді қолдану; 

5.Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету. 

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруда мынадай нәтижеге жеттім:  

1. Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады.  


383


 ~ 

 

2. Шығармашылық ізденіске жетелейді. 



3. Өз ісіне деген сенім пайда болады. 

4. Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді. 

5. Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді. 

6. Шығармашылдық белсенділік артады. 

Осылардың нәтижесінде дарынды, қабілетті жеке тұлға қалыптасады.   

Ата-ана  үшін  де  бұл  бағдарлама  бір  жағынан  қорқыныш  тудырса,  екінші  жағынан 

қызығушылық  та  тудырып  отыр.  Ата-аналар  мәжілістерінде  әр  оқушының 

қалыптастырушы  бағалау  нәтижесін  есеп  беру  парағы  арқылы  таныстырудың  өзі  ата-ана 

мен  мұғалімдердің  арасында  ынтымақтаса  жұмыс  жасауға  ықпал  ететіндігін  көрсетуде. 

Кері байланыс парақшасында алған мәліметтерін, жазған ұсыныстарына қарай отырып ата-

ананың бағдарлама мақсатын түсінгендігін байқауға болады. 

Қорыта  айтқанда,  аталмыш  бағдарламаның  мәні,  баланың  функционалды 

сауаттылығын  қалыптастыру.  Оқушы  өзінің  мектеп  қабырғасында  алған  білімін  өмірінде 

қажетке  асыра  білуі  керек.  Сол  үшін  де  бұл  бағдарламаның  негізі  «Өмірмен  байланыс» 

ұғымына  құрылған.  Ұстаздарға  үлкен  жауапкершілік  міндеттелді.  Оқушылардың  бойына 

ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту 

үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. 

Бағдарламаның  ерекшелігін  тәнті  болғанымызбен   әттеген-ай  дерлік  жағдайлар  да 

кездесіп, мұғалім жұмысына кедергі келтіріп жатқан кездер де аз емес. Ол  бағдарлама мен 

оқулықтың сәйкес келмеуі. Бұл  ата-анаға да,оқушыға да, мұғалімге де аз қиындық болмай 

тұр. Әрине,   жаңа бастаманың  қашанда қиындығы да қызығы да аз болмайды. Бірақ  осы 

үлкен  міндетті  абыроймен  атқарып,  шәкірттерді  бәсекеге  қабілетті  жеке  тұлға  дәрежесіне 

жеткізе  білу  әр  ұстаздың   міндеті.  Сондықтан   заман  талабына  сай  болып  жатқан 

өзгерістерден қауіптенбей,  мақсатқа сай, нәтиже аламыз деп сенемін. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет