Практикалық сабақтың тақырыбы №8



бет2/4
Дата20.11.2023
өлшемі192,56 Kb.
#124964
түріСабақ
1   2   3   4
2. Түсіну
Түсінудің көрсеткіші материалдың бір өрнектен екіншісіне — түрленуі, материалды интерпретациялау, құбылыстардың, оқиғалардың одан әрі барысы туралы болжам болуы мүмкін. - фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсіндіреді;
- сөздік материалды математикалық өрнектерге түрлендіреді;
- болжам бойынша қолда бар деректерден туындайтын болашақ салдарларды сипаттайды.
3. Қолдану
Бұл санат зерттелген материалды нақты жағдайларда және жаңа жағдайларда қолдана білуді білдіреді. - нақты практикалық жағдайларда заңдарды, теорияларды қолданады;
- жаңа жағдайларда ұғымдар мен қағидаларды қолданады.
4. Талдау
Бұл санат материалды құрауыштарға бөле білуді білдіреді.;
- олардың арасындағы өзара байланысты анықтайды;
- ұйымдастыру принциптерін анықтайды;
- ойлау логикасындағы қателіктер мен олқылықтарды көреді;
- фактілер мен салдарлар арасындағы айырмашылықты жүргізеді;
- деректердің маңыздылығын бағалайды.
5. Синтез
Бұл санат жаңалыққа ие бүтін элементтерді біріктіру қабілетін білдіреді. - шығарма, сөз сөйлеу, баяндама, реферат жазады;
- эксперимент немесе басқа әрекеттер жоспарын ұсынады;
- тапсырма сызбасын құрастырады.
6. Бағалау
Бұл санат қандай да бір материалдың мәнін бағалай білуді білдіреді. - жазбаша мәтінді құру логикасын бағалайды;
- қорытындылардың қолда бар деректерге сәйкестігін бағалайды;
- қызметтің қандай да бір өнімінің маңыздылығын бағалайды.
Аффективті сала
осы салада адамның эмоциялық әрекет ету іскерліктерін көрсетеді, қаншалықты ол өзгелердің қуанышын немесе қайғысын сезінуге қабілетті. Аффективті мақсаттар адам қатынастарымен, эмоциялармен, сезімдермен байланысты.
Психомоторлық аймақ
Бұл саладағы іскерліктер құрал-саймандармен немесе құралдармен манипуляцияларға қабілеттілікті сипаттайды. Психомоторлық мақсаттар әдетте тәжірибелік дағдылардың өзгеруімен немесе дамуымен байланыстырады.
Алайда, Блум таксономиясы маңызды әрі мұқият зерттеуді, ал оны педагогикалық практикада – арнайы дайындықты талап ететінін атап өткен жөн.
Алайда, бұл жүйенің элементтерін біздің күнделікті жұмысымызда пайдалануға болады.
Сүрет 1. Блум таксономиясы бойынша «пирамида арқауы»




Сүрет 2. «Блум таксономиясы» кестесі







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет