Практикалық сұрақтар


Қазақ поэзиясындағы ұлттық идеяға мысал келтіріңіз



бет4/8
Дата17.09.2022
өлшемі1,3 Mb.
#39321
1   2   3   4   5   6   7   8
Қазақ поэзиясындағы ұлттық идеяға мысал келтіріңіз

Қазіргі қазақ лирикасындағы жаңашыл бағыттар сараланып, қаламгерлер шығармашылығы ғылыми, әдеби-теориялық тұрғыдан зерттелінді. Дәстүр мен жаңашылдықтың жаңа дәуірдегі көрінісіне талдау жасалынды. Мақаланы жазу барысында қазіргі қазақ лирикасындағы жаңашыл бағыттар сараланып, қаламгерлер шығармашылығы ғылыми, әдеби-теориялық тұрғыдан зерттелінді. Дәстүр мен жаңашылдықтың жаңа дәуірдегі көрінісіне талдау жасалынды. Мақаланың негізгі мақсаты – қазіргі қазақ лирикасындағы көрнекті қаламгер шығармашылығының бет-бейнесін ашу, жаңашылдықты анықтау, қазіргі лириканың өзіндік ерекшеліктерін тану, туындылардың қазақ әдебиеті тарихындағы орнын белгілеу болып табылады. Мақалада қазіргі қазақ лирикасының жаңашылдығы сөз бола отырып, тәуелсіздік алған тұстан бері қарай қазақ поэзиясына өзіндік қолтаңбамен, үнмен келген ақындар легінің шығармашылығына ден қойып, қазіргі белгілі ақындарымыз Қалқаман Сариннің, Ақберен Елгезектің, Әлібек Шегебайдың, Алмас Темірбайдың, Асылзат Арыстанбектің шығармалары талданады. Қазіргі қазақ лирикасындағы жаңашылдықты зерттеуге бағытталған бұл мақаланы жоғары және орта оқу орындарында, жекеленген ақындар шығармашылығымен таныстыруда қосымша материал ретінде пайдалануға болады. «Қазақ әдебиеті қай кезеңде болмасын өзіне дейінгі ұлттық әдебиетіміздің бар асылын, үлгілі дәстүрін ала отыра дәуірге сай жаңа көркемдік мүмкіндіктерді ашты. Әсіресе, мұндағы жыраулар әдебиеті мен зар заман әдебиетінің, асқарлы Абай өнегесінің құнарлы болғанын атап айтқан абзал. Әдебиеттің әр кезеңінің табалдырығын шығармашылық талаппен аттаған жас ақын-жазушылардың қай-қайсысы да осынау бір ұлт әдебиетінің қайнар көздерінен нәр алып барып түрлі ізденістерге бой ұрды. Дәстүрлі жалғастыру мен жаңашылдыққа ден қою ой-сана тұтастығына, идеялық-көркемдік бірлікке алып келді. Бәрін біріктірген ортақ ұлы мақсат – ұлттық сананы оятып, азаттыққа қол жеткізу болатын.
Белгілі бір дәуірде өмір сүрген суреткерлер шығармаларында болжалды идея үнемі бірыңғай күйде көрініс таппай, сан-салалы көркемдік шешімдер арқылы бой көрсететіні ақиқат. Әрбір әдеби бағыттың, көркемдік әдістің өз шеңбер шегі, шектеулі мүмкіндіктері бар. Әрбір үлкен суреткердің айқындалған бағыты бар, ол сол өзі ұстанған бағыт жолында еңбек етеді. Бұл бағыттарды біріктіретін бір-ақ ұстаным бар, ол – ұлттық рух» [1, 176].
Ұлттық рух жолындағы күрес белгілі бір дәуірде идеяға айналады. Барлық адамзаттың күш-жігері мен мүмкіндік-қабілеттері сол идея айналасында қызмет етеді. Осылардың ішінде әдебиет өкілдері идеяны жүзеге асыратын бірден-бір «күш иелері» болып табылады. Әдебиет те, әдебиет тарихы да, әдебиет өкілдері де қоғаммен тығыз байланыста өмір сүреді.

10.Рецензия (ағылш. Review) — журналистика, сонымен қатар ғылыми және көркем өнер сынының (критика) жанры. Рецензия жаңа туынды туралы мағлұмат бере отырып, оның қысқаша талдамасын және бағасын қамтилы.[1]
Рецензия біреудің бір шығармасы, мақаласы, т.б. туралы жазылады. Онда сол еңбекке рецензия жазушы адамның өз көзқарасы баяндалады, өз бағасы беріледі, еңбектің жетістігі мен кемшілігі айтылады, кейде оны жетілдіре түсу үшін ұсыныстары жасалынады. Рецензия көлемі аз да, көп те болуы мүмкін. Кейбір рецензиялар әңгіме болып отырған шығарма мен оның авторы аясынан асып түсіп, ғылым мен техниканың, көркем әдебиет пен өнердің, т.б. саланың толып жатқан мәселерін қамтып, жазылуы да мүмкін.Ондай рецензиялар ғылыми-зерттеу жұмысы не көркем шығарма, я көсемсөздің шын биігі дәрежесіне жетуі де ықтимал.
Рецензия ең алдымен ғылыми негізде, обьективті түрде, баршаға түсінікті тілде, шығарманы жазған авторға да, шығарманың оқырмандарына да пайда келтірерліктей түрде жазылуы керек. Рецензия және оны жазушы рецензент «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» айта білуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет