Практикалық сұрақтар


Қазіргі қазақ повестеріндегі заман шындығын мысал арқылы дәйектеңіз



бет3/8
Дата17.09.2022
өлшемі1,3 Mb.
#39321
1   2   3   4   5   6   7   8
8.Қазіргі қазақ повестеріндегі заман шындығын мысал арқылы дәйектеңіз
Тәуелсіздік кезең әдебиетінің мейлінше сергек, заманның көкейкесті күйлерін тарихи сабақтастықта зерделеудің тың көркемдік әдісін ашып отырған поэзиялық туындылары қазақтың көрнекті ақындары Жарасқан Әбдіраш, Нұрлан Оразалин, Иранбек Оразбай, Несіпбек Айтұлы, Ұлықбек Есдәулет, Есенғали Раушанов т.б. шығармашылығы негізінде көркемдік талқыға түскен.
Тәуелсіздік кезең поэзиясындағы ұлт­азаттық күрес, елдік, ерлік рух, қазақ мемлекеттігінің қалыптасып, даму тарихындағы тұлға тағылымын жырлау үрдісін жеке шығармашылықтағы отаншылдық мұраттар, шеберлік тәсілдер, суреткерлік қолтаңба ауқымында зерделей отырып, мақала авторлары қазіргі қазақ өлеңінің көркемдік поэтикалық әлеуетін аша түседі.
Талғат Кеңесбай өзінің «Лениннің бәтеңкесі» (ҚӘ. 28.07.2000) атты әңғімесінде бүгінгі тіршіліктің күрделі бейнесін бедерлеуге ұмтылған. Әңгіме тұтастай алғанда — үлкен эксперимент. Әлбетте, қай жазушы болса да өзінің әрбір кезекті шығармасында жаңа ой айтуға тырысады. Ал жаңа ой дегенініз — жаңа форма. Демек, эксперимент. Талғат өзінің ұзақ ойланып сомдап шығарған әңгімесін бастан аяқ жаңа формаға бағындырғысы келген сияқты. Әңгімеден, жазушының бұрынғы прозасының нышанын да таба алмайсыз. Шығарманы оқып отырғанда ХХ-шы ғасырдың басындағы, Грета Гарбо қатысқан дыбыссыз фильмді көріп отырғандай әсер аласыз. Әңгіменің, бірден кейіпкердің түс көруінен басталуы, төл сөздердің, тіпті диалогтардағы сөйлемдердің тырнақша арқылы тұйықталып жеке-жеке тұруы, міне, осының барлығы модернистік фильмнің сценарийін елестетеді.
Заманында, қазақ сыны елеусіз қалдырған, Роллан Сейсенбаевтың бір әңгімесінде осы әңгімені айтып беріп отырған бас кейіпкер, роман жазып жатқан жазушы сейілдемек болып көшеге шығады. Ұмытпасам, я көшеде, я сыраханада бір кластас досымен ұшырасып қалады, соған еріп үйіне барады. (Әңгіменің толық сюжеті есімде жоқ. Ертеректе оқығанмын, көңілімде әсері ғана қалыпты). Міне, осы жерде алдынан өмірдің сұмдық драмасы ашылады. Қаншама боямасыз сырға қанған жазушы үйіне қайтып келғеннен кейін «пәленбай жүз бет өтірік» деп романның қолжазбасын күресінге лақтырып жібереді. Бүл, сол кез үшін өте шебер жазылған әңгіме еді. Жазушының өзіндік жеке кейіпкерінің топ ішінде, басқа персонаждармен араласып жүруі біз үшін таңсық болғанымен, Батыстың дамыған әдебиеттері үшін үйреншікті нәрсе. Талғаттың әңгімесіндегі бас кейіпкер де — Жазушы. Бірақ басқа жұрттан алапасы артқан еңселі адам емес. Көптің бірі. Тіпті, десеңіз, көп адамнан несібесі кем. Мінезінде күйректік басым. Алайда табиғат құбылыстарын, өмір көріністерін қабылдау дағдысына қарап отырып, оның алмағайып заманда туған үлкен суреткер екенін танисыз. Әңгімедегі кейіпкерлер — болашақ персонаждар. Жазушының басындағы күйзеліс — болашақ көрікті шығармалардың кепілі. Әрине, әңгіменің өнебойындағы депрессивтік көңіл-күй, бүгінгі дамыған прозаның кілтипандарынан бейхабар әдепкі оқырманды бей-жай қалдыруы мүмкін. Бірақ ол — болашақ түлеудің табалдырығындағы бей-жай күй.
Нұрғали Ораздың «Ешкім мекен етпейтін арал» атты әңгімесін кейінгі жылдары жарық көрген тамаша әңгімелердің бірі дер едім. Шығарма Нұрғалидың өз прозасынан андағайлап бөлек түр. Кафеде болған отырыстан кейін оңаша қалған орта жастардағы еркек пен жасамыс әйел арасындағы бір кештің әңгімесі өрістей келе үлкен пайымдауларға жеткізеді. Күнделікті күйкі тіршіліктен қажыған еркек сырлы түн, жанындағы көрікті әйелдің сиқырына елтіп, шым-шымдап іштегі шерін айтады. Жаңа танысқан екі адам, ақылсыз да емес, бір басына жететін кісілігі де бар екі адамның арасында жақсы ықылас-пейіл, жарасымды көңілдестік орнайтын сияқты. Алайда әңгіменің ортасына келгенде оқиға жалт бұрылады. Еркек жүрек жарды сырын айтқан еді. Осы жерде, біз, Нұрғалидың кейіпкер таңдаудағы шеберлігін айта кеткіміз келеді. Хикаяның бір жерінде еркек өзінің математик екенін айтады. Яғни, сөзге емес, логикаға бейім психологиялық тип. Ал оның әйелге ықыласын сездіргендегі сөзі — кей ақынның аузына түсе бермейтін сөз. Әрине, өзінің табиғатына сай, білгенінше теріп айтқан сөзі. Міне, бүл, еркектің бойындағы сезімнің шынайылығын арттыра түсетін қосымша психологиялық мотивировка. Бірақ, әркімге күнде-күнде айтыла бермейтін етене сыр әйелге мүлдем кері әсер етеді. Әңгіменің аяғына қарай еркекті салқын ғана шығарып салады



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет