Қамту объектісіне қарай (рецензия, творчестволық портрет,т.б.) Сын жанрының келесі бір маңызды да негізгі түрі – аннотация жайлы Д.Ысқақов былай
деген: «Аннотация сын жанрының ішіндегі ең шағын көлемдісі, шын мәніндегі әдеби сынның бастау алар бұлағы. Алғаш көрінген түрі десе де болғандай. Аннотация объектісі бір ғана шығарма, кітап. Мақсаты кітаптың не туралы екендігімен таныстыру. Әдеби сынның басқа жанрлары сияқты алдына көп міндеттер қоймайды, жоғарыда айтылған бір мақсатты шағын көлемде орындау аннотацияның негізгі жанрлық ерекшелігін айқындайтын өлшем болып табылады».
«Рецензия сын жанрларының ішіндегі ең көп қолданылатын, өрісі кең жанр» депбастайды сыншы. Әрі қарайғы оның ойы былай жалғасады: «Рецензия латын сөзі, қазақша тексеру, бағалау, пікір білдіру дегенді білдіреді. Рецензия дегеніміз әдеби шығарманы сыни тұрғыдан талдап қарастырып пікір білдіретін әдеби сынның жанры». Сыншы ойынша, рецензияның ең маңызды міндеті сапасыздыққа қарсы күрес. «Әдетте дейді ол рецензияның көпшілігі сәтті делінген туындыларға арналады да, сапасыздыққа қарсы күрес жағыәлсіздеу соғып отырған. Әсіресе, бүгінгі күн сынында әдебиеттегі кемшілік атаулыға қарсы күрес жағы сын көтермейді. Солай бола тұрса да, әдеби сынымыздың әдеби сауатсыздыққа қарсықажырлы қайраткөрсете білген үлгілерін көптеп көреміз».
7.Қазіргі қазақ поэмасындағы тарихи тақырып. Философиялык мани әуелсіздік тұсындағы қазақ ақындары өздерінің шығармалары арқылы жалпыадамдық мәселелерді көтере білді. Көркем шығармаларға қоғам мен заманнан үлкен орын алатын өзекті мәселелер нсгіз болса, қазіргі қазақ ақындарының шығармаларына арқау болған осындай қоғамдық мәні зор мәселенің бірі — азаттық, бостандық, теңдік. Азаттық пен бостандық тек қазақтың ғана емес, жалпы адамзат баласының арман-мақсаты болғаны белгілі. Қазіргі таңда қазақ ақындары сан ғасырлар аңсаған егемендігіміз жолында қаншама қан төгіліп, қаншама жанның өмірі қыршынынан қиылғанын жан-жақты бейнелеуде. Адамзатқа ортақ бостандық мәселесінің қазақ халқы үшін де орны ерекше. Бұл мәселені ақындар тарихи тақырыптарға жан бітіру, қазіргі қоғамда өмір сүріп жатқан замандастарымыздың тағдырын көркем бейнелеу арқылы шешуге тырысты. Олардың қатарында Қ. Мырза-Әли, К. Салықов, М. Рәш, Н. Ораз, Ж. Бөдеш, Н. Айтұлы, Н. Оразалин, А. Егеубаев, Т. Әбдірахманқызы, К. Ахметова, Б. Жақып, Қ. Аманжол. И. Тасқараұлы, М. Бектемірова сынды ақындарды атауға болады.
Осы мақсатта тарихи поэмаларды көптеп жазган ақынның бірі -Несіпбек Айтұлы. Оның «Тоғыз тарау» жинағына енген «Сардар», «Бердіқожа батыр», «Шақантай», «Сары қаз», «Көкала үйрек», «Ерлік пен тектілік», «Кәмей ұшқан», «Түс — елес», «Игор жорығы туралы жыр» сынды поэмаларының дені тарихи тақырыпты арқау еткені мәлім.
Ал, «Көз жасым» (2006) жинағына «Баесүйектер», «Жасынның сынығы», «Әнім саған — аманат», «Үзілмеңдер, үндістер», «Мұқағали-Желтоқсан», «Бәйтерек» поэмалары енсе, «Ерлікке ескерткіш» (2008) кітабынан «Ту» және «Ақмола шайқасы» поэмалары орын алыпты. Тарихи тақырыпқа құрылған поэмалардың негізгі идеясы — жалпы адамзатқа ортақ азаттық пен бостандық.
«Бассүйектер» поэмасында ақын зымыран уақыттың өткеніне көз жүгіртіп, ғасырлардың қойнауына енген тарихтан сыр шертеді.
Ғасырларды сілкіп қалсам шаң басқан,
Шошынамын өз көзіме нанбастан.
Бір ғасырлар қолы шолақ, көзі жоқ,
Бір ғасырлар шойырылған жамбастан.
Бір ғасырлар әрең тұрар орнынан,
Басы-көзін қан басқан…», — дейді ақын. Мүгедек жанның аянышты тағдырын көз алдымызға елестете отырып, қазақтың өткен тарихын мүгедек адаммен пара-пар суреттеуге ден қойған. Мүгедек күй кешкен ғасырлардан хабар беру үшін оларды сөйлетуді көздеген ақын бас сүйектер ортасында отырған антрополог жігіттің алдында жатқан бастарға тіл бітіреді. Жер бетінде бір сәт тыным алмай, бір-бірімен арпалысқан адамдардың кешегі тірлігі өткен тарихымыздан сыр шертеді.
Бас сүйектерден шыққан дауыстар сарнай жөнелгенде бірі: «Аз ғұмырда арпалысып бағып ек, Ойсыз көрге оп-оңай омалды…» десе, келесі дауыс: «Мен — хан едім, Арыстандай ақырған, Жолбарыстай атылған. Жауларымды қоғадайын жапырған, Дүниені қара судай сапырған», — деп сөз бастайды. Басында тәжі тұрғанда өмірді белшесінен басқан хан өмірді сарайымен, малайымен, тәж бен тағымен, алтынымен, бал түнімен қымбат деп түсінеді. «Алтын тақтан — ағайындық садаға!» деп төңірегіне сауысқаннан сақ болған Хан өмірі «әкеге істегеніңнің балаңнан қайтатындығына» иландырады:
Өз қолыммен құртқан едім әкемді,
Туған балам маған ажал әкелді.
Менің басым баспалдақ боп қаланды,
Таққа барар қанды жолға қатерлі. «Жер құдайы — қаһарлы хан жүрегі, мәңгілікке тоқтамайды» деп түсінген ханның гүлзарына хордың қызы түнеген, бұлбұл сайрап
Бірінші дауыс қаһарлы ханның өмірінен хабар берсе, екінші дауыс — оған қарама-қарсы өмірі құлдықта өткен жанның зары.
Сорпадайын қайнатты да сорымды,
Қожайыным сорды қан мен сөлімді.
Жон-арқамда қамшысы ойнап қайғының,
Көкірегім қарс айрылып сөгілді, -деген дауыс маңдайының соры бес елі, өмірінде тыным көрмеген, байдың отымен кіріп, күлімен шыққан құлдың аянышты өмірінің көркем бейнесі. Ақын сан ғасырлар теңдік, азаттық аңсаған халықтың арман-тілегін құл аузына салған. Оны поэманың бес шумағының бірінші тармағы «О, Бостандық!» деп басталатынынан байқауға болады. Осы сөзді бірнеше рет қайталау арқылы бостандықтың мәніне назар аударуды көздсген ақынның оны өмірі құлдықта өткен жанның аузына салуы шындыққа жақын.