Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»


Веб-камераларды пайдалану шарттары



бет47/99
Дата08.12.2022
өлшемі7,51 Mb.
#55788
түріПрактикум
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   99

Веб-камераларды пайдалану шарттары


Ұзақ уақыт бойы жұмыс істеу кезінде веб-камера қызуы мүмкін. Қызып кеткен жағдайда камераны бірнеше уақыт сөндіріп қою қажет. Камераны ыстық (более 40 °С), суық (менее 10 °С), шаң немесе ылғал бөлмеде (90% артық ылғалдылықта) қолданбау қажет. Сонымен қатар камераны құлап кетуден сақтау қажет. Линзаның қатты заттармен түйісуіне жол бермеу, линзаны қолмен ұстамау қажет, шаң-тозанан тазарту үшін оптиканы күту құралдарын қолдану керек. Спирт, ацетон жəне т.б сияқтыеріткіштерді, сондай-ақ құрамында қышқыл бар сұйықтықтарды ешбір жағдайда қолдануға болмайды. Камераның бетіне жəне ішіне ылғал мен сұйықтықтың түсуіне жол бермеу қажет. Қоршаған ортаның температруасы күрт өзгерген (7 °С-қа артық) жағдайда камераны екі сағат бойы қоспауға. Интернет немесе кез клеген IP-желілеріарқылы бейнесигналды тарату үшін, нақты камерамен жұмыс істеу үшін құжатқа сəйкес баптайтын, тиісті бағдарламалық жасақтама қажет.

Веб-камералармен жұмыс істеу бағдарламасы


Көптеген өндіруші фирмалар web-камерларға арналған эксклюзив бағдарламаларды əзірлейді. Олар web- браузердің жəне бағдарламалық жасақтама басқарушысының қызметін үйлестіреді жəне web-камерадан бейнекөріністі басқару, баптау жəне көру үшін қызмет етеді. Мұндай бағдарламалар, мысалы, DigiCams, WebCam Spy, LiveCams Planet, liveVIEW, webcamXP PRO, VGS, TVframe, VIDEOREG, Tangerine WebCam, WebSnap, Tireal Webcam Guard, TrueTech WebCam Personal
Edition.
iSpy 5.6.5.0 RUS FREE бағдарламасы бақылау, мониторинг жасау, хабралу жəне үй немесе кеңсенің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арналады; веб-камералар мен iSpy микрофондардың көмегімен қызмет көрсететін аумақтағы кез келген дыбысты немесе қозғалысты айқындайды, содан кейін дереу e-mail немесе SMS көмегімен хабарламаны жолдайды, сонымен қатар электрондық хабарламаға айқындалған қозғалыстың фотосуретін қоса беріліп жіберуі мүмкін. Сонымен қатар, iSpy шынайы уақыт режимінде бақыланатын объектіні Интернет арқылы қарап отыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар online веб-камералар бар, оларды Интернеттен тауып алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет