Жүйені басқару жəне мониторинг жасау жөніндегі сенімді бағдарламалық жасақтама желі секторларын қорғау үшін қажет. Əрбір ҮҚК үшін белгілі операциялық жүйемен үйлесімді бағдарламалық жасақтама қоса беріледі. Қажет болған жағдайда кез келген ОЖ-мен көзделген пакетті қолдауға автоматты түрде аударуға қабілетті, жұмыс жүйесін жабу үшін осындай БЖ болуы маңызды - бұл ҮҚК кез келген нүктеден ҮҚК жұмысын бақылауға мүмкіндік береді, тіпті егер жүйеде бірнеше операциялық жүйе қолданылса да.
Windows операциялық жүйеге арналған HELP орыс тіліне лайықталған бөлімімен UPSMON Plus бағдарламасының соңғы нұсқасы – ҮҚК жағдайына мониторинг жасау үшін арналады.
Windows-қа арналған OnEvent бағдарламалық жасақтама жергілікті желі бойынша 110-SNMP-050 SNMP-картаданҮҚК мəртебесі туралы,
ҰҚК- гі оқиғалар жəне электр қуатын беру (электр желі қуатының жоғалып кетуі мен қалпына келуі, аккумулятор зарядытың бітуі мен ҮҚК қайта жүктеу жəне т.б.) туралы хабарлама алуға мүмкіндік береді.
Linux арналған UPSMON бағдарламалық жасақтама Smart Battery стандартын қолдайтын USB-порты бар ҮҚК арналады. Ол жұмысты дұрыс аяқтау немесе жүйені ұйқы режиміне көшіруге мүмкіндік береді, электр желі мен ҮҚК жағдайына мониторинг жасайды, оқиғалар
журналын жүргізуді жүзеге асырады.
Windows-қа арналған SafeNet Slave бағдарламалық жасақтама SafeNet Master БЖ орнатылған серверден ҮҚК мəртебесі туралы хабарлама алуға мүмкіндік береді жəне серверден команда беру бойынша компьютерді дұрыс сөндіруді жүзеге асырады.
LanSafe бағдарламасы электр қуатты беруді басқару үшін, ҮҚК тізбекті қашықтықтан жұмысты аяқтауды қоса пайдаланушыға ауқымды мүмкіндік береді, сондай-ақ тізбекті жəне USB-порттар арқылы, сонымен қатар желілік байланыстар арқылы желілік мониторинг үшін құрал-саймандарды береді.
Тапсырмалар
1. Вт-та В-А-ға қуат көрсеткіштерін көшіру үшін қуат коэффициенті қолданылады (PF). Егер үздіксіз қуат көзі ретінде шығыс сигналының нысаны қолданылса: сатылы аппроксимация, онда қуатты вольт-амперде 0,6 коэффициентіне көбейту қажет; синусоиданы - PF қоректену көзіне байланысты 0,7 ...0,95. Мысалы, интеркативтіҮҚК APC BR1200G-RS Power Saving Back-UPS Pro берілген, 1 200 В-А/720
Вт, ағытпа шығыстарының саны: 6 еврорезетке (3-і батареядан қуат алады). Шығу сигналының нысаның анықтандар: сатылы аппроксимация немесе синусоида – 720/1 200 = 0,6, демек, сатылы аппроксимация – шығу сигналының нысаны қолданылады.
Шығу сигналының нысанын анықтандар:
а) UPS AEG Protect A.1400 Black интерактивті, 1 400 В • А/ 840 Вт, шығу ағытпаларының саны: 4, USB, RS-232, телефон желісін қорғау;
б) UPS AEG Protect B.1400 PRO Black интерактивті, тіреуге монтаждау, 1 400 В • А/1 260 Вт, шығу ағытпаларының саны: 8 (4-і батареядан қуат алады), жұмыс істеу уақыты – 5,5 мин, USB,
RS-232, жергілікті желіні қорғау, телефон желісін қорғау;
в) UPS CyberPower DX850E интерактивті, 850 В-А/490 Вт, шығу ағытпаларының саны: 3 (3-і батареядан қуат алады), USB;
г) UPS AEG Protect B.1000 PRO Black интерактивті, тіреуге монтаждау, 1000 В • А/900 Вт, шығу ағытпаларының саны: 8 (4-і батареядан қуат алады), жұмыс істеу уақыты – 3,5 мин, USB, RS- 232, жергілікті желіні қорғау, телефон желісін қорғау.
2. Ippon Smart Winner 1500 NEW ҮҚК қандай компьютерге қосыға болатының анықтандар (интерактивті, тіреуге монтаждалады, 1
500 В-А/1 050 Вт, шығу ағытпаларының саны – 8, жұмыс істеу уақыты – 5 мин, USB, RS-232, жергілікті желіні қорғау, телефон желісін қорғау):
а) ДК1 (қоректену блогы 650W AeroCool VP-650 RTL, белсенді
PFC, желдеткіш 120 х 120 мм);
б) ДК2 (қоректену блогы 1050W Thermaltake ToughPower Grand
(TPG-1050M), белсенді PFC, желдеткіш 140 х 140 мм, сертификат
80 PLUS Gold, ағытпалы кабельдер);
в) ДК3 (қоректену блогы 1500W Thermaltake ToughPower ST (TP- 1500MPCEU) белсенді PFC, желдеткіш 135 х 135 мм, сертификат 80 PLUS Silver, ағытпалы кабельдер).