Правило 10000 часов


Осы табыс ережесін бәрі үшін ортақ деп айтуға бола ма?



бет2/2
Дата30.03.2023
өлшемі19,52 Kb.
#77615
1   2
Осы табыс ережесін бәрі үшін ортақ деп айтуға бола ма?

Осы идеяны екі мысалмен тексерейік. Біреуі белгілі рок топ « Битлз», біреуі планетадағы ең бай адам Билл Гейтс болсын. Битлз - Джон Леннон, Пол Маккартни, Джордж Харрисон и Ринго Старр АҚШ - қа 1964 жылы ақпанда келеді. АҚШ - қа келмес бұрын топ мүшелері қанша уақыт ойнады, қанша уақыттарын практикаға жіберді? Леннон және Маккартни Америкаға келмес бұрын жеті жыл бұрын ойнай бастаған. Ал егер осы ұзақ жылды ұқыптырақ талдай бастасақ, онда «Битлздың» тарихы таныс шекті ( сағатты) көрсетеді. 1960 жылы әлі олар белгісіз топ болған кездерінде Германияға, Гамбургке шақырылған болатын. Топтың тарихшысы Филипп Норманның айтуынша Гамбургте көптеген топ ойнады.


Гамбургте қандай ерекшелік болды? Тым жақсы төлеген жоқ. Акустика соншалықты жетілмеген. Көрермен де соншалықты ізгілікті емес. Леннонның айтуынша гамбургтік клубта онағанымызда біз жақсырақ бола бастадық, сенімдірек бола бастадық дейді. Көрерменнің көңілінен шығу үшін бар күшімізді жіберуге тура келді. Біз музыкаға жанымызбен жүрегімізді салдық. Сол кездегі топтың ударнигі Пит Бест біздің сахнаға шығатынымыз хабарланса болды, залға адамдар өте көп жиналады. Біз аптасына жеті кеш жұмыс істедік. Басында біз он екі жарымға шейін, яғни клуб жабылғанша ойнадық, танымал бола бастағанда, халық түнгі екіге дейін тарқамады.


Аптасына жеті күн?
1960 жылдан 1962 жылдың соңына дейін Битлз Гамбургте бес рет болды. Бірінші келгенінде 106 кеш, әрбір кеште бес алты сағаттан ойнады. Екінші келгенінде 92 рет ойнады, үшінші келгенінде 48 рет ойнады. Соңғы екі келулері 1962 жылы 90 сағат ойнады. Осылайша бір жарым жыл ішінде 270 сағат ойнады. Осы кездері ең алғашқы шулы табыстары күткен кезде олар 1200 жанды концерт берді. Бұл цифрдың қаншалықты сенімсіз екенін елестетіп көріңізші! Қазіргі топтар өздерінің ғұмырында осынша концерт бере алмайды. Гамбургтың қатал мектебі - Битлзды басқа топтан осылайша ерекшеледі. Олар ештеңе елестетпей-ақ, кетті, ал тамаша формада оралды. Олар шыдамдылыққа ғана үйренген жоқ. Оларға орасан өлеңдерді жаттауға тура келді, рок – н- ролльде, тіпті джазда қандай шығармалар бар –бәрін үйренуге тура келді. Гамбургке дейін олар сахна тәртібінің не екенін білген емес. Ал оралған кезде олар ешкімге ұқсамайтын стильмен ойнады. Бұл олардың өздерінің жеке тапқырлығы болды, - деп жазады Норман.
Билл Гейтс Джон Леннонның даңқтылығынан бір де кем емес. Тамаша жас математик өз үшін бағдарлама ашады. Гарвард университетін тастайды. Жолдастарымен бірге шағын компьютерлік Microsoft фирмасын ашады. Өзінің даналығымен, өркөкіректігімен, шешімділігімен оны бағдарламалық қамтамасыз етудің алып өндірушісіне айналдырады. Бұл жалпыға белгілі жайт.
Енді тереңірек айтайық. Гейтстің әкесі Сиэтлдің бай адвокаты, анасы – бақуатты банкирдің қызы. Кішкентай Билл жасына лайықтыдан көп білетін. Ол мектепте де жалығатын. Жетінші класында ата - анасы оны кәдімгі мектептен алып, сиэтл элиталары оқитын жеке « Лейксайд» мектебіне береді. Гейтстің екінші оқу жылында мектепте компьютер клубы ашылады. Ата - ана комитеті жылда қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырып, түскен қаржыны қайда жіберуі туралы сұрақтар туындап жататын. Олар кейде кедей аудандарда оқушылардың жазғы демалысына төленетін. Кейде мұғалімдерге берілетін. Ал сол жылы ата - аналар компьютерлік терминал сатып алуға үш мың доллар жұмсады. Оны кішкентай бөлмеге орналастырды, кейінірек біз оны иемденіп алдық. Компьютер сол кез үшін бізге әлі жат еді, – деп еске алады Билл Гейтс.
1968 жылы шындығында, компьютер көпшілігіміз үшін жат еді. 1960 жылдары колледжінің көпшілігінде компьютерлік орталық жоқ болатын. Бір жақсысы мектептің қандай компьютер алғандығында болды. «Лейксайд» оқушыларына бағдарламалауды қиын жүйемен емес, басқа ASR - 33 деп аталатын жүйемен үйренуге тура келді. « Уақытты бөлу жүйесі тек қана 1965 жылы пайда болды, әлдекім көреген болған сияқты, - деп жалғастырады Гейтс. Билл Джой болашақ бірінші курс студенті уақытты бөлуді бағдарламалауды зерттеудің сирек кездесетін ерекше мүмкіндігін алды. 1971 жылы Билл Гейтс шынайы уақыт режимін бағдарламалауды мектептің сегізінші класында үш жыл бұрын бастады. Терминалды орнатқаннан кейін Гейтс компьютер класына көшіп алды десе болады. ASR жалғасқан ЭВМ - да жұмыс істеу үшін уақыт сатып алу керек болатын. Бұл бай «Лейксайд» мектебі үшін де қиындау болатын, ата - аналар комитетінің де қаржысы бітті. Ата - аналар тағы жинады, ол да бітті. Жуырда Вашингтон университетінің бағдарламашылар тобы Computer Center Corporation фирмасын құрады. Олар жергілікті компанияға компьютерде жұмыс істеу уақытын сата бастайды. Бақыттарына орай осы фирманың бір иесінің баласы осы «Лейксайд» оқушысы болатын. Ол мектептің компьютер клубына фирманың бағдарламасын тестілеуге ұсынды. Кім бас тартсын! Енді мектептен кейін ол осы орталыққа келіп, тым кештеу үйге қайтатын. « Мен компьютермен аурдым. Денешынықтыру сабағына бармадым. Түннің бір уағына дейін компьютерде отырдым. Демалыс күндері бағдарлама жаздым. Апта сайын онда жиырма - отыз сағат өткіздік. Бізге жұмыс істеуге тыйым салған кездер де болды, себебі біз Пол Ален екеуміз парольді ұрлап, жүйені бұзған кездеріміз болды. жаз бойы компьютерсіз қалдым. Ол кезде мен он бес, он алты жаста едім» деп еске алады Билл. Содан кейін Пол Вашингтон университетінен ақысыз компьютер тапты. Машина физика факультетінде медицина орталығында тұрды. Олар тәулігіне 24 сағат жұмыс істеді, бірақ түнгі сағат үш пен таңғы алтыға дейін бос болатын. – Неге мен Вашингтон университетіне сондай жомарттық танытады дейсіз ғой енді, - деп күлді Гейтс. Олар маған қаншама компьютерлік уақытты ұрлауға мүмкіндік берді. Мен түнде шығатынмын, университетке жаяу немесе автобуспен баратынмын. Көп жыл өткен соң Гейтстің анасы: « Оны таңертең ояту қаншалықты қиын екенін түсінбей жүретінмін» -, деп еске алатын.
Бірде Биллдің компьютер бойынша таныстарының бірі Баду Пемброукқа Вашингтон штатының оңтүстігіндегі бір үлкен электростанцияға компьютерлік жүйе орнатуға контрактіге қол қойған TRW технологиялық компаниясы хабарласады. TRW - ға электростанцияларға бағдарлама қоя алатын, электро станциялардың арнайы бағдарламасымен таныс бағдарламашылар қажет болды. Бағдарламашылардың компьютерлік революция таңында мұндай мамандарды табу оңай емес болатын. Бірақ Пемброук кімге хабарласуды білді - «Лейксайд» мектебінің балалары мыңдаған сағат компьютерде жұмыс істеген. Билл Гейтс жоғары класта болатын. Мұғалімдерін электростанцияда тәуелсіз зерттеу жұмысының жобасы үшін босатуға көндіреді. Ол онда Джон Нортонның жетекшілігімен код дайындап, көктем бойы болады. Гейтстің айтуынша Нортон бағдарламалау туралы қаншама көп әңгіме сабақ айтады. Нортон сияқты ешкім олай әңгімелеген емес.Осы бес, жыл сегізінші кластан бастап, орта мектепті бітіргенге шейін, Билл Гейтс үшін Гамбург сияқты болды. Қай жағынан қарасаң да, оның үлесіне Билл Джойға қарағанда жарқыраған мүмкіндіктері болды.
Толығырақ қараңыз Forbes.ru:http://www.forbes.ru/forbes/issue/2009-04/7255-pravilo-10000-chasov

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет