МартинХайдеггер (1889-1976) «Болмыс және уақыт» (1927) «Ақиқаттың мәні туралы» Хайдеггер еркіндікті ақиқаттың мәні деп түсіндіреді.
Ж.П. Сартр: еркіндік пен жауапкершілік
Сартрдің ілімінде еркіндік - абсолютті, мәңгі берілген нәрсе: «адамның жазмышы ерікті болуда». Еркіндік адам тіршілігінде оның мәнінен бұрын пайда болады. Сартр еркіндікті ешнәрсе істемеуге апаратын рух бостандығы емес, адамнан ешкім тартып алмайтын таңдау еркіндігі деп түсінеді: мысалы, қамаудағы адам «көнемін ба әлде өзімді қамаудан босату үшін күресемін ба?» деген мәселені өз еркімен шешуі керек. Адам істеген әрекеті үшін және де алдын-ала өзі көздемеген кездейсоқтықтар үшін тұтас жауапкершілікті өз иығына алуға дайын екені оның өз еркімен таңдауды жасауына, шешімді қабылдауына байланысты Жан-Поль Шарль Эма́р Сартр (1905-1980) «Экзистенциализм — бұл гуманизм»
А. Камю «заңның абсолютті билігі еркіндік емес, бірақ одан артық еркіндікке заң билігіне мүлдем бағынбау апармайды», - деп ой қорытады. Мүмкіндіктерді кеңейту еркіндікті бермейді, бірақ мүмкіндіктердің жоқтығы – құлдыққа апарады. Және анархия да - құлдық. Мүмкіндік пен мүмкінсіздік айқын анықталған әлемде ғана еркіндік болады». «…өмір сүру – абсурдты зерттеу, оған қарсы бүлік шығару… Мен абсурдтаң үш салдарды шығарамын — менің бүлігімді, менің еркіндігімді және менің ынтызарлығымды…және өзіме қол жұмсаудан бас тартамын» Альбер Камю (1913 — 1960) «Бүлікшіл адам»(1951)
Н.А. Бердяевтің еркіндік туралы ілімі
Бердяев еркіндікті озбырлық емес, қайта индивидуалдылықтың көкжиегін кеңейтетін дұрыс нәрсе деп түсінген. Бердяев еркіндіктің екі түрін ажыратады: - алғашқы иррационалды еркіндік, ол потенциалды еркіндік, ол рухтың көкіректілігіне жағдай туғызып, оның салдарынан Құдайдан безіп кетуге, табиғат пен қоғам әлемінде құлдыққа түсуге апарады; - “екінші еркіндік - есті еркіндік, ақиқат пен ізгіліктегі еркіндік, ... Құдайдан берілген және Құдаймен бірге болуда еркіндік”. Рух қайтадан Құдаймен бірігіп, табиғатты жеңіп шығады, тұлғаның рухани біртұтастығы қалпына келеді