Презентация №10 Еркіндік философиясы Құрастырған: философия ғылымдардың докторы, профессор Мирзабекова А. Ш



бет7/9
Дата05.10.2022
өлшемі31,33 Kb.
#41551
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Презентация №10 Еркіндік философиясы Құрастырған философия ғылы-melimde.com

«Еркіндік философиясы»,
«Шығармашылықтың мән -мағынасы»
Н.А. Бердяев (1874-1948)

Әл Фарабидің еркіндік философиясы


«Философтардың сұрақтарына жауап», «Бақытқа апаратын жол» атты еңбектерінде әл Фараби ерік және оның бостандығы туралы ойларын жеткізеді: «...адам жалқы жақсы іс-қылықтарды ойланбай, еріксіз, кездейсоқты түрде жасауы мүмкін. Бірақ кездейсоқты жолмен адам бақытқа жете алмайды. Бақытқа жету үшін адам жақсы іс-қылықтарды өз еркімен, саналы таңдау арқылы жасауы керек. Яғни адам жақсылықтың мәнін түсініп-біліп тұрып, еркін таңдауды жасауы керек. Сонда еркіндік адамның жауапкершілігінің бірден-бір негізі болады». (Аль-Фараби//Социально-этические трактаты. Алма-Ата. 1973. – С. 35.].
Абу Насыр ибн
Мухаммед әл-Фараби
(870-950)

Абайдың ерік бостандығы туралы ойлары


Абай Құнанбаев
(1845-1904)
«Еріксіз түскен ылдидан»
«Еріксіз түскен ылдидан,
Еркіңмен шығар өр артық
Қорлықпен өткен өмірден
Көсіліп жатар көр артық»

Шәкәрім еркiнiдiк мәселесi туралы


Шәкәрім өз кезеңінде теңсіздік мәселесін, адамның еркіндік мәселесін қарастырған ойшыл. Шәкәрімнің бүкіл әлем құлдықтың жойылуын аңсаған екендiгін мына өлең жолдарынан көруге болады:
«Көзіме елестейді құлдық дәуір,
Адамды «құл» деген сөз маған ауыр» [Құдайбердиев 1988, 182 б.]. Ойшыл адамды басты құндылық ретінде қарап, басқaның еркіндігін мойындау арқылы адамды адам ретінде бағалау болып табылатынына сенімді болды.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
(1858-1931

Еркіндік өнегелі-құқықтық құндылық ретінде


Құқық негізін еркіндік құрайды. Еркіндікті құқық саласында жүзеге асыру үшін қажетті алғышарт: өзге тұлғаның еркіндігін мойындау. «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декла-рациясы» (1948 ж.) бойынша «Барлық адамдар тумысынан ерікті және абырой мен құқықтары тең» (1-ші бап). Құқық саласында еркіндік жалпы азаматтық бостандықтар жүйесі түрінде көрініс береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет