Еркіндік – бұл таңдау мүмкіндігі-нің болуы, оқиғаның аяқталу нұсқаларының болуы.Таңдаудың жоқтығы, оқиғаның аяқталу нұсқаларының жоқтығы еркіндіктің жоқтығына тең. Еркіндік — бұл өз әрекетіне анықтаушы себеп болатын субъекттің қалыпы
Еркіндік және ерік бостандығы
Этикада «еркіндік» адамның ерік бостандығының болуымен байланыс-ты. Ерік бостандығы адам мойнына жауапкершілікті салады. Іс-қылық ерікті жігермен жасалғанда ғана, адамның ерік бостандығын білдір-генде ғана өнегелілікке жатады. Бұл мағынада этика адамның еркіндігін және жауапкершілігін өзара байла-ныста болатынын көздейді.
Ерік бостандығы
Ерік бостандығы - бұл қалыптасқан жағдайға тәуелсіз таңдауды жасау мүмкіндігі. Жағдай деп мұнда сыртқы хал-ахуалды (зорлық-зомбылық, мәжбүрлеу, марапаттау т.с.с.) және де ішкі күй-жайды (инстинктер, ұнату және ұнатпау, алдын-ала қалыптасқан сенімдер және т. б.) айтады
Ерік бостандығының антиномиясы
«Адамның ерік бостандығының метафизикалық тереңдігі бар және ол бізді жоғары қарай да - игілік пен ізгілікке және төмен қарай да - зұлымдыққа бағыттай алады» Фридрих Вильгельм Шеллинг