Презентация №9 Этика. Құндылықтар философиясы Жаңа типтік оқу жұмыс бағдарламасы бойынша


Альберт Швейцер: «Ізгілік —өмірді сақтауға және дамытуға қызмет ететін нәрсе, зұлымдық өмірді құртатын немесе оған кедергі жасайтын нәрсе»



бет5/9
Дата27.09.2023
өлшемі29,46 Kb.
#110418
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Лекция 10. Этика. Философия ценностей-emirsaba.org

Альберт Швейцер: «Ізгілік —өмірді сақтауға және дамытуға қызмет ететін нәрсе, зұлымдық өмірді құртатын немесе оған кедергі жасайтын нәрсе».
«Өмірді тең қастерлеуді көрсету қажет: менің өмірге деген жігеріме де, кез келген өзгенің өмірге жігеріне де».
(Альберт Швейцер «Мәдениет және этика», «Адам ойлауының дамуындағы этикалықтың проблемасы», «Гумандылық», «Өмірді қастерлеу туралы ілім» )
Альберт Швейцер
(1875-1965),
неміс философ-гуманист,
дәрігер, заңгер

Этикалық ілімдердің натуралистік-прагматикалық типі



Адамның мәні оның табиғи биофизикалық қажеттіліктеріне байланысты деген көзқарас. Мақсатқа сәйкестік пен пайда болу принципіне негізделіп, бұл этикалық ілім релятивизация барысында нигилизмге дейін апарады: мәңгі, өзгермейтін және абсолютті моральдық принциптер мен нормаларды жоққа шығарады.
Мысалы, Герберт Спенсер өмір сүрудің негізгі заңы - тірі жаратылыстардың табиғи ортаға бейімделуінде деген. Сонда индивид пен рудың сақталуына ғана емес, сонымен бірге өмірдің толық болуына, яғни неғұрлып көп ляззат алудың максимумына жетеді, ал бұл - адам іздеген бақыт.
Осы бақытқа жетуде мінез-құлықтың дұрыс немесе бұрыс болуына мән берілмейді
Герберт
Спенсер (1820-1903)

Утилитаризм



Утилитариизм (лат utilis - пайда) мінез- құлықтың немесе іс-қылықтың этикалық құндылығын оның пайдалы болуынан көреді.
Иеремия Бентам: «неғұрлым көп адамға неғұрлым көп бақыт әкелетін іс- қылық құнды болады»
Утилитаризм адамды «жақсы» не «жаман» деп бағаламайды, оған «жақсы болды ма» немесе «жаман болды ма» деп оның жағдайына баға береді. Сондықтан утилитаристер «борыш», «абырой», «жазалау» деген ұғымдарға мән бермейді
Иеремия (Джеремия) Бентам (1748-1832), утилитаризмнің негізін қалаушы,
«Деонтология немесе мораль туралы ғылым» (т. 1—2, 1834)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет