Қазақ философиясының дәстүрлі ерекшелігі - адам экзистенциясына (тіршілігіне) бетбұрыс, адам болмысының мән-мағыналы негіздерін руханилық тұрғыдан іздеу. Бұл беталыс қазақ ақындарының шығармашылығына, араб-мұсылмандық және түркі тілді ойшылдардың кәсіби философиялық ізденістеріне, қазақ ағартушылдардың ілімдеріне тән Қазақ үшін ең басты құндылық, ең бағалы нәрсе - өмір. Адам тіршілікте өзінің өмірін әр күнін бағалап, мандайға жазылған өмірді гүлдендіруге, жандандыруға, мәнді өткізуге ұмтылуы тиіс. - Дүние-өмірдің ерекшеліктерінің бірі - оның өткіншілігі : «дүние-жалған», «сұм дүние», «өттің дүние», «дүние-арман». Қазақ халқы оны қадірлеуге шақырады. «Дүние-арманға» мән беретін нәрселер: еңбек, сүйікті жар, жақсы дос, басқалармен сыйласып өмір сүру
Қазақ мәдениетіндегі «құт» ұғымының аксиологиялық мәні мен мазмұны
Ортағасырлық түркі философиядағы «бақыт» ұғымы «ырыс», «береке» түсініктерімен қатар «құт» сөзі арқылы беріледі. Қашқари өзінің «Сөздігінде» оны ешқандай тәржімесіз береді: «Құт-құт, бақ-дәулет». Махмұт Қашқариде «құт» – бақыт сөзінің тек бір қырын ғана ашып отырғандығы, бірақ оны тек Тәңір беретіндігі айтылады. Жалпы құт ұғымының мәні мен мазмұны көпжақты: ол рухты немесе жанды, мүмкіндік пен өмірлік күшті, байлық пен игілікті де білдіреді. Қазақ мақал-мәтелдегі «құт» ұғымы «Құр жатқан - Тәңірдің құтынан қағылады», «Қонақ келсе - құт келеді», «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің - бір ісі артық»
Қоғамдағы рухани құндылықтар ішінен әл-Фараби «ізгі қасиет» феноменін ерекше атап көрсетеді «Ізгі қасиеттің екі түрі болады –этикалық және интеллектуалдық. Интеллектуалдық ізгі қасиет – ақыл-парасатқа жатады, мәселен, даналық, парасат, ақыл-ойдың тапқырлығы мен өткірлігі, ұғымталдық.