Презентация кардиомиопатиялар


Жүректің іркілістік шамасыздығы осы дерттің басты белгісі болып табылады



бет3/9
Дата26.12.2023
өлшемі1,16 Mb.
#144342
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Жүректің іркілістік шамасыздығы осы дерттің басты белгісі болып табылады.

  • Жүректің іркілістік шамасыздығы осы дерттің басты белгісі болып табылады.
  • Сол қарынша шамасыздығы көп ұзамай тотальді жүрек шамасыздығына ауысады. Осыдан шеттік ісінулер, асцит, гидроторакс пайда болады. Мұқият сұрастырғанда басталу кезеңінде тек сол қарыншаның зақымдану белгілері байқалуы мүмкін, бірақ жүре бара оң қарынша да зақымданады. Миокардтың жиырылу қасиеті төмендей бастағанда әлсіздік, тез шаршау, дене қызметі кезінде ентігу пайда болады. Кейін ентікпе тыныш қалыпта да бола береді. Түнгі мезгілде құрғақ жөтел мазалайды, тұншығу ұстамалары пайда болады.
  • Жүректің шығару көлемінің азаюынан, дене қалпын күрт өзгерткенде бас айналып, талып қалатын жағдайлар кездеседі. Науқастың кейбіреуінде (10 %) стенокардия синдромы болады (әдеттегідей иррадиациясымен және нитроглицериннің емдік әсерімен). Оның себебі миокард массасының ұлғаюы және шығару көлемінің азаюынан, тәж айналымының төмендеуі.

Үлкен шеңбердегі іркілісте оң қабырға астында бауырдың ұлғаюынан салмақ сезінеді және аяқтар ісінеді. Ісіну, оң қабырға иіні астының ауырсынуы, бауырдың ұлғаюы ерте пайда болады.

  • Үлкен шеңбердегі іркілісте оң қабырға астында бауырдың ұлғаюынан салмақ сезінеді және аяқтар ісінеді. Ісіну, оң қабырға иіні астының ауырсынуы, бауырдың ұлғаюы ерте пайда болады.
  • Дерттің алғашқы белгісі – жыбыр аритмиясы. Көбіне науқас оны сезбей жүреді. ДКМП – ның тағы бір ерекшелігі – тромбоэмболиялық асқынуларды жиі туғызуы. Оның себебі – жүрек ішінде тромбтардың түзілуі. Тромбтардың түзілуіне жыбыр аритмия және созылған қарыншалардың жиырылу қасиетінің күрт төмендеуі септігін тигізеді. Тромбоэмболиялық асқынулар ДКМП – мен ауыратын адамдар өлімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады.

Перкуссияда: жүрек шектерінің аса кеңуі назар аудартады, бірақ жүректің ұлғаюына әкелетін себептердің болмауы тән.

  • Перкуссияда: жүрек шектерінің аса кеңуі назар аудартады, бірақ жүректің ұлғаюына әкелетін себептердің болмауы тән.
  • Жүрек аускультациясы: миокардтың жиырылу функциясының төмендеуінен, жүрек тондары көбіне әлсіздене, кейде протодиастолалық шоқырақ ырғағы не емізік бұлшықеттерінің, хордалардың дисфункциясынан туындайтын III тон және гипертрофияланған жүрекшелердің жиырылуынан болатын IV тон естіледі. Қос және үш жармалы қақпақтардың функциялық шамасыздығынан систолалық шудың болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет