Ырғақтың әртүрлі бұзылыстары – жыбыр аритмия, ЭСС, Гисс будасы сол аяқшасының блогы;
Жүректің УДЗ-і: ДКМП- ны нақты анықтауға ең маңызды әдіс. Жүрек қуыстарының, әсіресе сол қарыншаның аса ұлғаюы анықталады. Сол қарыншаның диастолалық өлшемі 7-8 см дейін ұлғаяды және қарыншааралық қалқаның, сол қарыншаның артқы қабырғасының гипертрофиясы болмайды. УДЗ арқылы жүректің ішіндегі тромбтарды көруге де болады.

Рентгенография: жүректің шар тәрізді конфигурациясы, ретростерналық және ретрокардиялық кеңістіктерінің тарылғандығы байқалады. Жүректің барлық камераларының кеңеюі, жүрек ұшының жұмырлануы, мықынының тегістелуі, сол қарынша доғасының ұлғаюы және жүрек амплитудасының төмендеуі жатады. Өкпе жағынан кіші шеңбердегі іркілістің белгілері: өкпе өрнегінің күшеюі, плевра қуыстарында сұйықтықтың жиналуы анықталады.

Дифференциялық диагнозы
Науқаста жүрек қыспасы тәрізді ауырсынумен бірге ЭКГ – да инфарктқа ұқсайтын өзгерістер болғанда, дифференциялық диагностиканы ЖИА – мен жүргізу қажет. Егер науқаста митральді, үш жармалы қақпақтардың шамасыздығымен бірге өкпе гипертензиясының белгілері байқалса, жүректің қақпақтық ақауларына әкелетін аурулардан айыру қажет.
Ең қиыны – ДКМП-ны диффузды миокардиттен айыру. Дифференциалды диагностикада сүйенетін белгілер: жүрек патологиясының инфекцияға тәуелді дамуы, қанда қабыну синдромына тән өзгерістердің болуы (диспротеинемия, гипергаммаглобулинемия, Ig A, G, E, M көбеюі)