Қысым градиентінің деңгейіне қарай Нью-Йорктік кардиологтар ассоциасының жіктемесі бойынша ГКМП-ның келесі даму сатыларын айырады:
Қысым градиентінің деңгейіне қарай Нью-Йорктік кардиологтар ассоциасының жіктемесі бойынша ГКМП-ның келесі даму сатыларын айырады:
І сатысы- қысым градиенті 25 мм сағ.бағ. Аспаған(шағымдар болмайды);
ІІ сатысы- қысым градиенті 26-36 мм сағ.бағ. (дене қызыметінде дискомпорт пайда болады);
ІІІ сатысы- қысым градиенті 44 мм сағ.бағ. жоғарылауы мүмкін(қан айналым шамасыздығы тек күш түскенде емес, тыныш күйдеде болады, стенокардия синдромы болады);
ІV сатысы – қысым градинтті 44 мм сағ.бағ. жоғары(қан айналым шамасыздығы айқын деңгейде бөлінеді).
Обструкциялық типті ГКМП-ның тағы бір гемодинамикалық бұзылысы- митральдік регургитацияның болуы. Даму митральді қақпақтың алдыңғы жармасының систола кезінде алға, патологиялық қозғалысынан болады.
Клиникалық көрнісі.
Клиникалық көрнісі.
Гипертрофияның баяу біртіндеп дамуынан, дерттің белгілері ұзақ бөлінбейді. Оның алғашқы белгілері 20-40 аралығында, көбіне 30-дан кейін болады. ”Үлкен” спортпен шұғылдану белгілердің пайда болуын тездетеді. Бастапқы кезде тез шаршау, әлсіздік білінеді. Жүре бара ентікпе қосылады, алдымен ол дене қызметі кезінде, кейін-болар-болмас қимылдан. Кейде ентікпе, ауа жетіспеу ұстамалары байқалады. Сол қарыншаның шығу жолы аса тарылғанда ми қанайналымының күрт төмендеуінен бас айналу, кенет талу ұстамалары болып тұрады.