ХХ ғасырдың 20 — 30 жылдары қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы қадамдарын жасады. Жас суретшілер кескіндеме мен графиканың кәсіптік шеберлігін меңгерді. Олар (Н.И. Крутильников, Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылов, И.И. Савельев, Б.Сәрсенбаев, Қ.Қожықов, т.б.) өздерінің қарапайым мазмұнға құрылған алғашқы еңбектерінде елімізде болып жатқан өзекті өзгерістерді бейнелеуге ұмтылды.
Ал енді екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстан бейнелеу өнерінің барлық түрі: кескіндеме, мүсіндеме, графика ілгері дамыды. Қазақ және өзбек халықтарына ортақ суреткер — қазақ табиғатын тамсана жазған, алғашқы академик-суретші О.Н. Таңсықбаев Қазақ Бейнелеу Өнерінде ерекше орын алады
Ал енді екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстан бейнелеу өнерінің барлық түрі: кескіндеме, мүсіндеме, графика ілгері дамыды. Қазақ және өзбек халықтарына ортақ суреткер — қазақ табиғатын тамсана жазған, алғашқы академик-суретші О.Н. Таңсықбаев Қазақ Бейнелеу Өнерінде ерекше орын алады
Опера өнері
«Қыз Жібек» операсының басты ерекшелігі сол, ол театрдың белді әртістерінің тікелей қатысуымен жасалды.
«Қыз Жібектің» мазмұнына ежелгі халық аңызы негіз болса, «Жалбыр» 1916 жылғы тарихи окиғаны арқау етіп алған.
Театр Қазақстан бойынша гастрольдік сапарға шығып, барлық жерде көрермендер қазақ өнерінде пайда болған жаңа жанрды қуана құптап қарсы алды. Репертуарды көбейту қажеттігі байқалды.
Балет өнері
Бірінші қазақ балеті «Қалқаман—Мамырды» сазгер В.В.Великанов М.Әyезовтің либреттосы бойынша жазып, ол 1938 жылы қойылды. Қазақстан балет өнерінің бастауындағы белгілі қазақ бишісі Шара Жиенқұлованың өнері жарқын еді.
Музыка өнері
Тіпті азамат соғысы жылдарында-ақ музыка жаңа тақырыптармен толыға түскен еді. Алғашқы революцияшыл қазақ әндері туды. Ақындар мен әншілер Кеңес өкіметі идеяларын насихаттауда маңызды рөл атқарды. Әсіресе С.Сейфуллиннің «Жас қазақ марселъезасы» атты революциялық рухтағы әні кең таралды.
Қазақ музыка мәдениетін зерттеу және насихаттау ісінде қазақ музыка фольклорын қажымай жинаушы сазгер Александр Викторович Затаевичтің рөлі үлкен. Орынборға 1920 жылы келген ол 3 жыл ішінде 1500-ден астам қазақ әндері мен күйлерін жазып алды. Республика үкіметі А.В.Затаевичтің еңбегін жоғары бағалап, оған 1923 жылы 9 тамызда Қазақ АКСР-нің Халық әртісі атағын берді. Ол барлығы — 2300 шығарма жазып алған, оның ішінде ұйғыр, дүнген, өзбек, қарақалпақ, татар, корей ұлттық музыкалары да бар. «Қазақ халқының 1000 әні» деген алғашқы жинағы 1925 жылы Орынборда, ал «Қазақ халкының 500 әні мен күйі» деген екінші жинағы 1931 жылы Алматыда жарық көрді. Ол жинаған қазақ халқының бай музыкалық қазынасы дүние жүзі елдерін Қазақстанның өзіндік музыка өнерімен таныстырды.
ХХ ғ. драматургиясы
ХХ ғасырдың басында дамыған қазақ əдебиеті толысып, озық ұлттық əдебиеттердің жанрлық салаларына жол тартып, əлемдік əдебиетке тəн құбылыс – «Қайта өрлеу дəуірін» басынан өткізді. Елді елең еткізер жаңалықтар бірінен соң бірі халықтың рухани азығына айнала бастады. Солардың қатарында роман жанрымен бірге сөз өнерінің іргелі саласы болып табылатын қазақ драматургиясының туып, қалыптасуы осының куəсі еді. Алғаш қазақ жастары арасында əдеби-сауық кеші болып бастау алған бастама соңынан ұлттық деңгейдегі драмалық шығармалардың жазылуына ұласты. Осы саланы дамытуға Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М. Əуезов, Қ. Кемеңгеров, С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, Ж. Шаниндер бастаған ұлт зиялылары үлкен үлес қосты. 1915 Көлбай Төгісовтің «Надандық құрбаны» драмасы жеке кітап болып басылып шықты.
Кешегі Қазан төңкерісінен кейінгі қоғамымыздың əлеуметтік-экономикалық, тарихи-мəдени дамуы халқымыздың мыңдаған жылдық дəстүрлі фольклоры мен бай əдебиетінен, жаһан мəдениетінің орыс мəдениеті арқылы жеткен озық дəстүрлерінен бастау алып, қазақтың жаңа сапалы өнері – драматургия мен театрды дүниеге əкелді. Осының арқасында тұтас, жүйелі, жан-жақты əдеби-мəдени процесс бастау алды. ХХ ғасырда қазақ драматургиясы жалпы драмаға тəн қасиеттер мен сапаларға жанрлық құрылымдар мен пішіндерге ие бола отырып қазақ əдебиетімен, мəдениетімен бірге өсіп, жетіліп отырды. Əдебиеттің айрықша бір түрі – драматургияның негізгі нысаны театр, сондықтан театрға арналып жазылады. Драматургия – танымдық, тəрбиелік мəні зор, идеялық-эстетикалық əсері күшті өнер. Мұнда тағдырлар тоғысуы мен характерлер қақтығысын, сезімдер шайқасын көрсете отырып ерекше көркемдік құрал – диалогтар мен монологтар арқылы болмыстың сан алуан шындықтарын ашады, өмір құбылыстарына баға береді, билік айтады.
ХХ ғ. Қазақстандағы киноиндустрияның дамуы
Қазақстандағы тұңғыш кино түсіру жылнамасына 1925 жыл жатады.
Қазақстан жайлы тұңғыш көлемді деректі-көркем фильм «Түрксіб» деп аталды.
1938 жылы «Ленфильм», «Амангелді» фильмін түсірді. Ол Қазақ академиялық драма театрының әртістері күшімен қазақ және орыс тілдерінде түсірілді. Фильм режиссері М.Левин, сценарийін В.Иванов пен Ғ.Мүсірепов жазды. Фильмдегі басты рөлдерді Е.Өмірзақов, Ш.Жиенқұлова ойнады. Фильмнің музыкасын А.Жұбанов жазған.