Дүниені эстетикалық тұрғыдан көру – бұл дүниенің әдемілік және ұсқынсыздық, асқақтық және төмендік, трагикалық және комикалык жақтарын көру. Бұл тек қана адамға тән қабілет. Философиялық антропологияның өкілі Г. Плесснер «күлү мен жылау - адамды жануардан айыратын эксцентрикалық реакциялар» деген. И. Канттың пікірінше, дүниені эстетикалық тұрғыдан көрудің ерекшелігі - «мақсатсыз мақсатқа сәйкестік», яғни «адам әдемілікті әдейі қуып жүріп іздемейді, бірақ оны кез-келген жағдайда бірден байқайды» деген. Бұл эстетикалық объекттердің адамға таза ляззат әкеліп беруге, адамның қиялына, рухани әрекетіне дем беруге қабілеті.
дүниені кейіп, бітім түрінде бейнелеу теориясы—заттар мен құбылыстардың мәнін ұғындыру теориясы
Неміс классикалық эстетика (И. Кант, Ф. Шеллинг, Г. Гегель, )
Неміс классикалық эстетиканың жетістіктері: - өнердің қасиетті құндылығын және қоғам тарихында оның рухани рөлін дәлелдеп берді («өнер – адам әрекетінің жоғарғы принципі»). әдемілік пен өнердің мәнін сипаттайтын түйінді ұғымдарды ұсынды — «мақсатсыз мақсатқа сәйкестік» (Кант), «құбылыстағы мән» (Шиллер), «шектеуліде шексіздіктің бейнесі» (Шеллинг), «абсолюттік идея оның сыртқы өзге болмысында» (Гегель) Гегель эстетика пәнінің анықтамасын берді: эстетиканың пәні «әдеміліктің кең патшалығы, дәлірек айтқанда, өнер саласы, немесе, одан да дәлірек, - көркем шығармашылық».