При Казахской Национальной Академии Искусств им. Т


Список использованной литературы



Pdf көрінісі
бет9/25
Дата06.03.2017
өлшемі21,11 Mb.
#8251
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25

Список использованной литературы
1.
Стратегия «Казахстан – 2050» Алматы, 2014
2.
Семененко  И.С.  Нация,  национализм,  национальная  идентичность: 
новые  ракурсы  научного  дискурса.  //  Мировая  экономика  и 
международные отношения, Том 59,№ 11, 2015, с.91-102
3.
Косиченко А.Г. Влияние глобализации на культуру и ценности человека. 
/ Analityc, №4-5, 2001, с.39-42
4.
Колин К. К.,  Урсул А. Д.  Информация  и  культура..  М.,  «Стратегические 
приоритеты», 2015, с.166
5.       Фрешли М. (2014) А. Тарковский а аспекте "культурных сетей". In. 
Проблемы межкультурной  коммуникации в современном обществе. Астана. 
рр. 59-66. 
6.
Огурцов А.П. Культура как способ самоописания современных обществ.  
/Вопросы культурологии, №3, 2013. с.9-14

95
7.   
Карабаева  А.Г.,  Исмагамбетова  З.Н.  Социокультурные  основания 
толерантности:  предпосылки  и  характеристики.  –Вестник  КазНУ.  Серия 
философия, культурология, политология.№1, 2015 с.22
8.
Гаджиев  К.С.  Национальная  идентичность:  концептуальный  аспект. 
//Вопросы филосфии, 2011, №11
9.
Мажуль Л.А. Информационная парадигма в науках о человеке: основы 
моделирования. //Мир психологии, №2, 2014, с.255-271
10.
Ту  Вэймин.  Разные  взгляды  на  современность:  о  сущности 
восточноазиатской  модели  современности.  //Век  глобализации,  №1. 
2014, с.7
11.
А.  Я.  Рубинштейн,  В.Ю.  Музычек.  Оптимизация  или  деградация? 
Между  прошлым  и  будущим  российской  культуры.  Общественные 
науки и современность, №6, 2014, с.17-18
12.     Молдабеков Ж.Ж. Интеллектуальная нация: стратегия курса и 
факторы развития. Монография. Palmarium, academic publishg, 2016 
341 С.

96
   
                             
ҚҰСАЙЫНОВ  Дәуренбек 
Өмірбекұлы
Философия ғылымдарының 
докторы, профессор
(Алматы қ. Қазақстан)
daur958@mail.ru
АЮПОВА Зауре Каримовна
Заң ғылымдарының
докторы, профессор
(Алматы қ. Қазақстан)
567zaure@yandex.ru
Ж.АЙМАУЫТОВ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ МӘДЕНИ-
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АСТАРЛАРЫ ЖАЙЛЫ
Жастайынан  сусындап  нәр  алған,  халық  ауыз  әдебиетін, 
халықтың 
мақал-мәтелдерін, 
наным 
сенімдерін, 
әдет-ғұрпын, 
мәдениетін  жете  білген  Ж.Аймауытов  сол  туған  халқының  сана-сезімі 
мен  болмысын  жаңа  ғасыр,  жаңа  заман,  жаңа  қоғам  талаптарына  сай 
қалыптастыру  үшін  жан-жақты  ізденістер  жүргізді.  Ағартушылық 
философиясының  идеяларын  терең  игеріп  қана  қоймай,  оны  жүзеге 
асырудың  жолдарын,  әдістерін  іздестірді.  Халыққа  әсер  етудің,  сана-
сезімін  жетілдірудің  ең  қолайлы  құралы  әдебиет  болғандықтан, қазақ 
даласындағы  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  даналықпен  данышпандық, 
өнер  мен  білім  әдебиет  арқылы,  әдеби  туындьшар  арқылы 
берілгендіктен,  Жүсіпбек  өзінің  елдің  болашағы  үшін  күресін 
әдебиеттен бастады.
Жүсіпбек  Аймауытов  туралы  сөз  бастағанда,  оның  жазушылық 
шеберлігі  хақында  айтпасқа  болмайды.  Ол  -  сөз  тұтастығын  сақтаған, 
өлең мен қара сөзді бір-бірінен бөлмеген қаламгер. Мұндай шеберлікке 
оқып-үйреніп,  жаттығып,  дағдыланып  жетуге  болмайды.  Ол  адамға 
жаратушының  бергені.  Оны  біз  табиғи  талант,  дара  дарын  деп  айтып 
жатамыз. Сірә, талант табиғаты ақылмен таныларлық шаруа емес. Оның 
сыры  өзінде,  тұңғиық  болса  керек.  Сондықтанбіз  қаламгер,  талантына 
тамсана бермей, осы талант туғызған (дүниеге әкелген) шығарма туралы 
айтуға көшсек.

97
"Қартқожа"  романы  өте  жеңіл  оқылады,  оқырман  қиналысқа  түсіп 
шаршамайды.  Бірақ,  мәселе  роман  оқылып  біткеннен  соң  басталады. 
Сонда  бұл  не  нәрсе,  жазушы  не  айтқысы  келді.  Қартқожа  деген  кім? 
Міне,  осындай  сұрақтар  ой  түбіне  шөге  бастағанда  жауап  іздеп 
қиналасың.
Шығармада 
қазақы 
болмыс 
барынша 
табиғи 
мәнінде 
бейнеленген. Баяғыда көркем әдебиетте натурализм деген негізсіз нәрсе 
деушілер  болатын.  Байқаймын,  мұндай  бейнелеуді  теріске  шығарып 
жүргендердің өзі соның не екенін білмесе керек. Мәселе, натурализмнің 
терістігінде  емес,  оның  қай  жағдайда  көрінуінде.  Жүсіпбек  қазақы 
тұрмысты  қаз-қалпында  сөйлеп  берген.  Оның  несі  мін?  Қайта  тамаша 
деуіміз  керек.  XX  ғасыр  басындағы  қазақ  түрмысын  дәл  Жүсіпбектей 
дәлме-дәл  бейнелеген  қаламгер  табу  қиын.  Себебі,  Жүсіпбек  сол 
заманның  түлегі,  көзі  көрген  дәуір  куәсі.  Бұл  бір.  Екіншіден,  ғажап 
талант  иесі,  ғылыми  тілмен  жеткізе  алмайтын  істерді  сөз  өрнегімен 
емін-еркін бере салған. Осыны натурализм десек, бізге керегі осы.
Ал  Қартқожа  образына  келсек,  мәселе  өзгешелеу.  Біреулер 
Қартқожа жазушының өз бейнесі дегенді айтады. Жалпы мынандай жай 
есте  болуы  шарт.  Қаламгердің  қолынан  шыққан  шығармадағы  барлық 
кейіпкерлерде  суреткердің  өз  бейнесі  болады.  Жазушы  не  жазса  да  өз 
ұғым-түсінігінен,  өзінің  қадір-қасиетінен,  бітім-болмысынан  алыс  кете 
алмайды. Мұны суреткердің субъективизмі дегеніміз жөн. Осы мәнінде 
айтсақ,  әрине,  Қартқожа  жазушының  көркем  шығармадағы  өз  бейнесі. 
Ал  әңгімені  байсалды  сарынға  түсірсек,  бұл  түсінік  дұрыс  болып 
шықпайды.  Оның  ең  басты  себебі,  Қартқожа  зиялы  қауымға  үлгі 
боларлық түлға емес. Оның терең ойлары да жоқ. Ол кейбір мәнді-мәнді 
істерден  тыс,  сырттан  бақылаушы  сияқты  көптеген  істер  оның  ешбір 
қатынасынсыз, өздігінен болып жатыр. Тіптен, 1916 жылғы көтеріліске 
де  Қартқожа  түсінігі  өте  бұлыңғыр.  Ол  көтерілістің  себебін  де 
ойластырған  жоқ.  Бірақ  онда  ынта,  талап  бар,  ол  оқу,  орысша  білу. 
Қартқожа  ойынша  орысша білсе  ғана  ел  санатына  ілінуге болады.  Сол 
үшін ол Кереку, Омбы, Семейлерді кезуде.
Автордың  осылайша  суреттеп,  баяндағаны  кездейсоқ  нәрсе  ме, 
әлде  жазушының  өзгеше  мақсаты  болды  ма  екен?  Бұлай  дейтін 
себебіміз  Жүсіпбектің  өз  басы  Қазақстандағы  елеулі  істерден  шет 
қалмаған.  Оға  бір  ғана  мысал,  Мұхтар  екеуі  бірігіп  "Абай"  журналын 
шығарудың  өзі  қандай  жетістік.  Сондықтан  Жүсіпбек  Қартқожа 
образына  тегін  келмеген  деп  ойлаймыз.  Біздің  ойымызша,  Жүсібек 
заманында  Әлихан  сияқтьшар  емес,  Қартқожалар  көбірек  болғанға 
ұқсайды.  Қартқожалар  жетекшілер  емес,  жетекке  ерушілер,  тек  қана 
айтқанды  істегені  болмаса,  өзіндік  инициативалары  әлі  жетіле 
қоймағандар.  Бұл  білімге  ұмтылған  қазақтардың  жай-күйі  десек 

98
ақиқатқа  жақынырақ  болар  еді.  Себебі,  әбден  бодандықта  тапталып, 
езгіге  ұшыраған  халықтан  қоғадай  көктеп,  жаңбырдан  кейінгі 
саңарауқүлақтай  көсемдердің  қауырт  көбейіп  шығуы  мүмкін  емес  еді. 
Оянудың  алғашқы  сатысы  білімге,  орысша  білуге  ұмтылу,  әрине  бұл 
түсінікті  де,  орынды  талап.  Неден  запа  шексең  сол  іспен  айналыс.  Ал 
Әлихан  сияқты  орталықта  білім  алғандардың,  оған  ергендердің 
мұраттары  өзгеше,  әрі  биік  болатын.  Алаш  мемлекетін  құрам  деп 
талпынған  қазақ  көсемдерінің  бетіне  от  шарпытқан  большевиктер 
болса,  халық  ішінде  жеткілікті  мөлшерде  қолдау  таппағаны,  білім 
жолына  түсем  деушілер  деңгейі  Қартқожамен  шамалас  болатын. 
Қартқожаның  болмысында  жоқ  нәрселер:  жігер,  қайрат,  намыс.  Олар 
оның  жанұя  тәрбиесінде де  болмаған.  Момын  әке,  момын  шеше,  бірақ 
оларда  рухани  жан  тазалығы  бар.  Әдетте,  мүндай  тазалық  намыс 
дегенімен  айқындалмаса  елеусіз  қала  береді.  Осындай  елеусіз,  жаны 
таза  жандар  өз  қасиеттерін  баласы  Қартқожаға  берген.  Сондықтанда 
Қартқожа көзге түсе бермейді, тіптен  әрбір тұстарда бөгде жан сияқты 
күй  кешеді.  Оған  өзі  іштей  қиналады,  бірақ  амалы  жоқ,  шарасыз 
Қартқожаның  баршама  болмысынан  осы  бір  шарасыздықты  ұшырата 
береміз.  Оның  себебі  неге  дегенге  келсек,  әрине  сол  кездегі  қоғам 
дамуындағы 
қазақтың 
сана-сезімінің 
дәрежесіне 
байланысты. 
Сондықтанда,  Қартқожаның  жасаған  әрекетінің  өзі  өте  үлкен  жетістік. 
"Жыртық тізе" кедейдің оқу іздеуі, оған өрекеттенуі кұптарлық іс. Бірақ 
бізге болашақ үшін керек адам Қартқожа ма?
Әрине, бізге салса аламан істің басы қасында жүрген от намысты
өр  тұлғалы қазақ  образын  көргіміз  келеді.  Бұл  ниет,  мұрат  талабы. 
Шындыққа  үңілсек,  жазушымен  бірге  ел  араласақ  кездестіретініміз  -
Қартқожалар.  Сонда  мүмкін  тұрмысқа  керек  жандар  Қартқожалар  ма 
деп ойлаймыз. Себебі, саясат, өнер қайраткерлері халық емес, халықты 
басқарушылар, бастаушылар, ол көп, жұртшьшық ынтасы саясатта емес, 
өнерде  емес  күнделікті  тұрмыста  емес  пе?  Бәрінен  биігі  тұрмыс, 
қарапайым  өмір,  Картқожа  болса  осы  жағында.  Алайда  ел  ішінде  бір 
желік енді. Адамдар тұрмысқа емес, әлдебіреулер бастаған саяси істерге 
араласа  бастады.  Осы  тұсқа  келгенде  Жүсіпбектің  өзі  де  дағдарысқа 
түскені  аңғарылады.  Бұл  жағдайларды  жазушы  былай  бейнелеген: 
"Қазақ  азаматтары  көңілсіз.  Сібір  ревкомынан  Иванов  деген 
губерниялық  комитетке  бастық  болуға  жіберіліпті.  Губерниялық 
комитетке 
Қазақстаннан 
бір-ақ 
мүше 
сайланыпты. 
Оқыған 
азаматтардың әркімі қызметтерін жоғалтып, жаз шыға елге бару қамын 
істеп  жүр  екен...  "Қазақстанға  қарап,  көзіміз  ашылмаса,  мыналар  бой 
беретін емес, қазаққа зорлық істеп отыр..." деп Қасен де бұрынғы қызу
бетінен қайтып қалғанын білдірді.

99
Жүсіпбек  Аймауытов  өзінің  ұлы  оқытушыларының  бастап 
берген бағытын талмай, шаршамай одан әрі қарай дамытты және заман 
өзгерген сайын жетілдіріп, түрлендіріп отырды. Оның қоғам өміріндегі 
қызыметінің  қай  саласын,  қай  бағытын  алсақ  та  адамға  бұрылған-адам 
қажеттігі,  адамның  жан  дүниесі,  оның  әсемдікті  түсінуі,  талай 
философтардың  ойлау  тірегі  болған  адамның  жақсылық  пен 
жамандыққа көзқарасы. Ұлы гумманизм  мектебінен өткен Жүсіпбектің 
алға  қойған  мақсаттарынын  да  ең  бастысы  осы  адамға  арналады. 
Адамды тәрбиелеу, оны қоршап тұрған дүниенің зандылықтарын білуге, 
өмір  сүріп  жатқан  қоғамды  түсінуге,  түсіне  отырып  өркениетті  қоғам 
құруға шақыру, - осыны мақсат тұтады, сол үшін күреседі.  
Біздің кеңес мемлекеті кезіндегі қалыптасқан ойлау стеоретипіне 
салып,  Жүсіпбектің  қоғамдық-саяси  көзқарастарын,  дүниетанымын 
аяғына  дейін  түсініп  білу  қиын.  Өйткені  оның  арнайы  жазған 
философиялық  шығармалары  жоқ.  Ал,  енді  оның  жазған  романдарын, 
повестерін,  пьесаларын,  сын  мақалаларын  қарасақ,  онда  көтерген 
мәселелері, оның кейіпкерлерінің өмірі мен жүріс-тұрысы, ойлау желісі 
қоғамдық  өрекеттері  тұнып  тұрған  философия  деуге  болады. 
Ағартушылықты  өзінің  ұраны  қылып  алған  Жүсіпбек  жаңа  рухта  жас 
ұрпақ  тәрбиелеу,  адамгершілік,  жақсы  мінез-құлық  қалыптастыру 
қажеттіліктерін тек қана тәжірибеде іске асырып қоймай, бұл мәселерді 
теориялық тұрғыдан да терең зерттеген.
Жүсіпбек  Аймауытовтың  қызыметі  жан-жақты:  үлкен  роман 
жазған  прозашы,  психологиялық  зерттеулер  жасаған  ғалым,  пьесалар 
қойған  режиссер,  әртүрлі  пьесалар  жазған  драматург,  аудармашы, 
публицист.  Шығармашьшық  өнерінің  қайсысында  болмасын  Жүсіпбек 
жемісті  еңбек  ете  білді.  Біздің  зерттеп  отырған  мәселеміз  оның 
қоғамдық-саяси  ойларымен  гумманизмі  болғандықтан,  ойшылдың 
әртүрлі  жанрларда  жазған  еңбектерін  талқылап,  онда  Жүсіпбектің 
көрсетілген бағыттағы ойларын топшылап, оның дүниеге көзқарасының 
ағартушылық ойлау жүйесін айқындай түсеміз.
Дүниетанымын  толық  түсініп,  толығымен  қабылдаған,  Абайдан 
сусындаған,  оның  жан  жақты  да  күрделі  дүниетанымын  өз  заманында 
өте  жақсы  түсінген,  ұлы  Абайтанушы  М.Әуезовпен  көп  мәселелерді 
түсінуде терезесі  тең  Жүсіпбек,  өзінің  шығармашылығы мен қоғамдық 
қызметін  Абай  өсиеттерін  жүзеге  асыруға  қолынан  келген  бар 
мүмкіншіліктерін өмірінің ең соңғы күндеріне дейін аянбай қолданды.
Абайды  өзінің  ең  үлкен,  ең  негізгі  ұстазы  деп  санаған  Жүсіпбек,  Абай 
тағлымының  қазақ  елінің  ертеңі  үшін  әліде  берері  көп  екенін  жақсы 
түсінген,  сондықтанда  Абай  журналын  шығаруға  ат  салысып,  бар 
қолынан келген күш жігерін аямаған. Абайдан алған үлкен сабақтарын 
өзінің қысқа да болса жемісті еңбек еткен өмірінде үздіксіз пайдаланып 

100
отырған.  Абайдың  шығармалары  мен  асыл  сөздерінен  алған  сабағын 
былай  түсіндіреді:  "Ақылды  дана,  рахымды  әділ,  шынға  сусаған, 
қыңырды  жөнге,  қисықты  тезге  салмақ  болған,  бұзықтық  пен  алысып 
өткен Абай еді. Қазақтың әдебиетіне жан берген: сөздің сырын сырлап, 
ішін  түрлеген,  өлеңнен  өрнек  шығарған,  ақындық  сыншылдық  бірдей 
дарыған, Абай еді. Өнер тап, оқы, харекет қыл, тәрбие ал, ынсапты адал 
бол  деп  қақсап  өткен  Абай  еді.  Халықтың  қамын  же,  адам  баласын 
бауыр тұт, адамшылыққа қызмет ет деген Абай болатын. Өмір жолында 
Абайдың айтпағаны аз. Ақыл, білім, сезім, терең ойлылығына қарағанда 
Абай қазақтан шыққан философ (данышпан)" [1].
Дәл  осылай  Абайды  терең  ұғыну,  оның  дүниеге  көзқарасын  тап 
басып, дәл де баға беру, "философ" деп, "данышпан" деп бөкпесіз тура 
айту, біздіңше ең алғаш осы Жүсіпбек Аймауытовтың қолынан келген. 
Оның  бұл  пікірі  тек  байқаусызда  айтылып  қалған  оғаш  сөз  ғана  емес, 
Абайды,  оның  дүниетанымын,  оның  ой  толғауын,  жан  дүниесін  жете 
ұғыну,  сол  Абай  жеткен  ой  биігіне  қол  созып,  сол  деңгейде  ой  кеше 
білу. Абайдың жеткен ой биігіне қол созып, сол деңгейде ой кеше білу. 
Абайды  философ  деп,  хакім  [2]  деп,  енді-енді  ғана  танып,  біліп 
жатқанда,  бұдан  90  жыл  бұрын  Абайдың  кім  екенін,  соның  дәлелін 
келтіріп  тұрып  бадырайта  айтушы  Жүсіпбек  Аймауытовтың  да  ойлау 
дәрежесінің  жоғарлығын  көзқарасының  жан-жақтылығын,  білімінің 
терендігін анық білдіріп тұр.
Адам  мен  адамгершілік  мәселелерін  қазақтың  ағартушы-
демократтары  мен  ақын-жазушыларының  шығармашылығында  жиі 
кездестіруге  болады.  Әсіресе  бұл  мәселені  философиялық  дәрежеде 
жан-жақты шешекен Абай еді, өйткені  оның қай  шығармасын алсақ  та 
"Адам  бол"  деген  лебіз  бар.  Абайды  біз  таза  адамгершілік  ойшыл, 
гуманист  деуіміз  керек,  себебі  бірінші  тарауда  көрсеткеніміздей,  оның 
шығармалары  негізінен  адам  болу  принциптеріне  арналған.  Осыдан  да 
қазақ  арасында  адамгершілікті  Абайдан  үйрен  деген  нақыл  бар. 
Абайдың этикалық эксцентрі -"адам бол" - деген гумманистік идея еді. 
"Адам  болам  десеңіз:  бес  нәрседен  қашық  бол,  бес  нәрсеге  асық  бол"-
деп,  оның  үлгісін  берген  Абай  өз  шығармаларында  адам  болудың 
біртұтас  кодексін  жасады.  Олардың  негізгілері:  ақылды  дұрыс 
пайдалану, талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым, білім алу, дүние тану, 
әр нәрсенің  өлшемін білу, өз  арының алдында жауап беру, күрес, әділ, 
сыншыл болу, жамандықтан бойын аулақ ұстау және т.б. Ал, Жүсіпбек 
болса  өзінің  бар  болмысымен  осы  көзқарастарды  түгелімен  қабылдап, 
өзінің өмірілік кредосына айналдырды.
Адам  мәселесінің  өзегі  Жүсіпбек  Аймауытовтың  көзқарасы 
бойынша  мәдениет,  оқу-білім,  тәрбиеге  келіп  тіреледі.  Бірақ  бұл 
соңғыларын ол адам болудың қажетті шарттары деп есептей отырсада, 

101
оларға  ерекше  мән  бере  қарастырады:  мысалға  мәдениеттің  де 
мәдениеті бар, ғылым мен білімнің, тәрбиенің де өз мәнісі болуы керек. 
Бүлардың  мән-мәнісін  ол  адамгершілік  пен  руханилық  деп  түсінеді: 
адамға  имандылық    қалайтын  көп  оқу  мен  білім,  адамның  сыртқы 
қылығын  ғана  көздеп,  ішкі  сырын  байытпайтын  тәрбие,  адамдық 
маңызы  жұтам,  оған  жат  мәдениет  шын  мәнінде  жетпеген  жартыкеш 
әлдене  ғана.  Қоғамның  қанша  дамығанымен  ғылыми  жетістіктерге 
жеткенімен,  табиғаттың  тылсым  күштерін  жете  игергенімен,  адамда 
руханилық  пен  адамгершілік  жетіспесе,  қандай  жетістіктер  болмасын 
адамзатқа  рахат  пен  ләззат  әкелмейтінін  ол  былай  көрсеткен:  "Бұрын 
адам  хайуан  қалпында  жүргенде  тамаққа  таласып,  қандай  алысып 
жұлысса, бұл күнде жетіліп, мәдениетті болған адам да сол халден ұзап 
шыға  алмай  отыр.  Мәдениеттің  ілгері  басқышындағы  халықтар 
ғылымның  жемісін  зорлық,  зомбылық,  қиянат,  озбырлыққа  жұмсап 
отыр" [3].
Ж.Аймауытов  қорытпа  сөзінде  қазіргі  кезде  аса  өзекті  болып 
отырған  ой  жатыр.    Батыс  мәдениетінде  дүниетанымында  табиғаттың 
зандылықтарын  танып  біл,  ғылымды  арттыр,  сөйтіп  дүниені  игер, 
табиғатты  өзіңе  бағындыр  деген  сияқты  үрдістер  бар.  Адам  сол 
табиғаттың  қожасы,  неғұрлым  қоғамның  өндіргіш  күші  артқан  сайын
адамда  күшейіп,  айнала  қоршаған  кеңістікті  баурап
алып,
үстемдігін 
жүргізеді. 
"Мәдениет" 
дегенде 
ол 
осы 
батыс
мәдениетін  айтып  отыр.  Расында,  XX  ғасырда  осы  мәдениеттің,
осындай  ой  кешудің  зардабын  адамзат  толығымен  басынан
кешіруде.  Білімді,  оның  негізінде  техника  мен  технологияны,
өндіргіш  күштерін,  өнеркәсіпті  мейлінше  дамыта  отырып,  бұл
мағынасында 
мәдениеттің 
алдыңғы 
шебінде 
бола 
отырып,
адамзатты  апаттан,  азаптан  арылғанның  орнына  неше  түрлі
"глобалдық"  деп  аталған,  жержүзін  қамтыған,  адамның  өмір
сүруіне  қауіп  болып  жармасқан  проблемаларға  кенеліп  отыр.
Соғыс  қару-жарағын  жасау  асқан  шеберлік  деңгейіне  көтеріліп
қуаты  жағынан  жер  тарапты  бірнеше  рет  күйретуге  шамасы  бар;
экологиялық  күйзеліс  те  үдеп,  жер  бетін,  табиғатты  жалмап,
адамның 
өмір 
сүру 
кеңістігін 
тартылуда; 
рак, 
спид,
аллергияның 
неше 
түрлері, 
жүрек 
ауыруы 
етек 
жайып,
денсаулық  мәселесі  барған  сайын  асқынуда;  дамымаған  елдерде
бүған 
қоса 
демографиялық 
мәселе, 
сауатсыздық, 
аштық
мәселелері бұл елдердің жағдайын мүлде құлдыратуда.   Соңғы кездегі 
дүниежүзілік саясатқа және геосаяси ситуацияларға әсерін тигізген 2001 
жылдың  11  қыркүйегінде  болған  уақиғаны  сылтаулатып  АҚШ  өзінің 
әскери базаларын  күштеп орталық Азия мемлекеттеріне орналасттырып 
ойына  келгенін  істеп жатқанына  куә болып  отырмыз.  Бұл  шаралар  тек 

102
қана терроризмге қарсы күрес емес екеніне  Американың терең геосаяси 
мүдделерін қолдайтынына көпшіліктің көзі  жетуде.
Міне мұның бәрі-сол батыстық мәдениеттің ұлы жемістері деуге
болады. 
Осы 
"жемістерді", 
"зорлық, 
зомбылық, 
қиянат,
озбырлық",-деп  атап  Ж.Аймауытов  көрегендікпен  дәл  көрсетіп,
XX  ғасырдың  бас  кезінде  ақ  жазып  кеткен.  Тек  ғылыми  білімге
сүйеніп,  оның  жетістіктерін  игеріп,  табиғатты  қайтседе  өз
ырқына  көндіруге  пайдалану,  адамды,  адамгершілікті  ұмытуға,  рухани 
жұтаңдыққа  әкеліп  соғатындығын  нәтижесінде  хайуандық  қалыптан 
оздырмайтынын әбден білген.
Сонда  да  ғылым  мен  білімсіз  ілгерлеу  мен  қозғалыстың 
қиындығын жете түсінген Жүсіпбек білім алудың, оның қазақтың сана-
сезімін ояту үшін ауадай керек екендігін мойындай отырып: "Ғылымды 
кісінің  білімі  де  күшті,  білегі  де  күшті,  надан  кісі  осал,  құр  қол  кісі 
сияқты-алыса кетсе айлалы, азулы кісі нашар кісіні алып соғатыны ап-
анық.  Бұлай  болған  соң  басқаның  аузында  кетпей,  тіршілік  қылайын 
деген  жұрт  мәденилікке  жармаспасқа  шарасы  жоқ"  [4]  дейді.  Әрине 
мұндай  азулы,  ыза  мен  кек  қайнаған  дүниеге  осындай  "мәдениет"  пен 
осыңдай  "мәденилік"  керек  шығар  бірақ  автор  бұлардың  хайуандық 
сипатын іштей жақтырмай, адамға, адамгершілікке сай деп қарамайды, 
халқын сақтандырады.
Қазақ  елінің  ерекшелігі  мен  болмысын  жете  түсінген  Жүсіпбек 
басқа қоршаған елдерде ғылым мен білім бар екен деп еліктей бермей, 
оларды  қайталай  бермей  өзіміздің  де  озық  жетістіктерімізді  сақтауға
шақырады,  оларда  жоқ  жаңалықтарды  өзімізде  ашуға  шақырады,  бүл 
ойларды  біз  Жүсіпбектің  мынандай  көзқарастарынан  көре  аламыз: 
"Европаға  еліктей  бермей  өз  бетіміздің,  жұрттығымыздың  белгісін 
көрсеткеннен  не  кемдік  табылады?  Қаза,  тексере  берсек,  европаның 
өнеге қылуға жарамайтын жерлері де бар" [5].
Шығыс  мәдениеті  дәстүрінде  төрбиеленген  әрі  Батыс 
мәдениетіне  де  қанық  Жүсіпбек  Аймауытовтың  бұлай  деуіне  әрине 
құқығы әбден бар. Ол Батыс мәдениетін қазақ халқына мүлдем керексіз 
демейді, оны да игеру керек, бірақ соған беріліп, соның жетегінде кетіп, 
өз  нақыштарын  жоғалтып  алмауға  мегзейді.  Батыс  тұрғысынан  артта 
қалған, мәдениеті төмен. Мұның бір себебі қазақтың шығыстық өз тіні 
(ментолитеті)  барлығында болса, басқа да  себептері  бар екенін  ашады: 
"Қазақ  мәдениет  жөнінде  ерте  туып,  кеш  қалған  халық.  Кенже 
қалғанымызда, әрине көп себеп бар: жер, тұрмыс, ғұрып, әдет, надандық 
(фанатизм),  партия,  өтірік,  мақтан-міне  бізді  ілгері  бастырмаған  осы 
сияқты себептер," [6] -деп жазды ол.
Ғылым, оқу-білім мен мәдениет аралығында бұларға адами мән-
маңыз беретін, дүрыс бағыт беретін тәрбие болуы керек. Оқыту, тәрбие 

103
беруді  өзінің  көсіби  мамандығы  ("мұғалім")  деп  санаған  Жүсіпбек 
Аймауытов, осы мәселелерге шығармаларында көп көңіл бөліп, ғылыми 
зертеулерінде де,  публицистикалық және әдеби туындыларында да олар 
негізгі  мотив,  басты  арқау  болған.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  жазушының 
мынау  төменде  келтірілген  сөздерде  көп  мән  жатыр:  "Өнер,  ғылым, 
қаражатпен  табылады.  Өнер,  ғылым  қаражат  табады.  Қаражат  жан 
асырайды,  халықтың  өнерлі  болып  жетілуіне  де  байлық  керек,-  дейді 
ол-жалаңаш  кедейге  өнер  үйрен  деу  өгізбен  жарысып  бәйге  ал  деген 
сияқты. Надан болсақ та, бай болайық десек, ғылымсыз байлық баянсыз 
болмақ,  бұлай  болған  соң  ғылым  мен  байлық  екісі  де  керек,  ғылым 
білімге  қанады.  Ғылымсыз  білім  сыңаржақ:  ғылым  білімді  ұлғайтады; 
ғылымсыз  білім  тым  құрғақ,  білімді  орнына  жұмсау  керек.  Білімді 
орнына жұмсайтын не? Ол-тәрбие" [7].
Жоғарыда  көрсетілген  осы  қысқа  ғана  үзіндіден  көптеген 
ұғымдардың  басы  шалынып,  олардың  арақатынасы,  өмірлік  мәні  сөз 
болады. Автор терең ойлап байлық пен кедейлік, байлық пен надандық, 
ғылым  мен  білім,  тәрбие  мен  білім  қандай  қатынаста  болу  керектігін 
диалектикалық тұрғыдан шебер шешеді,- бұл ойлардың осы кезге дейін 
теориялық та, практикалық та маңызы зор десек еш қатесі жоқ. Өнерлі, 
білімді  болу  үшін  рухани  азықты  арқалау  үшін  қаражат  керек,  яғни 
байлық керек, бай болу керек. Бұл, әрине пролетарлық көзқарасқа сиыса 
бермейтін  ой.  Бірақ  байлықтың  да  өз  орны,  өз  сыны  мен  міні  бар: 
"байлық пен надандық жараспас ондай байлық тұрлаусыз, баянсыз, яғни 
байлық ғылым мен біліммен сиыспақ. Байлығың болса, ғылымға құлаш 
ұр, білім ал, біліммен ұштасқан байлық баянды болмақ, өйткені ғылым 
мен  білім  байлықтың  сарқылмас  көзі.  Осы  күндері  бай  боламын  деп, 
ғылым  мен  білімді  тастап,  таза  сауда-саттыққа  бой  ұрғандарға 
Жүсіпбек-мұғалімнің осы сауалын білген дұрыс болар еді...
Сонымен байлықтан ғылым, ғылымнан білім туындайды. Ғылым 
мен  білім  надандықтан  сақтайды,  шынайы  мәдениеттілікке  бастайды, 
егер  білім  тәрбиелі  адамнан  шығып,  тәрбиелі адамға қонса,  сондықтан 
тек  тәрбие  ғана  "білімді  орнына  жұмсай  алады".  Білімнің  адамзат 
игілігіне  жұмсалуы,  жұмсалмауы  тәрбиеге  байланысты.  Тәрбиесіз 
білімді  адам  білімін  оңды-солды  адамзаттың  игілігіне  де  сорына  да 
жұмсай  беруі  мүмкін.  Тәрбиелі  адам,  яғни  иманды  адам,  толық  адам 
ондайға  бармақ  емес,  ол  білімін  өз  орнына,  игілікке,  адам  байлығына, 
адамзаттың гүлденуіне жұмсайды... Міне, осындай-осындай ізгі ойларға 
жетелейді Жүсекең.
Жүсіпбек Аймауытов өзінің төл мамандығы - ағарту ісіне өте көп 
көңіл бөлген, халықты өнер-білім ісіне салуды мақсат тұтқан. Ол қалың 
қазақ халқының надандықтан шығуының  бірден-бір жолы елді ағарту, 
білім-өнерге  тарту  деп  ұғады.  Осы  себептерден  де  ол  өзінің  саналы 

104
өмірін,  еңбегін,  барлық  шығармашылығын  негізінен  осы  іске  арнайды. 
Бала  кезінің  өзінде-ақ  ауылға  демалсықа  барғанда  бала  оқыту  ісімен 
шұғылданғанын  біз  білеміз.  Ал,  семинария  бітіргеннен  кейін  де  қанша 
қоғамдық жұмыстарда істегенімен, ол оқу ісінен бас тартқан емес. Оқу 
тәрбие  жұмыстарының  мұқтаждығын  өтеу  үшін  жазған  көптеген 
мақалаларымен  окулықтары  бар.  Ол  педагогика  мен  (психология 
саласында жемісті еңбек етіп, көлемді оқулықтар жазды. Олар мыналар: 
"Тәрбиеге жетекші" (Орынбор. 1926ж.), "Псиқолоғия" (Ташкент,1927ж), 
"Жан  жүйесі  және  өнер  таңдау"  (Москва.  1929ж),  "Сабақтың 
комплекстік жүйесінің әдістері" (Қызылорда. 1929ж).
Жүсіпбектің педагогикалық көзқарастары адамға, оны тәрбиелеу 
мүмкіндігіне  деген  сеніммен  басталады.  Өзінің  "Тәрбие"  деген 
мақалаларында Жүсіпбек, адамның хайуаннан айырмашылығы жайында 
әңгіме  қозғай  отырып,  адам  бойындағы  ұнамсыз  мінез-құлықтарының 
барлығы тәрбиенің кемдігінен деп, қортынды жасайды. Оның айтуынша 
адам  табиғаттың  емес  тәрбиенің  құлы  болуы  керек.  Адам  өміріндегі 
тәрбиенің  ролін  зор  бағалаған  ол  тарихтағы  ірі  құбылыстардың  бәрін 
тәрбиемен  байланыстыра  отырып,  былай  деп  жазады:  "Алғашқы  екі 
ғасырдай  Афиняндар  құлықты,  ғылымды  күшті  жұрт  болған,  неге? 
Данышпан  Салонның  жасаған  ережесімен  тәрбиеленгендіктен.  Рум 
халқын  атақты, күшті қылған  кім? Тәрбие. Ескендірді данышпан хакім 
қылған  кім?  Аристотельдің  тәрбиесі.  Неронды  залым  қылған  кім? 
Философ Сенеканың қате тәрбиесі" [8].
Жүсіпбектің тәрбие туралы бұл ойларымен келіспеу қиын, себебі 
ол тарихи тұлғалар жөнінде мысал келтіре отырып, дәлелді баяндалған. 
Осы  аталған  мақаланы  қарасақ  Жүсіпбектің  тәрбие  мәселесімен  терең 
шұғылданып,  тек  қана  Ресейде  кездесетін  әдебиетпен  емес,  Европа 
елдерінің  де  ойшьшдарының  осы  мәселеге  деген  көзқарастарымен 
таныс болғанын білеміз.
Мысалы, Жүсіпбек атақты ағылшын философы әрі педагогы Дж. 
Локктың:  "Баланың  ақылы  да,  жаны  да  туғанда  таза  тақтадай  болып 
туады.  Таза  тақтаға  қандай  жазу  жазсада  жазушының  еркінде"  деген 
көзқарастарын келтіре отырып, оған келіспейтіндігін білдіреді. "Адамда 
жаратылысынан  әртүрлі  мінездің  ұшығы  болып  туады"  [9],-  дей 
отырып,  ол  соның  қай  жағын  дамыту  тәрбиеден  екенін,  басқаша 
түсіндіргенде,  тәрбие  әр  адамның  жеке  басына  тән  ерекшеліктерді 
ескеруте тиіс деген қортындыға келеді.
Тәрбиешіге  қоғамда  өте  үлкен  маңыз  берген  ол  тәрбиешіні 
дәрігермен  ғана  салыстырады,  соның  өзінде  одан  жоғары  қояды. 
"Адамдық  көзбен  тереңнен  тексерсе,  дәрігерден  де  тәрбиешінің  көп 
болғаны артық. Дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса, тәрбиеші 
адамның  ақылын,  мінезін,  жанын  сауықтырады”  -  дейді.  Тәрбие 

105
мәселесін  мемлекеттік  дәрежеге  көтеру  қажеттігін  жете  түсініп,  тіпті: 
"Тәрбиешіге  отанның  келешек  өмірін  тапсыруға  болады,  себебі  тәрбие 
нәтижесінде  ақылды  адам  көбейсе  отанның  күзетшісі,  қорғаны"  [10],-
деп атап өтеді.
Болашақ  ұрпақты  озық  жетістіктерге  тәрбиелеу,  оларға  білім 
беру  процессін  сол  халықтың  мінез-құлқы  мен  тұрмыс-салтын,  әдет 
ғұрпын еске ала отырып жүргізудің қажеттігіне Жүсіпбек аса зор көңіл 
бөледі.
Абайдың  көрнекті  шәкірттерінің  бірі  болған  Жүсіпбек  өзінің 
туған  халқын  қатты  сүйген,  дәл  солай  оның  кемшіліктерін  де  көрсетіп 
қатаң сынға алып отырды. Мысалы, "қазақтың өзгеше мінездері" деген 
мақаласында  өз  халқының  мінездерінің  жақсы  жақтары  мен  бірге 
отаршылықтың әсерінен пайда бола бастаған кемшіліктерін де ашық әрі 
батыл көрсетіп, былай дейді: "Бұрынғы уақытта қазақ елі ұйымшыл, елі-
жауынгер,  биі-әділ,  намысқор,  адамы-әрі  бітімді,  қайратты,  сауықшыл 
болған екен. Досы мен достасып, жауымен жауласуға табанды, қайғыра 
да,  қуана  да  білген  халық  екен"i.  Осыдан  әрі  Жүсіпбек  қазақ  еліне 
жауласушылықпен  отаршылдықтың    әсерінен,  осы  мінездердің 
өзгергенін сынайды. Оларда "ұрлық, зорлық, өтірік, өсек, алдау, қулық, 
айдату, байлату, кісі өлтіру, өтірік мақтану, ынсапсыздық, түрақсыздық, 
настық,  жалқаулық  сияқты  жағымсыз  қасиеттердің  көбейгенін  айта 
келіп,  сөйтіп  ұсақтап  келіп,  жау  жүрек  батырларымыздың  батырлығы 
ауыл үйдің  малын үрлауда қалды. Бұрынғы билердің  жұрнағы кішкене 
дөңгелек  жер  болып  қалды"  [11],  -дейді.  Ал  енді  осы  жағымсыз 
қылықтардан  айырылудың  ең  басты  құралы,  Жүсіпбектің  түсінігі 
бойынша, тәрбие, оқу, білім.
Білім беру саласында көп жылдар бойы жұмыс істеген Жүсіпбек 
өзінің  байқаған,  түсінген,  зерттеген,  қазақ  баласына  дүрыс  білім  алуға 
бөгет  болып  келе  жатқан  әдеттерді  қатты  сынайды.  Қазақ  баласының 
арасында  көбірек  кездесетін  кемшіліктерді  орыс  балаларымен 
салыстыра  отырып,  былай  жазады:  "Орыс  баласы  оқудан  қолы  босаса, 
футбол,  доп,  жарыс,  неше  түрлі  дене  тәрбиесі;  қазақ  баласы  оқудан 
шықса,  көше  қыдыру,  таныс  жағалау,  жоқ  жерден  пайда  қып  қою,... 
орыс  баласы  бос  болса,  құс  атады,  қайыққа  мінеді,  музике  тартады, 
кітап, әдебиет қарайды; қазақ баласы қолы босанса, түтін аңдиды, өсек 
аңдиды" [12].
Осы  мақалада  неге  бұлай  екендігін  білу  үшін,  дәлрек  айтқанда 
халыққа түсіндіріп беру үшін, Жүсіпбек бұл кемшіліктердің себептеріне 
тоқталады. Әрине себептердің барлығы баланың көріп өскен ортасында,
әке  шешенің,  одан  қалды  қоршаған  ортаның  тәрбиесінде  екеніне 
тоқталады:  "Жас кезінде  баласы бірдеңеге  ұрынып,  бір  жерін  қанатып, 
не  бір  жерін  ауыртып  алса,  бала  жан  үстіне  түсіп:  "құлыным-ай! 

106
Ауырып  қалды  ма?  үрлейінші,  сүйейінші"-деп,  ауырған  жерін  одан 
жаман  ауыртады.  Аяған  сайын  баласы  бажылдап  жылайды  [13]. 
Көлденең  отырып  біреу:  "Ал,  ішегі  шығып  келеді,"-десе,  бала  одан 
сайын жылайды". Осы әдеттен айырылмасақ, болашақта баланы ынжық, 
қорқақ  болып  өсетіндігіне  тоқталады,  бұл  әдет  баланы  жалқаулыққа, 
өтірік байбалам салуға дағдыландырады деген қортынды жасайды.
Біреудің  қолына  қарап  әрқашан  туыстан,  елден  бірдеме  дәметіп 
отыратын  жаман  әдеттің  де  себептерін,  қайдан  екенін  көрсетеді: 
"Ардақтаған  жалғызын,  әйтпесе,  адам  болар  көз  нұрын  ата-анасы 
жасынан сұраншақтыққа үйретеді. "Ағатайының қамшысын сұрай-ғой", 
"Ағаларына  айттық,  көрімдік  беретін  шығар",  "Қарағым  сұра,  бермесе 
жыла",  "Пәленше  жанға  бермеген  малы  әдрә  қалсын!".  Міне,  қазақтың 
жасынан  баласын  баулу  түрі"[14].  Әрине,  қандай  әдет  не  мінез-қүлық 
бірден  пайда  болмайды,  оның  себептері  болады,  Жүсіпбектің  осы 
мақаласында  халықтың  тұрмысында  бар  кемшіліктердің  түп-тамырын 
өте  айқын  көреміз,  елін,  халқын  жақсы  көрген  Жүсіпбек,  осы 
кемшіліктерден тез арылу үшін өте орынды мысалдар қолданылған.
Ең  үлкен  зиян  келтіретін  әдеттің  жалқаулық  екенін,  еш  қимыл, 
әрекет  жасамай,  еңбектенбей,  Алла  бере  салады  деп,  қол  қусырып 
отырудың  бар  екенін  сынап  былай  дейді:  "Қазаққа  әліде  бермесең 
жақпайсың.  Ел  еңбекке  төселсе,  шаруа  түрі  бірте-бірте  өзгерсе,  салт-
сана да өзгере бермек. "Алладан" емес "еңбектен" сұрағанның екі бүйірі 
шығатынына  көзі  жетпек.  Әрқашан  жылауық,  байбалам,  жалыншақ, 
сұраншақ, жағыншақ, жарамсақ елдің жаны құл болады,... жоқ болса да 
ірі  көңіл,  сұңқар  мінезді  бол"  [14].  Әрине,  автордың  бұл 
көзқарастарында  үлкен  философиялық  маңыз  бар.  "Жоқ-жоқ",-деп 
жалына бергеннен ешкім ешқайданда ештеңе де әкеліп бермейді. Қазіргі 
біздің  мемлекетіміздің  қадамдарын  қарасақ  та  үлкен  билікте  отырған 
ағаларымызда  радио,  телевидение,  баспасөз  беттерінен  көптеген  қоғам 
даму,  өзгеру,  қалыптасу  қиыншылықгарын  шешудің  орнына  себеп 
іздеп,  қол  жайып  (инвестиция  сұрап),  шет  мемлекеттерге  шабуы  көп. 
Сондықтан  да  Жүсіпбектің  сол  кездегі  күрескен  халқымыздың  сана-
сезіміндегі  кездесетін  кемшіліктеріміз  бізден  әліде  шыққан  жоқ.  Яғни
автордың бұл көзқарастары әліде өте актуальды.
Жүсіпбек  Аймауытовтың  біздің  үрпақтарға  қалдырған  бай 
мүралармен  танысқанда  бірден  көзге  түсетін  ерекшелік-ол  автордың 
адам психологиясын жете әрі терең білуі. Өзінің заманындағы тек қана 
Ресейдің  ғана  емес  сонымен  қатар  сол  кездегі  Европа  елдерінің  де 
психологтарын  терең  біліп  талдаулар  жасаған.  Халықтың  сана-сезімі 
мен  дүние  танымын  белгілі  бір  дәрежеге  көтеруге  бүл  ғылымның  өте 
зәрулігін  түсінген  Аймауытов,  бьшай  дейді:  "Псиқолоғия...  терең  ой, 
терең  пәлесепеге  соғатын  пән...  өзге  білімдер  затшылдыққа  табанын 

107
тіресе  де,  псиқолоғия  әлі  табан  тіреп,  аяғын  нық  басқан  жоқ... 
қарапайым  адамға  жұмбақ  сықылды  көрінетін  талай  нәрселер 
псиқолоғияда  қаралады...  себептері,  сырлары  айқындалады.  Бұлардан 
хабары болу, ақыл-ойына ерік беру кімге болса да керек-ті" [14].
Өзінің бұл ғылыми еңбегінде психология пәнінің тарихынан мол 
мәлімет  бере  отырып,  Жүсіпбек  адамның  жан  дүниесін,  мінез-құлқын 
зерттеудің  әдістері  мен  тәсілдері  туралы  қалыптасқан  білімдерге 
тоқталып,  осы  негізгі  әдістер  болып  саналатын  (бақылау,  анкета 
жүргізу,  әңгімелесу,  тәжірибе  жүргізу)  сияқты  негізгілеріне  тоқталып, 
әрқайсысының  ерекшелігін,  қай  жағдайларда  және  қалай  қолданудың 
қажет  екендігін  ашады.  Осы  ойлардың  ішінде  адам  психологиясының 
тереңірек  зерттеу  үшін  математиканың  саласы  болып  есептелетін 
варияциялық статистиканы қолдану қажет екендігін де көрсеткен.
Әрине,  қазіргі  заман  реалдылығынан  қарап  отырсақ,  Жүсіпбек 
бұл мәселеллерді ең алғашқы болып көтергергенін дәлелдеу қиын емес, 
бұған  дәлелді  қазіргі  басылымдарда  жарияланып  жүрген  мақалалардан 
табуға  болады.  "Жүсіпбек  Аймауытовтың  психологияны  зерттеп, 
көтерген  мәселелері,  одан  басқа  қазақ  топырағында  ешкім  де 
көтермеген мәселе. Осы мәселелердің баяндалуынан қазақтың психолог 
мамандары қазірдің өзінде айтарлықтай ақау таппайды" [14].
Сонымен  қатар,  бұл  кітап  қазақ  тілінде  жазылған  алғашқы 
окулық  болғандықтан,  көптеген  категорияларына  терең  түсінік  беріп, 
олардың  қалай  қолданылатыны  көрсетілген.  Өзіміздің  заманымыздағы 
жоғарғы  оқу  орындарында  осы  пәнді  оқығанда  кездесетін  негіздер: 
"Организмнің тітіркенушілік пен сезгіштік қасиеттерінің ерекшеліктері, 
жануарлар  мен  адамдардың  қатынасы,  соқыр  сезімдері,  өсімдіктер 
дұниесіндегі тіршілік белгілері сол кезде Жүсіпбек жазған еңбекте жан-
жақты талданып, негізі қаланған" [15].
Бұл бағыттағы ізденушілік еңбектерін одан әрі терендете түскен 
автор "Жан жүйесі және өнер тандау" деген кітап жазды. Бұл оның осы 
салада  жүргізген  тәжрибелері  мен  эксприменттерінің  қортындысы 
ретінде  жарық  көрді.  Соңғы  кездерде  ғана  Қазақстан  қоғамдық 
ғылымдарында орын ала бастаған социологиялық зерттеулер, анкеталар 
жүргізу  сияқты  әдістерді  Жүсіпбек  сол  кездің  өзінде-ақ  өте  шебер 
қолданған,  және  оны  қоғам  қажеттіліктеріне  жұмыс  істеткен.  Жастар 
арасында  анкета  тарату  арқылы,  оқушылардың  мінез-қүлықтарын 
зерттей  отырып,  Жүсіпбек  қазақ  жастарының  мамандық  таңдау 
жолындағы ізденістерін анықтады. Әрине, бұл шаралар сол кездегі жас 
қазақ  азаматтарына  өмірден  өз  орындарын  табу  үшін  жасалған  нақты 
көмек  еді.  Жүсіпбек  өзінің  ғылыми  зерттеулерінің  нәтижесін 
жариялағанда  партиялық  позициямен  санаса  бермеді,  сондықтан  да 
шығар  оның  жаулары  Жүсіпбектің  бұл  қасиеттерін  өзіне  қарсы  жақсы 

108
пайдаланды.  Аты  аталған  еңбектен  бір  қортынды  келтірсек,  бұл 
айтайын  деп  отырған  ой  айқындала  түспек.  "Кісі  іштен  туғанннан-ақ 
белгілі  бір  өнерге, қызыметке икем  болып  туады. Басқаша айтқанда  әр 
адамда бір нәрсе талап, ыңғай, қабылет яки зеректік болады. Біреу бала 
оқытуға,  біреу  етік  тігуге,  біреу  әкім  болуға,  біреу  мал  бағуға,  біреу 
әскерлікке,  біреу  жазушылыққа,  біреу  дәрігерлікке,  біреу  саудаға... 
ыңғайланып  жаралады...  Кімде  кім  өзіне  біткен  ыңғайына  қарай,  өз 
жолымен  жүріп,  қызмет  етсе,  өз  басына  да,  әлеуметке  де  үлкен  пайда 
келтірмек... қайғы сол: өз жолын шудегеннен тауып алатын адам сирек 
боладыii, -деген көзқарастар көп жылдар бойы қалыптасып келген, сол 
кездерде  өте  жауынгерлік  сипатта  болған  маркстік-лениндік 
идеологияның тұжырымдарымен келіспейтін еді.
Қай қоғамда, қай замаңда болмасын өзінің  зәрулігін жоймайтын 
мәселе,  ол  -  маман  мәселесі.  Осы  мәселеде  де  Жүсіпбектің  үлкен  әрі 
маңызды ойларына  тоқтағымыз  келеді. Аты  аталған  еңбекте қортынды 
ретінде  ол  былай  деген:  "Бас  мақсатын  біржола  ұмытып  өлеумет 
қызметіне түгел берілетін адам болуы мүмкін емес! Ондай адам кемде-
кем. Біреу әлеумет үшін еңбегін көп жұмсайды. Біреу бойын тежеп, бас 
мақсатын  көбірек  сағалайды.  Айырма  жалғыз  осында...Қайткенде  әрі 
жеке  адамның,  әрі  өлеуметтің  пайдасы  бірден  табылады?  Қай  уақытта 
әлеумет  тілегі  мен  жеке  адам  тілегі  тогысады?  Әр  адам  табиғатына 
біткен  қабылетіне,  зеректігіне  қарай  өз  орнында  қызмет  етсе,  сонда 
табылады" [16].
Қазіргі  қоғам  қажеттіліктерін  алып  қарасақ  та,  азды-көпті 
қиыншылықтарға шыдамай ғылымнан, білім беру жүйесінен, денсаулық 
сақтаудан  табыс  қуып,  саудаға  кетіп  жатқан  көптеген  мамандарды 
кездестіруге  болады.  Жүсіпбектің  бұл  ойлары  осы,  өзіміз  өмір  сүріп 
отырған  қоғам  мәселелеріне  де  жақын  екенін  көреміз.  Біз  еліміздің 
ертеңі,  ғьшымда,  білімде,  жан-жақты  тәрбиеленген  жастарда  екені 
ешқандай да дәлелдеуді қажет етпейді деп есептейміз.
Барлық  шығармашылығы  адамның  жан-дүниесімен  қасиеттерін 
зерттеуге  арналған  Жүсіпбек,  өзінің  өмір  сүрген  кезеңіндегі  қоғамдық 
қажеттіліктерді  шешуге  келгенде  әр  дөуірде  өмір  сүрген  адамдардың 
дүниетанымының  әртүрлі  екендігіне  тоқтала  келіп,  оған  мынандай 
түсініктеме  береді:  "Бұрынғы  оқығандардың  алған  төрбиесі,  көрген-
бакқаны,  көксеген  мақсүты,  еткен  қызметі  қандай,  қай  заманда  еді? 
Олардың  тәрбиесі  надан,  соқыр  қазақтың  ортасы  еді.  Көргені 
Николайдың  төрелері  еді.  Көксегені  шен  еді.  Еткені  тақтан  қорқаннан 
не  пайда  табу  үшін  жасаған  қызмет  еді.  Олардың  басынан  кешіргені 
қараңғы тар замандар еді. Бүлай болса бәріне бірдей ақжүрек болмадың 
деп,  әділ  қызмет  қылмадың  деп  кінә  қоюға  да  болмайды"  [17].  Бұл 
айтқанын  алып  қарасақ,  Жүсіпбек  қандай  азамат  болмасын  белгілі 

109
мөлшерде өзінің өмір сүріп жатқан ортасы, қоғамының сана-сезімі мен 
қаламтасқан әдет-ғұрыптарының жемісі екенін көрсетеді.
Жаңа  қоғамды  құрып  жатқан  елдің  болашағын  қалыптастырып 
жатқан  қазақ  жастарының  бар  екендігін  қуана  айтқан  ол,  мынандай 
ойлар түйіндейді: "Заман түзеліп, бұлт ашылып, сәуле шашылған сайын, 
адамда  ағармақ;  ескі  күнен  жерінбек...Жастың  мақсүты-әділдік, 
туысқандық. Жас қызметіне міндет қылып кеудесін қақпайды, шен алам 
деген ой жоқ. Жас дүние жиамын, пайда табамын демейді. Біреуді олай, 
біреуді  былай  алдамайды.  Түзулікті  тура  айтады...  Жастың  жаты, 
жақыны,  досы,  дүшпаны  жоқ.  Кім  ақ  болса,  сол  жолдас.  Кім  жауыз, 
соған қас. Біздің жас - ақ жүрек. Біздің жаста екпін бар, ерлік бар" [18], -
деп, болашақтан үміт күте, қуанышын сездіре өзінің мақаласын бітіреді.
Жүсіпбектің 
әдебиет 
пен 
өнерді, 
соның 
ішінде 
бейнелеу
өнері  мен  күй  өнерін  өзінше  түсінуі,  оның  болмысының
тереңдігін  және  жан-жақты  дарыңдылығын  көрсетеді.  Өмірдің
қиындықтарын,  әсіресе  эканомикалық  қиындықтарды  шешу  аса
қиын  да  күрделі  емес,  күрделі  -  адамның  рухына  еркіндік  беру,
егер  рухы  еркін  болса,  жан  дүниесі  бай  болса,  адам  қүлдық
психологиядан  тез  арылып  кетуге  мүмкіндік  алады  деп  сенеді.
Сондықтан  да  ол  халқының  өте  бай  әдеби,  мәдени  мұраларын
зерттеу 
барысыңда 
жан 
аямай 
еңбек 
етті. 
Адамға
адамгершілікті  қалыптастыруда,  оның  дүниетанымын  кеңейтуде 
әдебиет 
пен 
өнердің 
алатын 
орнына 
ерекше 
көңіл
бөліп  былай  дейді:  "Баяғыдан  қазақ  кең  далада  құр  қойын
қүрттап,  айран  ұрттап  жатқан  жоқ  екен,  оқымасада,  надан  болса
да,  қиял,  сезім  байлығы  бар  екен.  Жүрегінің  терең  сырын,
жанының  алуан-алуан  нәзік  толғауын  ән-күй  деген  айнасына
түсіре  білген  екен.  Енді  ол  айнаны  өнерлі  жүрттар  көрді...
Адамшылықты,  өнерді  сүйген  таза  жүректе  біреуді  олай,  біреуді
былай  ұстайтын  тар  мінез  болмайды"  [19].  Бұл  ойларды  оның
бұрынан  бері  жарыққа  шықпай  келе  жатқан  туған  халқына
рухани қазынасына деген сүйіспеншілігі деп түсінуге болады.
Біздің  өмір  сүріп  отырған  кезеңімізге  де  үлкен  байланысы  бар, 
өсиет  сияқты  айтьшған  Жүсекеңнің  мынау  ойларына  да  тоқталмасқа 
болмайды.  "Қазақ  күнелту  жағының  мәдениетінен  мешеу  қалса  да, 
ақыл, қиял, сезім жағына, білім тілімен айтқанда рух мәдениетіне кеңде 
емес  екендігі  мынау  мың  әннен  таньшып  отыр.  Қазақстан  жерінің 
астында асыл қазына, кең байлығы мол деп аңыз қылысады. Сондай мол 
қазына  қазақ  елінің  ішінде  де  жатыр.  Ол  не  десеңіз  - әдебиет,  ән,  күй. 
Күн  көру  тәсілін  сырттан  жұқтырып  үйрене  беруге  болады.  Рух 
мәдениетін  бөтеннен  қарызға  ала  беруге  болмайды.  Алса  да  халықтың 
көкейін  көпке дейін  қонбайды. Ендеше өзіміздің  бар дәулетті жарыққа 

110
шығарып,  іске  жаратуға  талпыну  керек"  [20].  Осы  орайда  мәдени 
байланыс,  мәдениет  аралық  өзара-қатынас  мәселесі  туындайды.  Оның 
кілтін  Венгерлік  ғалым  М.Фрешли  мына  қатынастарда  көреді: 
«Межкультурная  коммуникация  -  одна  из  самых  острых  проблем 
нашего времени. Мы живем в таком мире, в котором части связываются 
друг с другом. Результатом этого процесса образуется сложная система 
человеческой  культуры.  В  наши  дни  взаимопонимание  культур 
находится  в  центре  внимания,  и  становится  исходным  пунктом 
межкультурной коммуникации» [21, с.24-29; 22, с.278-290]. 
Бұл  ойлардың  авторын  қазіргі  нарықтық  экономикалық 
қатынастардың негізінде қоғам құрып жатқан Қазақстанда тұрып жатыр 
деп ойлап қалуға болады. Көтеріп отырған мәселелері біздің  қоғамның 
өмірінен  алынған  сияқты.  Экономикадағы  уақытша  қиындықтарды 
пайдаланып, егеменді Казақстанның егемендігіне қайтадан қол салынып 
жатыр. Біз соңғы кездерде қайта күшейген қарқынмен көтерілген орыс 
тіліне  де  мемлекеттік  тіл  статусын  беру,  орыс  азаматтарына  екі  елдің 
азаматтығын  беру  сияқты  қойьшып  отырған  талаптарға  тоқталып 
отырмыз.  Бұл  талаптарды  қолдайтындардың  барлығы  да  орыс 
азаматтары  емес.  Өкінішке  орай,  кеңес  өкіметінің  кезіндегі  солақай 
саясаттың  өсерінен  өз  ана  тілін  білмей,  тек  қана  орыс  тілінде  сөйлей 
алатын қандастарымыз  да бар.  Біздің  егемен  мемлекет болуымыз үшін 
кеңестік  идеологияның  қазақтың  ұлттық  ерекшелігі  мен  өзіндік  сана-
сезімін  жоюға  деген  үрдісіне  жол  бермеу  үшін  Жүсіпбек  Аймауытов 
сияқты халықшыл, ұлтшыл азаматтар өздерінің өмірінде аямаған. Одан 
кейін  де  тарихтың  талай  талай  қилы  сабақтарында  ашық  та,  жасырын 
да,  күрестерде  жаңа  қолымыз  жетіп  келе  жатқан  егемендіктен 
айырылғанымыз  қалай  болмақ?  Біздің  ойлауымызша,  әлі  Қазақстан 
егемендігі  қалыптасқанша  Жүсіпбек  тастап  кеткен  мұралары  мен 
халқына  қызмет  ету  үлгілері  көптеген  қазақ  жастарына  үлкен  өмір 
мектебі бола алады деп есептейміз.
Ж.Аймауытовтың 
гуманистік 
түғырдағы 
ағартушылық 
көзқарастары 
қоғамдағы 
әйел 
мәселесін 
жан-жақты 
зерттей 
қарастыруынан  нақтылы  байқалады.  Расында,  Жүсіпбектің  әйел 
мәселесіне  көп  көңіл  бөлуі  оның  өте  жоғарғы  дәрежедегі  гуманист 
екенінің белгісі. Себебі адамдағы ең жақсы адамгершілік қасиеттерінің 
барлығы  адамға  ананың  ақ  сүтімен  бірге  бітеді,  осы  ойларды  жаңа 
шығармашылық  жолға  шыққан  Жүсіпбек  былай  жазған  еді.  "Баланы 
бұзуға, түзеуге себеп болмайтын бір шарт жас күнінде көрген өнеге, ол 
өнеге  әке-шешенің  тәрбиесі  болуы  керек.  Ата-ананың  берген  тәрбиесі 
баланың  мінезіне  салған  ірге.  Жасынан  сіңген  мінезді  есейгенде 
жоғалтуға  басқа  бір  күшпен  болмаса, болмайды.  "Сүтпен  біткен  мінез, 
сүйекпен кетеді"-деген сөз ата-ананың төрбиесінің күштілігін көрсетеді. 

111
Бірақ,  бүл  мақал  тәрбие  мен  мінезді  түзетуге  болмайды  деген  емес. 
Балаға  қайырымдылықты,  құттылықты,  кішіпейілділікті,  үлкен 
көңілділікті,  әділетілікті,  әдепсіздікті,  шыдамсыздықты  күйгелектікті, 
шынщылдықты,  өтірікшілікті  беретін  кім?  Ол  әрине  ата-ананың 
тәрбиесі" [21].
Сол  кездегі  әйел  теңдігі  тақырыбына  жазылған  жұмыстарының 
ең  ауқымдысы  "Ақ  білек"  романы.  Әрине  сол  кезде  бұл  тақырыпта 
көптеген  еңбектер  жазылды,  бірақта  Жүсіпбек  бұл  тақырыпты  өзінше 
ашуға тырысты. Ағартушылық идеологиясының дәрежесінен өлдеқайда 
биік, өзіндік ішкі еркіндігі басым Аймауытов бас кейіпкерді тек періште 
етіп  көрсете  бермей,  өмірдегі  бар  болмыс-бітіммен,  өзіндік  табиғи 
тіршілігімен, яғни пендешілік қателіктерімен, қаз-қалпында бейнелейді.
Шешесін  өлтіріп,  өзін  зорлықпен  алып  кеткен  ақ  офицердің 
озбырлығына  үнсіз  көндіккен  Ақбілектің  жан  дұниесіндегі  күрделі 
құбылыстарды Жүсіпбек психологиялық түрғыдан терең талдап, шебер 
береді.  Романдағы  барлық  уақиға  Ақбілектің  айналасында  өтеді  және 
оның ойы арқылы өрбиді. Осы арқылы Жүсіпбек бас кейіпкердің үлкен 
психологиялық бейнесін жасайды.
Осы еңбекте авторға тән гуманистік көзқарас әртұстан байқалып 
отырады.  "Тегінде  адам  анадан  туғанда  жаман  болып  тумайды,  оның 
жақсы-жаман  болуы  да,  өмір  сүрген  ортасына,  алған  тәрбиесіне 
байланысты  болса  керек.  Олай  болса  әрбір  адамды  өмір  бақи  бір  ғана 
нәрсе  -  ар-үят  қана  азаптан  өтей  алады.  Қанша  қанды  қол  қылмыскер 
болса да өз ісінің, өрекетінің дүрыс-бүрыстығын іштей болса да біледі, 
сезеді. Кейде біле тұра барады, өйткені оның себебі болады" [22].
Бұл  автордың  сөздері  бізге  адамның  қоғамдық  мәнін  білдіріп  оның 
қандай  жасаған  қылмысы  болмасын  бірден  кесіп,  жазалауға  асықпай, 
жан-жақты  қарап,-  себептерін  түсінудің  керек  екендігін  көрсетеді. 
Әрине, автор өзі сезбегендей оған да таққан кінә ешқандай дәлелдеусіз 
болады.  Тез  жүзеге  асырылады,  қазір  жылдар  өткенен  кейін  репрессия 
құрбандарын  еске  алып  жатырмыз,  ал,  егер  сол  кездің  өзінде  тек  қана 
таптық  немесе  партиялық  қажеттіліктерден  қаралып  сотталмаса,  онда 
Жүсіпбек  жазған  еңбектерінен  әлдеқайда  кең,  ауқымды,  өрі  көп 
өсиеттер қалдырған болар еді.
Адамның жан дүниесін өте терең түсінетін  Жүсіпбек, "Ақбілек" 
романында қыз қасіретін бейнелеуде ой-толғаныстарымен бірге сол ішкі 
шерді  сыртқа  сездіріп  түратын  бет  қүбылыстарына,  жалпы  мимикаға 
үлкен  мөн  бергені  байқалады.  Ішкі  тебреніс  сәтіндегі  кейіпкер 
жүзіндегі, даусындағы, көзіндегі, қимыл-қозғалыстағы еріксіз әрекеттер 
де өз ролін мінсіз атқарады. Осы орайдағы озық үлгінің бірі ақтардан да 
құтылып, әулие дуананы аттай мініп келе жатқан уыздай жас Ақбілекті 
жазушы  былай  бейнелейді:  "Оның  келе  жатқан  беті-ауылы,  әкесі. 

112
Әкесін  көреді,  құшақтап  көріседі,  анасына  кұран  оқытады,  әкесін 
апасындай  болып  күтеді.  Бірақ  өзін-өзі  қалай  жұбатаса  да,  жүрегінің
басында түйіртпектеліп бір зілді нәрсе жатыр, ол тұйіртпектелген нәрсе 
арқандаған  аттай,  қуаныштың  құлашын  жаздырмайды,... бұлт  құрсаған 
күндей  жадырамайды,  езуі  ғана  жымиғандай  болады.  Бет-аузы,  көзі 
күлмейді, ілгешек жібермейді". 
Жүсіпбек  адам  психологиясын,  жан  дүниесінің  дүлей  толқындарының 
сыртқа  сыр  беріп  қалатын  осы  қасиеттерін  де  түсініп,  көрсете  біледі. 
Өзінің  бұл  еңбегі  арқылы:  қазақ  даласында  болған  азамат  соғысының 
айрандай  ұйып,  тып-тыныш  өмір  сүріп  отырған  қазақ  ауылының 
азаматтарына  тигізген  әсері;  табиғаттың  зандылығы  сияқты  осындай 
қақтығыста зиян көрген, зорлық пен жәбір көрген, ешқандай жазықсыз 
қыз  Ақбілек;  өзінің  басынан  өткізген  осы  қоғам  қайшылықтарын 
азынаулақ  уақыт  ішінде  бас  кейіпкердің  мінез-қүлқына,  дүние 
танымына,  сана-сезіміне  тигізген  әсері;  большевиктердің  сөз  жүзінде 
айтып  жатқандары мен іс жүзінде  істеп  жатқан  шараларының жер  мен 
көктей  айырмашылығы,  - әдеби  шығарма  ретінде  жазылса  да  үлкен 
философиялық сабақ алатын романдағы ой желістері осындай.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет