Проблемы языкознания



Pdf көрінісі
бет29/38
Дата03.03.2017
өлшемі3,18 Mb.
#5514
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38

 
Article is dedicated to the study of creativity outstanding master of words S.Shaymerdenov. In 
the writer's work the main  attention is  paid on the problem of  youth  in  the postwar  period  -  their 
ideas  and  expectations,  analyzes  the  creative  atmosphere  among  intellectuals.  Artistic  features  of 
the writer, which is characterized by a deep artistic identity, masterful possession of artistic means 
are  marked  in  it.  However,  it  is  not  difficult  to  notice  the  power  of  artistic  study  of  the  life  the 
author of numerous novels and short stories, which can serve as examples for future generations of 
young writers. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

236 
 
ҼОЖ 821.512.122 
А.Н. Отарова 
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар жҽне инжиниринг университеті 
 
ҚАШАҒАН КҤРЖІМАНҦЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ-
ФӘЛСАФАЛЫҚ ТАНЫМ 
 
Ғылыми  мақалада  Қашаған  Күржіманұлы  толғау,  арнау  ӛлең,  айтыстарының 
фольклорлық сарын, фәлсафалық мәні, кӛркемдік ерекшелік сипаттары кеңінен сӛз болады. 
Ақынның  фольклорлық  жанрлар  аясындағы  шығармаларына  талдау  жасалады. 
Қашағанның тұрмыс  - салт тақырыбына арналған ӛлең,  жырлары тақырыптық,  идеялық 
қырларынан  зерделенген.  Ӛлең  жыр,  дастан,  айтыстары  шешен  де  тапқыр,  әсерлі  де 
әуенді,  кӛркемдік  бейнелеуіш  құралдарға  бай  болып  келеді.  Ақын  поэзиясының  кӛптеген 
тұстары  ауыз  әдебиетінің  байырғы  теңеу,  метафоралары  да  тапқырлықпен  орынды 
пайдаланылады. 
 
Кілт сӛздер: Қашаған ақын, фольклорлық-фәлсафалық таным, толғау, арнау, айтыс, 
фольклорлық сарын. 
 
Атамзаманнан  бергі  ел  тарихының  кҿркем  шежіресін  үздіксіз  жасаушылар  сҿз 
зергерлері ақындар. Белгілі қоғам қайраткері, ҽдебиет зерттеушісі М.Жолдасбеков қазақ сҿз 
ҿнерінің    басты  екі  мектебіне  тоқталады.  «Бірі  –  ҿмір,  замана  жайында  терең  толғанатын 
шешендік,  фҽлсафалық  мектеп.Екіншісі  –  ҿле-ҿлгенше  кҿмейі  күмбірлеп,  жағы  талмаған 
дария-  даңғыл  жыраулар  мектебі».  Міне,  осындай  сҿз  ҿнерінің  ерекше  дарындарының 
бірінен  саналатын  Маңғыстаудың  сҿз  киесінің  қатепті  қара  нары  іспетті  Қашаған 
Күржіманұлы  шығармашылығы  кең  арналы,  сан  салалы  деуге  болады.  Қай  саладағы 
туындыларын қарасақ та бҽріне ортақ бір сарын  – таза халықтық ҽуен. Мазмұн жағынан ел 
мұңын, халық тірлігін кҿтерсе, түр, стиль жағынан фольклорлық сарынды сақтайды. 
Арғы бастауын кҿне  түрік ҽдебиетінен  алған адам ҿмірін кезең- кезеңге бҿліп сипаттау  
дҽстүрі  қазақ  поэзиясында  жалғастығын  тауып  келеді.  Араб,  парсы  ҽдебиеттерінің 
классикалық  мұраларында  адам  ҿмірінің  барлық  шақтары  жайында  даналық  тұрғысында 
айтылған небір асыл поэзиялық үлгілерді кездестіреміз. Мҽселен, Рудакидің ―Кҽрілік туралы 
элегия‖  туындысында  адам  ҿмірінің  соңғы  кезеңі  туралы  ой  қозғап  қана  қоймай,  жалпы 
ҿмірдің мҽні  туралы философиялық түйіндер түйеді. 
Жыр жүйрігі Қашағанның  ауыз ҽдебиетіне жақындығы оның дастандарынан ғана емес, 
арнау  ҿлеңдерінен,  фольклорлық  жанрлар  аясында  шығарма  тудыруынан  да  кҿзге  түседі. 
―Жетпіс  беске  келгенде‖,  ―Осы  күн  жолдас  болдым  сексенменен‖,  ―Қартайған  шағында 
айтқаны‖, ―Бұл ҿмірдің мысалы‖,  ―Бұл дүниеде не жетім‖ деген бір топ ҿлеңдерінде  ҿмір 
мҽні туралы толғанады. 
―Жетпіс беске келгенде‖ ҿлеңінде 
Жетпіс беске келгенде 
Құртады екен ҽліңді, 
Сорып алады екен қаныңды, 
Кім кҿріпті мұндай залымды?! 
Жетпіс беске келгенде 
Ҽл кетеді екен жағыңнан… немесе 
 
Осы күн жолдас болдым сексенменен 
Кез болды кҽрілік шіркін сескенбеген. 
Қартайсаң, күнің қандай аянышты,  
Талтақ бұт, ойдық желке, күржік жауырын, 

237 
 
Тартылып  бауыр  шандыр,  бүкшеңдеген…  (―Осы  күн  жолдас 
болдым сексенменен‖) деп кҽрілік шақты  қуат, қайраттың кеміп, ҿмірдің қуанышынан гҿрі 
қайғы сын кҿбірек  ойлар  кез ретінде суреттегенмен,  бұл ҿмірдің ҿткінші екендігін жақсы 
біледі.  
 
Кесірі болады екен қартайғанның, 
Ҿлеңді  қартайғасын айта алмадым. 
Айт деген қатар құрбы , жеңгейлердің 
Назарын  ол  күндерде  қайтармадым…(―Осы  күн  жолдас  болдым 
сексенменен‖) 
 
 
 
 
       Кҿңілің келмес кҿнгісі, 
Жетпіс бес бірақ тыңдай ма?! 
Сыбырласып, сыңқылдап, 
Баяғы күліп ойнайтын күн қайда? 
деп  кҽрілік кезінде  ҿмірлік жан қалауы - талант жырдың ҿзінен алыстай бастағанына 
кҿңілі  құлазып,  жаны  жабырқап,  жастық  шағын  армандай  еске  алады.  Адам  ҿмірінің  екі 
кезеңін салыстыра суреттеумен шектелмей, жасы ұлғайған кезде адам ҿмірінің ҿзіндік мҽні 
барлығын  насихатайды.  Халық  ауыз  ҽдебиеті  үлгісінде  тҿгілте  жыр  толғап,    шебер  сҿз 
кестелейді. Ақын тілі бейнелі де ҿткір. 
Ҿпірім болу не керек, 
Бақ -базарың ауған соң. 
Бҽсеке ету не керек, 
Бастан билік кеткен соң. 
Бұлаң сұлаң не керек, 
Ақ  бетіңнен нұр тайып, 
Жер ортадан асқан соң. 
Елең- селең не керек, 
Жас елуден кеткен соң. 
Жалтаң -жұлтаң не керек, 
Жігіттік бастан ҿткен соң… 
Бұл ҿмірдің мысалы 
Кешегі кҿрген бүгін жоқ, 
Ұшып кеткен кҿбелек, 
деп    ақын  ҿткінші  ҿмір  мҽні  ожарлық,  тҽкаппарлыққа  салыну,  бҽсеке  байлық, 
жағымпаздық емес, ақ сҿйлеп, адал жүру деген түйін айтады.  Жалған дүниенің қайшылығы 
мен  қасиетін  терең  ашып,  жарқырата  кҿрсетеді.Ол  тіршілікті  қалай  болса  солай 
ҿткізетіндермен  келіспей,  мазмұнды  тіршілік  кешуді  қалайды.  Қашаған  ақынның  бұл 
ҿлеңдерінде  адам  ҿмірі  туралы  ҿзіндік  философиялық  толғау  бар.  Осы  орайда  ауыз 
ҽдебиетінің байырғы теңеу, метафоралары да тапқырлықпен орынды пайдаланылады. 
Сонау  ықылым  заманнан,  сан  ғасырлар  бойы  халықтың  ҿзімен  бірге  жасасып, 
ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып жалғасып келе жатқан- халқымыздың салт -дҽстүрі мен ҽдет- 
ғұрпы. Ақын жыраулар поэзиясында салт- дҽстүрдің, ҽдет- ғұрыптың алатын орны ерекше. 
Қашағанның да бірқатар ҿлеңдері тұрмыс - салт тақырыбына арналған. Олардың қатарында 
―Аралбайды  жұбатуы‖,  ―Қонақкҽде‖,  ―Тойбастар‖,  ―Ұзатылып  бара  жатқан  қызға  берген 
батасы‖ туындыларын атай аламыз.  
Қашаған ақынның арнау ҿлеңінің ішінде дҽстүрлі кҿңіл айту, жұбату түрінде  келетін 
ерекше  назар  аударарлық  шығармасы  Аралбай  ақынның  жалғыз  баласы  Берекетке  кҿңіл 
айтқан  ҿлеңі  -  ―Аралбайды  жұбатуы‖.  Ҿлең  Ойыл  ауданында  тұратын  Тҿкешев  Қазтайдың 
айтуымен  жазылып  алынған.  Ҽдетте  естірту,  жұбату  мҽнді  ҿлеңдер  тұтас  түрінде  қайғыға 
душар  болған  жанға  ҿзге  адамның  аузынан  айтылатын  болса,―Аралбайды  жұбатуда‖ 
Аралбай  басына  түскен  қайғысын  ҿзі  айтып,  замандасы  Қашаған  ақынға  мұңын  шағады. 
Естіртудің  тұспалдаумен,  жұмбақпен,  салыстыру,  теңеумен  басталып,  айтушының 

238 
 
тыңдаушысын  суық  хабарды  естіртуге  дайындап  алатын  сипаттары  ―Аралбайды  жұбатуда‖ 
да бар. Аралбай ақын: 
... Мен - ботасы ҿлген боз мая 
Тұлыбына келіп аңыраған. 
Мен бір жүрген ақ киік, 
Лағын түзде алдырып, 
Орнына келіп маңыраған,- 
деп  ҿз  басына  түскен  ауыр  жайтты,  жүрек  қайғысын  мысалдай, 
ишаралай келіп, шерін ақтарар тұста:  
...Қадірлі аға Қашеке- ау, 
Жалғызымнан айрылып, 
Қанатымнан қайрылып, 
Кҿңілім сҿйтіп түңілген,- 
деп естіртеді.          
Сонда  Қашаған Аралбайды жұбату жырын толғайды: 
... Тұяғы бүтін тұлпар жоқ, 
Қанаты бүтін сұңқар жоқ... 
Болаттан бекем бол деген, 
Болдырғанға болмасқа. 
Уайым, ашу жарамас 
Сендей бір жанға, жолдасқа. 
Қашағанның жауабында  жұбату, Аралбайдың басындағы қайғысына ортақтасу сияқты 
адамгершілік, ізгілік сезімдері қабат келеді. Оның жұбатуы - жалғызынан айырылып кҿкірегі 
қарс айырылып отырған Аралбайды ғана емес, бар перзентін қара жердің қойнына тапсырып, 
ұрпақсыз  ҿтіп  бара  жатқан  ҿзін  де  жұбату.  Аралбай  басындағы  қайғы  Қашағанның  да  
қайғысы. 
Қашағанның  суырыпсалма,  табан  астында  шығарушылық    талантын  танытатын 
жырларының  қатарына  ҽзіл-  қалжың  араласып  келетін  ―Қонақкҽде‖  ҿлеңін  жатқызамыз. 
Халқымызда  үйіне  келген  қонақтың  ҿнерін  байқау,  жақынырақ  танысу  мақсатында 
қонақкҽде  деген ҽдеті бар. Кҿбінесе ҽркім ел арасына кеңінен тараған, кҿпшіліктің білетін  
ҽн-  жыр,  күйлерін  ортаға  салып  жатады.  Алайда,  ақындардың  қонақкҽдеге  арнайы  ҿлең 
арнап  шығаруы  кҿп  кездеспейді.  Қонақкҽдеге  табан  астында  күй  шығару  ҿнері  Ҿскінбай 
күйшіде  болған.  Олай  болса,  қонақкҽдеге  ҿлең  шығару  Қашаған  шығармашылығының 
ҿзіндік бір ерекшелігін танытары сҿзсіз.  
Кейбір қызға қарасам, 
Алтыннан құйған асықтай, 
Күмістен құйған қасықтай. 
Кейбір қызға қарасам, 
Құбылған  беті  мақпалдай…  деп  басталатын  ҽзілі  аралас  келетін  ақжелең  ҿлең 
жолдарында ақылына заты сай аруларды бейнелеуде эпитеттер мен ауыстыруларды орынды 
қолданады. 
Айтыс  жанрындағы  Қашағанның  шығармалары  оның    ақындық  ҿнерін  танытып 
қоймай, суырыпсалма ақпа жырау  болғандығына куҽ боларлық туындылар дейміз. Қашаған 
айтыстарында да елдікті, ерлікті, адамгершілікті жырлап ҿткен. 
Қашағанның  жас  кезіндегі  айтыстарының  бірі-  Нұрым  ақынмен  кездесуі.  Бұл  дін 
тақырыбындағы сұрақ - жауап түрінде келген айтыстың бірі. Нұрымның ҿзіне қойған дүние 
мен адамның жаралуы, Ніл дария кҿпірі, пайғамбарлар қауымы туралы діни аңыздар, ата тек 
шежіресі туралы сауалдарына еш тосылмай жауап беріп, аға ақынды кҿп білетіндігімен тҽнті 
етеді. 
Қашағанның айтыстары ішінде оның Ізім шайырмен тілдесуінің ҽлеуметтік, кҿркемдігі 
мҽні  ерекше.‖Қашаған  мен  Ізім  шайыр‖  айтысы  Кіші  жүз  жеріндегі  Байұлы-  Адайлар  мен 
Жетіру- Тама, Табын елдерінің тарихымен байланысты біраз жайлардың бетін ашады. Тама, 

239 
 
табын  елдерінің  аты  шыққан  ақыны  Ізім  адайлардың  кҿшпелі  тұрмысын,  шаруашылықпен 
айналысқан ел ҿмірін келеке етіп, Қашағанға тиісе сҿйлейді. Қалың бұқара атынан сҿйлеген 
Қашаған орынсыз руға тиіскен Ізім шайырдың жеңіл ойлы сҿздерін бас кҿтертпей жалынды 
сҿз күшімен тежеп тастайды: 
Еліңнің орысша рас тілі жатық, 
Адайдың ішетіні сүт пен қатық. 
Лҽйліп арақ ішіп мас болғанда, 
Шалыңды жасың таспен ұрады дейді, 
Кҿргенсіз, бейқасиет, Құдай атып,- 
деп  ҽдепсіздікті  сынап,  қарсы  дау  айтады.  Бұл  айтыста  ҿзге  ақындар  айтыстардың 
кҿбінде кездесетін ақындардың ҿздері  туралы толғаныстары кездеспейді. Ел бірлігін ұстын 
қып  ұстаған  бұқарашыл  ақын  мал  баққан  шаруақор  елдің  құты  болған  киелі  мекені 
Маңғыстауды жыр етеді. Хорезм хандығына қарсы күресте Хиуа бектері мен Ҽлке атқамінер 
ҿлтірткен Сүгір т.б. адай батырларын бетке салық еткісі келген Ізімге  Табын ханы Ҽлкенің 
жастық  тартып  ауырып  ҿлмей,  оны  ҿлтірген  адай    ерлері  екенін,  талай  жауды  тойтарып, 
еліне  қамқор  болғанын  айтады.  Қашаған  мен  Ізім  айтысының  қорытындысында  ел  билеген 
озбыр ҽкімдер қатты сынға ұшырайды. Бұл айтыста Қашаған ҿзінің ақындық ҿнерін асырып, 
елдің  арғы-  бергі  тарихын  жетік  білетін  білімдарлығымен  жеңіп  кетеді.  Оның  айтыс 
жанрларына қатысын осы тұрғыда қарауға болады.  
Қашағанның  Ізбаспен  айтысының  да  ҿзекті  мҽселесі  менмендік,  ҿзімшілдікті 
ҽшкерелеуге  құрылған.  Бір  жиында  сексеннен  асқан  Қашағанның  перзентсіздігі  мен 
кедейлігін  бетіне  басып  мұқатпақ  болған  қырықтар  шамасындағы    атаққұмар  Ізбасты  ел 
алдында ҿткір сҿздерімен түйреп ҽбден масқарасын шығарады. Ақындар айтысының ежелгі 
дҽстүрімен ҿзін кҿтермелей, қарсыласын кішірейте сҿйлеу Қашаған мен Ізбас айтысының да 
бір  тҽсілі.  Қашағанның  ―менінің‖  ҽні  тереңде  жатыр.  Оған  халықтық  ең  асыл  қасиеттердің 
бҽрі  сыйып  жатады.  Оның  айтыс  жанрларына  қатысын  осы  тұрғыда  қарауға  болады.  ―Мен 
қайыртпай  кеткен  ақынмын‖,  ―Мен  -  мұхит  жатқан  тереңмін,  шамшырақ  жанған  түбімде‖, 
―сен- бір жабы, мен- тұлпар‖, ―сен- қарға да, мен- сұңқар‖, ―мен-теңіздегі кемемін‖, ―менің 
сҿзім  -  сары  алтын,  сенің  сҿзің-  қола,  мыс‖  деп  келетін  кҿптеген  троп,  метафоралар  ақын 
тіліндегі кҿркемдеу құралдардың сан алуан құбылып отыратынын аңғартады. Бұл жолдардан 
Қашағанның  сҿз  зергері  екендігімен  қатар,  Махамбет  сияқты  ақындар  жырының  ҿткірлік 
рухынан үйренген ҽсерін де байқаймыз. Қашаған поэзиясының кҿркемдік кестесінде мұндай 
терең  мағыналы  сҿздер  молынан  кездеседі.  Кҿркемдік-  ҿнер  шығармаларының  ҿзіндік 
ерекшелігі,  эстетикалық  сұлулығы,  дүниені,  болмысты  сипаттап  сҿйлетудегі  суреттілік, 
бейнелілік,ҿрнектілік.  Кҿркемдік  -  поэзиялық  туындының  сапалық    кҿрсеткіші.  Ақын 
поэзиясының  кҿптеген  тұстары  суреттегіш  бейнелік  құралдар  жүйесінің  іштей  жарасым 
үйлесімінен,  мазмұны  мен  пішінінің  тұтастық  бірлігінен  кҿрінеді.  Қашаған  ақынның  ҿлең 
жыр, дастан, айтыстары шешен де тапқыр, ҽсерлі де ҽуенді,кҿркемдік бейнелеуіш құралдарға 
бай болып келеді.  
Айта  кетуді  керек  ететін  бір  жайт,  Қашаған  шежіре-тарихқа  жетік  ақын.  Ҽлеумет 
жайының ұдайы алға ұсталып айтылуы, оның  ақиқаттың алмас қылышындай ҿткір,  айқын 
айтылуы  ақын  шығармаларының  мейлінше  дара  ҿзгешелігі,  асқан  бұқарашылдығы. 
Сондықтан да  Қашаған  шығармаларын  халқы жадында  сақтап,  ұрпақтан  ұрпаққа  таратады, 
рухани қажетіне асырады. 
 
Пайдаланылған ҽдебиеттер 
1
 
 Жолдасбеков М. Жүз жыл жырлаған жүрек. – Алматы, Жазушы, 1992. – 320 б. 
2
 
 Сыдиықұлы  Қ.  Ақберен.  XYIII-XX  ғасырлардағы  қазақ  ақын  жырауларының 
шығармалары. – Алматы: Нұрлы ҽлем, 2007. – 576 б.  
3
 
  Сүйіншҽлиев Х. Қазақ ҽдебиетінің тарихы. – Алматы, Санат, 1997. – 928 б. 
4
 
  Қайыртпай  кеткен  Қашаған.    Ҿлеңдері,терме,  толғаулары  т.б.–  Алматы,  2011,  –  432 
б. 

240 
 
5
 
 Мағауин М. Ғасырлар бедері. – Алматы, Жазушы, 1991. – 432 б. 
 
В  научной  статье  рассматриваются  толгау,  оды,  мотивы  айтысов,философский 
смысл, художественные особенности Кашагана Куржиманулы. Дается анализ произведений 
в рамках фольклорных жанров поэта. Стихи и поэмы Кашагана, посвященные теме быта, 
исследуются с тематической,  идейной стороны. Стихи, поэмы, дастаны поэта  являются 
богатыми  средствами  выражения  красноречия  и  смекалки,  влияния  и  мелодичности, 
художественной  изобразительности.  Многие  стороны  поэзии  поэта  содержат  уместное 
использование сравнений, метафор из устного народного торчества.  
This  Scientific  article  provides  the  tolgau,  verse-ordination,  folklore  motives  of  aitys  and 
artistic differences of KashaganKurzhimanulu. The poet’s works on the folklore genre are analyzed. 
Kashagan’s  poems  devoted  to  cultural  and  traditional  theme  are  described  from  the  topical  and 
ideal point. His poems are rich of impression, melody and literacy.  
 
 
ҼОЖ 821.512.122.0                          
Н.М. Рахманова 
ҚазмемқызПУ 
Алматы, Қазақстан 
 
«КӚКШЕТАУ» ПОЭМАСЫНДАҒЫ ХАН АБЫЛАЙ ЖӘНЕ  
АДАҚ БЕЙНЕЛЕРІ 
 
Бұл  мақалада  Сәкен  Сейфуллиннің  «Кӛкшетау»  поэмасындағы  адам  болмысы  мен 
қоғам  табиғатын  зерделеудегі  автор  ұстанымы  пайымдалады.  Абылай  заманын,  Абылай 
бейнесін  суреттеудегі  ақынның  ӛзіндік  ерекшелігі,  ақын  кӛзқарасының  поэма  жазу 
барысында ӛзгергені түсіндіріледі. Сондай-ақ поэманың тіл кӛркемдігі нақты мысалдармен 
ашылған.  Мақалада  Адақ  деген  атақтың  кімге  берілгені  сӛз  болады.  Поэманың 
эстетикалық нысанасы - адамгершілік екені айтылады. 
        
Кілт  сӛздер:  қоғам  табиғаты,  автор  ұстанымы,  поэма  сюжеті,  шарт,  астарлы 
жұмбақ, тартыс, Адақ батыр, Еспенбет, адамгершілік,тіл кӛркемдігі. 
       
С.Сейфуллин «Кҿкшетауда» поэмасыда  «ҿлеңге қостым мен де Абылайды» деп, ҿзіне  
дейінгі    Абылайға  қатысты  кҿркем  дүниелермен  таныс  екенін,  ҿзінің  олармен  ақындық 
бҽсекеге  түскенінен  мағлұмат  береді.  Бұл  кезде    Мағжан  Жұмабаевтың  «Оқжетпестің 
қиясында» мен «Батыр Баяны» ел аузында жүрген. Мағжан Абылайды ел қорғаны деп танып, 
тұлғаланта,асқақтата  суреттейді.  Абылай,  Кенасары  дҽуірін  ерлік,  қаһармандық  дҽуірі 
ретінде  насихаттайды.  «Жаңаны  кҿре  алмаған»,  «ескіні  кҿксеуден  жаңылмаған»  Мағжан 
Сҽкен  «Кҿкшетауды»  қолға  алған  кезде    саяси  қателіктері  үшін  сыбағасын  алған  тұс. 
Тапшыл Сҽкеннің Мағжанға керағар бағыт ұстануына қоғам ҿзі қол созып тұр еді.   
1925 жылы бастап араға жылдар салып «Кҿкшетауға» қайта оралған Сҽкен бұрынғыдай 
саясаттың сойылын оңды-солды сілтей бермей, кейбір тұстарда саналы шегінулерге барған.   
«Кҿкшетаудың»  1925  жылы  жазылған  тарауларында  Абылай  ел  шапқыш,  жазықсыз 
елді  тонаушы,  тойымсыздық  жолында  қанда  қырғынның  басында    тұрғандай    ҽсер  береді. 
Поэмада себепсіз күнҽ болмайтындығы айтылмайды. Интернационалдық болмысы қанында 
бар  Сҽкен  қалмақ    ақынының  күйін  кешкендей  қалып  танытқанын  да  жоққа  шығара 
алмаймыз. Дҽуір талабымен ұлттық болмыстың сына бостаған тұсы аңғарылады. 

241 
 
Ал 1928 жылы жазылған «Жұмбақтас» тарауының алғашқы шумақтарында-ақ Абылай 
басқаша кейіпте кҿрінеді, қолға түскен олжа қыздың қасына келіп: «Жарқыным, енді бҽйгің 
қолдан келмес, // Іс болып жүрмесін деп ақыл берді» делінеді.  
«Қан ішер» Абылайдың  қалмақ қызының да нарқын түсірмей, батырларының да мысы 
басылмауын  қалайтын  намысты  билеушіге  айналуын  автор  қалайтындай.    Абылай  саясаты 
туралы  ақын  поэма  соңына    дейін  нақты  ештеңе  айтпайды.    Тек  хан  қаһарын  «дікілдеді», 
«дігірледі»  деген  етістіктермен  беріп,  саясаттан  қиялап,  тігісін  жатқыза  шығады. 
«Кҿкшетауға»  қайта  оралғанға  дейінгі  қоғамдағы    ҿзгерістер,  санадағы  сілкіністер, 
кҿгенделген саясатқа дүдҽмал кҿңіл ақын қаламына табын салған.  
Ақын ҿз ортасынан тыс ҿмір сүрмейді. Қазақстанға Голощекиннің келуі Сҽкеннің саяси 
кҿзқарасында даулы шексіздік туғызды. 
Поэмадағы негізгі сюжеттік желі - «Оқжетпес», «Жұмбақтас» тарауларында ҿрілген.  
Сҽкен табиғат кҿріністерін тамашалау  тұсында да ҿзі суреттеп отырған заман келбетін 
беруге назар аударады. «Мұнар басқан» тіркесі қым-қуыт қақтығысқа толы Абылай заманын, 
қазақ еліне жан-жақтан жасалған қысымның қоюлай түскенін меңзегендей.  
Поэма сюжеті қазақтың жеріне басқыншылық саясат жүргізіп, ҽлсін-ҽлсін бүйірге найза 
тіреген,  тынышсыз  кҿрші  қалмақтармен  есеп  айырысу    кезінде  қолға  түскен  тұтқын  қыз 
тҿңірегінде ҿрбиді.  
Батырларды  қыздың  жастығы,  келісті  де  келбеті  ынтықтырады.  Осы  олжа  қыз  кімге 
бұйырмақ,  батырлар  «сұлуды  бір-біріне  берісе  алмай»  гүжілдесуде.  Соңғы  сҿзді  ханнан 
тосқан батырлар Абылайдың: «Біріңді кҿріп ҿзі таңдау қылсын,// Бұйырдым тұтқын қыздың 
қалауына» деген тоқтамға тоқайласады.  
Абылай  таңдауды  қыздың  ҿзіне  берген  кезден  бастап,  оның  тек  ҽдемі  ғана  емес, 
ақылдылығы да салтанат құрады. «Ҿнерін батырлардың сынатсаңыз» деген ҿтінішіне ханнан 
ілтипат алған қыз таңдауды жоталандырады. 
Құралайды  кҿзге  атқан  мергендік  батыр  үшін  мҽртебесін  асырар  ҿнер  екенін  қыз 
білмейді емес. Батырлар оғының шың басындағы жаулыққа тимеуі Абылайды да ойлантады. 
«Үндемей  хан  да  тұрды  зор  намыс  қып»  деген  тармақ  оның  сарбаздарына  деген  сенімі 
ақталмай, қабақ шытысын  білдіреді. Қыз бірінші  шарты орындалмаған соң:  «Екінші  бҽйге 
оп-оңай,  күш  сынасу,//  Онан  соң  үшіншісі:  жеңіл  жұмбақ»  деп  хан  ықтиярын  беріп 
отырғанда талапты күшейтуге тырысады. Екінші шарт бойынша тҿрт адамды арқалап, мың 
қадам жүгіруге қатысқан қырық батырдың  ішінен сегізі  қыз межелеген жерге қатар келеді. 
Қызға үшінші шартты айтудан басқа амал жоқ. Ол маңайындағылар жүрек зарын естір деген 
үмітпен  ҿз  жайын  жұмбақтап  жеткізеді.  Ҿз  басынан  ҿткізген  оқиғаларды  түрлі  құстардың 
қылығымен бейнелеп, емеурін танытады. Сюжеті қою, тартысы күшті, трагедиялық сипатты, 
ұзақ кҿлемді, астарлы жұмбақты орайластыра жеткізу де, оны шешу де екінің бірінің қолы 
емес.  Ҿзі-кептер,  сүйген  жігіті-сұңқар,  қамқор  адамдары-лашын,  қиянат  кҿрсеткендері-
қарақұс,  жапалақ,  ханды-бүркіт  бейнесінде  сомдайды.  «Айтыңыз    қайсысының    ерлігі 
артық?»  деген  қыз    сұрағы  Абылай  сарбаздарын  тосылтады.  Қыз  жұмбағын  қол  ішінен 
сурылып шыққан Адақ шешіп, ҿз үлесіне тиген қыз басына бостандық береді.  
Еркін дік аңсаған қыз ақыл мен ҿр мінезінің арқасында бостандықта. Есті қыздың елін 
адаспай табарына сенім мол. Шығарманың тұтқасы-авторлық идея десек. Бұл жерде бітіспес 
жау  қалмақ  қызын  ақыл  -  ой,  сезім-қайрат,  терең  адамгершілікті  ұстанған  хан  да,  қара  да 
бостандыққа жіберіп тұр, бұл - кесек ҽрекет. 
Қыз басына бостандық ҽперген Адақ поэмада  алғаш алғыр да, шапшаң ойлылығымен, 
батыл  да  ҿжет  мінезімен  кҿзге  түседі:  «Тым  -тырыс  тұрған  қолдан  шықты  біреу,//Жыр 
қылған қыз жұмбағын шешем деген.»  
Ҿмірдің  ащы  -  тұщысын  кҿрген,  сана  -  сезімі  тұрақты,  қара  күштің  иесі  ғана  емес, 
ҽділдікті,  рахымды  ту  қылып  ұстанған  кейіпкер  Сҽкен  идеалына  жақын.  Адақ  белгілі  бір 
оқиғаға ғана емес, жалпы тауқымет атаулыға қашан да қасқайып қарсы тұра білетін ізгілікке 
ұмтылған жан. Оқырманды  «Адақ деген есім алған» жігіттің азан шақырып қойған есімі кім 

242 
 
блғаны  қызықтырары  сҿзсіз.  Тарихқа  үңілсек  Абылай  ханның  тҿңірегіндегі  батырлар 
сабынан ондай есімді кездестірмейміз.  
Т.  Жұртбай  Зейнолла  Сҽнік  пен  Бейсенғали  Садақанұлының  «Қабанбай  батыр» 
кітабындағы  «Еспенбеттің  Адақ  аталуы  жҽне  Маржан  қыз  оқиғасы»  ҽңгімесін  байыптай 
келе:  «Сҽкен  Сейфуллиннің  «Кҿкшетау»  поэмасындағы  Адақ  батыр  -  осы  Еспенбет»  деген 
ойды айтады[1, 23]. Бұған поэмада оқиға аңыз ретінде суреттелсе, ҽңгімеде нақты деректер, 
адамдардың  аты-жҿні  берілетінін  алға  тартады.  Еспенбет  есімі  қалың  жұршылыққа  Дулат 
Бабатайұлының  «Еспенбет»,  М.  Ҽуезовтің  «Еңлік-Кебек»  трагедияларымен  таныс.  Қазақ 
жерін  қалмақтардан  азат  етуде  ерлігімен  кҿзге  түсіп,  халық  арасына  кең  танымал  болған 
Еспенбеттің    аталған  ҽңгімедегі  бейнесінен  «Кҿкшетау»  поэмасындағы  Адақ  бейнесі  онша 
алшақ  емес.  Оқиғалардың  баяндалу  үрдісі  де  жақын.  Поэмада  жігіттің  Адақ  аталу  себебі 
«күресте қалың қолды адақтатқан» тіркеспен ғана беріледі.  
Ҽңгімеде  Шаған  шайқасында  қолға  түскен  қалмақ  қызына  Абылай  ханның  «Кімді 
ұнатса  соған  барсын,  басқамыз  кеңшілік  етелік!»  деп  ерік  беруі,  қыздың  үш  сыны, 
Оқжетпестің  «Оқжетпес»  аталуы  баяндалады.  Қыздың  үшінші  талабы  тұсында: 
«Батырлардың кекселері бұл жұмысқа қатынаспай, қызығын кҿріп, тамашалап тұрыпты. Ал 
жастардан  мынадай  деп  белсеніп  шығып,  бұл  жұмбақтың  мазмұнын  шешетіндей  ешкім 
болмапты.  Сонда  Қабекең  (Қабанбай  батыр  Н.Р)  жан-жағына  қараса  садақшылар  тобының 
сардары,  халықтың  амандығын  қорғау  үшін  далада  жүріп  жаңадан  келген  Еспенбетті  кҿзі 
шолып қалыпты, Қабекең «Сен неге қатынаспадың?» дейді. « Мен жайырақ келдім, сырттай 
кҿріп  тамашалап  тұрмын.  Бірақ  мына  бҽсекеде  жасырынған  мол  сыр  жатқан  іспеттенеді» 
дейді  Еспенбет.  Қабекең:  «Жастардың  бірісің,  сен  де  қатынас»  депті  қызға  естіртіп, 
Еспенбетке  рұхсат  ет  дегендей  сыңай  білдіріп.  Сонда  Еспенбет:  «Егер  сіздер  лайық 
тапсаңыздар мен де қатысып кҿрейін. Мен осы бҽсекенің екі түріне қатынасайын, біріншісі – 
садақ  атуға,  екіншісі  –  соңғы  айтылған  астарлы  сырға  қатынасайын.  Егер  лайық  болса  қыз 
зеңгір тастың басына орамалын тігіп ҿзі жерге түссін» деген талабын қойыпты. Содан жұрт 
қызды шақырып алып, орамалын тастың басына тіккізіп, онан кейін түсіріп, қаратып қойып 
Еспенбеттің  атуына  кезек  беріпті.  Мерген  садағын  керіп,  жебесін  қадап,  қырындай  тұрып 
тартып  қалғанда  жазайылдың  оғы  орамалды  қыран  ілген  қаздай  жалп  еткізіп  ұшырып 
түсіріпті.  Қыз  еріксіз  басын  иіп  тағзым  етті.  Тұрған  жастар  қатты  шаттанып  разылық 
білдіріп: «Енді соңғы сҿзді шешіп айтып берсең»-деп ұсыныс қойыпты. 
Сонда Еспенбет қыздың жұмбағын бұлай шешкен екен.  
-
 
Қабеке,-  депті,-ҽуелі  мен  қыздың  мысал  қып  кҿрсеткен  жұмбағын  шешейін,  сіздер 
қызға  қаһар  тігіп  ренжіп  қалмаңыздар,  екінші  бұл  бҽсекені  жастарға  ұйғарыпсыздар, 
сондықтан соңғы шешімін де берсеңіздер. 
Еспенбеттің бұл талабына хан да, Қабанбай да мақұл болыпты. 
-  Бұл  қыз,  депті  Есекең  сҿзін  сабақтай  түсіп,  -  орнықты  қара  ормандай  халықтың 
ішіндегі  бір  адамның  үш  баласының  бірі  екен,  ауылын  жау  шауып,  үйінің  шаңырағы 
шағылып  ойрандалғалы  жатқанда  ҿз  елінің  бір  батыры  құтқарыпты  да,  осы  қызбен  уҽде 
байласып, ел іргесі тынышталып ес жиған кезде қосылу үшін осы орамалды берген кҿрінеді. 
Сол  аралықта  біздің  адамдарымыздың  қолына  түскен  сияқты.  Енді  қазір  үшінші  рет  талас 
туылып  тұрған  жайты  бар.  Мұның  жастарды  жапалақ  деуіне  ренжіп  те  қаламыз.  Оған 
кешірім дейтін бір дҽстүр бар емес пе? Бұған ҿзінің неше рет тағзым етуі қателегімді кешір 
дегендік қой. Оның үстіне бұл қыз уҽдеге берік кҿрінеді, махаббат қадірін ҿмірінен жоғары 
қоятын  шынайы  адал  адам  екен.  Егер  бірінші  ретте  жебе  орамалға  тисе  онда  тастан  ұшып 
ҿлу үшін ең биік тасқа шыққан екен. Екінші жолы батырлардың бірі бҽсеке бойынша бірінші 
болып  тҿбеге  шықса,  онда  шыңырау  суға  түсу  қаупі  бар  екен.  Мен  басында  осыны  сезіп 
қатынаспадым. Ал енді сынақ бойынша қызды мен алуға тиісті болсам, соңғы қырғи құрлы 
болмаймын  ба,  нҽпсіге  ілесіп  осынша  сүйіспеншілік  байлаған  адамды  қорлауым  намыс 
болар,  ерлік  болмас  деп  ойлаймын.  Екінші,  осы  қыздың  тегі  мұсылман  сияқты,  олай  болса 
ислам шариғаты бойынша алғанда зорлау күнаһарлық  болады. Хан алдында қараның билік 

243 
 
айтуына жол жоқ қой. Ендігі билігін тақсыр ханекең ҿзі айтсын. Сонда Абылай хан мынадай 
билік айтқан екен:  
-  Еспембеттің  мергендігіне,  ерлігіне,    ойлы  кемеңгерлігіне,нҽпсіге  жол  бермейтін 
жомарттығына  разы  болып,  оның  тілегі  бойынша  қызға  кешірім  етіп  талабын  орындалық. 
Барлық  жас  батырларымыз  Еспенбеттей  ҽрі  шешен,  ҽрі  кешірімді  жомарт  болсын,  қызды 
босаталық.  Бір  таңдаулы  атқа  мінгізіп,  азық-түлігін  толықтап  үш  адам  Шағандағы 
Ақпантайға  жеткізіп  салсын.  Ақпантай  мекеніне  апарғызып  үйіне,  ел-жұртына  табыс  етсін. 
Біздің ҽйел ұрпақтарымыз да осы қыздан үлгі алатын болсын.»-депті.  
Қазыбек би ханға жҽне халыққа қарап « Алтын берсеңіз иелік еткен елде қалады. Атақ 
ҿлмейтін  мұра,  артық  жоқ  мұнан  сірҽ...  Еспенбеттің  мергендігіне,  ерлігіне,  қайраты  мен 
қайласына,  ақыл-ойының  озықтығына,  тапқырлығына  қарап  бір  атақ  берілсе,  осының  бҽрі 
біздің  жеңісімізге  қосылған  тың  үлес  емес  пе,  не  дейсіздер,  дегенде  сҿзді  кҿпшілік 
қолқалауымен  Боранбай  би  жалғастырып:  «  Біздің  қазақ  озғанға  ҿрелі  орын  береді  ғой, 
сондықтан  бұл  жігітке  «Адақ»  деп  атақ  берелік.    Барлық  жастырамыз    Адақша  алға 
ұмтылсын.  Адақша  үздік  қара  болып  шығатын,    Адақша  табандылық  кҿрсететін  болсын» 
дейді. Хан барлық ақылшыларымен қосылып, жиындағы қалаң топ құптап, Еспенбетке  Адақ 
деген ардақты атақ мҽңгілік есім болым қалыптасыпты [2, 138].  
Оқиға  ұқсастығы  күмҽн  тудырмайды.  Поэмада  ҿзіндік  салмағы  бар  аталған  ҽңгімеде 
оқиғасы баяндалмайтын «Бүркіт пен аққу, мерген» тарауында қоғамға, кейіпкерлеріне деген 
авторлық  баға  берілген.  Бұл  тараудың  авторлық  ойға,  суреткерлік  идеяға  қосары  бар.  Бұл 
тұста балапандарын ерте алаңсыз жүзген жұбай аққудың шырқын бұзып, бір балапанды іліп 
кетіп, кҿлді шулатқан бүркіт лаңында заман қасіретін ишралау бар. «Ҽлсізді ҽлді жеген күші 
басым»  саясат  Сҽкенге  таң  емес.  Ақын  ел  тыныштығының,  кҿл  тыныштығының  қорғаны 
қарадан  шығады  деп  поэмаға  Адақты  осы  тұста  қосады.  Кҿлді  шулатқан  бүркіт  Оқжетпес 
басына жете бергенде Адақтың садағының оғынан тҿмен сорғалайды. Ақын ҿз кейіпкерінің 
ішкі жан дүниесіндегі  имандылық зорлық атаулының қай-қайсынан болсын үстем екендігін 
аңғартады.   
Сҿйледі Адақ тұрып Абылайға: 
«Я, тақсыр ҿтілім бар,-қабыл айла. 
Жұмбақты шешпей тұрып тілегім бар, 
Қабыл ғып тілегімді сҿзді байла! 
 
Болар ед, кешпес күнҽ-шешер болсам,  
Жақпаса қыздың басын кесер болсаң.  
Жұмбақты сонда ғана шешіп кҿрем,- 
Қыз сҿзін шайпау болса кешер болсаң... 
Осы  кҿріністен  кейін    қыздың  жаулығына  оғын  жеткізген,  жұмбақты  шешкен,  ол  аз 
десеңіз  қызға  жүрегі  жібіп,  бостандыққа  ұзатқан  Адақ  ҽректіне  таң  қалмайсыз.  Адақтың 
мҽрттігіне  куҽ  болғандардың  ойланбағаны  жоқ.  Қазақ  осы  дерлік  ұлттық  болмысты,  дала 
демократиясының  кҿрінісі.  Сҽкен  Адақты  рухы  биік,  кісілік  пен  адамгершілікті  ту  етіп 
ұстаған  тұлға  ретінде  бейнелейді.  Адақ  ел  мен  елдің  береке-бірлігін,тыныштығын, 
ынтымағын  қалаған,  тіпті  осы  жолда  ханды  да  қараны  да  тоқтамға  шақыратын  ер.  Адақ 
олжаны  обал деп, зорлықты күнҽ деп қабылдайтын жақсылыққа ынтызар кҿңілдегі кейіпкер, 
оның ізгілік жасау деңгейі ұлт шеңберінен шығып, жалпыадамзатты аялау ҿресіне жеткен.  
Басқа уақыт, ҿзге ҿткен дҽуірді суреттеп отырса да Сҽкен ҿз замандастарына текті сҿз 
алдындағы теңдікті кҿруді, ҽрі кҿрсетуді мұрат тұтқан. 
Қыз жырын сізге арнады тҿрелікке, 
Болмайық, тақсыр, бекер ҿр-елікпе. 
Естіген халық жерге түкірмесін,  
Біз дағы ҽділ билік берелік те. 
Сҿзден  ұтқан  қиянаттан  жаны  аулақ  Адақ  қыз  басына  ханнан  сауға  сұрап,  еліне 
аттандырып  тұрып:  «Сұлу  бикеш,  ҿлмесе,  тауып  алсын  жомарт  ерін»  деген  тілекпен  

244 
 
аттандырып    салады.  Поэма  осы  оқиғамен  аяқталса  кҿркемдік  жағынан  да,  композициялық 
тұтастық  жағынан  да  ұтпаса  кемдік  кҿрмес  еді.  Негізінен    «Кҿкшетау»  поэмасы    оқырман 
жадында  осы  оқиғамен  есте  қалатынын  жоққа  шығара  алмаймыз.  Поэманың  соңғы 
тараулары саяси бағдардың құбылысын аңдатудан туған дүниелер. Тіршілік толқынысының 
ағысы  Сҽкен  қаламын  бұрды,  идея  үшін  кҿркемдік  құрбан  болды.Осы  тұста 
С.Садуақасұлының: «Ҿткенді ескергенде Сҽкеннің ақындығы ҿзгеше қозады Сҽкеннің жақсы 
ҿлеңдерінің  бҽрі  ҿткеннің  сипаттары.»  [3,  256]  дегені  ойға  оралады.  Поэманың  соңғы 
бҿлігінің кҿркемдік деңгейінің соғындауына кеңестік дҽуірді мадақтай суреттегенмен, оның 
қалқасындағы шындықтан шет дүниелер ҽсер еткені аңғарылады.  
«Кҿкшетау»  поэмасының  эстетикалық  нысанасы  –  адамгершіліктен  алшақтамау. 
Поэманың  басты  кейіпкерлері  Абылай  да,  Адақ  та  осы  қасиеттерден  алшақтамаған.  «Ҽділ 
билікті» аңсаған Сҽкен дүниенің түткілін моральдық, гуманистік негізде де ҿзгертуге болады 
дегенді поэма ҿзегіне айналдырған.  
 
Пайдаланылған ҽдебиеттер 
1 Жұртбай Т. Бесігіңді түзе. – Алматы, 1997. 
2 Сҽнік З.,Садақанұлы Б. Қабанбай батыр. – Үрімжі, 1998. 
3 Садуақасұлы С. 2томдық шығармалар жинағы. – Алматы, 2003. 
 
В  статье  исследуется  авторская  позиция  в  поэме  «Кокшетау»  С.Сейфуллина  на 
человеческую  сущность  и  характер  общества.  В  этой  статье  объясняются  изменения 
взгляда автора во время написания поэмы, особенность автора в описании образа Абылая. 
Художественный  язык  поэмы  раскрыт  фактическими  примерами.  В  статье 
рассматривается кому присвоено звание Адак. Эстетическая цель поэмы - гуманизм. 
 
The  author's  position  in  the  poem  "Kokshetau"  of  S.  Seyfullin  on  human  essence  and 
character  of  society  is  investigated  in  the  article.  This  article  give  the  explanation  of  changes 
authors  vision during poem writing,   feature of  the author in  the description  of  an image Abylay. 
Art language of the poem is opened by the actual examples. In article it is considered to whom the 
rank Adak is appropriated. The esthetic purpose of the poem - humanity. 
 
 
 
УДК 821. 512. 122-31 
 
А.О. Токсамбаева 
Шҽкҽрім атындағы Семей мемлекеттік университеті 
Семей, Қазақстан 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет