Проблемы языкознания


КӚРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ МЕТАФОРАНЫҢ СТИЛЬДІК ҚЫЗМЕТІ



Pdf көрінісі
бет31/38
Дата03.03.2017
өлшемі3,18 Mb.
#5514
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38

КӚРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ МЕТАФОРАНЫҢ СТИЛЬДІК ҚЫЗМЕТІ 
 
Бұл  мақалада  кӛркем  әдебиетте,  оның  ішінде  прозалық  шығармаларда  актив 
қолданылатын  троптардың  бірі    –  метафораның  стильдік  қызметін  қарастыруға 
арналады.  Авторлар  метафораның  жасалу  жолдарына,  түрлеріне  жан-жақты 
тоқталады.  Тіл  білімінде  және  әдебиеттануда  метафораға  берілген  анықтамалар 
келтіріледі. Кӛркем мәтіннен жиналған метафоралық қолданыстар жүйеленіп талданады. 
Бұл  мысалдар  арқылы  метафораның  кӛркем  шығарма    тілінде    маңызды  стильдік 
қызметімен қатар ана тіліміздің баюына, толысуына ӛз үлесін қосатыны анықталады.  
 
Түйін  сӛздер:  метафора,  троп,  эмоционалды-экспрессивті  лексика,  полисемия,  тілдік 
категория, авторлық метафора, танымдық метафора. 
 
Халық  тілі  –  тоқсан  ауыз  сҿздің  тобықтай  түйінін  білдіретін,  бейнелі  ойды  бедерлеп 
жеткізетін  ҿрнекті  сҿз  орамдарына  аса  бай.  «Сҿздің  немесе  тілдің  кҿркемдігі»  дегенде,  ең 
алдымен, оның ҽсерлілігін ұғамыз. Ҽсерлі сҿйлеу, яғни кҿркем тілмен сҿйлеу, ҿз ойын ҿзгеге 
шама-шарқынша айқын түсіндіру – тек ҿнер адамдарына ғана емес, мҽдениеттімін деген бар 
қауымға міндет, ҽрі қажет. 
Суретті  бейнелі,  кҿркем  ойлау  арқылы  бір  нҽрсенің  тікелей  ҿзін  емес  оған  ұқсас  ҿзге 
затқа не құбылысқа балап, мағынасын, мазмұнын тереңдете, ҽсерін күшейту дейтін болсақ, 
онда  бұл  кҿркемдеу  құралы  болған  метафораны  ҽр  түрлі  етіп  қиыстыру  шығармада  үлкен 
шеберлікті талап етеді. 
Троптардың  ішінде  кҿркем  ҽдебиетте,  оның  ішінде  прозалық  шығармаларда  актив 
қолданылатыны  –  метафора.  Метафоралық  қолданыстардың  ҿнімділігін  аталған 
жазушылардың повестерінен де кҿре аламыз. 
Метафора жасау кҿптеген семантикалық процестердің нҽтижесінде туады. Айталық, ол, 
ең  алдымен,  жаңа  ұғымды  жасаудағы  троптың  бір  түрі;  екіншіден,  полисемия  тудыру 
құралы;  үшіншіден,  метафора  эмоционалды-экспрессивті  лексика  жасауға  белсенді  түрде 
қатысады;  тҿртіншіден,  синоним  жасауда  метафораның  ҿзіндік  орны  бар;  бесіншіден, 
метафора тілдің терминологиялық ҿрісінің кеңеюіне де ықпал жасайды; алтыншыдан, жаңа 
мағыналық тіркестердің дүниеге келуіне ҽсер етеді.  
Қ.Жұмалиев  ҿзінің  еңбегінде:  «Метафора  тіл  табиғатында  терең  тамыр  жайған  сҿйлеу 
ҿнеріміздің  барлық  саласынан  бой  кҿрсететін  жалпы  тілдік  категория,  сҿзді  астарлай 
қолдану», – десе [1, 2].
 
Академик  З.Қабдолов:  «...метафора  (гр.  metaphora  -  кҿшіру)  –  сҿз  мҽнін  ҿңдендіре 
ҿзгертіп  айту,  суреттеліп  отырған  затты  не  құбылысты  айқындай,  ажарландыра  түсу  үшін 
оларды ҿздеріне ұқсас ҿзге затқа не құбылысқа балау, сҿйтіп, суреттеліп отырған заттың не 
құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдетіп, ҽсерін күшейту» дейді [2, 201]. 
 
«Ҽдебиеттану  терминдер  сҿздігінде»:  «Метафора,  ауыстыру  (грек  сҿзі  –  ауыстырып 
қою),  екі  нҽрсені,  құбылысты  салыстыру  жҽне  жанастырып  –  жақындату  негізінде  астарлы 
тың  мағына  беретін  сҿз  немесе  сҿз  тіркесі.  Мысалы,  Абай  ҿлеңдерінде  кездесетін 
жастықтың  оты,  жүректің  кӛзі,  дүние  есігі,  ӛмірдің  ӛрі  деген  метафора  үлгілерін  атауға 
болады.  Метафораның  күнделікті  сҿйлеу  тілінде  кездесетін  қарапайым  түрлері:    іші  күйіп, 
бойы мұздап, орақ ауызды, от тілді деген секілді болып келеді. 
Метафораның  кейбір  түрлері  теңеуге  жақын,  мысалы,  тас  жүрек,  ақ  кӛңіл.  Бірақ 
метафорада теңеудегідей екі нҽрсені теңеп салыстырудан гҿрі олардың арасындағы ұқсастық 
жақындықты, сезім-ҽсер жалғастығын тірек ету басым болады. Кҿбінесе сондай екі нҽрсенің 

255 
 
бірі айтылып, екіншісін емеурін жасап, сездіреді [3, 227]  деп түсініктеме берілген. 
Қазақ  тіл  білімінде  метафораны  кҿркемдік  тҽсіл  ретінде  таныған  жҽне  алғаш  рет 
тұжырым жасаған А. Байтұрсынов. 
Тілдік  қолданыста  сҿз  метафоралармен  түрленеді,  ажарланады  жҽне  бейнелі  құралға 
айналады.  Бұны    метафораға  берілген  анықтамалар  мен  теориялық  пікірлер  дҽлелдейді. 
Лингвистикалық  сҿздіктерде  метафораға  берілген  түсініктерге  тоқталатын  болсақ,  «Тіл 
білімі  сҿздігінде»:  «Метафора  -    (грек    metaphora-ауыстыру)  троптың  бір  түрі,  ұқсастық, 
сҽйкестік жҽне т.б. негізінде сҿздер мен сҿз орамдарының ауыспалы мағынада қолданылуы» 
деп беріледі, ал метафоралану былайша түсіндіріледі. «Метафоралану-ауыспалы мағынаның 
пайда  болуы  мен  оның  экспрессивті  қасиеттерінің  күшеюі  нҽтижесінде  сҿздің  мағыналық 
аумағының кеңеюі» [4, 220]. 
Қазақ  тіл  білімі  ғылымында  да  кҿркем  ҽдебиеттің  тілі  мен  стилін,  сҿз  зергерлерінің 
шеберлігі  сҿз  болғанда  метафораға  соқпай  кетпейді,  кҿптеген  ақын-жазушының 
шығармашылық  мҽнерін  сҿз  еткенде,  метафораның  түрлі  тілдік  қызметіндегі  қасиеті  мен 
ерекшеліктерін талдайды. 
«Лингвистикалық  түсіндірме  сҿздікте»  метафораға  былайша  анықтама  беріледі: 
«Метафора  (грек. Metaphora - ауыстыру) – троп немесе сҿйлеу механизмі. Метафора – сҿздің 
басқа мағынада қолданылуы. Риторика мен лексикологияда  метафора номинациялық құрал 
ретінде қарастырылады» [5, 124].   
Сонымен қазақ тіл білімінде метафораға А. Байтұрсынов, М. Балақаев, Б. Хасанов, Ҽ. 
Болғанбайұлы,  Ғ.  Қалиұлдарының  анықтамалары  бар.  М.Балақаев  «Метафора  деп  
заттардың,  құбылыстардың  ішкі-сыртқы  ұқсастығына  қарай  ауыс  мағынада  жұмсалуын  
айтамыз»  [6,  259]  деп  анықтама  береді.  Профессор  Б.  Хасанов  «Қазақ  тіліндегі  сҿздердің 
метафоралы  қолданылуы»  атты  еңбегінде  тілдік    метафораларды  арнайы  қарастырып,  тура 
мағынадан  ауыспалы  мағынаның  туындауы  кҿбінесе  метафораның  негізінде  пайда 
болатынын айтады [7]. 
Ғалым  қазақ  тіліндегі  метафоралардың  лексикалық  жҽне  грамматикалық  басты 
ерекшеліктерін  ҿзінің  теориялық  еңбегінде    айқындады.  «Метафоралы  сҿз  саптауда  таныс 
емес зат пен құбылыс міндетті түрде жақсы таныс нҽрсемен салыстырылады» [7, 18].   
«Белгілерінің  ұқсастығына  қарай  бір  заттың  не  құбылыстың  атауымен  аталуының 
негізінде сҿз мағынасының ауысуы - метафора деп аталады» [8, 158].   
Қазір тіл білімінде метафораның адамның ойлау үрдісін қалыптастырушылық қасиетін 
ескере  отырып,  оны  басқа  қырынан  қарастырылады.  Когнитивистикамен    айналысушы 
ғалымдар  осы  тақырыпқа  қызығушылықтарын  білдіреді.  Метафора  ұғымдарды 
қалыптастырып,  дайын  таңбалар  арқылы  оларды  атайды.  Мҽселен,  Б.  Қасым  ҿз  еңбегінде 
когнитивтік  феномен  ретінде  танылған  метафораның  аталым  жасаудағы  маңызына 
тоқталады:  «Метафора  –  тілде  ҽмбебап  құбылыс.  Оның  ҽмбебаптығы  тілдің  құрылымында 
жҽне қызметінде  кҿрінеді.Ол тілдің түрлі аспектісі мен қолданыстық қызметін қамтиды». Б. 
Қасым  метафораның  тілдік  сипаты  туралы  «Тілдік  метафорлар  –  туынды  сҿздерде 
метафоралық қасиеттер күңгірттеніп, соның нҽтижесінде жаңа лексемалардың пайда болуы. 
Метафора  аталым  тұрғысынан  бейнелілік  қасиетінен  ҿтіп,  тек  ұғымға  атау  беру  қызметіне 
кҿшеді» [9, 255] - дейді. 
Метафора заттар мен құбылыстардың белгілерінің ассоциялануы, байланысуы арқылы 
жасалады, ойды дамытады. Ҽртүрлі салыстырулар шығарма тіліне кҿркемдік береді.  
Метафора  сҿздердің  мағына  ауыстырып  жұмсауы.  Метафораны  тілдік  қолдану 
сипатына  қарай  түрлерге  бҿлушілік  бұрыннан  қалыптасқан.  Ғалымдар  метафораның 
құрылымын  түрліше  саралайды.  Мысалы,  Б.  Хасанов  қазақ  метафораларын  екіге  бҿледі: 
«Біріншісі  –  белгілі  бір  шешеннің  сҿз  саптауынан  пайда  болған  индивидуалдық  метафора, 
екіншісі – халықтық сипат алған дҽстүрлі метафоралар» [7, 138].    
Ысқақов.  А  «Метафораның  ең  басты  стильдік  ерекшелігі  –  бейнелілігі,  ойды  бейнелі 
түрде  жеткізетіндігі.  Ол  сондықтан  да  кҿркем  ҽдебиет  стилінде  жиі  қолданылады.  Ал, 
ғылыми, кеңсе, ресми іс қағаздары стильдерінде метафора дҽл мұндай дҽрежеде кездеспейді» 

256 
 
[10, 63]. Ғалым Т. Қоңыров метафораның жасалуына теңеудің негіз болатындығын айтады: 
«Ҽрбір теңеудің кҿлеңкесінен метафоралық мағына кҿрініп тұрады» [11, 119].  
Метафорамен теңеуді айыра білу мҽселелерін ғалымдар кҿптеп қарастырған. Мысалы,  
Қ.  Жұмалиев  метафора  мен  теңеудің  мынадай  ұқсастықтары  мен  айырмашылықтарын 
кҿрсетеді:  «...теңеулердің  жұрнағын  қысқартсақ,  метафора  болып,  метафораға  теңеу 
жұрнақтарын жалғаса, теңеуге айналады. Екінші, теңеуде де, метафорада да екі нҽрсе қатар 
алынады, ҽйтсе де, қазір бұл екеуінің арасындағы айырмасы да ашық нҽрсе. Бірінші, теңеуде 
бір  нҽрсе  екінші  нҽрсеге  теңелсе,  метафорада  баланады.  Теңеу:  бұл  –  пҽлендей,  сол тҽрізді  
секілді десе, метафора: бұл – соның ҿзі деп кесіп айтады. Мағына жағынан, ҽрине, екеуі бір 
емес.  Екінші,  теңеудің  ҿзіне  тҽн  жұрнағы  бар  да,  метафораның  ҿзіне  тҽн  жалғау  не  басқа 
сҿздері бар. Үшінші, теңеуде теңеу жұрнақтарының теңейтін сҿзге жалғануы міндетті түрде 
болса,  метафорада  сҿзге  метафоралық  мҽн  беретін  сҿздер,  не  жалғаудың  үнемі  бола  беруі 
міндетті  емес.  Тҿртінші,  теңеуде  теңелетін  нҽрсе  мен  теңейтін  нҽрсенің  екеуі  де  ұдайы 
қарама  –  қарсы  тұрса,  метафорада  ұқсастығы  бар  нҽрсенің  бір  жағы  қалып  қоюы  мүмкін. 
Бірақ контекст бойынша ол нҽрсені оқушы қиялы арқылы түсіне алады» [1, 215].   
Метафораның мағына дамытудағы маңызы туралы А. Байтұрсынов, Ҽ. Болғанбайұлы, 
М.  Балақаев,  Ғ.  Қалиұлының  құнды  пікірлері  бар.  Кейінгі  зерттеулерде,  мҽселен,  А. 
Сыбанбаева  метафораны  былай  деп  анықтайды:  «Адамның  ақыл-ойы  салыстыруға  келе 
бермейтін  семантикалық  концептерді  (ұғымдарды)  салыстырудың  нҽтижесінде  метафора 
туындайды. Сондықтан метафораның  жасалу механизмін зерттеу – адамның ойлау процесін 
зерттеу деген сҿз» [12, 22].  
Тіл  білімінде  метафора  семасиологиялық,  ономасиологиялық,  гносеологиялық, 
лингвистикалық  тұрғыда  зерттелді.  Зерттеуші  Г.Зайсанбаева  метафораны  когнитивтік 
бағытта  қарастырып,  былай  түйіндейді:  «Метафораның  ҽртүрлі  нысандар  арасындағы 
ұқсастықтары  солар  туралы  түсініктер  арқылы  қалыптасады.  Сонымен  қатар, 
метафоралануға  адамның  эмоциялары,  экстралингвистикалық  білімі,  тұрмыстық  тҽжірибесі 
кей  жағдайда  кездейсоқ  түсініктер  түрткі  болып  жатады.  Адам  тҽжірибесі  арқылы 
жинақталған  білім  қорындағы  ақпараттардың  ҿзара  аласуы  танымдық  үрдістермен 
байланысты.  Аталым  жасаудағы  метафораның  қызметі  тілдің  барлық  салаларында 
қолданылады» [13, 24].  
Метафора  тілде  кҿркемдік  қызметімен  бірге  жаңадан  пайда  болған  ұғым,  түсінікке 
неғұрлым  дҽл  атау  беріп  бейнелейді.  Метафора  кҿңілге  сыйымды,  тіпті  бір-біріне  мүлдем 
сыйымсыз, қарама-қарсы ұғымдардың ассоциялануы негізінде жасалып, үйлесімді, нанымды, 
кҿркем,  жарқын  бейне  туғызады  жҽне  ұқсату  заңдылығына  негізделеді.  Ұқсату 
философиялық тұрғыда заттардың, құбылыстардың немесе процестердің бір қасиетіне қарай 
ұқсастығын тану ҽрекеті ретінде танылады. Метафорада ұқсастық тілдік бірліктердің тілден 
тыс  сипатына  байланысты.  Аталымдардың  қоршаған  ҽлем  заттары  мен  құбылыстары 
арасындағы ҽртүрлі ұқсастықты тануда, оны тілде белгілеуде адамның бай тҽжірибелік қоры 
ескеріледі.  Жаңа  мағынаның  тууына  метафораның  қызметі  зор.  Ҿзге  тҽсілдер  сияқты 
метафора да тілдің дамуына қызмет етеді.              
Негізінен  алғанда,  метафора  тура  мағынадағы  сҿзді  қажет  етпей-ақ,  оны  кҿркем 
мҽтіндегі  контекст  арқылы  айқындайды.  Мысалы:  Бұл    тіршіліктің  темір  қамыты 
қашанға  бұлғақтатар  дейсің  («Аққыз»,  62-б.)  –  деген  жолдардағы  зат  есімнен  жасалған 
аттылы  жҽне  қамыты  метафоралары  –  осындай  ауыспалы  мағынадағы  сҿздер.    Қолдануда 
тура  мағыналы  сҿзге  қарағанда  метафора  кҿркем  сурет,  образды  ҿрнек,  орамды  ой  беруге 
икемді,  ҿткірірек  келеді.  Осы  сҿйлемдегі  метафоралы  сҿздердің  орнына  тура  мағынасы 
қойылса, онда сҿйлемнің кҿркемдігі тҿмендер еді. 
Заттардың  (құбылыстың)  ішкі  сыры  мен  сыртқы  кҿрінісін,  сыр  сипатын  оқырманның 
кҿз  алдына  елестететіндей  етіп  кескінін  келтіріп,  нақыштан  беруде  А.Сейдімбеков 
метафораны    ұтымды  қолданады:  Әкеңнің  азу  тісін  ақситып  жүріп  жиған  аз  дәулетін 
тиянақтай білмесең, ертең-ақ шолтаң етіп түбі кӛрініп қалмай ма, – деп емеурін білдірген 
(«Аққыз», 62-б.). 

257 
 
«Метафора ауыстыру – екі нҽрсені, құбылысты ауыстыру жҽне таныстырып жақындату 
негізінде  астарлы  тың  мағына  беретін  бейнелі  сҿз  немесе  сҿз  тіркесі.  Ал  метафораның 
алғашқы анықтамасы мен қызметін ұлы ойшыл Аристотель анықтап берген. Яғни мағыналық 
үйлесім  қалыптастырудағы  метафораның    маңызды  сипаттары  –  оның  субъективтілігі  мен 
ұғым тудыру қасиеті екендігін атап кҿрсетеді. Дүниені, болмысты танудың кҿзі – метафора. 
Кез келген метафора танымдық қызмет атқарады деуге болады. Оның бейнелілік, кҿркемдік 
сияқты  қасиеттері  мен  қызметтерінен  гҿрі  адам  ойлауы  мен  тілінде  танымдық  қызметінің 
үлес  салмағы  басым.    Белгілерінің  ұқсастығына  қарай  бір  заттың не  құбылыстың басқа  бір 
заттың не құбылыстың атауы мен аталуының негізінде сҿз мағынасының ауысуы метафора 
деп аталады» [14, 141].  
Сонымен  қатар  когнитивтік  бағытта  метафора  концепт  тудыру  құралы  ретінде 
қарастырылуда.  Зерттеушілер  метафораның  когнитивтік  бағыттағы,  яғни  таным  нҽтижесін 
беру құралы екендігі туралы мынадай қызметтерін атап кҿрсетеді: 
болмыстағы бар заттармен теңестіру, ұқсату арқылы затқа атау беруі
Метафораның  осы  қызметі  жазушылар  шығармаларында  мынадай  мысалдар  арқылы  
кҿрініс  табады:    Айналамыздың  бәрінде  уыз  мұнар  кілкейді  («Қайдасың,  қасқа  құлыным», 
100-б.).  Тегі,  шытынаған  қызылшұнақ  аяз  олардың  да  тұмсығын  қарып,  сайлы,  талды 
ықтасындарға қуған болуы керек («Тіршілік», 289-б.). Үзінділердегі уыз мұнар, қызылшұнақ 
сҿздері  болмыстағы  бар  заттар,  қаламгерлер    қызылшұнақ  /шытынаған  аяз/  сҿзін  аязбен 
тіркестертіріп, жаңа мағыналы образды сҿз жасаған. Метафораның шектес емес ұғымдардың 
қасиеттері  жаңа мағыналы сҿздер жасауға, сол арқылы сҿздік қорымызды байытуға ҿзіндік 
ат  салысатындығын  аңғаруымызға  болады.  Метафора  танымының  жемісі  екендігіне  осы 
сияқты мысалдар дҽлел бола алады. 
-  абстрактілі  мағынаны  білдіретін  жаңа  ұғымдарды  қалыптастырады.  Мұндай 
метафоралар  ғылымда  концептуалды  метафора  деп  аталады.  Зерттеуші  Д.Ҽлкебаеваның 
пікірінше,  концептуалды  метафора  «ҿзінің  бейнелілігін  сақтай  отырып  жаңа  лексикалық 
мағынаға ие бола алатын сҿздер тобы» [15, 116].  
Жазушылар  шығармаларында  осы  сынды  метафоралар  да  ҿзіндік  қолданыс  тапқан. 
Мысалы: Біз Әулиекӛлді жағалай жүріп, арғы бетке құлағанда, менің оқу мүжіп, ақ жемін 
шығарып тастаған миым жаңа бір қуатты нұрға шомылғандай, баяғыша, елдегіше жұмыс 
істей  бастаған  еді  («Қайдасың,  қасқа  құлыным»,  84-б.).  Үйден  шыққалы  ешқайсымыз  тіс 
жарып үндегеніміз жоқ, тек астымыздағы аттардың деміккен танау пырылы мен тағалы 
тұяқтың  тасқа  шақ-шұқ  тиісі  ғана  осы  жүрістің  ӛсекшісіндей  маңайға  дабырлайды 
(«Қайдасың, қасқа құлыным», 115-б.). Әйнектері де дағарадай-дағарадай, көзіммен өлшеп 
жібердім  («Ҽжем  мен  Емші  жҽне  Дҽрігер»,  290-б.).  Осы  асықпауымның  ар  жағынан 
ындыны  құрыған  құмарлық,  бұйыртса  енді  қашпайтынына  көзі  жеткендіктен  туындап 
жатқан қасақана жайбарақаттық байқалады («Тіршілік», 339-б.).   
Оқу  мҥжіп,  кірпігі  қҧлап,  кӛзімен  жер  шҧқуы,  кӛзімен  ӛлшеуі,  тіс  жармауы, 
кӛзінің жеткендігі деген метафоралар – абстрактілі мағынаны білдіретін жаңа сҿздер.  
метафораның бағалауыш бейне тудыру қасиеті, бағаның кейіптелуі
Метафораның  бағалауыштық  мҽнге  ие  болып,  жаңа  мағына  тудыру  қасиеті 
жазушылардың  шығармаларында  да  кездеседі.  Бейнелі  сҿздердің  қаламгер  туындыларында 
кҿбіне кейіпкерлер сҿзінде орын алуына байланысты, құбылыстар мен заттардың бағалары, 
олардың бағалауыштық қасиеттері оқырман танымы нҽтижесінде кҿрінеді. 
Мүмкін  жарты  ғасыр  саз  балшықтай  иленіп,  санасын  сасытып  келген  сары  уайым
баяғы  дәуренін,  он  мың  жылқылы  болыс  болған  заманын,  кӛксеген  кӛңіл  шынымен-ақ 
адаланғаны ма екен («Қайдасың, қасқа құлыным», 109-б.). Тірі болсақ бір жерде кездесерміз, 
кездеспесек  сыртыңнан  тілеулес  боп  жүрермін,  маңдайыңнан  соры  арылмаған  бейшара 
(«Сүйекші», 254-б.). Жұрттың бәрі қу боп кеткен бе, шаруақор пысық боп кеткен бе, әлде 
ӛзгелер  ақылынан  ақыл  қосып,  жалғыз  бұл  ғана  шапанының  етегі  дәлектеп  мағынасыз 
тіршіліктің  соңына  ессіз  түскен  бе,  «осы  кӛкнәр  ішуші  еді  ғой»  деп  үмітпен  барған  кӛз 
таныстарының  бірде-бірі  ол  пәтшаһарды  әлдеқашан  ұмытқан  боп  шықты  («Тіршілік», 

258 
 
337-б.). Бал-бұл жанған ӛңінде үміт қуанышы кӛп тәтті сезімнің лебі есіп, аялы жанарына 
уайым  ұялап,  кӛпке  дейін  қиял  құшағында  отырды  («Қыз  ұзатқан»,  54-б.).  Сары  уайым, 
ӛзегіңді тырналап, маңдайыңнан соры арылмаған, тіршіліктің соңына, ҥміт қуанышы, 
уайым ҧялап, ит пәледен сияқты метафоралар бағалауыш, бейне тудырушы жаңа сҿздер. 
-
 
метафораның  индивидуальды-авторлық  дүниетануды,    көркем  сөз  атрибуты 
екендігін жазушы шығармалары арқылы дәлелдуге болады
Мен  болсам,  мынау-іштей  егесіп,  сырттай  ұғыспаймын  деп,  көзім  көр,  көңілім  жер 
болып,  қақпанға  түскен  арландай  арсыл-гүрсіл  жатқаным  («Қайдасың,  қасқа  құлыным», 
112-б.).  «Кӛзін  шел  басыпты»,-  деген  сӛзіне  алғашқыда  жүрегім  мұздап  есімнен  кетпей 
жүруші еді, кейінгі кезде оны ұмытып, кӛз ауруға әбден етім өліп алды («Ҽжем мен Емші 
жҽне Дҽрігер», 346-б.). Кӛмейге сөз тұншығып, кеседе шай суып қалды («Тіршілік», 346-б.). 
Бұл  мысалдардағы  кӛзім  кӛр,  кӛңілім  жер  болып,  жҥрегім  мҧздап,  етім  ӛліп,  сӛз 
тҧншығып  сынды  метафоралар  –  оқырман  сезіміне  бірден  ҽсер  ететін,  экспрессивті-
эмоционалды мҽні жоғары метафоралар.   
Метафора  –  кҿркем  шығармаларда  ойды  астарлы  түрде,  ҽсірелеп  жеткізу  үшін, 
сонымен  қатар  шығарманың  кҿркемділігін,  бейнелілігін  арттыру  үшін  қолданылатын 
ҽдебиеттегі  тілдік  құбылыс.  Ол  қандай  да  туындының  мағыналық  нақышының  қасиетін, 
эстетикалық  күшін  арттырады.  Метафораны  ойлы,  тҽрбиелік  мҽні  бар,  жалпы  ҿлең  не 
прозалық  туынды  баламасындағы  кез  келген  шығармадан  кездестіруге  болады.  Ҽдебиетте 
кҿркемдеуіш құрал деген атау алған бұл құбылысқа берілген анықтамалар ҿте кҿп. Мысалы,  
«Метафора белгілі  бір  ұқсастықтарына қарай  екі  я одан да кҿп зат немесе құбылыстың бір 
атаумен  аталуы.  Бұл  жерде  ұқсастық  дегеннің  ұғымы  кең:  заттар  мен  құбылыстар  түр-түсі 
жағынан  ҽр  түрлі  болып  келуі  мүмкін:  бір  атаумен  аталатын  зат  немесе  құбылыстың  бірі 
ҿмірде  бар,  нақты,  ақиқат  болуы,  ал  дҽл  сол  атаумен  беріліп,  белгілі  бір  заттың  ҿзі  нақты 
болмауы мүмкін. Бірақ екеуіне де ортақ жайт – жалпы бір ұқсастық атаулы» [3, 144].    
«Метафора  – троптың бір түрі,  ұқсастық,  сҽйкестік жҽне т.б. негізінде сҿздер мен сҿз 
орамдарының ауыспалы мағынада қолданылуы» [16, 78].  
«Метафора  –  кҿркем  шығармадағы  сҿздерге  қарағанда  сапалы  түр-бояу,  бедерге  тҽн 
тҽсіл  болғандықтан,  ҿз  сҿз  зергерлерінің  қолтаңбасын  анықтайтын  тілдік  ҿрнек.  Тілде  сҿз 
метафорамен  түрленіп  ҿңделеді,  ажарланып  бейнелі  құралға  айналып  отырады.  Кез  келген 
шығармада  метафораның  екі  түрі  кездеседі:  бүкіл  халыққа  түсінікті  тұрақты  ауыс 
мағынасындағы  дҽстүрлі  қолданылып  келе  жатқан  метафоралар  жҽне  ҽлі  халықтық  сипат 
алмаған,  жеке  автордың  тілдік  қызметінде  ҿзі  шығарып  қолданылатын  метафоралар»  [16, 
78].   
«Тіршілік»  повесінде  адамның  кҿңіл-күйін,  табиғаттың  кҿрінісін  сипаттайтын 
метафоралар ҿте жиі кездеседі.  
Қырсығына алса айлап соғатын Арыстанды-Қарабастың долы желі бүгін үшінші  күн 
толастамай  қақап тұр. Кейде ол наурызда басталып, сәуірде бір-ақ  тыншу табады. Жер 
қарайып, үт кірген соң-ақ қыбыр-қыбыр етіп жапатармағай кӛктемгі егіс қамына кіріскен 
барша  жұрттың  апшысы  бидайдай  қуырылып,  тоқшылықта  ұмытқан  жаратушыны  күн 
сайын  мың  мәртебе  еске  алып,  бұл  қырсықтың  кӛпке  созылмай  тез  бітуін  тілейді...  
(«Тіршілік», 314-б.).  
Повесть  осындай  кҿрініспен  басталады.  Мұнда  жазушы  табиғат 
пен адамзаттың ара-қатынасын, адамдардың табиғатқа бағыныштылығын жақсы бейнелейді. 
Ҽуелде  табиғат  кҿрінісін  суреттей  келе,  одан  халықтың  күйбің  тіршілігіне  ауысады.  Бұл 
үзінді  де  метафора,  теңеу,  эпитеттер  де    табылады.  Айлап  соғатын,  үшінші  күн 
толастамай  қақап  тұрған  долы  жел,  өзегіңді  тырналар  мазасыз  шуыл  табиғат-ананың 
адамға  ырық  бермес  долы  күшін  ҽсірелей,  барынша  жандандыра  суреттейді.  Арыстанды-
Қарабастың суық желі етегін жұлқып, омырауын ашқанына да қарамай ентелеп, асығыс 
жүріп  келе  жатып  ол  ӛзінің  дәл  қазіргі  мақсатсыз  сарсылына,  мағынасыз  тіршілігіне  ой 
жүгіртіп: «рас-ау, мұным  не осы?» деп ӛзіне-ӛзі  сауал тастамайды, құдайға шүкір құмар 
кешіп  отырған  әлі  таныстарының  парасатты,  тоқмейіл  күйлерін  ӛзінің  кезбе  халімен 
салыстырмайды  да  («Тіршілік»,  315-б.).  Сҿйлемде  желге  тірі    жанның  қасиетін,  ҽрекетін 

259 
 
теңестіріп  қойса,  келесі  мысалда  табиғат  емес  адам  баласының  белгісіз,  тылсым  жан 
дүниесіндегі ауа райын  оқырманына былайша жеткізеді: 
Ашу-ызасы  мен  күйігі  әлі  бұрқырап,  кеудесін  көрікке  қызған  темірдей  қарып  бара 
жатса да, сол күйінішімен араласып мына дәрменсіз, момын кемпіріне жүрек түбінен бір 
жанашыр сезім шақпақ тастың ұшқынындай  жылт ете қалды («Тіршілік», 341-б.). Автор 
Молдарҽсілдің бойын ашу кернеп тұрған сол сҽттегі кҿңіл-күйін сипаттауда шебер, ұтымды 
тҽсіл  –  метафораны  қолданған.  Себебі  ол  кейіпкерінің  жан  дүниесін  дҿп  басып  айтып, 
психологиялық  эмоциялық  жақтарын  да  айқын  кҿрсетеді.  Манадан  бері  қарқ-қарқ  күлкіге 
қамшы  боп  жамбас  соғып  жатқан  барша  алақан  сақал  біткенді  уыстап,  бір  сәтке 
тыныштала қалды. 
Д.  Исабеков  синекдоха  (жамбас  соғып  жатқан,  сақал  уыстап    тыныштала  қалған 
алақан)  арқылы    бай  не  айтса  соны  құптап  үйреніп  қалған  кҿп  жағымпаздарды    алақанға 
балап шебер суреттейді.  
...  Молдарәсілдің  де  «үйленсем»  деген  сабау  ұшындағы  түбіттей  желбіреген  нәзік 
үміті  жоқшылық  тұтқыны  боп  кеудесінде  талай  жыл  булығып,  бүгін  ғана  сыртқа 
жасқана  сығалап  еді,  мына  шалдардың  қуаныш  емес  қайғылы  хабар  естігендей  бастары 
кеуделеріне  құлап,  сырқаттай  ыңырана  қалулары  оның    жүрегін  қоян  тепкендей  дір 
еткізіп,  көкірегін  удай  ашытты  («Тіршілік»,  346-б.).  Түрлі  теңеулермен  астарлана 
құралған бұл сҿйлем авторлық метафораға негізделген.  Жігіттің үміті кеудеде тұтқын болып 
жатуы,  оның  жасқана  сығалауы,  шалдардан  адамгершілік  қасиет  кҿре  алмағандығы  
кҿкірегін  удай  ашытуы  оның  бір  ғана  сабау  ұшында  желбіреген  түбіттей  нҽзік  үмітін 
бейнелеу, суреттеу үшін құрылған кҿрініс секілді.  
Қыздың  әке-шешесі  бетімен  жер  басып,  дәл  бүгін  ӛлік  шығарғандай  үнсіз  отыр 
(«Тіршілік», 351-б.).  Ҽдетте, фразеологиялық сҿздіктерде бетіне шіркеу түсті, бетіне күйе 
жағылды,  бетін  айдай  қылды  –  ұятқа  қалды,  масқарасы  шықты,  қарабет  болды;  бетінің 
боздағы  шықты  –  қатты  тоңды;  бетінен  алды  –  кҿңілін  қалдырды,  қарсы  келді  деген 
мағыналарда  дҽстүрлі  метафоралық  тіркес  болып  қолданылса,  жоғарыдағы  сҿйлемдегі 
бетімен  жер  басты  тіркесі  үнсіз,  қайғы  жамылып,  тҿмен  қарап  отырды  деген  жаңа 
мағынада  қолданылып  тұр.    «Автордың  сҿз  ауыстыру,  «метафораны  жаңарту»  байырғы 
дҽстүрдің  түрлерінен  бҿлек  каналдарын  табу  мҽнері  тілдің  стилистикалық  ресурстарының 
қайнар кҿзі болып табылады» [17, 95]. 
Яғни  бұл  жерде  жазушы  дҽстүрлігін  алмастырып,  авторлық  метафора  жасады  десе 
болады. 
-
 
дәстүрлі метафора өз орнымен, өзгермей қолданылады
Қызымыз қашты; бетімізге салық екені рас, бірақ жат босағаны аттатпай жолдан 
қайырдық,  онымыз  әбүйір  («Тіршілік»,  3305-б.).  Бұл  тіркес  бетіне  күйе  жағылды  немесе 
бетіне  кіреуке  болды  деген  тіркестермен  синонимдес,  мағыналас.  Яғни  ұятқа  қалдырды, 
намысқа тиді дегенді білдіретін тіркес.  
Тіршіліктің әр күнге бӛлінген ыстық-суығы мен ауыртпалығы қанша салмақты болса 
да,  сол  ауыртпалық  жүрегін  қанша  тырмалап,  кӛзін  жас  буса  да  ол  меңіреу  үйіне 
сүйретіліп  кіріп,  беймаза  түнді  жастық  құшақтап  ӛткізген  соң-ақ  кӛкірегіндегі  кірбің 
сібірлеп атқан таңдай бірте-бірте сейіліп, орнынан тұрғанда бәрін ұмытушы еді, бірақ дәл 
осы  жолғы  қалжыңға  қайып  тігілген  кемісту  мен  қорлық  жілік  басына  үймелеген 
сарысудай  ертеңгілік  кӛзін  ашқанда  да  кӛңілінен  кетпей  кіркілдеп  тұрып  алды.  Оянған 
бетте  аяққа  мінген  қанға  сіңді  қасиетін  бүгін  ұмытып,  кірпігін  бағана  ашса  да  кӛрпесіне 
кӛміліп әлі  жатыр. Қарақшылар сабап кеткен  айдаушыдай бойы  дел-сал  («Тіршілік», 330-
б.). Ҿзіне жақын дос, жанашыр ағайын-бауыр деп есептеп жүрген адамдарынан есіткен ащы 
мысқылдардан  соң    Молдарҽсілдің  күйі  осылай  суреттеледі.  Бұл  үзіндіде  бір  сҿз  артық  не 
кем  қолданылмаған.  Жалпы,  адамның  кҿңіл-күйі  –  кейде  ҿзге  түгіл ҿзің  де  толық  сипаттап 
бере алмайтын ғажайып құбылыс. Ал мына үзіндіден автордың кейіпкер кҿңілінің түкпірінде 
қандай сезім тығылып жатқанын дҿп басып айтып, шебер сипаттап бергендігінен оның ҿзі де 
сол кейіпте болып, сондай сезімді бастан кешіргенін байқаймыз. Сол ауыртпалық жүрегін 

260 
 
қанша тырмалап, көзін жас буса да... Қай заманда болсын кімнің басына түссе де  ҽр түрлі 
аталып, бір мағына беретін, дҽл солай ҽуре-сарсаңға салатын, тағдырдың адамға тарту еткен 
осындай  «сыйлығын»  қайғы-қасірет,  жоқшылық,  қорлық-зорлық  т.б.  толып  жатқан 
синонимдермен  алмастыруға  болады.  Бұл  тіркесте  нақты  ауыртпалық  деп  аталған  сҿз 
зұлымдық бейнесіндегі бір тірі күштің  адам жүрегін тырнап тұрғандығы байқалады. 
  
Сояу-сояу  қозапаяның  сұйық  жалыны  дүрілдете  сорған  суық  желдің  жемі  боп  қара 
қазанның түбін жалап қана ӛтіп жатыр («Тіршілік», 332-б.). «Дәулетбайдың қызы қашып 
кетіпті»  деген  хабар  күйген  жүннің  иісіндей  тӛңірекке  тез  тарап,  қойнау-қойнауда 
керенау  жатқан  жалқау  елді  бір  сергітіп  ӛтті.  Тосын  хабар  қайдан  шығар  екен  деп  бір 
құлағын желге түріп жүретін әңгімешіл әйелдер осы тӛрт ауыз сӛзді мың құбылтып бір 
тәуліктің ішінде екі тәулік тыңдасаң жалықпайтын сан түрлі хикаялар туғызды.   
Метафора  кҿбіне  теңеумен  астасып  жатады.  Жоғарыда  келтірілген  мысалдар  –  соның 
дҽлелі.  Алғашқы  сҿйлемде  қазанның  түбін  жалап  жатқан  жалынды  астарлап,  суық  желдің 
жеміне теңесе, кейінгісінде хабардың тез таралуын күйген жүннің иісіне ұқсатады. Ал бұл 
абзацта  автор  адамның  қырық  түрлі  қырының  тағы  біреуі  –  ҽйелдердің  ҿсекқұмар,  сҿзуар 
жағымсыз  жағын  бейнелейді.  Олардың  қылықтарын  құлағын  желге  түріп  жүретін 
әңгімешіл әйелдер деп дҿп басып, ҽрі авторлық метафора жасайды. Дҽулетбайдың шаңырағы 
омырылып ортасына  түскен кез ҽйелдер үшін,  ҽңгіме құраудың жақсы сылтауы болды. Сол 
ҽңгіменің  ҽрбірін,  ҽр  сҿзін  беруі,  бергеннің  ҿзінде  нақ  бір  келіншектің  аузынан  шыққан 
сҿздерді  тізіп  жазғандай  сенімді,  «ҿсек  жанрына»  келтіре  отырып  баяндағаны  тіпті  таң 
қалдырады.    Бұл  үзінді  ҽйел  адамдарды  сынаған  болса,  тҿмендегі  мысал,  керісінше,  ер 
адамдарды, оның ішінде дҽулеті тасқан байлардың ашуланшақ мінездерін кҿрсетеді:   
«Он  бесінде  отау  иесі»  дегенді  қанына  бек  сіңіріп  басқа  уәжге  құлақ  аспай  үйренген 
кеудесіне  нан  пісіретін  шырт  етпе  қазақтар  Дәулетбайдың:  «Қызым  әлі  жас,  он  сегізге 
толмай  күйеуге  бере  алмаймын»,    деген  жауабын  қорлады,  менсінбедіге  жорып  қасқыр 
ішіктерін  жүре  киіп,  томсырайып  аттанған.  Кейбіреулері  кӛрінеу  кӛзге  жӛнсіз  жанжал 
шығарып, ӛзінен басқа дәулетті құда таба алмайтындықтарын айтып, тӛсін қызарғанша 
соғып, насыбайларын ер үстінде қақшып атып, атына кесірлене қамшы басқан («Тіршілік», 
334-б.). Шын мҽнінде, кҿптеген шығармаларда бейнеленетін сол қысыр замандағы қазақтың 
қыңыр, айтқанынан қайтпайтын, озбыр, кейде зұлым байлары үнемі ҿз дегендерін істететін. 
Ал  терезесі  ҿздерімен  тең  Дҽулетбай  секілді  байға  тістері  батпағандықтан,  төсін 
қызарғанша соғып, кеуделерінде нан піспегенде қайтсін.     
Сонымен  қатар  мұнда  белгілі  бір  күйде  тұрған  адамның  бет-ажары,  іс-ҽрекеті  де 
метафора арқылы беріліп тұр. Мысалы: 
Қыздың ағасы кӛзі ұясынан шығып, аузын ашқан бойы сілейіп қатты да қалды. Жирен 
жүзі  отқа  түскен  ақ  терідей  қарайып,  жылқы  еріні  жыбыр-жыбыр  етті  де,  қолындағы 
қамшысын  кӛтеріп,  «о,  шұбар  жылан!»    деп  қарындасына  тап  берді.  Осы  кезде  қыздың 
анасы құстай ұшып кеп қызы мен қамшысының ортасына тұра қалды («Тіршілік», 344-б.). 
Қызын  кӛргенде  шешесі  ӛзін-ӛзі  ұстай  алмай,  «ботақаным-м»  -  деп  тұрмақ  боп 
ұмтыла  беріп  еді,  күйеуі  оған  жеп  жіберердей  оқты  кӛзімен  ата  қарап:  «отыр  омалып!» 
дегенде  зәрлі  дауыс  оны  тӛбесінен  басып,  бӛстегіне  қайтадан  сылқ  еткізді.  Оның  аналық 
жүрегінің суға түскен кесектей езіліп, бауыры бордай үгітіліп бара жатқанын ешкім елеген 
жоқ,  елеген  сыңай  да  танытпады,  бәрінің  баққаны  Дәулетбайдың  аузы.  Ол  да  ұзақ 
тостырған  жоқ,  қалың  қабағын  бір-екі  рет  түйістіріп  алды  да,  қызына  бір  қарап 
қойды...(«Тіршілік», 343-б.).  
Қорыта  келгенде,  прозадағы  тұтас  кҿркем  ойдың  жасалып  шығуын  З.  Қабдоловтың 
сҿзімен  айтқанда,  «мидың  мың  градустық  домнасында  құрыштай  қорытылып  шыққан 
сҿздердің» үйлесімділікпен беретін ерекше ҽсері деп танимыз [2, 196].    
Прозадағы  ҽрбір  сҿз  –  кҿркем  сҿз,  ал  ҽрбір  кҿркем  сҿз  –  кҿрікті  ойдың  кҿрінісі. 
Жазушылар шығарманы кҿркем түрде оқырманға жеткізу үшін метафораларды шеберлікпен 
қолданады.  Қаламгерлер  тіліндегі  метафоралар  кҿркемдігімен,  бейнелілігімен,  терең 
мазмұнымен  ерекшеленеді.  Кҿпшілікке  таныс  сҿздер  мен  сҿз  тіркестерін  ҿзге  қырынан 

261 
 
танытып,  сҿздерді  ажарлып  айшықтауда  авторлар  талғампаздық  танытады.  Автор 
қолданысындағы  метафоралар  тосындығымен,  жаңалығымен  қатар,  бейнелілігімен 
ерекшеленеді.  
Жоғарыда келтірілген мысалдардан метафораның кҿркем шығарма тілінде қаншалықты 
маңызды  рҿл  атқаратыны  анықталды.  Ана  тіліміздің  дамуы,  толысуы  тіл  қорымыздағы  сҿз 
санын молайтумен ғана емес, бұрыннан бар сҿздердің мағынасын, мҽндік иірімдерін кеңейту 
арқылы  да  байитыны  белгілі.  Бұл  салада  метафораның  да  үлесі  зор.  Оның  ҿзі  тілдің 
кҿркемдігін, ҽсерлілігін арттыра түседі. 
Ҽдебиеттер тізімі 
1 Жұмалиев Қ.Ж. Қазақ ҽдебиеті тарихының мҽселелері жҽне Абай поэзиясының тілі, 2 
т.  – Алматы: Қазақстан кҿркем ҽдебиет баспасы, 1960.  – 364 б. 
2 Қабдолов З. Сҿз ҿнері. – Алматы, 1983. – 394 б. 
3  Ҽдебиеттану терминдер сҿздігі.  – Алматы: Ана тілі, 1999. – 227 б.   
4 Тіл білімі сҿздігі (Сүлейменова. Э. Мадиева. Г. т.б.).  – Алматы:  Ғылым, 1988. – 544 
б. 
5  Салқынбай  А.,  Абақан  Е.  Лингвистикалық  түсіндірме  сҿздік.  –Алматы:  Сҿздік-
Словарь, 1998. – 320 б.  
6 Балақаев  М. Қазақ  ҽдеби  тілі. – Алматы: 1991. – 463 б. 
7 Хасанов. Б. Қазақ тіліндегі сҿздердің метафоралы қолданылуы. – Алматы, 1966. – 205 
б. 
8 Аханов А.  Тіл білімінің негідері. –Алматы, 2002. – 355 б. 
9 Қасым. Б. Қазақ тіліндегі заттың күрделі атауларының теориялық негіздері. Фил. ғыл. 
док. дисс. – Алматы: ҽл-Фараби ат. ҚазҰУ баспасы, 2002.  –313 б. 
10 Ысқақов. А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 384 б. 
11 Қоңыров Т.  Қазақ теңеулері. – Астана, 2005. – 292 б. 
12  Сыбанбаева  А.  Метафораның  тілдік  болмысы  жҽне  концептуалды  метафоралар.  – 
Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 162 б. 
13 
Зайсанбаева 
Г.Метафоралы 
аталымдардың 
когнитивтік 
аспектісі. 
Филол.ғыл.канд.дис.автореф.  – Алматы, 2002. – 25 б.  
14 Серғалиев М. Стилистика негіздері. – Алматы, 2006. – 228 б. 
15  Ҽлкебаева  Д.  Қазақ  тілі  стилистикасының  прагматикасы.  Монография.  –  Алматы, 
2005. – 265 б. 
16
   
Жұмалиев Қ. Қазақ ҽдебиеті мҽселелері жҽне Абай поэзиясының тілі.    – Алматы, 
1960. – 365 б. 
17 Саткенова Ж.Б. Б.Соқпақбаев шығармаларындағы метафораның танымдық сипаты / 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. – №4. 2005. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет